Алғашқы әскери дайындық сабақтақтарында азаматтық патриотизмді қалыптастыру



Дата21.04.2017
өлшемі91,96 Kb.
#14407
Алғашқы әскери дайындық сабақтақтарында азаматтық патриотизмді қалыптастыру

А.Н.Иманбетов, А.С.Сармантаев.,

Мақалада жалпы білім беру мектептерінде оқушыларға азаматтық патриоттық тәрбие беруде ұрпақ сабақтастығының материалдарын қолдану туралы баяндалады. Сонымен қатар оқушыларға патриоттық тәрбие беруде қазақ халқының ұлттық құндылықтары зерттеліп, мектептегі алғашқы әскери дайындық сабақтарында патриоттық тәрбие жұмыстарының тиімділігі туралы айтылады. Сондай-ақ мектептерде жүргізілген тәрбие жұмыстарының нәтижелері беріліп, сарапталған.
В статье излагается о применении материалов взаимосвязи поколения в гражданском патриотическом воспитании учеников в общеобразовательных школах, а также в патриотическом воспитании учеников отмечается эффективность патриотического воспитания на уроках начальной военной подготовки, исследуя при этом начальные ценности казахского народа. Вместе с тем, представлены и проанализированы воспитательные работы проведенные в школах.
The article describes the use of materials generation relationship in civil patriotic education of students in secondary schools, as well as in the patriotic education of students indicated the effectiveness of patriotic education at the lessons of basic military training, studying with the initial values of the Kazakh people. At the same time, there was presented and analyzed the educational work carried out in schools.

Кілтті сөздер: патриотизм, мектептен, оқушылар, тәрбие, көзқарас, сабақ, Қарулы күштер, әскер, әскери қызмет.


Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында жастардың алғашқы әскери дайындығын өткізу мен ұйымдастыру негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.

Алғашқы әскери сабақтарында оқып-үйрету үрдісінде алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушы – үйренуші жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігіне көз жеткізу, әскери қызметке жауапкершілкпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерін шешеді. Сабақта жастардың әскери анттың рөлі мен мәнін жете түсінуіне ықпал ету қажет.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның жауынгерлік дәстүрлеріне, әскер салалары мен түрлеріндегі қызмет атқару ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылығын дамыту керек, әскери білім алуға ынталандыра отырып, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс-тіршілігін белгілейтін заңдар жинағы, сондай-ақ жарғы талаптарын орындау - әрбір әскери қызметшінің міндеті екендігі түсіндіреді.

Бүгінгі жаңа қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер алғашқы әскери дайындықтың дамуына жаңа ықпалдарды талап етеді, қалыптасқан әдіснама мен педагогика ғылымының парадигмаларын өзгертуді қажет деп санайды. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана білімнің теориялық ұстанымдарынның жаңартылуына бағытталған, ал реформаның негізгі талаптарына жауап бере алмауда [1].

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында бұрынғы кеңестік жүйеде өмір сүрген барлық Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде, оның ішінде Қазақстанда алғашқы әскери дайындық теориясы мен практикасы мәселесі үлкен дағдарысқа ұшырағаны айқындалды. Ол дағдарыс: құндылық, мақсаттылық, мазмұндық, технологиялық, нәтижеліктің деңгейлерінің барлығында да көрініс тапты.

Осындай тарихи - қоғамдық формация жағдайында, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау жаңа қоғамдық формацияның даму және қалыптасу ерекшеліктеріне сәйкес Қазақстанның оқу орындарында оқушылардың көзқарасын қалыптастыру арқылы болашақ білімді азаматтарды тәрбиелеуде аса маңызды міндеттердің бірі екендігін көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының оқу орындарында, мектептерде алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту барысында жан-жақты зерттеу нәтижесінде оқушылардың көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыратын алғашқы әскери дайындық сабағын өткізудегі рухани-ізгіліктің элементтерін енгізу қажеттігі мен оларды оқу-тәрбие процесіне енгізу мүмкіндіктерінің арнайы зерттелмеуі алғашқы әскери сабақтарына ерекше көзқарас қалыптастыру мазмұнының ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделмеуі мен ондағы сабақ өткізудегі рухани-ізеттілік құндылықтарының кең қолданылмауы арасында түбегейлі қарама-қайшылықтар туындап отыр[2].

Бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндері бірін - бірі толықтырып тұрады. Ал бастапқы әскери дайындық пәні жастарды болашақ Отан қорғауға дайын болуға, патриотизмге тәрбиелейді десек, ол мақсатқа дене тәрбиесінсіз жету мүмкін емес. Өскелең ұрпақты осындай биік мақсаттарға жетелеу үшін 1-сыныптан бастап Қазақстандық патриотизмге, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу мектептің негізгі міндеті.

Жыл сайын мектептерде бастапқы әскери дайындық пәнін бастау жайлы бұйрық жүйелі түрде беріледі. Осы бұйрықта «Дене шынықтыру сабақтарындағы саптық пәрмендер Қазақстан Респбликасы әскери жарғыларының талаптарына сай берілсін» - деген сөздер осының айғағы, яғни саптық пәрмендерді, әскери терминологияны жүйелі түрде оқушылар санасына жас кезінен енгізу болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды: бұл екі пән егіз және оларды қатар алып жүру мұғалім үшін үлкен парыз [3].

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Бас Қолбасшысы еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиялық даму бағдарламасында бірінші болып ұлттық қауіпсіздік тұратыны бәрімізгі мәлім.

Ал, егеменді ел тірегі - «Қарулы күштер» болса, сол Қарулы күштерге жастарды мектеп табалдырығынан даярлайтын «Бастапқы әскери дайындық» пәні болып табылады.

Қысқа мерзім ішінде қазіргі қаруды меңгеру, тәуелсіз демократиялық Отанымызға лайықты қорғаушы болу - күрделі іс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп табалдырығынан бастап өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны - Қазақстан Республикасы мен халқы алдындағы азаматтық жауапкершілікті кәміл ұғынуы тиіс.

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдан «Бастап бастапқы әскери дайындық» пәні, ерекше мемлекеттік пән ретінде, көптеген саяси-әлеуметтік қиыншылықтарды жеңе отырып мемлекеттік пән аясында қалыптасып келеді[4].

«Бастапқы әскери дайындық» пәнінің әдістемелік жұмысы басқа пәндермен салыстырғанда қатаң түрде жүйеге келтірілген. Оған себеп: бұрынғы Кеңестер Одағы кезінен жинақталған мол тәжірибелік қор. Бірен-саран тақырыптар идеологиялық тұрғыдан мәнін жоғалтқаны болмаса әдістемелік нұсқаулар жетерлік.

Ал саяси мәні жоғалған тақырыптар бағдарламадан алынып тасталынған. Тек осы әдістемелердің қазақ тіліне баламалануы уақыт еншісінде. Мұның бәрі, әрине, бастапқы әскери дайындық пәнінің ерекше мемлекеттік статусында, әскери қатаң тәртіптің арқасында деп түсінген жөн.

Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру дегеніміз - оларды саяси моральдық-психологиялық жағынан егемен елін қорғауға дайындау.

Бұл дайындықтың негізгі бағыттары:

- еліміздегі Қарулы Күштерге деген қамқорлық, «Әскери қызмет және әскери міндет» туралы, еліміздің қорғаныс қабілеті туралы т.б. заңдар мен қаулы - қаралардың мазмұны мен мақсатын түсіндіру;

- жастарды саяси қырағылыққа, қазіргі кезеңдегі соғыстың ерекшеліктерін түсіндіре отырып олардың Отанын қорғау ісіндегі міндеттерін дұрыс түсіндіруге тәрбиелеу;


  • аға ұрпақ өкілдерінің ерлік істерін насихаттау, ерлік пен жанқиярлықтың мәнін түсіндіріп, олардан үлгі алып, мақтан тұтынуға баулу;

  • қазіргі кезеңге лайықты саяси-моральдық, психологиялық қасиеттерді дарыту;

  • алғашқы әскери және әскери - техникалық білім алуды қамтамасыз ету;

  • әскери патриоттық тәрбиені жалпы оқу-тәрбие жұмысының негізгі бөлімі деп қарастырып, оны басқа да тәрбие жұмыстарының түрлерімен тығыз байланыста жүргізу;

  • патриоттық тәрбиені студенттердің білімі мен іс-тәжірибесіне, жеке қасиеттері мен ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі әдістерді пайдаланып түрлендіре жүргізу;

  • патриоттық тәрбиені саяси, адамгершілік, еңбексүйгіштік, эстетикалық және дене тәрбиесімен ұштастыра жүргізу;

  • патриоттық тәрбиеде студенттердің бастамалық, т.б. ұсыныс талап тілектеріне көңіл бөліп ескеру қажет.

Ал пән аралық байланысқа келетін болса, теориялық сабақтар ішінде «Тарих» пәні бірінші кезекте болады. Практикалық сабақтардан әрине «Дене шынықтыру» сабағы есептеледі.

Сабақтан тыс әскери-патриоттық жұмыстар мектеп ұжымымен бірлесіп атқарылғанда ғана нәтижелі болады, сонымен қатар барлық курс студенттері қамтылып, тіпті бастауыш курстарда патриоттық тақырыптарға ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары өткізіледі. әсіресе, студенттердің әнұранды айтулары, егемендігіміздің нышандары болып табылатын Мемлекеттік рәміздердің авторларын, олардың гералдика заңдылықтары бойынша нені білдіріп айшықтайтынын білулеріне баса назар аударамыз [5].

«Алғашқы әскери дайындық» пәні арқылы патриоттық тәрбие беру мектептің бағдарламасына қайта енгізілуі сабақтан тыс уақыттарда жүргізілетін патриоттық тәрбие жұмыстарының кеңінен өрістеуіне ықпал етеді. «Қарулы күштеріміздің құрылған күні», және айтулы «Жеңіс күні» мерейтойлары т.б. мерекелер қарсаңында мұндай жұмыстар жаңа қарқынмен, жігермен жүргізілетіні даусыз.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, патриоттық тәрбиенің нәтижелі болуы саяси мәнімен қоғамдық пайдалы бағытта болуында, әрі оның әсерлі түрлері мен әдістерін таңдай білуге байланысты. Бұл әдістерді таңдау кезінде студенттердің көзқарастарын, мұғалімдердің дайындығын, материалдық базаны есте ұстаған жөн.

Ең бастысы, бұл шаралардың тәрбиелік мақсаты мен жүргізілу әдістерін таңдап алып, дайындық жұмыстарында ересектердің (Ұлы Отан соғысы және Ауғанстан соғысы ардагерлерімен кездесулер) атқаратын міндеттерін анықтау қажет.

Осыларды зерттеу, материалдар жинастыру жастардың өз жерін, елін -жұртын жете білуге, ата - баба ерлігін мақтан тұтуға тәрбиелейді. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру өте тәжірибелі, жауапты оқытушылар болуы керек.

Тәрбие жұмыстарының жүргізілілуі өздерінің өз алдына педагогикалық қызыметке дайындығының деңгейін тексеруге, өзін, өзінің қабілетін, өзінің жеке басының кәсіби сапасын этнопедагогикалық білімінің қалыптасқандығы тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді.

Сондықтан тәлім-тәрбиелік білім беру кезінде болашақ мамандардың патриоттық өзіндік білім алуы мен тәрбиеленуі аса жоғары дәрежеде серпінді үйлесімге ие болады.

Сонымен, зерттеу барысында теориялық тұрғыда негізделіп іс-тәжірибе жұмыста алынған нәтижелер төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Азаматтық патриоттық тәрбие берудің деңгейін педагогикалық тұрғыдан қарастыру, оқушы тұлғасында патриоттық қасиеттерді дамытуға бағытталған патриоттық тәрбиенің бағыт-бағдары оқушыларға патриоттық тәрбие беруге болатындығын анықтады.

Пайдаланылған әдебиеттер


1 Қалмырзаев Ә. Қазақстандық патриотизм калай қалыптасады //Егемен Қазақстан. -1998. - 10 қаңтар.-№6.- Б.2.

2 Узакбаева С. Средствами казахской народной педагогики //Вестник научно-педагогических центра АГУ им. Абая. - Алматы, 1992.- №9. - С.13.

3 Ембергенова Ж. Халықтық педагогика құндылықтарының жастардың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негіздері (Арнайы курс бағдарламасы).-Жезқазған: Полиграфия, 1998. - Б.18.

4 Васютин Ю.С. Военно-патриотическое воспитание: теория и опыт. – Москва, 1984. - С.163.

5 Калюжный А.А. Роль учителя в нравственном воспитании школников. – Алматы: РБК, 1994. -121 с.
Литература

1 Қалмырзаев Ә. Қазақстандық патриотизм калай қалыптасады //Егемен Қазақстан. -1998. - 10 қаңтар.-№6.- Б.2.

2 Узакбаева С. Средствами казахской народной педагогики //Вестник научно-педагогических центра АГУ им. Абая. - Алматы, 1992.- №9. - С.13.

3 Ембергенова Ж. Халықтық педагогика құндылықтарының жастардың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негіздері (Арнайы курс бағдарламасы).-Жезқазған: Полиграфия, 1998. - Б.18.

4 Васютин Ю.С. Военно-патриотическое воспитание: теория и опыт. – Москва, 1984. - С.163.

5 Калюжный А.А. Роль учителя в нравственном воспитании школников. – Алматы: РБК, 1994. -121 с.

References:

1 Қалмырзаев Ә. Қазақстандық патриотизм калай қалыптасады //Егемен Қазақстан. -1998. - 10 қаңтар.-№6.- Б.2.

2 Узакбаева С. Средствами казахской народной педагогики //Вестник научно-педагогических центра АГУ им. Абая. - Алматы, 1992.- №9. - С.13.

3 Ембергенова Ж. Халықтық педагогика құндылықтарының жастардың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негіздері (Арнайы курс бағдарламасы).-Жезқазған: Полиграфия, 1998. - Б.18.



4 Васютин Ю.С. Военно-патриотическое воспитание: теория и опыт. – Москва, 1984. - С.163.

5 Калюжный А.А. Роль учителя в нравственном воспитании школников. – Алматы: РБК, 1994. -121 с.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет