Алғабас негізігі мектебінің 2015-2016 оқу жылының тәрбие жоспары бойынша І жартыжылдыққа арналған есебі



бет1/12
Дата25.12.2016
өлшемі1,71 Mb.
#4609
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Алғабас негізігі мектебінің

2015-2016 оқу жылының тәрбие жоспары бойынша

І жартыжылдыққа арналған есебі


  1. Патриоттық сананы қалыптастыру

 Мақсаты: Патриоттық сананы қалыптастыру

«Мектепке жол» акциясын ұйымдастырдық мөлтек аудандар белгіленіп, жауаптылардың мақсат міндеттері  түсіндірілді.  Жауаптылар мөлтек аудандарды аралап, балалардың тізімдерін, жаңа оқу жылына дайындықтарын  нақтылап шықты.Тұрмысы төмен отбасылар жоқ. Барлығы киім, аяқ – киіммен, оқу – құралмен қамтылған.

Келешек жастарда патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті, өз отанының алдында парызды тәрбиелеу мақсатымен 1 қыркүйек күні барлық сыныптарда «Менің Отаным – Қазақстан» атты тақырыпта сынып сабақтары өткізілді. Сабақтар түрлі формада өтті: әңгіме, сайыс, дөңгелек үстел. Барлық сабақтарда біркелкі ой туындады, бұл ойда оқушылар өздерін егеменді Қазақстанның азаматтары екенің сезді. ҚР тұрақтылықты, келісім мен сенім, достықты сақтауға талпынуы тиіс екенін білді. Барлық сабақтар өзіне тиіс деңгейге және қойылған мақсаттарға жетті.

Сабақтарды өткізу кезінде әнұран, Қазақстан Республикасының рәміздері, интерактивті жабдықтар, көрнекіліктер, арнайы әдебиеттер қолданды.

Қазақстан Республикасының халқының тілдері күніне арналған онкүндікті гуманитарлық пән мұғалімдері өткізді. «Тіл- тұғырлы тіл» зияткерлік ойын 5-8 сыныптар аралығында өтті. Дене шынықтыру мұғалімі Кусайнов О.А. «Әлем ұлтарының ойындары» атты спорт жарыстарын өткізді. «Бала тілі – бал» бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқау ұйымдастырылды. 9- сынып оқушылары « Мәңгілік Еліміздің, Мәңгілік тілі» шығармалар жазды.

« Егеменді еліміздің көк туы желбіресін» өлең сайыстары 2-9 сынып аралығында өтті. І -орын 9– сынып оқушысы Шило О, ІІ - орын 6- сынып Тлеулинова А., ІІІ – орын 4 -сынып Показаньев А. ие болды. Жауапты болған гуманитарлық пән мұғалімдері. Қатысқан: 32 оқушы.

Кітапханашы Тлеулинов Ә.Б. « Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті» тақырыбы бойынша пікірталас өткізді. Оқушыларға Қ.Р. тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев туралы кең мағлұмат берілді. Оқушылар өз жазған өлеңдерін оқыды. « Елбасы жолы» фильмінің « Балалық шағымның аспаны» бірінші бөлім көрсетілді Қорыта келе, оқушылар шар үрлеп, өз тіліктерін айтып, аспанға шарларын жіберді.



Қазақстан Республикасынның тәуелсіздік күніне « Отан тарихына саяхат» 7-8 сынып, сынып жетекшісі Кусайнов О.А. мектепішілік іс – шара өткізді. Интерактивті тақта арқылы видеоролик , әр түрлі көріністер көрсетілді, өлеңдер оқылды.

Қазақстан Республикасының. Президенті Н.Ә. Назарбаевың « Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалық даму» жолдауы талқылау жұмыстарын ұйымдастырдық. Тарих мұғалімі Кожахметов Т.Б. мектеп ұжымының басқарумен Елбасының Халыққа жолдауына арналған стенд дайындалды.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет