Қала, кент, селолық округ әкімдерінің есепті кездесулерінің қарсаңында Темірші селолық округінің әкімі Қ. Мұхтардың атқарылған жұмыстар мен алда тұрғанміндеттер туралы есебі


Абай селолық округінің әкімі А.Нұркенованың атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі



бет6/7
Дата02.07.2018
өлшемі467 Kb.
#45790
1   2   3   4   5   6   7

Абай селолық округінің әкімі А.Нұркенованың атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында мемлекетімізді одан әрі дамыту мен нығайту, қазақстандықтардың әлеуметтік әлеуетін көтеру бағытындағы іс-шаралар айқындалды. Осы орайда Қарқаралы ауданы Абай селолық округінің бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігіне тоқталайық.

Бүгінгі күнге нақты статистикалық мәліметтер бойынша 530 адам тұрып жатыр. Ауыл халқының 207-і экономикалық белсенді тұлғалар санатында болса, зейнеткерлер-47 адам, 0 ден 6 жасқа дейінгі 56 бала тіркелсе, селолық округте 1 орта мектепте 74 оқушы сапалы білім мен тәрбие алуда. Оқушылар қажетті оқулықтар, компьютер мен толық қамтамасыз етілген. Мультимедиялық кабинет және интерактивті тақтамен, жиһазбен толық жабдықталды. Мектеп ұжымы педагог кадрлармен тиісінше қамтамасыз етілген, барлығы 26 мұғалім оқушыларға білім беруде. «Айгөлек» шағын орталық жұмыс істейді. 1 тәрбиеші, 1 тәрбиешінің көмекшісі жұмыс атқарады. Шағын орталықта 26 сәби тәрбиленуде. Мектеп асханасында бір мезгіл ыстық тамақ беріледі, жаз айларында лагерде демалу ұйымдастырылады. Округ аумағында 1-елді мекен Мыржық ауылы және 8 қыстақ бар. Халыққа қызмет көрсететін мекемелер № 31 орта мектеп, 1-денсаулық сақтау мекемесі, яғни ФАП, жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілген. 1- пошта байланыс торабы, 1-клуб, 2-орталық кітапхана және жеке кәсіпкер «Байжигитовтың» 1-мал сою алаңы, 4 сауда нүктесі, 1 наубайхана, 1 қоғамдық тамақтану жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта аталған мекемелер қысқы маусымға толық дайындалды, қысқы отын қоры барлық мекемелерге уақтылы түсірілді. Округ тұрғындары қысқы мал азығын артығымен дайындап, межені 116 пайызға орындады.

Биылғы жаз айында Абай-Егіндібұлақ бағытындағы күре жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдың жиегіндегі шөптері шабылып біршама жақсарғандығын айта кету керек. Бұл жұмыстарды Қарқаралы қаласындағы «Тазалық»мекемесі сапалы да уақытында атқарды.


Селолық округтің негізгі ұстанған бағыты мал шаруашылығы болғандықтан, халықтыңда негізгі күнкөріс көзі-мал өнімдері, мал шаруашылығы бағытын дамыту болып отыр. Округ бойынша барлығы 2859-бас ірі қара, 10698-бас қой –ешкі, 673-бас жылқы малы бар.

Мал басын егу, емдеу, ветеринарлық алдын алу шараларын жүзеге асыруда біршама жұмыстар атқарылды. 2800 ірі қара, 10500 ұсақ мүйізді малдар брюцеллезге тексерілген, нәтижесінде ешқандай малдан брюцеллез ауруы анықталған жоқ. Сібір жарасы, қара санға егілді. 1000 (мың ) бас ірі қара, 5331 ұсақ мал бірдейлендірілді.

Қазіргі күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы мал басын асылдандыру мен шаруа қожалықтарын көбейту жұмыстары күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып отыр. Осыған сәйкес биылғы жылы округ бойынша тағы да 1 шаруа қожалығы ашылады. Бұл біздің басым бағыттарымыздың бірі болып отыр. Сондай-ақ биылғы жылы «Серік» (жетекшісі Культуманов Ермек ) шаруа қожалығы ірі қара малының басын асылдандыру мақсатында 10 бас асыл тұқымды ақ бас тайыншаларын әкеліп, ендігі «Сверидов» шаруа қожалығынан 30 (отыз) бас асыл тұқымды ақ бас тайынша, 5 бұқа алуға жұмыс жасап жатыр. «Құт» (жетекшісі Мұқанов Серік) шаруа қожалықтары асыл тұқымды бұқа сатып алып, ірі қара малдарын асылдандыру жұмыстарымен нақты айналысуға бет бұрды.

Жылма-жыл Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларында өтетін «Ауыл –береке» жәрмеңкесіне де айтарлықтай дайындықпен барып қатысып жүрсіздер. Таяу арада Астана қаласында өткен жәрмеңкеге Абай ауылының атынан 3 жылқы, 1 бас ірі қара тағы да басқа ауыл шаруащылығы өнімдерін апарып өткізіп келді.

Селолық округте телефон байланыс станциясы сапалы жұмыс атқарып келеді. 108 телефон «DAMA» спутниктік қала аралық байланыс нүктесіне қосылған. Мыржық ауылында спутниктік 4 телефон нүктесі бар.

Биылғы жылы отандық «ОТАУ тв» спутниктік сандық телеарнасын 80 отбасы орнатты, сонымен қатар ауыл тұрғындарының спутниктік антена арқылы басқада арналарды көре алады.Электроэнергиядан ешқандай кедергі жоқ, үзбеліксіз тұрақты пайдаланып келеді. Тұрғындар абоненттік төлемдерін уақытылы төлеп отыр.

Бүгінгі күні су құбырына 3 мил тенге бөлініп, «Ақсу-Т» фирмасы жөндеу жұмыстарына кірісті. Ауыл басында 2 водокачка тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Екі су құбырыда электр қуатына қосылып тұр.

Тазалық, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп 1200 тонна күл-қоқыс шығарылды.

2013 жылы округке бөлінген 10 млн. 794 мың бюджет қаржысы әр сала бойынша заңға сәйкес толық игерілуде.

Ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. «ТЭМК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Есімжал» кенішінде ауылдан 50-ден аса тұрғындар еңбек етуде. Осының нәтижесінде жұмыссыздар саны азайып, халықтың әл-ауқатының артуына үлкен септігін тигізіп отыр.

Жыл аяғына дейін атқаралатын жұмыстарға тоқталсам :

Жекеменшік мал басын асылдандыру, шаруа қожалықтарын көбейту, салық базасын кеңейту мақсатында шағын бизнес нысандарын ашуға ықпал жасау жұмыстарын жүзеге асыруымыз қажет.



Алдымызда атқарылатын істеріміз көп, сол жұмыстарды ауыл тұрғындарымен бірлесіп, ақылдасып атқара береміз деген сенімдемін!

Шарықты селолық округінің әкімі М.Садуақасовтың атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Бүгінгі таңда ауыл халқының жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. Шарықты селолық округі бойынша жалпы халық саны 980 адам. Жалпы халықтың 304 экономикалық белсенді, яғни 31%. Шарықты селолық округі облыс орталығынан 325 шақырым, аудан орталығынан 126 шақырым қашықтықта орналасқан. Құрамында 4 елді мекен, 15 қыстақ бар. Атап айтқанда «Шөптікөл», «Қызылшілік», «Айыр», «Теректі» елді мекендері. Жалпы округ бойынша жер көлемі 186932 га. Оның ішінде жайылымдық жерлер 175076 га. Егістік жерлер 2349 га. Шарықты селолық округінде 4 – мектеп, 3 - ФАП, 3 – кітапхана, 1 – АТС, 1 – мешіт, 1- пошта жұмыс жасайды. Осымен қатар 32 – шаруа қожалығы, (оның 12 – ісі басқа жаққа көшіп кетуіне байланысты тоқтап тұр) жұмыс жасауда. Селолық округ бойынша барлығы 14 – кәсіпкер, оның ішінде: сауда саласында – 6 (2 уақытша тоқтап тұр), қоғамдық тамақтандыру саласында – 3 және Теректі селосының басындағы құдықты 1 кәсіпкер сенімді басқару бойынша жүргізіп отыр, 1 –кәсіпкер ауылдағы мал сою пункті арқылы жұмыс жасап отыр, 1- кәсіпкер монша жағып халыққа қызмет көрсетуде. Салық базасын кеңейту бүгінгі күнгі өзекті мәселе, сондықтан шағын кәсіпкерлікті дамытып, жаңадан кәсіпкерлерді тіркеу басты міндетіміз, бүгінгі күні ауылымызда бірер монша кісіні ақшаға түсіріп көлденең пайда табуда және тұрақты түрде қалаға таксист болып кіріс кіргізіп жүрген азаматтар жоқ емес. Үйлеріңізге қосымша кіріс кіргізіп жұмыс жасағандарыңызды біз әрқашан қолдаймыз, бірақ кәсіптеріңізді Заңға сәйкес тіркетіп, Заң жүзінде жұмыс істеулеріңіз керек. Шарықты селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Аудан әкімінің қолдауымен 2013 жылы бюджетте қаралған «жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының төртінші бағыты бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде обьектілерді жөндеу және абаттандыру үшін бөлінген 5 миллион қаражатты мемлекеттік сатып алу тәсілімен ойнатып, «Электромонтаж» ЖШС-гі 2 миллион 800 мың теңгеге ұтып алып, электр желісі арқылы көшені жарықтандыру бойынша 30 бағананы орнатты, қосу мәселесі бойынша құжаттар әзірленуде, үнемделген 2 миллион 200 мың теңге қаражатты мемлекеттік сатып алу тәсілімен «Инновация Тех» ЖШС-гі ұтып алып, ауылымызға 11 күн арқылы қуат алып сәуле беретін жарықтандыру бағанын орнатады, мекеме басшылары мен және ардагерлер ұйымы мен ақылдаса отырып, бұл бағандардың 4 ауылға кіреберіске, 3 мешіт -мектеп алдына, 2-ін ФАП алдына ал қалған 2-ін жаңадан салынған балалар ойын алаңына орналастыратын болып келістік. 2013 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізінде бөлінген 780 мың теңгенің 500 мың теңгесі «Комерист» ЖШС-і арқылы игеріліп балалар ойын алаңы Қазыбекби көшесіне орнатылып қалған үнемделген сомаға қосымша келісім шарт арқылы жобаны жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Халыққа коммуналдық тұрмыстық қызмет көрсету сапасы да арта түсуде. Село басындағы мекемелер мен жеке меншік құрылымдар ауылымыздың өсіп-өркендеуіне өзінің қомақты үлесін қосуда. Әсіресе, ауылымызға келген құт-береке ата-бабаларымыздың арманы «Көктасжал» кен орнының ашылып, шикізаттың осы жерде өңделуіне орай үлкен жаңа фабриканың салынуы ауыл тұрғындарының жас, үлкен-кәрісін қуантуда. Бұл жаңалықты ауылымызға әкеліп іске асырып жатқан өздеріңізге белгілі «Алтайполиметаллы» ЖШС-гі және осы серіктестіктің мердігерлері, атап айтқанда «Маран инженеринг», «Мелисса», «Жұма» және «САС» ЖШС-тері осы мекемелер арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, жастарды ауылда тұрақтандыру өз ретімен шешілуде, бүгінгі күнге 88 округ тұрғындары жұмыспен қамтылып осы мекемелерде тұрақты жұмыс жасауда. Ауылымызға бүгінгі күнге 7 отбасы қоныс аударып көшіп келді. Ауылымыздың солтүстік батысында 60 екі пәтерлі, және 4 екі қабатты тұрғын үй мен спорттық әлеуметтік нысандардың құрылыстары жоспарланып, құрылыс жұмыстары басталып кетті. «Алтайполиметаллы» ЖШС-гінің директорлар кеңесінің төрағасы Юн Руслан Борисович мырзаның демеушілігімен мектепке көп көңіл бөлінуде, атап айтқанда бүгінгі күні мектептегі кәріз және су жүйелері жаңадан жасалып оқушыларға мектептің ішінен дәретхана салынды, асханадан 1-4 сынып аралығындағы бүлдіршіндерге үлкен қоңырау аралығында тамақ берілуде, бұрын күніне 4 сағат қана істеп тұрған шағын орталықты осы демеушілік арқасында 8 сағатқа созу мақсатында керекті бұйымдар мен құрал жабдықтар алынып әзірленуде және осы азаматтың қолдауымен мектепке жаңа екі қазандық орнатылып жылу жүйелері жөндеуден өтті, сонымен қоса мектепке мултимедиялық және физика кабинеттерін жасап беруге уәде беріп, сол бағытта жұмыстар жасалуда, мұғалімдердің біліктігін көтеру, интернет жүйесін қолдану, оқушылардың сапалы білім алуына жағдайлар жасау мәселелеріне назар аударылады. Биылғы жылы мектептегі бірнеше жылдан бері шешілмей тұрған кадр мәселесі шешіліп, ауылымызға химия пәнінің мұғалімі және бастауыш сынып оқытушысы жас маман болып келіп ауыл тұрғындарын қуантуда. Ауылымыздың клуб меңгерушісі Ж.Сейсембаев пен №30 мектеп ұжымы бірлесе өткізген «Отбасы» мерекесі өз мәнінде мерекеленіп өткізілді және 1қазан «Қарттар күні» мерекесі «Алтайполиметаллы» ЖШС-гінің қолдауымен селолық округіміздің 48 қартына 5000 теңгеден сый-сияпат көрсетіліп асханадан ас беріліп концерттік іс шаралар өткізілді. Бүгінгі күні округ бойынша қыс мерзіміне дайындық қарқынды жүргізілуде, шаруа қожалықтар мал азығын барлығы 4500 тонна әзірлеп қыстақ басына тасуда. Биылғы жылы «Желтау» шаруа қожалығы 250 га жерге бидай, 150 га жерге арпа дақылын септі, алқаптан әр гектарына 8 центнерден өнім алып, 100 га арпа дақылы жиналды, бұл дәнді дақылдарды шашпай төкпей жинап алу басты міндетіміз. «Әділ» шаруа қожалығы МТЗ-95 тракторын «Казагроконсалтинг» арқылы несиеге алды. Егіндібұлақ – Теректі тас жолының шөбі шабылып, ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымы азаматтары мен бірлесе отырып жол жиегіндегі қалың жерлер өртелді, «Алтайполиметаллы» ЖШС-нің директоры Әліпбергенов Қаныш Махмутұлына Шөптікөл елді мекеніне шыға берістегі тас жолыдың су ағар тұсының опырылып құлауына байланысты техникадан көмек сұралып хат жолданды, осы мекеменің арқасында жолдың бұзылған жері қалпына келтірілді. Округ бойынша 5178 бас ірі қара, 1033 бас жылқы , 5579 бас қой, 1891 бас ешкі бар, ветеринариялық профилактикалық шараларға 2013 жылғы бекітілген жоспар бойынша ірі қара малы сібір жарасына 4200 бас, қой – ешкі сібір жарасына 6250 бас, жылқы сібір жарасына 500 бас егілді. Ірі қара малдар қарасанға 4400 бас егілді. Ірі қара малынан бруцеллезге серологиялық зерттеу бойынша 4000 бастан қан алынды. Оның ішінде 120 бас ірі қара малы бруцеллезге шалдыққан болып шықты, бұл малдар Қарағанды қаласының ет өнімдерін қайта өңдеу орындарына тапсырылды. «Аудандық ветеринариялық станциясы» мекемесіне қаңғыбас иттерді жою және мал қораларын бруцеллез ауруына қарсы залалсыздандыру бойынша сұраныс беріліп, Шөптікөл, Айыр, Қызылшілік, Теректі елді мекендері және қыстақтар залаласыздандырылды. Осы елді мекендерден 26 қаңғыбас иттердің көздері жойылды. Бұл жерде айта кететін бір мәселе кейбір бруцеллез ауруы шыққан мал иелері мал қораларын залалсыздандырудан бас тартқан, мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының Ветеринариялық Заңына сәйкес шара қолданылатыны туралы ескертеміз, 1500 бас ірі қара малдары бірдейлендірілді, ұсақ мүйізді қой ешкі малдары 3924 бас бүгінгі күнге сырғаланды, бекітілген жоспар 100% орындалды. 2013 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап ірі қара сырғалары қымбаттап келді, бағасы 186 теңге 04 тиын. Мал басын түгелдей сырғалау, қорадағы малдардың бәрін мал иесінің атына жазу сырттан қосылған малдардың да құлағында заңға сәйкес сырға болу міндетті. Жоқ болған жағдайда мал иесінің атынан сырғалау керек. «Аудандық ветеринариялық станциясы» мекемесінің ветериналық пунктінен арнайы раскол берілді. Мал дәрігерлері айтқан уақытта малдарыңызды қорада алып қалуларыңызды сұралады. Әр көше мал бағымын ұйымдастырайық. Ірі қара малын асылдандыру керек. Жылқы, сиыр малдарын арнайы қыстақтарда келісім шарт арқылы бағылуы керек, келісім шарт жасауға көмек береміз. Иттеріңізді бос жібермей байлап ұстаңыздар. Санитарлық тазалықты сақтайық. Мал өлекселерін үйдің маңайына тастамай, мал қорымына апарып, ішіне тастаңыздар. Күл – қоқыстарыңызды бір жерге төгіп, уақытылы тазартып отыру керек. Малды асылдандыруда, 2012 жылы 10 бұқа сатып алынды, атап айтқанда «Әділ», «Сәт», «Бағлан», «Желтау» шаруа қожалықтары, ал 2013 жылы 4 бас, «Арнаш», «Серік» шаруа қожалықтары малдарын асылдандыру бойынша жұмыстар жасады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» екінші бағыты бойынша 2012 жылы Болатбекұлы Нұралы 2 млн. қаржыға 10 бас ірі қара сатып алса, Өскенбаев Ұлан 3 млн. қаржыға 7 ірі қара, 20 ешкі, МТЗ 80 тракторын сатып алды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қарағанды филиалынан 2013 жылы 3 миллион теңге несие алған Карабалина Асел Тілеутаевна ірі қара малдар сатып алды, жұмыстарын дамытуда. Қоғамдық ақылы жұмыспен 2013 жылы 6 адам қамтылды, 2012 жылмен салыстырғанда 53 % ке кеміді. 2013 жылы жеке тұлғалардан 3 өтініш түсті, үшеуіде жұмысқа тұру туралы, өтініштер толық қанағаттандырылды. Биылғы жылы мемлекеттік атаулы көмекті ешкім алған жоқ, 2012 жылмен салыстырғанда 100% төмен. 2013 жылы 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысымен 2 отбасы қамтылған, өткен жылмен салыстырғанда 84% төмен екендігін көрсетіп отыр. Ауыл халқына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында өткен қыс айларында село халқына, оның ішінде бірінші кезекте отбасы жағдайы төмен адамдарға 240 қап І сортты ұн арзандатылған бағамен жеткізіліп таратылды. Ауыз су мәселесіне келсек Теректі, Шөптікөл, Айыр, Қызылшілік елді мекендеріндегі 226 аула артезиан құдығынан (водокачка) ауыз су пайдаланады, Теректі елді мекенінде «Алтайполиметаллы» ЖШС-гі су құйғыш автокөлігі арқылы әр үйге су тасып беруде. Құрметті ауыл тұрғындары су аптасына дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері құйылады, осыған орай су құятын ыдыстарыңызды алдын ала далаға ыңғайлы жерге шығарып қоюларыңыз сұралады. Теректі елді мекенінде 2008 жылы ауыз су мәселесін шешу бойынша қаражат қаралып, ұзындығы 6895 км жерге құбыр төселіп, 9 нүктеге колонка қойылды. Бірақ өкінішке орай ауыз су мәселесі шешімін таппады. Жұмысты аяқтау мерзімі өтсе де қаржы толық игерілмеді. Бүгінгі күні «Алтайполиметаллы» ЖШС-гіне сенімді басқаруға тапсыру бойынша жұмыстар жасалуда. Селолық округте екі участкелік полиция инспекторы қызмет көрсетеді. Участкелік полиция инспекторлары селолық округ әкімі аппаратымен бірлесіп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс шаралар өткізіп тұрады. Бүгінгі күнге селодағы мекемелердің басым көпшілігіне қысқы отын (көмір) жеткізіліп алынды. Қысқы от жағу маусымы басталды. Барлық жылыту қазандықтар қажетті жұмыскерлермен толық қамтамасыз етілді. Ауыл халқына жеке меншік автокөліктері бар азаматтар көмір жеткізуде, алайда біз ол азаматтармен кездесіп, отын бағасын көтермеу жөнінде келісім жүргізудеміз. Басты мақсат ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын барынша жақсартуға, қолдағы бар мүмкіндіктерді толық жұмылдыру. Оның ішінде жұмыссыздық деңгейін мейлінше азайтуға нақтылы іс-шаралар қолға алынуы тиіс. Ауылдағы орта және шағын бизнесті дамытуға ерекше бетбұрыс жасау қажет деп санаймыз. Бұл мақсатта сырттағы жерлес кәсіпкер азаматтарды елге тартып, инвестиция құюға келісімге келуіміз керек.

Атқарылатын жұмыстар

Ауыл әкімінің 2014 жылға және жақын болашаққа арналған іс қимыл бағдарламасы жасалу үстінде. Шағын бизнес субьектілеріне кредит алу бойынша жағдай жасауға жұмыс жасалады. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал алу, бірдейлендіру, жаңа инновациялық жобалар, ауылға инвестиция тарту, мал басын асылдандыру, егін шаруашылығын дамыту, көп жылдық шөп егу, малдарын шаруа қожалықтарына тіркемей отырғандарды тіркету, жалға алған жерлерін тиімді пайдаланбай жүрген шаруашылықтардың бос жатқан жерлерін мемлекетке қайтару секілді жұмыстар жоспарлануда.


Қарағайлы кенті әкімі Қ.Исатаевтың атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында шағын қалалардың дамуына баса назар аударып отыр.Сондықтан Қарағайлы кентін дамыту оның түйткілді мәселелерін қолдан келгенше шешу үлкен міндеттердің бірі.

Қарағайлы кентінде 5100 тұрғын, 1043 бірлік аула, 10 бюджеттік мекемелер, 3 ірі кәсіпорындар, біршама кәсіпкерлік субьектілері құрайды.

Кенттің сырт келбетін қалыпқа келтіру өзекті.

Сырт көзге олқы көрінетін кент аумағында тастанды 65 көп қабатты бос үйлерде 2500 тарта иесіз бос пәтер бар.Кент әкімдігі бос пәтерлерді иесіз деп тану жөнінде сотқа шағымданып, коммуналдық меншікке қабылдады.Бұдан әрі бос үйлердің жарамдылығын анықтау үшін техникалық сараптама қажет, оның құны 18,0 млн. теңге тұрғандықтан, аудан әкімдігі арқылы облыстық бюджетке сұраныс жасалды. Ал «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-гі арқылы техникалық сараптама жасауға көмек сұратылғанмен, корпорацияға қарасты «Жезқазған проект» жобалау институтының арнайы лицензиясы болмау себепті көмек алынбады.

Санитарлық тазалық мәселесі көпшілікті қатты ойландыруға тиіс.Аудандық бюджеттен санитарлық тазалыққа қаражат бөлінбесе де, кент әкімдігі биылғы мамыр айында Қарағайлы байыту фабрикасынан «КАТ» мердігер кәсіпорындардан жүк көліктерінен, «Аслан»ШҚ-нан техникалық көліктер сұратылып, 23 квартал байыту фабрикасы бағытындағы жол бойы, Юбилейная, Байтұрсынов көшесіндегі күл-қоқыстар тазаланды.Тазалық жұмыстарына мекеме кәсіпорын, мектеп, аурухана, мәдениет бөлімдерінің кент әкімдігінің жұмыскерлері белсене қатысты.Игі шараға Қарағайлы байыту фабрикасының жұмысшы жастары да өзіндік үндеу жасап, сенбілік жұмыстарын атқарды. Сенбілік жұмыстарымен 21 квартал, Машанов көшесі, «Ақ мешіттің маңайы қамтылды.

Тазалық жұмыстарын атқару кезінде Ибраев көшесінің тұрғындары М.З.Акимбаев, Қ.Такиров сияқты азаматтар іскерлікпен кірісіп, көше бойындағы күл-қоқыстарын шығаруға етене араласты.Бұл өз көшесіне, мекеніне көрсетілген жаңашырлықтың үлгісі тәрізді.

Жыл сайынғы тазаланатын жерлерді қарасақ, көп уақыт өтпей бұрынғы қалпына келтіріліп отырылды. Әрине ондай тұрғындарға полиция тарапынан тиісті шаралар атқарылып, айып–пұлдар салынды.Әркім өз ауласын, оның маңайын, көшесінің келбетін, тазалығын сақтауда ұйымшылдық көрсетіп, тұрғылықты мекеніне жаны ауыруға тиіс.

Биылғы жаз айларында Облыс Әкімінің кент тұрғындарымен кездесу жиынында кент әкімдігінің ұсынысымен «Қарағанды түсті металл» ӨБ-нің басшылығынан кент аумағында тазалық жұмыстарын жалғастыруға техникалық демеу сұратылған болатын.Өз кезегінде фабрика басшылығы аптасына 3 мәрте «Кат» тракторын бөлудің кестесін ұсынып, кент әкімдігі кен тасушы мердігер кәсіпорын басшылықтарымен жиын өткізіп, көмек сұраған болатын.Нәтижесінде, 23 квартал маңайынан 140 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.Алайда, «Кат» тракторының өндірістік циклден босамауына орай, тазалық жұмыстары тоқтап қалды.Бұдан кейін кент әкімдігі «Аслан» шаруа қожалығымен келісім жасап, «Өркен-Кентөбе» ЖШС-гі тарапынан небәрі 3 күнге берілуі белгісіз «Кат» тракторынан бас тартып, оның орнына 10 тонна жағар майдан көмек сұрап, арнайы хат жолдаған болатын.Бірақ, кәсіпорынды жайлаған дағдарыстың әсерінен нәтиже болған жоқ.

Дегенмен, тұрғындардың тазалыққа мән бермеуімен қатар, ақылы қызмет көрсететін коммуналдық шаруашылықпен айналысатын кәсіпорын ашу күн тәртібінен түскен емес.

2013 жылы көшелерді жарықтандыруға 8,964 млн. теңгеге Юбилейная көшесінің бойында күн көзінен қуат алатын 20 дана шамдармен бағандар орнатылды.Машанов көшесінің бойында 15 дана шам, баған орнату жұмыстары аяқталып қалды.

Жыл сонына дейін қосымша шамдар 23,27 квартал көшелеріне орнатылмақ.Ал Ленин, Сатпаев көшелерін қайта жарықтандыру үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.Себебі, электр есептегіш, электр құралдары кернеуге шыдамай жанып, істен шыққан.

Өзекті мәселе ауыз су мәселесі. Қыс айларында су қысымының төмендеуі табиғи заңдылық, оның су колонкаларының жұмысына теріс әсерін тигізетіні белгілі.Кент көшелеріндегі су құбырларының тозуы, тұрғындардың ауыз суға уақытылы төлем жасамауы, колонкалардың қайта–қайта істен шығуы, судың ысырапсыз ағуы, сумен қамтудағы үлкен іркілістерге әкеліп отыр. «Жанбол» ЖШС–гі қолдап келген мүмкіндікпен жұмыс жасап, 13 квартал аймағындағы су бұрандасын (задвижка) айырбастады, ауыз су колонкаларын ағымдағы жөңдеуден өткізді. «Жұмыспен қамту–2020 бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 5,0 млн. теңгенің 1,890 млн теңгесіне су мұнарасы жөңдеуден өткізілді. Ендігі міндет, жөңдеуден өткен су мұнарасының жұмысын сынақтан өткізіп, сыртқы қаптамасын орнату.Бұл жұмыс қазан айының соңында аяқталып, мұнара қайтадан пайдалануға берілмек.

Бірнеше жылдар бойы жоспарланған құны 18,0 млн. теңге тұратын Талды су қоймасы – Қарағайлы байыту фабрикасы – Қарағайлы кенті бағытындағы су жүйесінің құрылысы аяқталды.Алайда, кент көшелеріндегі су құбырларының тозығы жеткендіктен, су қысымынан құбырларда апаттар орын алатын болғандықтан, аталмыш бағыттағы құбырды келесі 2014 жылдың көктем айында іске қосуға шегіндірілді.

Биылғы жылы «Алматинка» аймағындағы суды тұтынуды жалғастырамыз.Судың да сұрау бар. Суға да уақытылы төлем ақы жасауды ұмытпау керек.

Монша мәселесі назардан тыс қалған жоқ.Монша жеке меншіктік негізінде болса да, оған дейін кент әкімдігі «Қазақмыс корпорациясы» басшылығынан моншаға қажетті құрал-жабдықтардан көмек сұраса, ал биылғы жылы Қарағайлы байыту фабрикасының мамандарының қатысуымен моншаның қазандығы, құбырларын толық жаңарту қажет екендігі анықталды.Кент әкімдігінің ұсынысымен жеке кәсіпкер М.Акимжановаға «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы бойынша 1,8 млн. теңге көлемінде несие берілді.

Бұл қаражатқа моншаға қажетті құрал–жабдықтар алынып, «Өнім» ЖШС–гі тарапынан жөңдеу жұмыстары басталып кетті.

Абаттандыру жұмыстары биыл орталық алаңда жалғасын тапты.205 п.м қоршау шарбақ, 180 шаршы бручатка орнатылды.Әртүрлі өлшемдері 5 түрлі баннерлер алынып, жаңадан қойылды.Сонымен қатар,биылғы жылдың соңына дейін орталық алаңға 150 п.м бардюр, 5 жол белгісі кент көшелеріне орнатылмақ.

Қарағайлының тыныс тіршілігі – өндіріс екені айдан анық.

Аймақта «Қазақмыс корпорациясының» Қарағайлы байыту фабрикасы, «Өркен-Кентөбе»ЖШС–гі, «Интеррин» ЖШС–гі және байыту фабрикасына кен таситын 14 мердігер кәсіпорын жұмыс жасайды. Өндіріс орындарында жағдай қалыпты.Жоспарлы түрде жұмыстар жүріп жатыр. «Өркен-Кентөбе» ЖШС–гінде өндіріс өз арнасына түсіп, жұмыссыздық белең алған жоқ.

Кент аумағында жұмыссыздықты одан әрі азайту үшін «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы бойынша 20 адам еңбекке тартылды. Оның ішінде «Балдырған» бала–бақшасын жөңдеуге 17 адам жұмысқа шықты. Орташа жалақы 30 мың теңгені құрады.

Шағын кәсіпкерлік саласы да жұмыссыздықты шешуде өзіндік ролі бар. Кент аумағында наубайхана жұмысын жандандыру үшін жеке кәсіпкер Н.Мананбаеваға «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы бойынша 3,0 млн. теңге несие беріліп, оған құрал–жабдықтар алынып, инженерлік инфрақұрылымдар салынды.Келесі кезекте электр жүйесінің құжаттарын аяқтау ғана қалды.Наубайхана ашылған соң, тұрақты жұмыспен 3 адам қамтылады.Ал монша жұмысы аяқталғаннан соң қосымша 2 адамға жұмыс көзі ашылмақ.

Жеке кәсіпкерліктің басым көпшілігі саудаға негізделгендіктен, кент аумағында 53 сауда дүкені бар, оның ішінде 2013 жылы 2 дүкен жаңадан ашылды.Кәсіпкерлік саласы біртіндеп, тұрмыстық қызмет көрсетуге бейімделіп келеді. Оның ішінде А.Садыкованың тігін шеберханасын, Р.Марибаеваның шаштараз бөлімін, Ж.Қонысбаевтың жылы–жайда өсіретін көкөніс өнімдерін айтуға болады.

Мал шаруашылығы бойынша кент аумағында 2571 бас ірі–қара, 408 жылқы, 1904 қой-ешкі бар. Мал дәрігерінің есебі бойынша 700 бас ірі – қара, 1200 бас қой-ешкі сырғаланып, 100% компьютерлік дерек қорына енгізілсе де, мал иелерінің салынған сырғаның ақысын төлемеуіне енжарлық танытуы жаны ашымастың басы ауырмас дегенге саяды.

Бағылмайтын малдың көшеде кезіп жүруі әдетке айналған..Өндірісті өлке болғандықтан болар, бақташылар сирек кездеседі. Мал иелері де кезектесіп мал бағуды қойған.Кент әкімдігі мен полиция өкілдерінің ұйымдастыруымен мал бағу жөнінде кездесу жиындарда бақташылар мал иелері ақыларын уақытылы төлемейді десе, мал иелері бақташылар дұрыс бақпайды деп уәж айтады.Малды кезектесіп бағу 22,23, Сатпаев, Ибраев, Толеубаева, Б. Момышұлы, Н.Әбдіров, Ж.Жүнісов, Абай көшелерінде дұрыс жолға қойылса, Рудничная, Байтұрсынов, Машанов, 27 квартал көшелерінің малдары көшеде жүреді. Күз айлары малдың семірген мезгілі.Бұл уақытта алаңдарлық мәселе ұрлық.Табынға қосылмаған малдың кешке өрістен үйге келуі екіталай.Сондықтан мал иелері кезектесіп мал бағуды дереу қолға алулары керек.Бұл жөнінде халықпен есептік кездесулерде бірнеше рет айтылып, тапсырылған болатын.

Білім саласында 1 негізгі, 2 орта мектеп, 1 шағын орталық, балабақша жұмыс істейді. Мектептерде 650–ге жуық оқушы тәлім алса, жеткіншектер балабақшада тәрбие алады.Оларға жоғары және орта арнайы білімді ұстаздар дәріс береді.Бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша Қарағайлы №16,17 орта мектептер аудан бойынша 19,6 орындарды місе тұтты. Ал, «Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» үміткерлер үмітті ақтай алмады, яғни оқушының білімін анықтауда әлі де болса өткір шындық жоқ.

Кент аумағынан 9 оқушы грант иегері болса, 8 түлек ақылы оқудың студенті атанды.Үздік нәтижеге жету үшін мұғалімнің біліктілігі мен ата – ананың елеулі тәрбиесі, қамқорлығы керек, ал баланың іздемпаз санасын әліппеден бастап оятып, дамыту кажет.

Заман талабы кент аумағында жаңадан балабақша салу мәселесін көтерген болатын.Бұл мәселе биыл құны 40 млн. теңгеге №16 орта мектептің ғимаратында орын тепкен «Балдырған» балабақшасын күрделі жөңдеуден өткізуге арналды. Балабақша 100 балаға арналып, қайта жабдықталды. №16 орта мектептің төбе шатыры, жылу қазандығы, дәлізі, терезелері жаңартылды. Балабақшаның штат саны да ұлғаймақ.

Енді осындай күрделі жөңдеу жұмыстары №17 орта мектепте жалғасын тапса нұр үстіне нұр болар еді.

Қылмыс пен қоғамдық тәртіп назардан түскен емес. Кенттік полиция бөлімінде 143 оқиға тіркелген.Оның ішінде 25 қылмыс, ашылғаны 19. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 736 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 68 адам елді мекендердің көріктендіру ережелерін, 212 адам жол ережелерін бұзғаны анықталған.

Сөзімізді қорыта келгенде, 2013-2014 жылдың қыс науқанын ойдағыдай өткізіп, алдағы міндеттерді бірлесіп атқаруға сенім білдіремін.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет