Қалиева Алия Ботабайқызы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Байғанин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тақырыбы: М. Әуезов «Қараш – Қараш оқиғасы»



бет1/2
Дата05.12.2016
өлшемі165,63 Kb.
#3260
түріСабақ
  1   2
Қалиева Алия Ботабайқызы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Байғанин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: М. Әуезов « Қараш – Қараш оқиғасы » хикаятындағы Бақтығұл бейнесі

Мақсаты: 1.Шығарма мазмұнына шолу жасай отырып, кейіпкерлер іс – әрекеті арқылы Бақтығұл бейнесін жан – жақты ашу. Кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таныту.

2.Өзге шығармалармен байланыстыру, салыстыру, зерттеу дағдыларын қалыптастыру, іскерлігін, өз бетімен іздене білу қабілеттерін дамыту.

3.Кейіпкерлер бейнесі арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жинақтау, қорытындылау сабағы.

Әдіс – тәсілі: Баяндау, іздендіру, зерттеу, салыстыру, СТО технологиясы.

Пәнаралық байланыс: Тарих

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Шығармаға шолу. Композициялық құрылымы

3. Кейіпкерлер бейнесі. Топтастыру. Абайдың өлеңдерімен байланыстыру.

4. Сұрақ жауап.

5. Жазушының суреткерлік шеберлігі. "Көксерек " әңгімесімен байланыстыру.

6. Ой тастау. Бақтығұл қылмыскер ме?

7.Әріптерді сөйлетейік

8.Шығарманың тәрбиелік мәні.

9. Прототип.

10. Бекіту. Не білдік?

11. Үйге тапсырма беру.

12.Білімдерін бағалау.

Ой қозғау. Шығармаға шолу.

Шығарманың композициялық құрылымы.

1.Оқиғаның басталуы. Ауру Тектіғұл.

2. Дамуы. Бақтығұл есіндегі ауыр күндер.

3. Шиеленісуі . Тектіғұл өлімі

4. Шарықтау шегі. Боз биені ұрлау

5. Шешімі. Қуғыншылардың соққысы.

1. Оқиғаның басталуы. Бақтығұлдың Жарасбаймен жақындасуы.

2. Дамуы. Болыстың бар қызметін атқаруы немесе адал еңбекті адам

3. Шиеленісуі. Жарасбайдың Бақтығұлды ұры деп көрсетуі немесе сатқындық

4.Шарықтау шегі . Бақтығұл- қашқын

5. Шешімі. Жарасбайды өлтіру,кек алу

Повесть хикаят (Теориялық мәлімет беру)

Хикаят - ұзақ әңгіме. Ол әлденеше әңгімеден тұрады, өмірдің түрлі көріністерін суреттейді. Сонымен хикаят кейіпкердің белгілі бір өмір кезеңін қамтиды.

Кейіпкер бейнесі

Кейіпкерлер: Сәлмен

Тектіғұл

Бақтығұл

Жарасбай

Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір – екі ай » өленімен байланыстыру.

Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

Тоңған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып...

...Жалшы үйіне жаны ашып ас бермес бай,

Артық қайыр, артықша қызметке орай

Байда мейір, жалшыда пейіл де жоқ,

Аңдыстырған екеуін құдайым-ай!

Сұрақ: Өлең қай кейіпкердің бейнесін ашады?

Сәлмен кім? 1. Бай,болыс

2. Екі жетімнің еңбегін жеген адам

3. Екі жетімді де соққыға жыққан адам

Сәлмен

« Болыс болдым, мінеки » өлеңімен байланыстыру.

Болыс болдым мінеки,

Бар малымды шығындап.

Түйеде қом, атта май,

Қалмады елге тығындап.

Сүйтсе дағы елімді,

Ұстай алмадым мығымдап.

Күштілерім сөз айтса

Бас изеймін шыбындап.

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап.

Сұрақ: Абайдың бұл өлеңін оқығанда шығармадағы қай кейіпкер көз алдымызға келеді?

Жарасбай кім?

1. Өз есебімен Бақтығұлды қол астына алып, паналатты

2. Бар жұмысын жасатты

3.Бақтығұлды ұрлыққа жұмсап,ұры етті.

4.Болыстыққа таласты.

5.Өз қара басын ойлап, Бақтығұлды сатып кетті.




Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет