Айгүл Ысқақова Ислам діні татулықтық жаршысы



Дата27.12.2016
өлшемі88,94 Kb.
#6093
Айгүл Ысқақова
Ислам діні - татулықтық жаршысы

Ислам және зайырлы қоғам қос үғымы шариғат талаптары мен мемлекет заңдарының үйлесімділігі қандай деңгейде деген мәселеге жауап іздейді ғой. Мемлекетіміздің дінге қамқорлығы осы үйлесімділіктің арта түскенін анык, аңғартады. Еліміздің тәуелсіздігімен бірге ортамызға оралған дәстүрлі дінге бет бұрғандар үшін осы жылдар ішінде көптеген мешіттер мен медреселер салынып, дін кадрларын даярлайтын "Нұр Мүбарак" университеті мен басқа да оқу орындары ашылды. Ал бүгінгі күні имамдардың алдына уақыт талабына сай діни ақыл-парасатын зайырлы біліммен толықтыра түсу міндеті қойылып отыр.

Міне, осы және басқа дә мәселелер М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде "Ислам және зайырлы қоғам" тақырыбын діттеген конференцияда әңгіме арқауына айналды. Жоғары оқу орнының проректоры Лаура Қайыржанованың кіріспе сөзінен кейін мінбеге облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова көтерілді. "Сан ғасырлар бойы түрлі этностар мен діни нанымдардың рухани мүрасымен кемелденген Қазақстанның біртұтас халқы өз бойына толеранттылық, діни төзімділік қасиеттерді қалыптастырды. Сондықтан бүгінгі алқалы жиын - біздің еліміздің дінаралык, татулықты нығайтудағы бастамаларының айқын көрінісі",-деді Анархан К,аликызы.

Облыстық конференцияға "Қызылжар" орталык, мешітінің шақыруымен арнайы келген астаналык, меймандар - Қазақстан мүсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай Өтпенов пен уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, Дін істері жөніндегі комитеттің бас сарапшысы Ботагөз Шахметова баяндамалар жасады. Олар тілге тиек еткен мәселелер аз болған жоқ. Облыстық прокуратураның аға прокуроры Ерлан Нұрышкин діни қатынастар саласындағы заңнаманың сақталуының жай-жапсарын сөз қылды.



Ай сияқты қараңғы түнді жарық қылып тұрған діннің қоғамдағы орны хақында қойылған сұрақтар да аз болған жоқ. Конференция қатысушылар қабылдаған үндеумен түйінделді. Конференция қатысушылары Қазақстан мүсылмандары діни басқармасының 2016 жылды "Дін және тарих тағылымы" деп жариялаған идеясын құптап, тағылымға толы тарихымызды, рухани мұрамызды халық арасында насихаттауға уағдаласты.
// Солтүстік Қазақстан. - 2016. - 19 сәуір
Каталог: files -> user
user -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
user -> Әлия-саптан ұмтылып, Жүгіріп шықты аптығып, Құшақтап алған мылтығын, Кіршігін қақпай қалт тұрып. Сағи Жиенбаев
user -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
user -> Пайдаланған әдебиеттер
user -> Ақын, жазушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына библиографиялық шолу
user -> Қазақстан тарихы
user -> Дулат Қожахметов Жырдың жез қанатты ақынын еске алуға арналды Облыс орталыгында Кэкімбек
user -> Ақиқаттың адамы /Бердібек Соқпақбаевтың 90-жылдығына библиографиялық шолу
user -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
user -> Қазақстан тарихы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет