Қаленова Алма Ғабдылқызы Қарағанды, 2013ж



бет1/3
Дата13.01.2020
өлшемі1,03 Mb.
#55806
  1   2   3
Байланысты:
1366778053380
КММ «№ 62 жалпы білім беретін орта мектеп»

Номинация : « Предметные разработки»

Тақырыбы: «Қазақстанның жануарлар әлемі»

Дайындаған: біліктілігі жоғары денгейдегі екінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қаленова Алма Ғабдылқызы



Қарағанды, 2013ж.

Түсінік хат


Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: жабайы аңдар мен үй жануарлары жөнінде әңгіме жүргізу арқылы оқушыларға аңдар мен үй жануарларының ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуге үйрету

2. Дамытушылық: ақпараттық технология арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, сын тұрғысынан ойлау. өз пікірін жеткізе білуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту. Салыстыра білу қабілеттерін дамыту, жаңа сөздік қорды игеру, сөйлеу және жазу біліктілігін арттыру.

3. Тәрбиелік: Туған жерді, елді құрметтеуге, жануарларына қамқорлықпен қарауға, өзара жолдастық көмектестік қасиеттерге тәрбиелеу.

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.

Орыс мектептерінде Қазақ тілін, мемлекеттік тілді оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды.
5 сыныптағы қазақ тілі сабағында «Қазақстанның жануарлар әлемі» тақырыбын өткен кезде, алдын – ала дайындаған сурет, сызба және қозғалыстағы көріністер арқылы білім игертуді жүзеге асырдым. Ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ қойылады, оқушының пікірі, жауаптары тыңдалып болған соң сурет астында жасырынған жауапты көру мүмкіндігі беріледі. Мұнда оқушы өз білімін өзі тексере алады және пәнге деген қызығушылығы оянады. Оқушының коммуникативтік қарым-қатынасын, тілдік құзіреттілігін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұптық, топтық тапсырмалар беріледі. Мысалы, берілген сөздерді орыс тіліне аударып, сөйлем құрайды. Жұпта жасаған жұмыстарын ортаға салады. Мұнан оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерін байқауға болады.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жануарлар әлемі


Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: жабайы аңдар мен үй жануарлары жөнінде әңгіме жүргізу арқылы оқушыларға аңдар мен үй жануарларының ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуге үйрету

2. Дамытушылық: ақпараттық технология арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, сын тұрғысынан ойлау. өз пікірін жеткізе білуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту. Салыстыра білу қабілеттерін дамыту, жаңа сөздік қорды игеру, сөйлеу және жазу біліктілігін арттыру.

3. Тәрбиелік: Туған жерді, елді құрметтеуге, жануарларына қамқорлықпен қарауға, өзара жолдастық көмектестік қасиеттерге тәрбиелеу.
Оқыту әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, сын тұрғысынан ойлау, ой толғау, салыстыру, әңгіме құрастыру, Венн диаграммасын, кластер құрастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, дүниетану
Жұмыс түрлері: ұжымдық, жеке, топпен
Сабақтың көрнекілігі: «Жануарлар әлемінде» көрмесі, табиғат туралы нақыл сөздер, «Қызыл кітап», диск, жануарлар картасы.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу (оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру)

ә) Кезекшімен сұхбат:

-Кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Қазір қай мезгіл?

-Қыстың айларын ата.

-Бүгін ауа райы қандай?

-Біз де жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар салған суреттерін көрсетіп, сол суреттер туралы өз пікірлерін айтқызады.

ІІІ. Жаңа сабақ:

А)- Сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы айту. (1-2 слайд)

-Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстанның жануарлар әлемі», сабағымыздың мақсаты, сабақта үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы әр түрлі тәсілдер бойынша тапсырмалар орындап, білімімізді толықтырамыз. Ал, балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер? (ой толғау)

- Бұл жануарларды қандай топқа бөлуге болады? (3 слайд)






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет