Ажы негізгі мектебі Елбасым менің (Дөңгелек үстел) Тәлімгер: Р. Сжанатай Мақсаты



Дата12.11.2016
өлшемі61,59 Kb.
#1568
Ажы негізгі мектебі

Елбасым менің

(Дөңгелек үстел)

Тәлімгер: Р.СЖанатай

Мақсаты:

1.қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, .

4.Рәміздерді білуге және құрметтеуге үйрету

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев, ту, елтаңба, әнұран.

1- жүргізуші:Армысыздар ардақты келген қонақтар, оқушылар. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың басты тақырыбы – біздің елбасымыз – Н. Ә. Назарбаевқа арналған.

2 – жүргізуші:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты

  1. жүргізуші:Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
    Тақтада Н.Назарбаевтың жаннұясының суреті көрсетіледі.
    Бірінші қатарда солдан оңға қарай інісі- Сатыпалды, апасы Әнипа. Екінші қатарда Нұрсұлтан Назарбаев, анасы- Әлжан, әкесі-Әбіш. Үшінші қатарда ағасы - Болат Назарбаев, нағашы апасы..


2 – жүргізуші:Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.


  1. жүргізуші:Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,



Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.


2 – жүргізуші:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

Ал енді, 2 «ә» сыныптың орындауында « Туған жер армысың» әнін қарсы алыңдар.
1 - жүргізуші:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

2 –жүргізуші:Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады

Рәмізім-елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерім егемендік елдігі

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.


Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

1- жүргізуші:Шаңырақ – Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр

2 – жүргізуші:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

Алдарыңызда 2 «ә» сынып оқушыларының дайындаған тақпақтарын қарсы алыңдар.


1- жүргізуші:1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп хәліміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.
2 – жүргізуші:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ал ,енді тақтаға назар аударайық. Астана қаласына саяхат жасайық! (Астана туралы видео ролик көрсетіледі.)
1- жүргізуші:2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

«Елбасына»


Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

2 – жүргізуші:Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

1- жүргізуші:
- Балалар, сендер өз Отандарыңды сүйесіңдер ме?

- Бас қаламыз қай қала?

- Елбасымыз кім?

- Қай жылы ҚР – сы тәуелсіз ел деп сайланды?


2 – жүргізуші:
- Елбасымыз қайда, қашан өмірге келді?

- Ол қандай қызмет атқарды?



- Қай жылы Н. Ә. Назарбаев ҚР – ның президенті етіп сайланды?

Ал енді, Қазбекова Аружанның орындауында « туған жер» әнін қарсы алыңдар.

1- жүргізуші:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
2 – жүргізуші:
Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.

  1. жүргізуші:Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
    Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
    Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,
    Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...
    2 – жүргізуші:
    Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,
    Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
    Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
    Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.



Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын, жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін, осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық демін ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды. Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын! Осымен ҚР – ның клбасына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Аман – сау болыңдар! Енді, 2 «ә» сыныптың орындауында «Достық» әні.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет