Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасының 2015 жылы атқарған жұмысы туралы есебі



Дата21.04.2017
өлшемі109,44 Kb.
#14472



Алматы қаласы Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама

басқармасының 2015 жылы атқарған жұмысы туралы есебі

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында өз қызметін жүзеге асырады.

Алматы қаласы әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінің құжат айналымындағы қазақ тілінің үлесі туралы мәлімет мекемелерден ай сайын алынып отырады. Жинақталған мәліметтер назарға алып, тиісті шараларды қолға алу үшін аудан әкімдері мен басқарма басшыларына, сонымен бірге Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысының атына жолданып тұрады. Бұл мәліметтер «Қазақстан Республикасы аумағындағы тілдік ахуалды талдау және мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйесіне» енгізу үшін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіне жіберіледі.

2015 жылғы қорытындысы бойынша Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының құжат айналымындағы қазақ тілінің үлесі кіріс хаттары бойынша – 53, шығыс және бастамашыл хаттар бойынша 65 пайызды құрады.

Жалпы құжат айналымындағы қазақ тілінің үлесі бойынша Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Түрксіб аудандары әкімінің аппараты мен Алматы қалалық Білім басқармасы жоғары көрсеткіштерге ие болды. Бұл ретте Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Жер қатынастары, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, Құрылыс, Жастар саясаты басқармалары ең төменгі көрсеткішке ие.

Алматы қаласы әкімдігі құрылымдық бөлімшелеріне хат жолдаушы заңды және жеке тұлғалардың 53 пайызы хаттарын ресми тілде жазады. Мұның себебі ретінде бірнеше жағдайды атауға болады. Біріншіден, хат жолдаушылардың көпшілігінің ресми тілді тұтынатындығы, екіншіден, олардың көпшілігінің қазақ тілін біле тұра мемлекеттік органдарда іс жүргізу әлі де ресми тілде деген көзқараста екендігі. Тағы бір себебі - жергілікті мемлекеттік басқару органдарында кіріс хаттарын мемлекеттік тілде қабылдауға бағытталған шаралардың қолға алынбағандығы.

Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің ұлттық құрамы туралы 2015 жылғы алынған соңғы мәлімет бойынша жалпы саны 1343 мемлекеттік қызметшінің 93 пайызы қазақ, 4 пайызы орыс, 3 пайызы өзге ұлт өкілі, 72 пайызы қазақ тілінде іс жүргізе алады

Мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін оқыту, оларды мемлекеттік тілде іс жүргізуге үйрету - қазіргі таңдағы өзекті мәселе. Мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қазақ тілінде іс жүргізу мүмкіндіктерін арттыру бағытында және әдістемелік көмек ретінде мемлекеттік тапсырыспен жыл сайын түрлі салалар бойынша орысша-қазақша терминологиялық анықтамалық сөздіктердің, орысша-қазақша тілдескіштердің, ресми іс қағаздары үлгілерінің жинақтары шығарылып, электронды нұсқасымен бірге кітап және диск түрінде таратылды.

Алматы қаласында мемлекеттік қызметшілерге қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылған. «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының жаңа технологиямен жабдықталған он мультимедиалық кабинетіне ағымдағы жылдың қыркүйек айында қосымша тағы да он қазақ тілін үйренуге арналған ««Symhony» оқыту инновациялық бағдарламалы-ақпараттық кешені» орнатылды. Медиакабинеттердің барлығында іс жүргізуге қажетті құжаттардың мемлекеттік тілдегі үлгілері, екі тілді электронды сөздік, қазақ тілі орфографиясы мен орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасау бағдарламасы және оқыту үрдісінде жиі қолданылатын 30-дан астам электронды бағдарлама бар. Барлық оқыту кабинеттері интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген.

Еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің ана тілдерін сақтау мен дамыту мақсатында жексенбілік мектептер жүйесі құрылған. Жергілікті бюджет есебінен этномәдени бірлестіктерде қазақ тілімен қатар неміс, поляк, әзірбайжан, шешен, осетин, кәріс, түркімен, ауған, неміс, поляк тілдері оқытылады.

2015 жылғы ІІ жартыжылдықтың нәтижесі бойынша қазақ тілі курсының топтары жасақталып, 631 тыңдаушы қазақ тілі курсына тіркелді. Мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлердің қазақ тілінде іс жүргізе алмайтындарының бәрін қазақ тілін оқыту курсына қатыстыру мәселесі әлі күн тәртібінен түскен жоқ.

Тағы бір күрделі мәселе – тілдерді оқыту курстарына тіркелген тыңдаушылардың сабақтарға қатысуы. Әр тыңдаушының қанша сабаққа қатысқаны туралы мәліметтер ай сайын жинақталып, тиісті шара қолдану үшін аудан әкімдері мен басқарма басшыларына, сонымен бірге Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысының атына жолданып тұрады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген тыңдаушылардың қазақ тілі курсына қатысу көрсеткіші 57 пайызды, ағылшын тілі курсына - 47 пайызды құрады. Бұл ретте көрсеткіштері жоғары Бостандық ауданының әкімдігі, Ауыл шаруашылығы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, Жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау, Ішкі саясат, Жолаушылар көлігі басқармасы тыңдаушыларының қазақ тілі курсына қатысу белсенділігін атап өту керек. Ал, Алматы қаласы әкімі аппаратының, Әуезов ауданы әкімдігінің, Жер қатынастары басқармасының қазақ тілі курсына тіркелген қызметкерлерінің сабақтарға қатысу көрсеткіштері төмен.

Осыдан келіп тілдерді оқыту үшін жергілікті бюджеттен бөлінген мемлекет қаржысын пайдалану тиімділігі төмен болып шығады. Тілді үйрену үшін мемлекет тарапынан жасалған мүмкіндікті мемлекеттік қызметшілердің өздері дұрыс пайдалана алмай отыр. Мемлекеттік орган қызметкерлерінің қазақ тілін оқыту курстарына толық қамтылмауы және тіркелген тыңдаушылардың сабақтарға дұрыс қатыспауы өз кезегінде мемлекеттік мекемелердің құжат айналымындағы қазақ тілінің үлесі көрсеткішіне кері әсерін тигізіп отыр.

Іс-шаралар жоспарының тағы бір бағыты - мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар, конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер және түрлі тақырыптарда байқаулар мен оқулар өткізу. Жоспар бойынша қалалық байқаулардың аудандық деңгейдегі іріктеу кезеңдерін ұйымдастыру аудан әкімі аппараттарына жүктелген. Өткен жылдың 9 айында өткізілген қалалық байқауларда Бостандық ауданының қатысушылары 5 реттен, Алмалы, Әуезов аудандарының қатысушылары 4 реттен, Алатау мен Наурызбай аудандарының қатысушылары 2 реттен жүлделі болды. Бұл көрсеткіштер осы жұмыстарға жауапты мамандардың ұйымдастырушылық қызметінің деңгейін, аталмыш қалалық байқауларға ауданның атынан жіберілетін қатысушыларды іріктеу шараларына қаншалықты жауапкершілікпен қарағанын көрсетеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің қарсаңында Алматы қаласындағы этно-мәдени орталықтардың қатысуымен «Тіл - татулық тірегі», А. Пушкиннің туған күніне орай «Пушкин оқулары» және «Шевченко оқулары» атты қалалық мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Дәстүрлі түрде бірнеше жыл қатарынан өтіп келе жатқан бұрынғы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық байқауы биыл «Тіл мерейі» деген атпен өтті. Мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін оқыту курсын жүргізетін оқытушылар арасында ұйымдастырылған бұл байқауда Әуезов ауданынан қатысқан Назарымбетова Ұлбазар бірінші орынды иеленді. Наурызбай ауданының оқытушысы - екінші, Жетісу ауданынның оқытушысы - үшінші орыннан көрінді.

2015 жылғы 29 сәуір күні өткен «Тіл шебері» қалалық байқауына үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша Бостандық ауданының қатысушысы Лекеров Мұхтар жеңімпаз деп танылды. Екінші орынды Алатау ауданының қатысушысы иеленсе, үшінші орын Алмалы ауданының тіл шеберіне бұйырды.

Орыс тілі білгірлерінің арасында 2015 жылғы 28 мамыр күні өткен «Ой-сана» қалалық байқауында Бостандық ауданының қатысушысы Ару Исак бірінші орынға шықты. Наурызбай, Әуезов аудандарының қатысушылары өзара екінші және үшінші орындарды бөліп алды.

Баспасөз күні мерекесіне орай маусым айында «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты қалалық байқаудың қорытындысы шығарылып, тіл мәселесі тақырыбына мақала жазып, теле және радио бағдарламалар әзірлеп жүрген журналистерді марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы қарсаңында 20 тамыз күні «Мемлекеттік тіл - менің тілім» қалалық байқауы өткізіліп, Әуезов ауданының командасы бірінші орын, Алмалы ауданы - екінші, Бостандық ауданының командасы - үшінші орындарды иеленді.

2015 жылғы 10 тамызда Ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай қалалық Ішкі саясат және Мәдениет басқармаларымен бірлікте белгілі ақын-жазушылардың қатысумен жыр кеші ұйымдастырылып, Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі өткізілсе, 9 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында этнос өкілдерінің 16-22 жас аралығында «Абай оқулары» қалалық байқауы өткізілді. Білікті мамандардан құралған қазылар алқасының шешімімен жүлделі бірінші орынға – Таисия Гальпернді (Бостандық ауданы), екінші орынға – Камилла Мамингті (Алатау ауданы), үшінші орынға – Екатерина Смолякованы (Алмалы ауданы) лайық деп тапты.

22 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай «Ана тілім – ардағым» қалалық фестивалі өткізілді.

Аталған іс-шараларды жүзеге асыруға Алматы қаласының барлық аудандары белсене атсалысты. Жылдың қорытындысы бойынша аудан әкімі апараттарының өзара алған орындары анықталды. Бұл ретте олардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі, қызметкерлерінің қазақ тілін оқыту курстарына, мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға бағытталған республикалық және қалалық байқауларға қатысуы туралы 2015 жылы көрсеткіштері есепке алынды. Жылдың қорытындысы бойынша, барлық бағытта оң нәтижелерге қол жеткізген Бостандық ауданы бірінші орынға шықса, Медеу, Түрксіб аудандары тізімнің ең соңынан көрінді.

Әр жылдың басында Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің тарапынан мемлекеттік тапсырыспен шығарылған өнімдердің тұсаукесері өтіп тұрады.

2015 жылдың 1 қазан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен «Шетелде тұратын қазақ диаспорасының өкілдерін қазақстандық қоғаммен ақпараттық жұмыс жүргізу үшін жұмылдыру» тақырыбындағы жоба аясында «Мәңгілік елдің ұлы тарихы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры мен Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Басқармаға қарасты Алматы қаласының Орталық Мемлекеттік мұрағатының мәжіліс залында өткізілген шараға Ресей, Германия, Франция, Ұлыбритания, Түркия, Финляндия мемлекеттерінен келген қазақ диаспорасының өкілдері келді.

2015 жылғы 7 қазан күні Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында 16-22 жас аралығында «Тіл – тұнық ойдың кәусары» атты қалалық олимпиада Жетісу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткізілді. Қалалық байқауға Ережеге сәйкес әр ауданнан жүлделі орын алған 21 үміткер қатысты. Қазылар алқасы байқау Ережесіне сәйкес 3 кезең бойынша байқауға қатысушы үміткерлерді саралады.

Білікті мамандардан құралған қазылар алқасының шешімімен жүлделі 1 орынға - Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің студенті Маматова Гульмираны (Алмалы ауданы), 2 орынға - Т. Рысқұлов атындағы ЖЭУ-нің студенті Айдар Ақлима Мұратқызын (Әуезов ауданы), 3 орынға - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенті Искендирова Жансаяны (Бостандық ауданы) лайықты деп бағалады.

2015 жылғы 11 қараша күні мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген орыс жастары арасында «Тіл - парасат» қалалық байқауы өтті. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі 1 орынды - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің І курс студенті Дураченко Галина Сергеевна (Бостандық ауданы), 2 орынды - Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің 1 курс студенті Степанова Диана Александровна (Алмалы ауданы), 3 орынды - №171 ЖББ мектебінің 9 сынып оқушысы Барсукова Ксения Александровна (Алатау ауданы) жеңіп алды.

2015 жылғы 10 желтоқсан күні Жетісу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Ана тілім - ән-жырым» атты қалалық байқау өткізілді. Байқау ән, терме, көркемсөз жанрындағы «Сұлу сазды әсем ән», «Толғауы терең жыр-терме», «Мағыналы ойлы көркемсөз» атты үш номинация бойынша ұйымдастырылды. Аудандық іріктеуден өткен өнерпаздар әр номинация бойынша Отан, туған жер, қазақ елі, ана тілі, ұлттық рух, Тәуелсіздік, татулық пен ынтымақтастық тақырыбында шығармалар орындады.

Аудандардың әкімі аппараттары 2015 жылғы тілдерді дамыту жөніндегі жұмыстарының қорытындысы хабарланып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген мекемелер марапатталды. Бостандық ауданы – 1 орын, Әуезов ауданы – 2 орын, Жетісу ауданы – 3 орындарды иеленіп. І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталса, белсенділік көрсеткен аудандарға басқарманың алғыс хаты тапсырылды.

Оқыту курстарының аяқталуына байланысты оқытушылардан мекемелер бойынша есеп алынып, қорытынды сараптама жасалды.

Ономастика бағыты бойынша қала аумағына қосылған елдімекендердегі көшелерді сараптау, анықтау жұмыстары жүргізілуде.

2016 жылға дейін көше атауларын өзгертуге мораторий жарияланған.

2015 жылдың басынан Алматы қаласындағы әр түрлі жарнама мекемелерінен келісуге түскен эскиз саны – 4760, өзгертілген эскиз саны – 494, қате табылған эскиз саны – 197, өзгертусіз келісілген эскиз саны – 4065, рейд барысында Тіл туралы заңнама талаптарының бұзушылықтары бойынша 1100 факті анықталды.

10 қараша күні Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің тұрған үйіне ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Алматы қаласының әкімі мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

2015 жылғы 11 желтоқсанда мемлекет және қоғам қайраткері Төлеубек Әбдіқадыровтың тұрған үйіне ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері мен туған-туыстары қатысты.

Құжаттарды жинақтау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік сақтаудағы құжаттарды ғылыми пайдалану бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Басқарма жанындағы Әдістемелік кеңесінің 1 отырысы өткізілді және 7 мәселе бойынша жұмыстар қаралып, келісілді.

2015 жылдың 4-тоқсанында Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатының жинақтау көздері болып табылатын мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі әзірленген құжаттарға және құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу мақсатында Басқарма жанындағы СТК-ның 2 отырысы өткізілді және 84 жұмыс қаралып, келісілді.

ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасарының тапсырмасын орындау үшін Алматы қаласы прокуратурасы мен Алматы қаласы бойынша ҚР ҰҚКД бірлесіп мемлекеттік құпиялар туралы заңдылықтардың сақталуы бойынша құпиялық тәртібін қамтамасыз ету үшін келесі 4 ұйымның құпия бөлімінде өткізген тексеруге Басқарманың мұрағаттар және құжаттама бөлімінің бас маманы К. Берденева 2015 жылғы 21-25 қыркүйек аралығында қатысты.


  • Алматы қаласы бойынша экология департаменті;

  • Ядролық физика институты;

  • «Корган Казатомпром» ЖШС;

  • «Волков геология» АҚ;

  • «Алматинская электрическая станция» АҚ.

2015 жылғы 29 қыркүйекте ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша «Жанашыр» Халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған «Шетелде тұратын қазақ диаспорасының өкілдерінің қазақстандық қоғаммен ақпараттық жұмыс жүргізу үшін жұмылдыру» тақырыбындағы жобаны орындау аясында Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының ғимаратында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Республикалық кітап мұражайы мен Таңбалы мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайымен бірлесіп, «Мәңгілік елдің ұлы тарихы» атты дөңгелек үстел, БАҚ өкілдерімен пресс-конференция және мұрағат ғимаратына экскурсия өтті.

Басқарма басшысының 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бөлімнің бас маманы – К. Берденева Ішкі бақылау қызметін қосымша атқаруға жауапты болғандықтан, Ішкі бақылау қызметінің бақылау шаралар жоспарына сәйкес Тіл» оқыту-әдістемелік орталығына «5-17 қазан аралығында, Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында 2-4 желтоқсан аралығында тексеру жүргізді.



2015 жылғы 28 қазанда Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы жанындағы құпия сараптау-тексеру комиссиясы өткізілді және онда 8 мәселе қаралды.

2015 жылғы 25 қарашада Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының ғимаратында «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Аманжоловамен өткен кездесуге мұрағатшылар қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет