АЛҒы сөз көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз



бет1/2
Дата25.12.2016
өлшемі0,63 Mb.
  1   2




АЛҒЫ СӨЗ
«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...

Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...»
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
«Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді»,- деп дана халқымыз айтқандай, алдымызда 1- мамыр мерекесі келе жатыр. Міне, тәуелсіз Қазақстан халқы кезекті Бірлік мерекесін тойламақ. 1 - мамыр бұрындары халықаралық ынтымақ күні ретінде мерекеленсе, қазір елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен достығы күні ретінде аталады.

Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.

Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.Осы мерекеге орай назарларыңызға «Бірлігіміз жарасқан, Тәуелсіз ел Қазақстан!» атты әдістемелік құралын ұсынамыз.


ТІЛІ БАСҚА, ТІЛЕГІ БІР

Xалықтар достығы фестивалі

Оқу залы. Кітап көрмесі, гүл шоқтары, шарлар, әр түрлі мақал-мәтелдер, дәйек сөздер жазылған. Ортаға шаңырак орнатылып, қоржын, құрақ көрпеше, түлкі терісі, сандык, домбырамен безендіріліп, әр ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарынан дастарханга қойылады.



1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, мұғалімдер және оқырмандар! Бүгінгі 'Тілі басқа, тілегі бір" атты мерекелік кездесуге хош келдіңіздер! Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

2-жүргізуші:

Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі кездесуіміз - Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз. құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.

Кездесуді бастауға рұксат етіңіздер! Енді қонактарды таныстырып өтейін. Қонақтарды таныстыру.



Ән: "Атамекен ".

Орыс мәдени орталығының екілі: Алматы облысына қарасты Орыс мәдени орталығы 1992 жылы құрылған еді. Содан бергі кезде біздің орталық өлке жұртшылығының баянды тірлік құруы үшін аз еңбек сіңірген жок. Әрине, негізгі максатымыз - славян мәдениетін дамытуға, орыс тілін оқытуға, ұлттық салт-дэстүрімізді насихаттауға бағытталған. Біз елімізде ешқандай қақтығыс, төңкерістің болмағанын қалаймыз. Қазақстан әркашанда осындай тұрақты қалыпта болып, төбемізден күн күліп тұрса екен дейміз. Басқа бізге түк керек емес.

Барлық мерекелерде басқа халықтармен бірге өзіміздің өнерімізді көрсетіп, ән салып, би билеп, той тойлаймыз. Біз үшін басты мәселе - өзара түсіністігімізді дамыту. Қазақстан жасасын!



Орыс частушкалары айтылады.

1-жүргізуші: Алдарыңызға неміс ұлттык-мәдени орталығының өкілін шақырамыз, қарсы алыңыздар!

Неміс ұлтының өкілі неміс тілінде Гетенің, орыс тіліне Лермонтов, қазақ тіліне Абай аударған өлеңін оқиды. Өлеңмен бірге музыка ойналып тұрады.

Неміс халқы Сталиннің бұйрығымен Поволжьеден жер аударылған. 1957 жылдан бастап неміс тілінде радиобағдарламалар, 1966 жылдан бері "Фройндшафт" газеті шықты. 1980 жылы Теміртау қаласында неміс драма театры ашылды, кейіннен ол Алматы қаласына көшірілді.

2-жүргізуші: Ендігі сөзді ұйғыр мәдени орталығына берейік.

Ұйғыр мәдени орталығынын өкілі: Ұйғырларды таранчы деп атайды. Ұйғырлардың мекені - Шығыс Түркістан, қазіргі Шыңжаң Ұйғыр автономиясы, онда 12 млн. ұйғыр тұрады екен. Олар 3 топка бөлінеді: хотандык, турфандык, қашғарлық. Қазақстандағы, яғни Алматы облысы бойындағы жер аударылып келген ұйғырларды жетісулық деп атайды. Олардың алғашқы легі сонау 1876-77 жылдары Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін Цин империясына қарсы көтерілістен соң бәрі Жетісуға өтуімен басталды. Қазақтардың кеңдігі мен бауырмалдығының арқасында біздің ұйғыр халқы да өсіп өніп, жақсы тіршілік кешуде. Қазақстанды өз Отаны санайды. Еліміз табиғи ресурстарға бай. Ал байлықтың ең үлкені - халықтар достығы. Біз осы достықты нығайтып, бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі кең, бауырмал қазақ елі!

Ұйғыр биі.

1-жүргізуші: Өзбек ұлтының өкіліне сөз берейік.

Өзбек ұлтының өкілі: Өзбекті сарт деп те атайды. Ең алдымен өзіміздің Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтатынымды айтқым келеді. Қазақ пен өзбек бір тамырдан шыққан халықпыз ғой, қыз алып, қыз берісіп, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Жүрегі кең, бауырмал қазақ елінен өз тарапымызға айтылған ауыр сөз, бөтен ой естіген емеспіз. Мен елімнің амандығын, осы бетпен алға жүре беруін тілеймін!

Бұралып гөзел біздің билегенде,

Өзбектің асқақ әні тербегенде,

Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,

Құрбылар, айтындаршы қандай пенде?!

"Өзбек биі" орындалады.

2-жүргізуші: Шешендер мен ингуштар бабаларының мәдениетін жоғары бағалайды, соның ішінде қатаң сақталатын салты - әйелге құрмет көрсету. Тіпті ең қатыгез талас-тартыстардың өзі де әйелдің келуінен кейін тоқтатылған. Бұл елдің рухани дүниесі әйелден тарайды. Олардың негізгі салты - қонақжайлылық. Бұл дәстүрді бұзу ауыр қылмыс болып табылады екен. Ал енді көз алдарыңызға қызу қанды кавказ халықтарын, олардың биін, бастарына папаха киген сырнайшыларды, ұзын ақ көйлек киген аруларды елестетіңдерші...

Бұл елес неге шындыққа айналмасқа!

Алдарыңызға бишілер тобын шақырамыз!

Бір ингуш жігіті мен ингуш қызы, бір шешен жігіті мен шешен қызы шығып ингуш-шешен биін билейді.

Кәріс халқынын өкілі сөз алады. Кәрістер коре сарам, часон сарам, ханчук сарам болып үшке бөлінеді. Кәрістердің Қазақстанға келуі сол сталиндік репрессия кезінде Қиыр Шығыстан депортацияға ұшырауынан басталады. (Осы кезде бір бала шығып корей ақыны Ен Сен Неннің өлеңін оқиды).

1937жыл еді.

Поезд жүйткіп келеді.

Терезеден тұрмын қарап таңдана:

Дала, дала, кең дала.

Содан кейін азаптан торыққаным есімде,

Содан кейін қазақтарға жолыққаным есімде.

Құшақ жайып қарсы алғаны есімде,

Құрмет қылып ән салғаны есімде.

Жоқ, ұмытпан,

¥мыта алман жандарды ол,

Достықтың отымен жүрегімді жылытқан.

Қазакстан! Гүлстан! Ғажапстан! Күнстан!

Жеттім сенде арманыма аңсаған.

Қарыздармын. Бас иемін мен саған.

Бас иемін сенде туып,

Сенде ержетіп оқыған,

Саган келіп ес жинаған өзімдей

Кәрістердің атынан.

1-жүргізуші:

Бәрекелді, қандай өлең!

Қабыл ал, кәріс халқы, күйімізді,

Ашамыз әсем күймен сырымызды.

Күйімізді аз да болса көптей көріп,

Соғайық шын көңілмен қолымызды.



" Балбырауын " күйі.

Украин мәдени орталығының өкілі: Мүмкіндікті пайдалана отырып айтарым: қашанда жүзіміз жарқын, көңіліміз шат болып жүру үшін ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, жалған айтпай берген уәдені орындау басты парызымыз екенін ұмытпайық. Құдайға шүкір, конституциялық құқығымыз да ел қатарлы қорғалуда. Біз қазақстандықтар бейбіт өмірде, жақсы тұрмыста адамша өмір сүргенді қалаймыз. Ешкім ешқашанда ұрыс-керіс, жанжал, айғай-шумен жақсы тұрмыс жасай алмайды. Жасасын достықты жақтаған Қазақ елі!



Украин биі және әні орындалады.

2-жүргізуші: Түріктер сталиндік репрессия кесірінен Грузияның оңтүстігі Месхет деген жерден Қазақстанға жер аударылған. Түрік мәдени орталығы Алматыда 1991 жылы кұрылған.

Түрік мәдени орталыгының өкілі қазақ тілінде өлең оқиды.

Түркістан Түркістан - екі дүние есігі ғой,

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің Тәңір берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе,

Түрікке азаматта ел жеткен бе?!

Кең ақыл отты қайрат, жүйрік қиял,

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

Мағжан Жұмабаев.

Сөз алан дүнген халқыныц өкілі: Дүнген, лохуэй, хуэй (аудармасы - қайта келген халық), еліміз — Қытай. 1758 жылы Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін Цин империясына қарсы шыққан дүнгендер 1876-77 жылдардағы репрессияға ұшырамау үшін халық батыры Биянху бастап 4 мың адам тау асып Жетісуға келдік.

Содан бері қазак елінде өсіп өніп, тіршіліктерімізді бейбіт жалғастырып келе жатырмыз. Рахмет сағаң Қазак елі, Қазақ халкы!



І-жүргізуші: Күрдтер - Отанынан айырылған, тағдыры мұңлы халық. Олар ертеде Кіші Азия мен Иран тауларының түйіскен жерінде орналасқан үлкен таулы мемлекет Күрдістанда тұрақтаған. Бүгінде күрділер Иран, Сирия, Түркия, Қазақстан жерлерінде өмір сүреді. Өмірдің қиын жағдайы күрдтердің туған жерін тастап, басқа елдерде қоныстануына әкеп соқтырған. 1989 жылы күрд халқының қоғамдык-мәдени орталығы құрылған. Тарихы бай, тағдыры мұңлы күрд халқының құрметіне ұлы да қасиетті қазақ халқының ән шашуын тарту етеміз. Ән орындалады.

2-жүргізуші: Бүгінгі кездесуге қалған ұлт өкілдері келе алмады. Дегенмен кездесуіміз өте көңілді өтті деп ойлаймын. Қазақта "Отаны бірдің - тілегі бір, жүрегі бір" деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған Қазақстан атты елміз! Бұл кездесуге жас ұрпақтың өкілдері де келіпті. Олар өздерінің Отан туралы ой-толғамдарын ортаға салуды жөн керді.

1-оқушы:

Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.

Қайрымдылығы тас жүректі жібіткен,

Арғы тегі Алаштан тараған, керегесін ағаштан кұраған елміз.

Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз.

Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз.

Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпарын иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз.



Шыдамның шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарай анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз.

2-оқушы: Атырау-Алтай арасын, Алатау-Арқа даласын, Ана сүтін арда емген ақ пейіл қазақ баласы баяғы заманнан ата-жұрттың киесі қонып, осы даланың иесі болып келеді. Қазақ қазақ болғалы нені бастан кешпеді, жалындаған намысына су бүрікті, өшпеді, қылбұрау сап шыңғыртты, сағынды талай сындыртты. Өз ішімізден шыққан алауыздықтан бірін-бірі абақтыға тықкан күнді де көп көрдік. Талайды бастан өткердік. Тырнағын ішіне бүгіп келгенге сендік, бодандыққа үгіттегенге ердік. Ұлтының қамын ойлаған алтын айдар ұлдарымызды өз қолымыздан жығып бердік. Бүгінге қанагат, өткенге салауат айтып, жаңағы қаралы жылдар мен жаралы күндерді қарт тарихтың қойнына тапсырдық.

3-оқушы: Запыран жұтқан жылдар оралмасын, еліміз жоғалмасын, тоналмасын. Заман тыныш, санаң дұрыс, қайран елім, енді қайтіп көрмесінші бодандықты басың! Тамыры терең рухың тас жарып шықты қайтадан, даламды тербеп байтақ үн, оянып қайта ой-санам, арылып алаң күдіктен, болашаққа үмітпен қарап, өмір атты айдында өрге жүзіп кемеміз, қарқындап есіп келеміз.

4-оқушы: Қайта оралып өткенім, қайта жанып өшкенім, қайта түлеп көктедім. Ендігі бізге керегі ынтымақты-ырысты, берекелі-бірлікті, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған, татулық туын ұстаған, басынан бағы ұшпаған еліндегі таныштықты, жеріндегі ырыс-құтты сақтайтын, басқа елдер санасатын, түсінісіп жарасатын терезесі тең, керегесі кең ел еді. Алыс-жақын шетелдерде, бабаларым ат ізін салмаған мекендер де Қазақстанды танып, назарына алып жатыр. Бірлігіме әлі талай ел қызығар!

5-оқушы: Себебі сайын дала төріне, Сарыарқаның жеріне, сан ғасырлық тарихы бар елдігімізді білгізіп, Елордамызды тұрғызып алдық. Астананың келбетіне қарасаң, өзгеріс бар орасан. Сән-салтанат сұлулыққа малынған Сарыарқаның нақ төріне салынған көп қабатты зәулім үйлер ормандай, мәңгі биік рухымыз болғандай, ұрпақ үшін бой көтерген қорғандай, Елорданың келбетіне қазіргі қалай тұрсың толғанбай?! Жас қаламыз, Бас қаламыз, Астанамыз өсе берсін өскен сайын ұлтымыздың көгертеді көсегесін!

6-оқушы: Намыстан жаратылған нағыз ұлт дара тұрған қазағым өзің едің, қайрылма қанатыңнан, айырылма тіл-дініңнен, арайлы болсын бір күнің бір күніңнен. Ошағың қисаймастан, шаңырағың шайқалмастан түтінің түзу шықсын түндігіңнен. Жас мемлекет саналсақ та, жан берісіп, жан алсақ та, сұқтанған суық көзден ата-жұртыңды аман сақта нар ұлдары қазақтың. Өйткені біздің далаға ынтызар болмайтын кімдер, бүкіл әлем қызығар орнайды күндер. Ананың жасы, Арудың ары, Батырдың қаны төгілген бұл даланы көздеріңнің қарашығындай қорғай біліңдер, бізден кейінгі ұрпақ! Өйткені біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазакстан!

(Осы кезде кездесуге қатысушылар бәрі бірігіп Қазақстанның Әнұранын орындайды)

1-жүргізуші: Иә, біз қазақ деген көл-дариядай кеңбіз ғой, осыншама халықты шеттетпей, достық қарым-қатынаста, татулықта тұрып жатырмыз. "Кең болсаң, кем болмайсың" деген сөз әр қазақтың көкірегінде сайрап жатқан болар.

2-жүргізуші: Әрине, қазақтың қай тойы батасыз аяқталған?! Олай болса, мен бүгінгі кездесуді Оразақын Асқар ағамыздың айтқан батасымен аяқтағым келеді.

Елбасымыз алысты көрсін,

Ел-жұртымыз табысты болсын.

Қыздарымыз сұлу,

¥лдарымыз намысты болсын.

Көршілеріміз тыныш болсын,

Малымыз төлдеп, дастарханымызға ырыс толсын.

Рудан өсіп, ұл өзін сыйлап,

Ала алсын асылын жинап,

Алаштың азаматтары бір ауызды болсын.

Мәдениетіміз мәңгі болсын,

Тұрмысымыз сәнді болсын.

Бәрін айт та, бірін айт,

Дербестігіміз мәңгі болсын! (Әумин!)

Барлықтарыңыз дастарханнан дәм алыңыздар! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!
ТЫНЫШТЫҚ, ТУЫСТЫҚ, ҰҒЫСТЫҚ

Қызықты ақпараттар сағаты

Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын қалыптастыру, ұлттық қарым-қатынасын, халықтар достығын нығайтуға тәрбиелеу бүгінгі кештің ең басты мақсаты болды.

1886 жылы 1 мамырда ірі оқиға Американың Чикаго қаласында өткен еді. Жұмысшылар бұл күні әдеттегідей станок басында тұрмады. Бұрынғыдай тәулігіне 10-15 сағат жұмыс жасап, тар да лас лашықта тіршілік еткілері келмеді. Олар капиталистен 8 сағаттық жұмысты, әрі жалақыға үстеме қосуды, өмір тіршілігін жақсартуда талап ету үшін бәрі топтанып көшеге шықты. Жұмысшылардың талабына капиталистер оқпен жауап берді. Бұл оқиға Америка еңбекші қауымын дүр сілкіндірді. Чикаго еңбекшілерімен бір тілектес екендігін Париж, Лондон, Берлин мен Мәскеу жұмысшылары жұмыстарын тастап, қолдарына қызыл жалау ұстап көшеге шықты. 1889 жылы II интернационалдық конгресі Парижде бүкіл дүниежүзі еңбекшілерінің 8 сағаттық жұмыс күні үшін күресін біріктіру мақсатында белгіледі. Ресейде бірінші рет 1891-1892 жылдары Петербург, Тула, Лотос және т.б. қалаларда 1 мамырға арналған көтерілістер ұйымдастырылды. 1 мамыр мерекесін Кеңес үкіметінде бірінші рет 1918 жылы Пролетариат диктатурасын орнатқан жеңімпаз топ ретінде мейрамдады. Біздің елімізде 1 мамыр мерекесін де Қазақстан халықтарының бірлігі күні ретінде тәуелсіздік жарияланғаннан бастап атап өте бастады. Жыл сайын бұл мереке халықтар достығы ретінде атап өтіледі.

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Еңбек ортақ, жыр ортақ.

Ортақ бізге барлығы,

Байлықгың ең үлкені — халықтар достығы.

Мамыр айы табиғаттың жайма-шуақ берекелі кезеңі. Айналаның бәрі жасыл желең жамылып ерекше бір реңге енеді. Табиғаттың бұл әсем жыл мезгіліндегі мамыр айының халықтар бірлігі күні ретінде алынуы тегіннен-тегін болуы мүмкін емес. Бұл керемет мамыражай май айын ақындар да жырлап өткен.

Көктем келді, май келді,

Шақырады көктемді.

Бізбенен қол ұстасып,

Кел бірге жүр жақсы май.

Гүл терейік тысқа шық,

Көп сағынған достым-ай.


Май келеді, май келеді,

Қып-қызыл күн дөңгеледі шығыста

Май келеді, май келеді,

Көк алаңда қоңды қызыл жалаулар.

Май келеді, май келеді,

Ерте тұрып қараңдар.


Жақсылыққа, бакытқа,

Талпынған әр уақытта

Бала біткен дос бауыр,

Болмасын еш тосқауыл

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз


Төрт маусымда белгілі,

Көктемнің көркем екені

Ал көктемде ендігі,

Мамырға не жетеді.

1 мамыр сол көркем,

Халыктар ынтымақ күні

Табиғат сұлулығымен,

Ұштасқан халық шаттығы.


Достық жыры,

Мамырдың бірі

Достықтың күні

Халықтар үні

Тұтасқан

Ұлттардың бәрі

Жарасқан жаны

Елімнің бағы,

Құт ашқан

Жүздері жарқын,

Сүйікті халқым

Бұзбайды салтын,

Достығын.

Қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осыңдай байлықтың қызығын көру үшін бізге ауадай қажет. Қазбек би айтқандай біз қазақ достықты сақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз, - деп Қазақстанда тұратын 130-дан астам этнос Қазбек бидің өсиетін ту етіп ұстап орындаса дегім келеді.

Баста батыр

Бақытқа байтағыңды

Халқым тағы өз сөзін айта білді

Аспан түстес

Көгілдір айшық туың

Астананың үстіне

Қайта ілінді.

Барлық ұлттың ұлысы, бар ұлыстың

Республика намысын алып ұштым

Өсиетін ұмытпай бабалардың

Қасіретін халықтың қанып іштім, - деген өлең Елбасына деген ізгі ниет, бауырлық, қимас сезімге толы мемлекетімізде істеліп жатқан игілікті істеріміздің барлығы Президент Ә.Н. Назарбаевтың есімімен байланысты.

Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге, қазақтарға керек, - деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі.

Бейбітшілік жасасын!

Ынтымақ жасасын!

1 мамыр Казакстан халыктар бірлігі күні жасасын!

1941 жыл. Күздің кара суығы, Сталинаік саясаттың желеуімен үдіре көшкен бір топ шешен жанұясы Қазақстанға келіп қоныстанды.

Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде 130-дан астам ұлттар тұрады. Украин, Беларус, Түрік, т.б. шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен тату-тәтті доспыз, бір-бірімізбен қоян-қолтык аралас өмір сүрудеміз.

Азербайджандар өз тілінде "азербайджлылар немесе азерилер" деп атаған. Қазақстанда 78295 азербайджан өкілінің халқы тұрады.

Ақ, кара деп бөлмейміз,

Бір жыл туған төлдейміз

Туыскан, татумыз

Биіктерге өрлейміз.

***
Жақсьшыққа, бақытқа

Талпынған әр уақытта

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

Қырғызым өлең десе елеңдеген.

Қара өлең үлкендерге мұра деген

Шығушы лауреаттар қауымына

Ырлайьгқ та жырлайық

***

Бұралып Гөзал билегенде



Өзбектің асқақ әні тербегенде

Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,

Құрбылар айтыңдаршы қандай пеңде.

Сөз соңында,

Қазақ осы айтатұғын елге сыр,

О, ағайын халық емес ол кесір.

Қазақ осы аңғал-саңғал жабусыз

Қазақ осы ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы дала дейтін, күн дейтін

Қазақ осы өнер алды тіл дейтін

Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба?

Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған акын Қ. Мырзалиевтің өлең жолдарын арнағым келіп тұр.

Ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астьшда татулықка, сыйластыққа өмір сүріп жатканы сіздерге мәлім. Бүгінгі кешіміз Қазақстаңда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз, құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы деп білемін.
Достық әнін шырқайық!

1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған сазды бағдарлама

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Достық әнін шырқайық!» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

2-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

2-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.



2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.



1-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

2-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің кітапханамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз ______________________________________________. Ендеше, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

/Мерекелік лебіз/

1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.



2-жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.



1-жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне алғашқы сөз кезегін береміз.

/Қазақ ұлтының өкілдері/



2-жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз кезегі а беріледі ____________________________________________________________________.

/Мерекелік лебіз/

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде біз 8 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

2-жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

1-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.



2-жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.



1-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, Орыс мәдени орталығына сөз кезегін береміз.

/Орыс халқының сәлемі/



1-жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!



2-жүргізуші: Сөз кезегін Өзбек мәдени орталығына береміз.

/Өзбек халқының сәлемі/



2-жүргізуші: Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.

1-жүргізуші: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған. Келесі кезекті қырғыз мәдени орталығының өкілдеріне береміз.

/Қырғыз халқының сәлемі/



1-жүргізуші: Ағайын-туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!



2-жүргізуші: Ортаға көршілес түркмен мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.

/Түркмен халқының сәлемі/



2-жүргізуші: Республикам менің,

Республикам менің,

Абатым!

Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!



Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!



1-жүргізуші: Сөз кезегі украин мәдени орталығының өкілдеріне беріледі.

/Украин халқының лебізі/



1-жүргізуші: Тілегі бір,

Жүрегі бір.

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда құрыштан да,

Берік біздің іргеміз!

2-жүргізуші: Өз құттықтау лебізін білдіру үшін ортаға көршілес түрік мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.

/Түрік халқының лебізі/



2-жүргізуші: Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.



1-жүргізуші: Сөз кезегі поляк мәдени орталығына беріледі.

/Поляк халқының құттықтауы/



1-жүргізуші: Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытқа.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл!



2-жүргізуші: Келесі кезекте ортаға қытай мәдени орталығының өкілдеріне береміз.

/Қытай халқының лебізі/



1-жүргізуші: Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.

Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,

Арғы тегі Алаштан тараған,

Керегесін ағаштан құраған елміз!

2-жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

1-жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

2-жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!

1-жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

2-жүргізуші: Ән «Қазақстаным менің!»

1-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!

2-жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Достық әнін жырлайық!» атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.

1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!

ЫНТЫМАҚ - ДОСТЫҚ КЕПІЛІ.

Тәрбие сағаты

Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер.
Барысы:
Мұғалім: «Бірлік бар жерде бақыт бар», «Ынтымақ-достық кепілі»
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған-туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.

Біздің Отанымыз — Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.


Оқушы:

Тәуелсіздік кіндігін


Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.

Жүргізуші: Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Елтаңбам қандай тамаша! Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.


Оқушы:

Елтаңбасы елімнің


Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

Жүргізуші: Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым - жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.
Оқушы:

Жарасқан байрақтың мәні бар,


Көк аспан, күн- қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.

Жүргізуші: Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы. Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды. Келбетіне көрік қосты, келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп, шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды. Қазақстан Республикасының өмірінде бұл – төртінші астана.Алғашқы астанасы - Орынбор қаласы, екінші астанасы - Қызылорда қаласы, үшінші астанасы - Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.

Оқушы:

Заман жаңа,ел жаңа,


Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам- өз Ордам,
Сүйенерім сен ғана !

Жүргізуші: Далам! Кең-байтақ. Сондықтан ғой, күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда - «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы толғаған»
Оқушы:

Көрікті өлкеме қарашы,


Тізілген орман- тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең- байтақ даласы.

Жүргізуші: Республика халқының саны 16 миллионнан астам.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 136 ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді. Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады. Бүгінгі жиналған ұлт өкілдері өздерінің бірлік, достық мерекесін тойламақ.
Каталог: metod
metod -> Атаулы күндер
metod -> Өмірбаяны Жазушы Жайық Кагенұлы Бектұров 1912 жылы 15- қазанда Ақмола облысының казіргі Алексеев ауданындағы Амангелді ауылында туған
metod -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері. Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығарма
metod -> Біз – Қазақ, ежелден еркіндік аңСАҒАН
metod -> Методические рекомендации по обеспечению и организации оздоровительного отдыха, досуга и занятости детей в период летних каникул на 2016 год
metod -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
metod -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
metod -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
metod -> Составители: доктор филос наук, проф
metod -> Гбук «Оренбургская областная полиэтническая детская библиотека»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет