Қаласының солтүстігінде темір дәуірінен

бет1/2
Дата21.11.2019
өлшемі50,45 Kb.
#52254
  1   2
Байланысты:
Документ Microsoft Word

«Алтын адам» — 1970 жылы Алматы облысы Есік қаласының солтүстігінде темір дәуірінен сақталған Есік қорғанында табылды. Оны археолог К.А. Ақышев тапқан.

Антропологтардың анықтауынша жерленген адамның жасы 17-18 шамасында.

Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Ежелгі халықтардың ұғымы бойынша алтын мәңгі өмірді, қуаттылықты білдірген. Бір жағынан, алтын белгілі бір топтың өкілін білдірсе, екіншіден, бағалы металл ретінде күн Құдайы ұғымдарымен байланысты болды және осылайша жерленген адамды мәңгілік өмірге жетеледі.

Алтын - сақтар түсінігінде ескірмейтін, шірімейтін мәңгіліктің символы ретінде болған.

Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі  құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. 

2 топ

Сақтардың әлем құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі болды. Әлемдегі тәртіптің, үйлесім мен гармонияның және ондағы бар нәрсенің ұйымдастырушылары Митра, Варуна, Индира секілді құдайлар болды. Әлемнің үлгісі оларға үш дүниенің – жерасты дүниесі – төменгінің, белорта дүниесі – жердің және

жоғарғы дүние – аспанның өзара сәйкестігі болып көрінген. Әлемнің сол, оң, алғы және артқы жақтары болған.

Сақтардың космос жөнінде символикалық түсінігін «Алтын адамның» бас киімінен көруге болады. Бас киім 150 - ге жуық әшекей заттармен безендірілген. Биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см. Бас киімі әшекейлердің орналасуына байланысты үш бөліктен тұрады: көк әлемі, жер әлемі және жер асты әлемі. Бас киімнің алдыңғы жағына күн белгісі – күллі космостың тұтас бейнесі: төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе салынған. Бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің өзгеше белгісі. Арқардың алтын статуэткасы бас киімнің ең ұшында орналасқан. Ол таудың мәңгілік қар - мұз басқан шың құздарын мекендеуші жануар тәңірге бір табан жақын, «кіршіксіз» деп есептелген. Әсемдікті көрсетіп тұрған жан - жағындағы төрт жебе, әлемнің төрт жағын бейнелейді. Бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер әлемнің төрт жағын бейнелейді. Ал құстың қанаттары жоғарғы билікті, жоғарғы әлемді білдіреді.Алдыңғы жақты сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жақты – батыс жағы деп есептеген. Осындай мұрақты тәжді кигізу көсемге күллі мифологиялық Космосты билеуді берді деген ұғымды білдірген. Көсем – дүниенің кіндігі, оның орталығының бейнесіндей болған, ал оның киіміндегі символдардың бәрі мифологиялық ұғымдар.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет