Айтмағанбетова Мейрамгул Әліпқызы Ақтөбе облысы,Темір ауданы, Шұбарқұдық поселкасы



Дата17.02.2017
өлшемі289,29 Kb.
#9582
Балабақшада сауықтыру шараларының ұйымдастырылуы.


Айтмағанбетова Мейрамгул Әліпқызы



Ақтөбе облысы,Темір ауданы,
Шұбарқұдық поселкасы
«Қарлығаш» мектепке дейінгі ұйымының меңгерушісі 

        Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой - өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан – сау денеде ғана болады» - деген. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу – балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі. 


       Бала денсаулығының мықты болып , қозғалыс,дене құрылысының дұрыс жетілуі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан , бала ағзасының қызметін жетілдіру қабілетін арттыру осы кездегі ең басты міндет болып табылады. Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада; ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды.Сондықтан сүйектің, буынның дұрыс әрі өз мерзімінде жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңістерінің  дұрыс жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығы тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал ету қажет. Сондай-ақ,баланың қозғалысын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділігін, шапшандық, күштілік төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға, тұрмыста және дене тәрбиесі сабақтарында қажетті жеке және қоғамдық гигена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Балаларды мектепке даярлау кезеңінде олардың денсаулығын жақсарту мәселесі бойынша өсу тенденциясына бүгінгі ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл тұрғыда денсаулығын нығайту үшін комплексті әдістерге айрықша мән беріледі.

        Жаңа стандарт негізінде мектеп жасына дейінгі баланы шынықтыру-сауықтыру шаралары «Денсаулық» білім беру саласында көрсетілген.

«Денсаулық» білім беру саласының мақсаты: өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу,денсаулықтың  адамға берген басты құндылығы екенін түсіндіру, қозғалыс  белсенділігін дамыту және физиологиялық қасиеттерін қалыптастыру.

  «Денсаулық» білім беру саласы: дене шынықтыру,қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология бөлімдерінен тұрады. Осыған орай жылдық жоспарға балалардың салауатты өмір салтын сақтау және әр баланың ерекшелігіне қарай дене дамуын қалыптастыруға сауықтыру шаралары қаралған,олар: таза ауада дене шынықтыру,ертеңгілік жаттығулар,спорттық ойын-сауықтар,серуен,серуендегі қимылды ойындар, сергіту сәттері,ұйқыдан кейінгі гимнастика,массаж, жалаң аяқ жүру,су процедуралары.

          Балабақшада қосымша бағдарламалар және инновациялық технологиялар қолданылады. Күнделікті баланың ақыл-ойын арттыру үшін танымдық мағлұматтар көп беріледі.Баланы тұлға ретінде қалыптастыруда оның дене дамуына көңіл аударуымыз қажет. Бала ағзасының дұрыс дамуы үшін- балабақшада сауықтыру мен профилактикалық міндеттер күнделікті күн тәртібінде жүйелі орындалуы тиіс. Денсаулықты жақсарту үшін баланы шыдамдылыққа, іскерлікке, психологиялық және физикалық үйлесімділікке бейімдеу қажет. Денсаулықты дұрыс қалыпта сақтау үшін қажетті негізгі мақсаттарға тоқталсақ; дені сау бала тәрбиелеу, дқрыс қарым-қатынас жасай білу, денсаулыққа қажеттіліктер, салауатты өмір салтын қалыптастыру жайлы дұрыс мағлұматтар беру, материалдық-техникалық оқу базасын белгілеу, дене жаттығуларын жасау, спорттық бағдарламаларды көбейту, дұрыс тамақтану, іс-әрекетке белсенді түрде қатысу.

       Күн режимін  қалай ұйымдастыру керек? Ертеңгілік баланы  балабақшаға әкелу  уақытының да маңызы бар, ата-ана баланы ертемен оятып, жақсы  көңіл күймен келген бала мен  ұйқысын қандырмай, кешіктіріп, өзінің де баланың көңіл-күйі жоқ жағдайда келген баланың арасында айырмашылық болады. Ертеңгілік жаттығулардың пайдасы бәрімізге де  белгілі , ертеңгі қимыл қозғалыстың үйлесімділігін баланың физикалық дамуына әсер ететін көптеген табиғи  факторлар бар. Солардың бірі-серуен. Ауада серуендеу баланың денсаулығы үшін өте маңызды. Бала таза ауада көп болса оның ағзасы оттегіні жай жүргендегіге қарағанда көп сіңіреді. Ширақ қозғалыста болады, адымдай жүреді,аласа бұтақтан секіреді, сөйлегенде, жүгіргенде қол мен аяқтың қимылын қатар алып икемделеді. Ол үшін қимылды ойындар жақсы. Бала үшін серуенді қызықты ұйымдастыру керек. Жай ғана денсаулықты күшейтіп қоймайды, айналадағы құбылыстарды бақылап, көзқарасы қалыптасады. Ойынды таңдай отырып, жыл мезгілін, ауа райын да ескеуіміз керек. Қыс мезгіліндегі ойындар өте пайдалы, соның өзінде ойын қозғалыстарымен, жаттығулары демалыспен кезектесуі керек. Ыссы ауа- райында ойындар жай қозғалыста болғаны жөн. Ойын қызығымен бала шаршағанын аңғармайды.

    Сондықтан ойын кезінде баланың денесін дұрыс ұстауын, аяғын түзу басуын қадағалаған дұрыс. Қысқы ойындарда бала шанамен ойнағанды, қар ұстап ойнағанды жақсы көреді. Жаз , күз мезгілінде  саябаққа барғанды ұнатады: жапырақ жинау, маусымдық киіммен ,мысалы, аяғында ботинка, үстінде  күртемен жүгіру қимылды қиындатары белгілі, бірақ ойын баласы оны жеңуге ұмтылады. Бала бойында осылай  қимыл қозғалыста төзімділік, ептілік, ширақ қимыл дамиды. Бұлардың барлығы да денені шынықтыруға жатады. Ауа райы қандай болса да таза ауда болу пайдалы.

        Сонымен қатар балабақшада балалардың тамақтануы да қадағалауда болады.Ас мәзірінің құнарлылығы,сапасы мен әртүрлілігі басты назарда ұсталады.Жыл мезгіліне қарай берілетін  ас мәзірі өзгертіліп бекітіледі.Дұрыс отыру,тағамдарды ретімен жеу,үстел үстінде өзін дұрыс ұстай білуді  үйренеді. Мәдени-гигиеналық дағдылары қалыптасады.     

        Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауындағы «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс.Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады», «Қазақстан 2050. Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты биылғы жолдауында «Спортпен шұғылдану,дұрыс тамақтана білу,жүйелі профилактикалық тексерілу-аурудың алдын алудың негізі» деген сөздерін басты ұстам ретінде алып келеміз.

        «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ, дені сау, жан-жақты дамыған салауатты ұрпақ». Сондықтан, ұрпағымыздың болашағы жарқын да кемел болуына ат салысып, дені сау, шыныққан бүлдіршіндер тәрбиелей берейік.

Мектепке дейінгі ұйымның даму бағдарламасының бір бөлігі- денсаулықты нығайту. Бағдарламадағы осы  бөлігі назарларыңызға ұсынылады.

  «ҚАРЛЫҒАШ»  МЕКТЕПКЕ  ДЕЙІНГІ  ҰЙЫМЫНЫҢ   2011-2014  ЖЫЛДАРҒА   АРНАЛҒАН  ДАМУ  БАҒДАРЛАМАСЫ



Шешім және жолдама

Өткізілетін шаралар

2011-2012

 


2012-2013

 


2013-2014

 


Жауаптылар

Қосымша

түзету

                                                                  ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ

Балалардың физикалық денсаулығын нығайту және сақтау

Балалардың денсаулығы туралы толық мәліметтер.

 МДҰ-ның медициналық жұмысын жоспарлау.

Кабинетті толық жабдықтау.

 


Балалардың физикалық денсаулығы туралы толық мәліметтер. Емдеу процедурасы және денсаулықты жақсарту жоспары

 


Балалардың денсаулығы мен шынығуына  жағдай жасау

Медици налық қызмет, меңгеруші.

 

Қызметкерлердің салауатты өмір салтын қалыптастыруды қадағалау

Денсаулықты нығайту жаңа әдістемелермен танысу. Кәсібі жұмыс түрлерін ұйымдастыру

Қызметкерлердің және балалардың денсаулығын нығайту мақсатында бағдарлама кұру.

ЗОЖ орталықтың семинарлары, акцияларына

қатысу.


ЗОЖ орталықтың

семинарлары,массаж



Меңгеруші, методикалық қызметтің бірлігі, кәсіподақ, ата-аналар комитеті

Денсаулықты нығайту жұмыстарын жоспарлау сапасын көтеру.

Жарамды баланс жасаумен қамтамасыз ету

Жаз мезгілінде жемістерді, қыс айында денсаулыққа пайдалы сүт тағамларын  қосу.

 


Үшінші тағамдарды дәруменденіру, көк - өніс салат санын көбейту

Үшінші тағамдарды дәрумендедіру, көкөніс салат санын көбейту

Үшінші тағамдарды дәрумендедіру, көк - өніс салат санын көбейту.

Меңгеруші, әдіскер, медициналық қызмет

 

Денешынықтыру, ертеңгілік жаттығу-

лар,серуен, спорттық ойынлар,шынығу шаралары нығайту



Денешынықтыру залын, топтардың материалдық базасын көбейту жұмысы

дене тәрбиесі бұрышы  

қозғалыс ойындарға

атрибуттар дайындау.


Денсаулыққа қажетті жабдықтарды жинау жұмыстарын жалғастыру. Барлық топтарға ұйқыдан ояту гимнастикасын құрастыру.

Денешынықтыру залының және топтағы дене шынықтыру бұрышы, дамыту орталықтарын жаңарту

Меңгеруші, әдіскер, медициналық  бике

Денсаулықты нығайту жұмыстарын жоспарлау сапасын көтеру

Медициналық қызметті кеңейту, балаларға пайдалануға беру

Сырқат сапасының төмендету. Біліктілік процентын арттыру, профилактикалық жұмыстарын өткізу, жағдай жасау 

Балалардың денсаулығына  үнемі

бақылауда  ұстау

 

 

 



Балалардың денсаулығына комплекстік баға беру мақсатында тереңдетіп тексеру 

Жеке мәселелер бойынша емдік, шынықтыру бағдарлама жасақтау.

 

 



Меңгеруші, педагог-психолог, медициналық  бике

 

 

 

 



 

 

 



 

 

               «Қарлығаш» балабақшасының денсаулық бағдарламасы



Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыстық белсенділігін     жетілдіру,бала ағзасын шынықтыру.

Міндеттері:

-баланың физиологиялық дамуы мен балалардың ауруға шалдығушылығын төмендету үшін жағдайлар жасау:

 -МДҰ және отбасы жағдайларында жаны-тәні сау бала тәрбиелеу.

 

Жүргізілетін жұмыстар

Мерзімі

Орындаушы

                                                    1 .Аурудың алдын алу

1.Жоспарлы түрде профилактикалық тексеруден өткізу

- Аурушаң балалар ды 10 күнде бір рет немесе күнделікті тексеру;

- Жалпы топ балаларын 3 айда бір рет тексеру;

- Егу алдынан тексеру және егуден кейінгі өзгерістерді бақылау;

- Балабақшаға жаңадан алынған балаларды тексеру;

2. Топтарда күн режимінің сақталуын,бала ұйқысын, тамақтануын, дене тәрбиесін, ұйымдстырылған оқу іс-әрекетін, шынығуын бақылау;

3. Залалсыздандыру жұмысын жүргізу.

4. Құжаттарды жинау, дәрігерлік құжаттарды, дәрігерлік-педагогикалық құжаттарды жинау. 5.Тазалық туралы ата-анамен, қызметкерлермен жұмыс жүргізу.



Жыл басы

 

 



Кезеңімен

 

 



 

 

 



Үнемі

 

 



 

Жыл бойы


Кезеңімен

 

Уақытылы



Мед.бике

 

 



 

 

 



 

 

 



Меңгеруші, мед.бике

 

 



 

 

 



Меңгеруші, мед.бике

Мед.бике


                                      

2. Дене  тәрбиесін  ұйымдастыру

1, Ертеңгілік  жаттығулар  залда немесе ауада

2. Дене тәрбиесі ҰОІӘ

Залда немесе ауада

3. ҰОІӘ сергіту жаттығулары.

4. Саяхатта, сабақта қимылды ойындар

5.Балабақшадан тыс жердегі саяхаттар;

6. Ырғақты жаттығулар;

7. Спорттық мерекелер, көңіл көтеру сағаттары;

8. Денсаулық күні;

9. Баланың өзіндік қимылын дамыту.



Уақытылы

 

Уақытылы



 

Уақытылы


 

Жоспар бойынша

 

 

Жоспапға сай



 

Жоспарға сай

 


Педагогтар

 

Педагогтар



 

 

 



Педагогтар

 

Педагогтар



Педагогтар, ата-аналар

 

Педагогтар, ата-аналар



Педагогтар.

 


                                  

 

3. Бала денесін шынықтыру саласы

 

1. Аптасына  3 рет кедір-бұдыр жолмен  жүргізу. Оларды қаз табандылықтан сақтандыру және тұзды суда жүргізіп үйрету.

2. Ауада шынығу , ашық терезелер арқылы.

3. Жалаңаяқ тұру және жүру;

4. Жаз мезгіліндегі күнге, ауада шынығу,құмда жүру, сумен жуыну, жалаңаяқ жүру.



Уақытылы

 

 



Уақытылы

 

Кезеңімен



Жаз мезгілі

Педагогтар, мед.бике

 

 



Педагогтар, мед.бике

 

Педагогтар, мед.бике



Педагогтар, мед.бике

                                    

4. Емдік сауықтыру жұмыстары

1. Жалпы сауықтыру терапиясы:

- Шөптен қайнатылатын шай;

- Витаминді коктейльдер;

2. Ауруға қарсы көрсетілетін көмек:

- Тәбетті ашатын;

- Қақырық түсіретін;

- Ауыз ішін шаятын тұнбалар.

3. Баланың жас ерекшелігіне қарай тағамына тұнба, сарымсақ, т.б. қосу.

4. Емдік шынықтыру , дем шығару жаттығулар жиынтығы арқылы мұрынмен дем алуға үйрету.

5. Шынықтыру терапиясы:

емдік коктейль,ультра сәуле.

6. Жалпы және нүктелі уқалау, массаж.

7.ОРЗ ауруының алдын алу немесе қарсы  шаралар.

8. Тіс тазалауды үйрету: балабақшада және үйде.



Жыл бойы

 

 



Жыл бойы

 

 



 

 

Уақытылы



 

Жыл бойы


 

 

Уақытылы



 

Уақытылы


Кезеңімен

 

Үнемі



Педагогтар, мед.бике

 

 



Педагогтар, мед.бике

 

 



 

 

Педагогтар, мед.бике



 

Педагогтар, мед.бике

 

 

Педагогтар, мед.бике



 

 

Педагогтар, мед.бике



 

Педагогтар, мед.бике,

атаналар


                      

5. Дәрігерлік- педагогикалық жұмыстар

1. Бала денесінің дамуын бақылау: бойы, салмағы, кеуде ауқымы.

2. Баланың терісін тексеру, дем шығару ,жүрек лүпілін тексеру.

3. Баланы дене шынықтыру сабағында бақылау.

4.Шынықтыру әдістеріне жоспар жасау.

5.ҰОІӘ жүргізілетін бөлме немесе залда тазалықтың мұқият сақталуы: ылғалды шүберекпен сүрту, ауаның тазалығы, бөлменің желдетілуі.

6.Спорттық бұйымдардың , киімдердің,аяқ киімдерінің сай келуі, ыңғайлы болуы, таза болуы.

7. Баланың әлсіздігін , көңіл күйін бақылап отыру.

8. Жарақаттың алдын алу. 

9. Медициналық , педагогикалық қызметкерлерінің бала денсаулығын нығайтуға жұмыстары:

- Жас аналармен пікір алысу;

- Шынықтыру кезеңінің жолдары мен барысын ата-аналар назарына ұсынып отыру.

10. МДҰ –ның сауықтыру жұмыстары:

- жеке және ұжымдық түрде әңгімелесу,

- ақыл-кеңес беру,

- ұсыныстар беру,

-мамандармен кездесу.

11. Педагогикалық бірлестік – МДҰ, отбасы және қоғам- бірлескен жұмыстар нәтежесі.

12.Тақырыптық тексерулер.



Жылдың 1 жартысы,

Жылдың 2 жартысы

Жыл бойы

 

Жыл бойы



Жыл басында

 

Жыл бойы



 

 

Жыл бойы



 

 

Үнемі



Жыл бойы

Жыл бойы


 

 

Уақытылы



Уақытылы

 

 



Жыл бойы

 

 



 

 

 



Жыл басы және

жыл аяғы


Жыл  бойы

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Педагогтар, мед.бике,

ата-аналар;

 

 



 

Педагогтар, мед.бике,

ата-аналар;

 

Педагогтар, мед.бике,



ата-аналар;

 

 



Педагогтар, мед.бике,

ата-аналар;

 

 

 



 

Педагогтар, мед.бике,

ата-аналар;

 


                         

 

 



Сауықтыру шаралары бойынша отбасымен жұмыстың бағыттары

Ата-анамен педагогтар арасындағы бірлескен жұмыстар үлкен жауапкершілікті талап етеді. Баланың денсаулығын қорғау, сақтау және нығайту жұмыстары ең басты мәселе. Балалардың қимыл қозғалысбелсенділігін дамытуға байланысты топтарда ашық  ұйымдастырылған шаралар, ойын сауықтар, ата-аналармен жыл маусымдарына қарамастан іс-шаралар ұйымдастырылады. МДҰ- да спорт залы ,ойын алаңдары бар, бала дамуына қажетті  барлық жабдықтармен,  спорттық  құралдармен және әр топ спорттық киімдермен   толық  қамтылды. Және кезеңімен толықтырылып отырады.Әр топтың өз эмблемалары бар. Оларда түрлі жарыстар, әр бағыттағы спорттық ойындар жиі жүргізіліп тұрады.  Күнделікті ертеңгілік балалармен дене шынықтыру жаттығулары жасалады.Ұйымдастырылған оқу іс-ірекеті тұрақты жүргізіледі. Осы сабақ барысында балалардың дене бітімі дұрыс қалыптасып, іс қимылдары жетіліп, бұлшық еттері қатаюына көңіл бөлінеді. Топтарда денсаулық бұрыштары ұйымдастырылған.

      Сонымен қатар балабақшада ата – аналардың қатысуымен түрлі спорттық жарыстар өткізіліп тұрады. Спорттық жарыстар мен түрлі ойын – сауықтар балалардың ой санасының қалыптасуына, өзін еркін ұстап және жан – жақты жетілуіне әсер етеді. Дене тәрбиесіне байланысты балабақшада «Шынықсан шымыр боласың», «Көңілді достар», «Кім жылдам?» деген топ арасындағы эстафеталық жарыстар өткізіледі. Әр сабақ жан – жақты талқыланып, кем – кетігі болса толықтырылып, баланың толыққанды өсіп - өнуі мұқият қадағаланады.

     Балалардың арасында жиі кездесетін сырқаттар: отит (құлақ ауруы),жедел лоринготрахит (қалқанша безінің ісінуі), ЖРИ (жалпы тыныс жолы аурулары).Балабақшадағы тұрақты жүргізілетін іс-шаралардың нәтижесінде балалардың сырқаттануы азайды.Мысалы,өткен жылға қарағанда сырқат түрлері  21 % азайды.



Тәрбиеленушілер денсаулығының анализі.


 

 


 

 

 



    

 

                                                                                                               



 

 

 



 

 

                                 3 жас                4 жас                5  жас



       Жылына 2 рет  жоспарлы түрде мамандар шақырылады.Балалабқаша тәрбиеленушілерімен және ата-аналармен кездесу сағаттары ұйымдастырылады.Балаларда жиі кездесетін сырқат түрлері,олардың алдын алу,қайта қалпына келтіру үшін тамақтандыру т.б. туралы кеңестер береді.Ата-аналардан сауалнамалар алынып,сұрақ-жауап  жәшігі ұйымдастырылды.Өздерін мазалайтын сұрақтарын арнайы мамандарға қойып,осы жәшікке салынды.Балалардың денсаулығын сақтау туралы  «Денсаулық әліппесі», «Денсаулық мектебінің 7 сабағы», «Дене шынықтыру жүктелімі не үшін қажет?»т.б. тақырыбында ескертпелер таратылып, қабылдау бөлмелерінде салауатты өмір салтын қалыптастыру плакаттары ілінді.

                

      Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған ойындар мен тыныс алу жаттығуларының жиынтығы ұсынылады.  

  Дидактикалық және қимыл-қозғалыс ойындары



Тақырыбы: «Денсаулық»  еліне саяхат

Дидактикалық ойын: Менің бір күнім

Міндеті: Суреттерді талдай отырып, рет-ретімен жинастыруға  жаттықтыру.

Күн тәртібі туралы білімдерін бекіту.

Құралдар: Күн тәртібінің суреттері салынған конверт.

Ойын барысы: Педагог, балаларға күн тәртібінің суреттері салынған конвертті үлестіреді. Бала ондағы ірекеттерді әңгімелеп,рет-ретімен тізбектеп қояды.

                                           Жыл мезгілдері

Міндеті: Суретте бейнеленген негізгі белгілері бойынша әр жыл мезгілдері жайлы түсініктерін бекіту. Балаларды жыл мезгілдерінің ретін дұрыс көрсететін сөздерді қолдана отырып, талқылай білуге баулу.

Құралдар: Жыл мезгілдерінің суреттері жіне түрлі-түсті төрт карточка.

Балалар жыл мезгіліне сай түстерді шеңберге тізбектеп,ретімен жүйелі құрастырады. Осыған қатысты суреттерді қажетті орнына орналастыру керек.

                                    Азат тіс дәрігерінің қабылдауында

Міндеті: Баланы  суреттегі оқиға желісі бойынша құрастыра білуге баулу.

Құралдар: Суреттер.

Ойын барысы: Балалар суретті мазмұны бойынша рет-ретімен орналастыруы қажет.

                                       Тақырыбы:  Ұйқы –жанның нәрі

Дидактикалық ойын: Түс Перизаты

Мақсаты: Түскі ұйқыға деген жағымды түсінік қалыптастыру.

Құралдар: Сиқырлы таяқша.

Ойын барысы: Бұл ойында түс Перизаты ұйықтауы қиын балаларды таңдайды. Сиқырлы таяқшасын қолына алып, бөлмені аралап жүріп таяғын заттарға тигізіп ұйықтатады. Міне, үстел, кітап сөресі де ұйықтап қалды. Түс Перизаты төсекке жатып, сиқырлы таяқшамен өзін түртеді.



Дидактикалық ойын: Сиқыршы.

Мақсаты: Түс туралы білімдерін бекіту.

Құралдар: Әуен тыңдау, Шығыс әуені.

Ойын барысы:  Ұйықтар алдында шығыс әуені қойылады. Балалар сиқыршыға айналып, кілем үстінде малдас құрып отырады. Қолдарын тізелеріне қойып,иектерін тізелеріне  тигізіп, көздерін жұмып, денелерін бос ұстайды. Әуен біткен кезде ақырындап, үндемей төсектеріне барып жатады.



Дидактикалық ойын: Ғажап ұйқы.

Мақсаты: Бала бойын босаңсыту.

Ойынды суреттеп айту: Жүргізуші өлеңді оқу барысында балалардан көздерін жұмуды  сұрайды.

Кірпігімізді төмен түсірсек,

 Көзіміз жұмылады.

Енді еркін демалайық  (2 рет).

Ғажап қана ұйықтасақ,

Жеңіл, дұрыс тыныстасақ,

Шаршағанымыз  ұмытылып,

Денеміз босаңсиды (2 рет).

Шөпте жатқандай сезінейік,

Жасыл,жұмсақ шөпте жатырмыз...

Күн нұрын бізге төгіп тұр...

Қолымыз біздің жып-жылы...

Күн ыстық...

Түн жылы...

Таза ауада тамаша, тыныстаймыз ( Ұзақ кідіріс).

Біз еркін тыныстадық.

Ғажап қана ұйықтадық!

Оянатын сәт келді!

Қолымызды жоғары көтеріп, жұдырығымызды түйеміз.

Керілеміз! Күлеміз!

Балалар көзін ашады.

Бқл жаттығу жұмыстары ақырын, ұзақ кідірістермен байсалды дауыспен, бала ойын еркінсітетін сазды әуенмен оқылады.

 

                       Тақырыбы: Дене тәрбиесі- денсаулық кепілі



   Дидактикалық ойын: Біздің денсаулығымызға не керек ?

Міндеті: Балалардың денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Құралдар: Доп.

Ойын барысы: Педагог балаларды дөңгелете тұрғызып, денсаулықты сақтауға қажетті заттарды естеріне түсіруін сұрайды. Содан кейін педагог допты кезекпен балаларға лақтырады, ал балалар қажетті заттарды атап, керісінше допты педагогқа қайтарады. Ал, шатасқан баланың орнына басқалары жауап береді. Дені саудың- жаны сау.



Дидактикалық ойын: Қуыршақты емдеу.

(Ойынды медбикенің қатысуымен өткізген дұрыс).

Мақсаты: - Балаларды жарақатты дұрыс емдеуге үйрету.

- Олардың алқашқы жәрдем көрсетуге қажетті заттар туралы білімдерін бекіту.

Құралдар: Қуыршақ, алғашқы жәрдем көрсетуге қажетті заттар.

Ойын барысы:  Бала алдына қуыршақты алып емдейді. Емдеу кезінде қажетті заттарды алып, оны атап және дұрыс емдеу жолын айтады:

-         Жарақатты жуу;

-         Таза сүрткішпен сүрту;

-         Айналасындағы теріні йод ертіндісімен сүрту;

-         Қажеттілігіне қарай дәкемен орау;

-         Қуыршаққа жылы сөздер айту.

 Тез сауығып кетіңіз! Енді абай болыңыз! Жазылып кетесіз! Сау болыңыз! т.б. жылы  сөздер айтып үйрену.



Дидактикалық ойын: Көңіл күй және жүріс.

Мақсаты: Сезім эмоция қозуын төмендету, алаңдатушылықты азайту, бұлшық еттерді босаңсыту.

Ойын барысы:  Жүргізуші қозғалысты көрсетіп, көңіл-күйді сүрайды.

-         Алдымен ұсақ жауын болып, содан кейін үлкен тамшы болып жауамыз.

-         Торғайға айналамыз, бүркіт болып ұшамыз.

-         Көңілді сайқымазақ боламыз.

-         Құсты аңдыған мысық болып жүрейік.

-         Сазды жерді басып келеміз.

-         Ойға шомып жүреміз.

-         Анамыздың алдынан шығып, мойнына асыламыз.

 

Тақырыбы:  Актерлер

(Ересек топ балалары, ата-аналармен де болады.)

Міндеті: өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкінің рөлі оның маңызы жөнінде түсінік беру.

Ойын барысы:  Балалар шеңбер құрып отырады. Барлығы – актерлер, педагог- көрермен. Педагог кімді бейнелеу керектігін ұсынады:

-         Күзгі бұлт.

-         Ренжіген адам.

-         Қатыгез сиқыршы.Тәрізді қатуланыңдар

-         Күнге қараған мысық.

-         Күн.

-         Айлакер түлкі.

-         Қуанышты бала болып күлімдеңдер.

-         Балмұздағын түсіріп алған бала.

-         Көпірдегі екі ешкі. Тәрізді ашуланыңдар.

-         Жұмыстан келген ана .

-         Ауыр жүк көтерген адам.

-         Үлкен шырпы тасыған құмырысқа. Тәрізді шаршаңдар.

-         Орманда адасып жүрген бала.

-         Қасқырды көрген қоян.

-         Ит қуып жүрген мысық. Тәрізді қорқыңдар.

-         Анасына үйді жинауға көмектескен бала. Тәрізді дем алыңдар.

Сендер осы кейіпкерлерің өздерін қалай сезінгенін солай жеткізе біліңдер. Бір-бірлеріңе қарап, өздеріңнің көршілеріңе осы жағдайларды  айта біліңдер.

Тақырыбы: Кім күлкілі күледі?

(Ересек топ балалары, ата-аналармен де болады.)

Міндеті: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкінің  ролінің маңызы туралы түсінік беру.

Ойын барысы: Педагог балаларды шеңбер құрып отырғызып,ертегі айтып береді: «Бір елді Күлкі ханы басқарыпты. Ал оның әйелі Күлегеш ханым және оның бірнеше күлегеш балалары болыпты. Бұл елде өмір сүретін адамдар еш ренжуді білмеген,ертеден кешке дейін күле берген. Бір күні бұл елге басқа елдің тұрғыны келеді. Оны құрметпен қарсы алып,одан өзінің болған елдері туралы әңгімелп беруін сұрайды.Сонда жолаушы барлық көрші мемлекеттерде қауіпті ауру барын- адамдар тәулік бойы жылап, күлуді тоқтатқанын әңгімелеп  береді. Бұл түні ханның жанұясы қзақ уақыт көз ілмей, қалай көрші мемлекетке көмектесудің жолын қарастырады. Ертеңгісін Күлкі ханы мен Күлегеш ханым екеуі күлдіргіш балаларын шақырып жолға дайындайды, яғни, олардың мақсаты көрші мемлекеттердің көңілін көтеріп,күле білуге үйрету.Күлдіргіштер әлем бойынша барлық жерде болып күлкіні таратқан соң, адамдар көңілдерін көтере бастады. Жылына бір рет қана өздерінің сарайына оралатын болған. Нәтижесінде адамдар шын ниетімен күлуге үйренеді».

Педагог күлкі мейрамын ұйымдастырып, барлық адамдарды қуана білуге шақырады.

                                  Гимнастика және массаж жаттығулар

Зейінді дамытуға арналған жаттығулар:  «Не өзгерді ?»

Тақтада әр түрлі суреттер белгілі ретпен орналасқан. Балалар көздерін жұмады. Суреттердің орны ауыстырылады. Көздерін ашқанда қай суреттің орны ауысқанын айтады. Педагог балаларға табанға арналған келесі жаттығуларды орындауды ұсынады:

1.   Аяқ саусақтарымен қарындашты жина.

2.   Аяқ саусақтарымен сүлгіні ал.

3.   Таяқшаларды табанмен тербет.  Әр педагог  таңдауына қарай береді.

Балалар табанның қасиетін анықтайды.

Дамытушы жаттығу:  Артық сөзді тап.  Күн, су,жылу,өзен,шомылу,қар.

Өз жауабыңды түсіндір.

Ойлау қабілетін дамытуға арналған жаттығу: Сөзді топтарға бөлейік.

1.Тері. 2. Тіл. 3. Құлақ. 4.Көз.  Суық, ащы, қатты, ыстық, тыныш, қараңғы, тәтті,үнді.

Тақырыбы: Мұрын және тыныс ағзалары

Тыныс алу жолдарына арналған жаттығулар  жинағы:



«Сағат». Орнымыздан тұрып, аяғымызды алшақ қойып, қолымызды бос жібереміз. Қолды алға, артқа созып жаттығулар жасау;

«Бала әтеш қанатын қағады». Қолды бос жіберіп, тік тұрамыз. Қолымызды жоғары көтеріп, жанымызға ұстап,жамбасқа қойып қанат қағамыз. Демді ішке тартып «Ку-ка-ре-ку»- деп, шақыру.

«Ботқа қайнайды». Оң қолымызды ішке, сол қолымызды кеудеге қойып отырамыз. Ішке тартып, кеудеге ауа толтырамыз. Кеудені жіберіп,ішті томпайта көрсетіп дем шығару. Дем шығарған кезде «Ф-Ф-Ф-Ф» - деп, қатты дыбыс шығару.

«Паравоз». Бөлмеде қолды кезекпен қимылдатып, «чук-піш, чук-піш,чук-піш»- деп, дауыстау.

«Насос». Аяқ бірге, қолды дене бойымен тік ұстау. Терең дем алып, денені жан-жаққа ию. Қолды дене бойымен сырғанатып, терең дем шығарғанда  «ыс-с»- деп қатты дыбыстау. Денені тік ұстап тұрғанда және келесі жаққа иілгенде терең дем алып, дыбысты қайталау.

«Реттеуші» . Аяғын иық  белдеуімен қойып,бір қолды жоғары,екіншісін жанына созып тұру, мұрнымен  дем алып, кейін қолдарының қалыпты жағдайын өзгертіп, ұзағынан дем шығарып «р-р-р-р» дыбысын айту.

Қолданылған әдебиеттер:

1.ҚР МЖМБС 1.001-2009

2.«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

3. «Бала мен балабақша» журналы

4. «Педагогикалық сыр сандық»

5.А.И.Фомина «Физкультурные занятия и спортивные игры в детском саду»

6.И.М.Коротков «Подвижные игры детей»

7. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру Облыстық орталығы» материалдары

8. «Отбасы және балабақша» журналы

9. О.А.Соломенникова «Основные и дополнительные программы ДОУ» методическое пособие

10. Т.И.Осокина «Физическая культура в детском саду »

11. В.Г. Фролов, Г.П.Юрко «Физические занятия на воздухе с детми дошкольного возраста».



 

 
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет