Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының



бет1/3
Дата29.01.2018
өлшемі0,51 Mb.
#35948
  1   2   3
Алматы қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «27» желтоқсандағы № 4/1070

қаулысына қосымша

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының

2011-2015 жылдарға арналған

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

Алматы, 2012 ж.

Мазмұны


  1. Басқарманың миссиясы мен пайымы




  1. Ағымдағы жағдайды талдау



  1. Стратегиялық бағыттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері




  1. Қызметтік мүмкіндіктерді дамыту




  1. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл




  1. Тәуекелдерді басқару

7. Бюджеттік бағдарламалар




1. Миссиясы және пайымы
Миссиясы – мемлекеттік тілдің басымды жағдайымен және Алматы қаласында тұратын этностардың тілдерін дамыта отырып, мемлекеттік үштұғырлы тіл саясатын тиімді жүзеге асыру; сақтауды қамтамасыз ету, жинақтау, есепке алу және мұрағат қоры құжаттарын пайдалану, мұрағат ісі аумағында сапалы және қол жетімді мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясаттың сапасын көтеру және тиімді орындау.

Пайымы – мемлекеттік тілдің тиімді әлеуметтік-коммуникативті қызметі бар Алматы қаласындағы толерантты тілдік орта; тұрақты сақтау үшін жағдай құру және мұрағаттық қордың ақпараттық потенциалын дамыту, мұрағат қызметін қолданушылардың барлық категорияларына қанағаттандырарлық сұраныс және ақпаратты алу және пайдалануда азаматтар құқығын орындау.
2. Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің саласына сәйкес даму беталысы
Стратегиялық бағыт 1. Қазақстан халқының бірлігі факторы ретінде толерантты тілдік орта құру

Реттейтін саланы дамытудың негізгі параметрлері немесе қызмет салалары.

Алматы қаласында қазақ тілді және аралас балабақшалар мен мектептердің саны арта түсуде.

Алматы қаласы әкімдігі жанынан «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы құрылған, 10 мультимедиялық кабинет жұмыс істейді, қала және аудан әкіміктерінің мәжіліс залдары ілеспе аударма жасауға арналған қондырғылармен жабдықталған, оқыту бағдарламалар жасалған. Іс қағаздарының үлгілері әзірленіп, шығарылған. Бұл басылымдарға үлгілердің электронды нұсқалары қос беріледі. Олар мемлекетттік тілде өз бетінше іс жүргізу дағдыларын меңгеруге арналған көмекші әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.

Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік тілдегі құжат айналымының орташа көрсеткіші 2007 жылы 56%, 2008 жылы - 60%, 2009 жылы - 66%, 2010 жылы -75%, 2011 жылы – 81% құрады.

Саланың табыстары мен жетістіктері. Алматы қаласының әкімдігінде, Алмалы, Алатау, Әуезов, Бостандық, Медеу, Түрксіб аудандық әкімдіктерінде, Денсаулық сақтау, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Қаржы басқармаларында 10 мультимедиялық кабинет жұмыс істейді. Бұл мультимедиялық кабинеттер қазіргі заманғы технологиялармен, интерактивті тақталармен жабдықталып, ондағы компьютерлерге қазақ алфавитінің драйверлері, орыс тілінен қазақ тіліне аударатын бағдарламалар, екі тілді электрондық сөздіктер, қазақ тілінің орфографиясының бағдарламалары және түрлі қазақша шрифтерді сәйкестендіретін және қатар қолданатын конвертер, қазақ тілін үйретуге арналған электрондық бағдарламалар орналастырылған. Онда мемлекеттік қызметшілермен қатар Алматы қаласының тұрғындары да кезең-кезеңмен (бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген) мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйренуде.

Алматы қаласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру үшін төмендегідей жұмыстар жасалуда. Түрлі салалар бойынша ресми іс қағаздарының үлгілерінің жинақтары шығарылып, оған өз бетінше қазақ тілінде іс жүргізу дағдыларын меңгеруге арналған электронды нұсқасы қоса беріледі. Жергілікті атқарушы органдардың, кеден қызметі, медицина, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, қаржы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, сәулет және құрылыс, экология және қоршаған ортаны қорғау, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары, энергетика және коммуналдық шаруашылық, сот және адвокатура, ішкі істер және құқық, тұрғын үй және жер қатынастары - барлығы 20 сала іс қағаздарының үлгілерінің жинағы, орысша-қазақша тілдескіштер, терминологиялық сөздіктер шығарылды.

Биыл Ұлттық мәдени орталықтармен бірлесіп, жексенбілік мектептерінде өзге ұлт өкілдері үшін олардың ұлттық тілдерімен бірге қазақ және ағылшын тілдерін оқыту ісін бастадық.

Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы 10 этно мәдени орталықта 290 өзге ұлт өкіліне өздерінің ана тілі оқытылады.

Алматы қаласында қазақ тілінде тәрбиелейтін және білім беретін балабақшалар мен мектептердің саны жылдан-жылға артып келеді. Осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында Бағдарлама бойынша бірқатар жұмыстар жасалып жатыр. Өткен жылы мектеп жасына дейінгі және бастауыш сыныптарда оқитын балаларға арналған «Балаларға базарлық» деген атпен жалпы көлемі 14 сағаттық қазақ балалар әдебиетінің туындылары енген 2 аудио кітап, жасөспірімдер үшін «Асыл сөз» деген атпен қазақ қаламгерлерінің 5 әңгімесінен құрастырылған 1 аудио кітап шығарылды.

Оған қоса 3 дискіден тұратын қазақ тілін үйренуге арналған бейне құрал жарық көрді. Оған әлем ертегілерінің желісі бойынша жасалған слайд-шоулар және «Бізді қоршаған әлем» деген атпен мультфильмдер енген. Сонымен бірге, «Люблю, учу казахский» деген атпен 2 дискіден тұратын қазақ тілін өз бетінше үйренушілерге арналған электронды оқыту бағдарламасы әзірленді. Әрқайсысы 10 минутқа созылатын мультфильмнің 30 сериясы шығарылды. Сонымен қатар бұл анимациялық оқу материалдарының барлығы алдымыздағы күзден бастап «Алматы» телеканалы арқылы балаларға арналған бағдарлама ретінде эфирге шығатын болады.

Мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау мақсатында аудан әкімдіктерінің, басқармалардың атсалысуымен, қаладағы ұлттық-мәдени орталықтармен бірлесіп мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттауға бағытталған Абай, Шәкәрім, А. Байтұрсынұлы, Ғ. Мүсірепов, Б. Момышұлы, Ө. Жәнібеков, Т. Шевченко, А. Пушкин оқулары, «Славян жазуының күндері», «Үздік аудармашы», «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары», «Қазақ тілінің үздік оқытушысы», «Көрікті жарнама – көркем тіл», «Көркем сөз оқу шеберлері» атты конкурстар, «Ана тілім – ардағым» атты фестиваль өткізу дәстүрге айналған.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қатысты тақырыптарда түрлі семинарлар мен дөңгелек үстелдер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылып тұрады. Елбасы тарапынан тапсырылған «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында орыс ұлтының жастары арасында «Тіл – халық жанын танудың кілті», мемлекеттік тілді меңгерген ұлты өзге мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім», үш тілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын» сияқты шаралар өткізіледі.



Қазақстан халқының тілдерін үйрену. Қалада түрлі диаспора өкілдерінің ана тілін оқуына жағдайлар жасалған. Ұлттық-мәдени бірлестіктер өздерінің ана тілдерін оқытатын жексенбілік мектептері арқылы бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға тартылады, оларға арналған оқу құралдары әзірленіп, шығарылады.

Тілдердің үштұғырлы саясаты. Іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік және орыс тілдері қолданылады. Мемлекеттік қызметшілер үшін тегін ағылшын тілі курстары ұйымдастырылған.

Қаржыландыру. Алматы қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландыру көлемі 2007 жылы 65 539 мың теңгені, 2008 жылы − 113 460 мың теңгені, 2009 жылы − 124 075 мың теңгені, 2010 жылы – 175 105 мың теңгені, 2011 жылы – 185162 мың теңгені, 2012 жылы 190000 мың теңгені құрады;

Негізгі жағдайларға талдау.

Саланың ағымдағы және туындайтын мәселелердің ішіндегі түйткілділері келесілері:



    • қоғамның барлық саласында мемлекеттік тілдің жеткіліксіз қолданылуы;

    • мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді меңгеруге мүдделілікті арттыруға және іс жүргізуді толық көлемде мемлекеттік тілге көшіруді аяқтауға байланысты жұмыстардың тиісті деңгейде жүргізілмеуі;

    • мемлекетттік тілді меңгерген және оны жұмыста қолданатын мамандардың ынталандырылмауы;

    • Алматы қаласы әкімдігінің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының жұмысын жан-жақты жетілдіру және оның материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттігі.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдістемесі мен стандартының жоқтығы, қазақ тілі оқытушылары мен мамандарының дайындығының төмендігі, оқытудың инфрақұрылымды қызметінің бірыңғай стандартының жоқтығы, сонымен қатар, қоғамда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көтеру ісінде ынталандыру жүйесі және мониторинг үдерісінде мемлекеттік тілді сақтайтын фактор болып табылады.

Мемлекеттік тілді отбасылық құндылық ретінде беделін қолдану мен танымал етуде елдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігінде мемлекеттік тілді аясын кеңейтеді енгізу үдерісі басты фактор болып табылады.

Тілдік ортада толеранттылықты құру тілдік мәдениеттің даму саласында, қазақ тілі қоғамында лингвистика капиталын жақсарту, ономастика саласындағы мәселелерді шешу, сөйлеу және жазу мәдениетін жақсартуға ықпал етеді.


Стратегиялық бағыт 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры отандық ақпараттық кеңістік бәсекелестігін көтеру

Реттейтін саланы дамытудың негізгі параметрлері немесе қызмет салалары.

Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағаты құжаттық байлықтың басты қоймасы болып табылады. Алматы қаласының ОММ-ның қызметінің басым бағыты – мұрағат ісі мен құжат құрылымының, мұрағат қорын жинақтау мен оны орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру, деректер базасын құру, сақталуын қамтамасыз ету және мұрағат қоры құжаттарын кең пайдалануда біртұтас мемлекеттік саясатты орындау. Алматы қаласы мұрағат ісінің қазіргі кездегі жағдайының сан келбетіндегі келесі көрінісі: 01.01.2012 жылға мұрағат қор көлемі 744124 сақтау бірлігін, 1390 қорды құрайды. Оның құрамын қалыптастыру мен жүзеге асыру үрдісі үздіксіз жалғасуда. Толықтыру 397 жинақтау дереккөзі болып табылатын ұйымдардан, оның ішінде жеке меншік ұйымдармен қатар жаңа типтегі ұйымдар мен мекемелерден тұрады.

1982 жылдан бастап барлық мұрағаттар ыңғайландырылған ғимараттарда орналасқандықтан, олардың қоймалары құжаттарды тұрақты сақтау талаптарына сәйкес келмеді. Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағаты мен алты аудандық мұрағат қызметінде мұрағат қоймалары 120 пайызға толды, қала мұрағаттарын өрт сөндіру жүйесімен қамтамасыз ету жағдайы қолайсыз болды, құжаттарды сақтау температурасының ылғалдылық режимі оңтайлы болмады.



Табыстары мен жетістіктері. Осы мәселелерді шешу мақсатында «2006-2010 жж. Алматы қаласының мұрағат ісін дамыту» салалық аймақтық бағдарлама әзірленіп, Алматы қаласы мәслихатында қарастырылып және оның шешімімен бекітілді. Бағдарламаның өзекті мәселесінің бірі қаланың аумағында мамандандырылған мұрағат ғимаратын салу қарастырылды. 2008 жылы ғимарат құрылысы басталды. Ғимаратты тапсыру мерзімі 2010 жылдың желтоқсан айына белгіленді. Бірақ та экономикалық дағдарысқа байланысты аталған объектіні тапсыру 2011 жылдың желтоқсанына ауыстырылды.

2011 жылдың желтоқсанында Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында заманауи мұрағат құралдарымен жабдықталған, халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес, жалпы ауданы 22302,7 шаршы метрді құрайтын Алматы қаласының мемлекеттік мұрағатының арнайы жаңа ғимаратының ашылуы болды. Ғимарат халықтың құжаттық құндылықтарын, сонымен қатар қала тарихының аса құнды құжаттарын сақтауға және оларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған.

2012 жылғы мамыр айында «Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағаты» мен алты аудандық мұрағаты мамандандырылған жаңа ғимаратқа орын ауыстырды.Үш апта ішінде 780 мыңнан астам сақтау бірлігі, анықтамалық-ақпараттық қорының кітаптары мен брошюралары, жиһаздары, құрал-жабдықтары және т.б. мұрағат мүліктері көшірілді. Көшу кезінде де келушілерді қабылдау және жеке және заңды тұлғалардың сұранымдарын орындау тоқтатылмады.

Бұрын-соңды болмаған осындай аз уақыт аралығында аталған құжаттар көлемінің орны ауыстырылды. Мұрағат қорлары мен мүліктерін көшіру үшін арнайы көліктер пайдаланылды. Құжаттарды көшіруге дайындық бойынша барлық жұмыстар, түсіру мен тиеу орындары, мұрағаттар қызметкерлерінің бақылау жұмыстарын жүргізуімен және қауіпсіздік шараларының қатаң сақталынуымен жүзеге асырылды. Барлық қызметкерлердің бірлескен жұмысының барысында, қауіпсіздіктің қатаң шараларын және құжаттарды сақтау бойынша талаптар шараларын сақтау барысында, осы көшу аяқталды.

Мұрағат ғимаратының жаңа кешені барлық құжаттардың сақталуының оңтайлы шараларын ғана емес, сонымен бірге Алматы қаласы мұрағатының ақпараттық, ағартушылық қызметтерін қамтамасыз етуге шақырады.

9 қабатты ғимарат, оған қосымша құрылыспен тік бұрышты нысаннан тұрады, ғимараттың орталық 9 қабатты бөлігі мұрағат қоймаларынан тұрады.

Халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін заманауи мұрағат жабдығымен жабдықталған, құжаттық құндылықтарды сақтауға арналған ғимараттың жалпы ауданы 22,5 мың шаршы метр (әр түрлі – қағаз, электронды, үлдірлік жеткізгіштердегі мұрағат құжаттарын).

Бұл жерде: 200 орындық конференц-зал, оқу залы және «дөңгелек үстел» отырыстары үшін - кіші зал, микрофильмдерді қарау үшін бөлмелер, Алматы қаласы бойынша Ұлттық мұрағат қорының құнды бөлігін экспозициялау үшін холлдар, микрофильмдеу және құжаттарды қайта қалпына келтіру зертханалары қарастырылған. Климат-бақылау, өрт дабылнамасы мен газды өрт сөндіру жабдықтары, ғимаратты басқарудың автоматты жүйесі, бейнебақылау мен ғимаратқа рұқсатпен кіру жүйесі жән т.б. қарастырылған.

Жалпы ауданы - 7664 шаршы метрден тұратын 18 мұрағат қоймасы заманауи стеллаждармен жабдықталған. Мұрағатты заманауи техникамен жабдықтау мұрағат құжаттарын жаңа жеткізгіштерге ауыстыру жұмысын жандандыруға, жаңа мұрағат технологиясын енгізуге, мүмкіндік береді.

Қажетті қаржының және сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етудің болмауынан автоматтандырылған режимде ҰМҚ құжаттарын орталықтандырылған есепке алу мәселелері шешілмейді. Алматы қаласының ОММ «Мұрағаттық қор» бағдарламалық кешенінің 2 нұсқасын пайдаланады. ОММ қаржының бөлінбегенінен құжаттардың сақтандыру қорын құру жұмыс түрімен айналыспады.

Аса құнды құжаттарының көшірмесі сақтандыру қорын құру мұрағат құжаттарына қол жеткізумен қатар олардың сақталуын қамтамасыз ету міндеттерін шешеді.

Ұлттық мұрағат қоры қаланың экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын сипаттайтын жаңа құжаттармен толықты. 2011 жылы мұрағат мемлекеттік сақтауға әр түрлі жеткізгіштердегі құжаттама - 34467 сақтау бірлігі қабылданды (басқару – 7375, жеке құрам бойынша – 23125, бейнеқұжаттар – 12, фотоқұжаттар – 828, фоноқұжаттар - 9).

Бүгінгі таңда мұрағатшылардың жұмыс істеуіне жағдай жасалғандай, алдағы онжылдықтарға құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету етуге барлық жағдай жасалған.

Көшкеннен кейін Алматы қаласының ОММ мен аудандық мұрағаттарды біріктіру жүзеге асыру арқылы құжаттарды мемлекеттік есепке алудың қалалық жүйесін құруға, мұрағаттық қорларға ғылыми-анықтамалық аппаратты тәртіпке келтіруге және жетілдіруге, істердің қозғалысын рәсімдеуде тәртіпті қамтамасыз етуді және қоймалардың санитарлық жағдайы параметрлерін сақтауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде келушілер үшін «бір терезе» режимінде «анықтама үстелінің» жұмысы, жеке және заңды тұлғалар сұранымдары бойынша өтініштерін қабылдау ұйымдастырылды. Жинақтау орталықтандырылды, осы ведомстволармен құжаттаманы ұйымдастыру бойынша конструктивті диалогті және құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыруды жетілдіруге мүмкіндік береді.

«2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы үшін тарихи мәдени құндылықтары бар Алматы қаласының тарихы бойынша XVII-XX ғасырлардағы құжаттарды іздестіру және көшірмелерін иелікке алу» салалық бағдарламасын орындау үрдісінде Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Францияның мұрағаттары мен ғылыми орталықтарынан Қазақстан тарихы бойынша құжаттар көшірмесі іздеп-табылып, иелікке алынды. Жетісу өлкесі мен Алматы қаласынның тарихы бойынша иелікке алынған құжаттар көшірмесі ҚР ҰМҚ құрамы мен мазмұнын едәуір байыта түсті.Бағдарламаны жүзеге асыру уақытында 616 сақтау бірлігі иелікке алынды.

Қытай мұрағаттарынан иелікке алынған құжаттар көшірмесінің негізінде келесі құжаттар жинағы: «Қазақстан тарихына байланысты манжұр тілді кейбір мұрағат құжаттары мен жазба деректемелері», «Қазақтардың Шыңжаң және Монгол жерлеріне қоныс аудару тарихына байланысты Қытай мұрағат құжаттары» басылып шығарылды.

Халықтың мәдени құндылықтарға заманауи ыңғайлы форматта қол жеткізуін кеңейтетін жаңа технологияларды енгізу, сандық форматқа құжаттарды ауыстыру үрдісін одан әрі жетілдіруді, сәйкес интернет ресурстарды сапалы контентпен қамтамасыз етуді талап етеді.

Басқарма қызметкерлері «Мұрағаттық анықтамаларды беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін әзірлеп, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен келісілді. Бұл құжаттың жаңаша жағы өтінуші электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы автоматты режимде қызметті ала алады, орындау үрдісінде құжаттардың өтуін бақылай алады, сонымен қатар қызметті мұрағат арқылы ғана емес, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы да алуға болады.



Қаржыландыру.

Алматы қаласының жергілікті бюджетінен мұрағат саласын қаржыландыру көлемі 2008 жылы 123201,5 мың теңгені, 2009 жылы − 135317 мың теңгені, 2010 жылы − 133093 мың теңгені, 2011 жылы – 139359 мың теңгені, 2012 жылы – 225 885 мың теңгені құрады;.



Негізгі жағдайларға талдау.

Саланың ағымдағы және туындайтын мәселелердің ішіндегі түйткілділері келесілері:



Біріншіден, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы түсетін сұранымның көбейіп отырған санын уақытылы және сапалы орындауға мүмкіндік беретін біртұтас деректер базасын құру;

Екіншіден, мемлекеттік сақтауға тапсыру үшін ведомствалық мұрағаттағы құжаттарды дайындау және сақтау мәселесін тиімді шешу мақсатында басқару қызметін құжаттық қамтамасыз етудің нормалары мен принциптерін заңдылығын нығайту;

Үшіншіден, Алматы қаласының ОММ жеткілікті штат санымен қамтамасыз ету, жұмысшылардың біліктілігін көтеру;

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Тұрақты қызмет жасайтын курстар мен семинарлар болмағандықтан, кадр құрамын сапалы қалыптастыруға, қызметкерлердің біліктілігін көтеруге мұрағат мекемелерінде көңіл бөлінбейді. Бүкіл россиялық құжаттану мен мұрағат ісін ғылыми-зерттеу институты ТМД елдері үшін осы мәселелер бойынша базалық ұйым болып табылғандықтан, аталған курстар мен семинарларды өткізеді.

Республикада мұрағат ісін дамыту үрдісінің маңызды факторы заманауи мұрағаттық ақпараттық жүйесін меңгерген құжаттану мен мұрағаттану саласында мамандарды дайындау мен қайта дайындау орталығын құру болып табылады. Сонымен қатар жоғарғы оқу орындарында тарих мамандығын мұрағат ісін есепке ала отырып түлектерді дайындау арқылы архивист мамандығын жариялау мен дәрежесін көтеру үшін жағдай құру.

2012 жылғы 01 қаңтар жағдайы бойынша қала мұрағат мекемелері қызметкерлерінің жалпы саны 167 адамды құрады, оның ішінде мамандар – 127, оның жоғары білімі барлары – 94. Бірақ та тарихшы-мұрағатшы, тарихшы, құжаттанушы мамандар саны - барлығы 28.

Мүұрағат мекемелерінің тұрақты мамандар құрамын қамтамасыз ету аумағында мәселелерді шешу, білікті мамандарды сақтау және тарту, мұрағатшылардың кәсібін көтеру басымды болып табылады.
3 Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер,

мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері

3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері

Стратегиялық бағыт 1. Қазақстан халқының бірлігі факторы ретінде толерантты тілдік орта құру

Мақсат 1.1. Мемлекеттік тілді және Алматы қаласының лингвистикалық капиталын дамыту

Аталған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары 002



Мақсатты индикатор (жету (кезеңі) соңғы мерзімі көрсетілген)

ақпарат көзі

өлшем бірлігі

оның ішінде аралық мәндерді көрсете отырып

есепті кезең

жоспарлы кезең

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

Алматы қаласындағы мемлекеттік тілді меңгерген ересектердің үлесі

әлеуметтік зерттеулер

%

60

60,5

61

61,5

62

63

64

Алматы қаласындағы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген ересектердің үлесі

әлеуметтік зерттеулер

%

1,5

4,5

5

5,5

6

6,5

7

Мақсатты индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары және әдістері




1.1.1 міндет Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіруші қызметін кеңейту




Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

ақпарат көзі

өлшем бірлігі

есепті кезең

жоспарлы кезең




2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




Мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің негізгі салаларында сұранысқа ие болу деңгейі

әлеуметтік зерттеулер

%

52

53

55

58

61

63

65




Мемлекеттік органдардың жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлемі

құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізу үрдісінің мониторингі

%

66

73

75

77

78

79

80




Көрнекі ақпараттың орындалуын бақылаудың аймақты қамту дәрежесі

тексеру мәліметтері

%

75

75,5

76

77

78

79

80




Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңде орындау мерзімі




2011

2012

2013

2014

2015




1

2

3

4

5

6




Әдістемелік материалдар әзірлеу, басу және шығару

Х

Х

Х

Х

Х




Алматы қаласы әкімдігінің жанында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыру

Х

Х

Х

Х

Х




Оқытудың заманауи инновациялық әдістерін қолдану жөнінде семинар-тренингтер және басқа іс-шаралар ұйымдастыру

Х

Х

Х

Х

Х




1.1.2 міндет Алматы қаласының лингвистикалық капиталын сақтау




Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

ақпарат көзі

өлшем бірлігі

есепті кезең

жоспарлы кезең




2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




Алматы қаласындағы орыс тілін меңгерген ересектердің үлесі

әлеуметтік зерттеулер

%

88

89

89,2

89,4

89,6

89,8

90




Алматы қаласындағы ағылшын тілін меңгерген ересектердің үлесі

әлеуметтік зерттеулер

%

1,5

4,5

5

5,5

6

6,5

7




Ұлттық-мәдени орталықтар жанындағы курстарда ана тілдерін оқитын этникалық топ өкілдерінің үлесі

әлеуметтік зерттеулер

%

24

24

24

25

26

27

27




Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңде орындау мерзімі




2011

2012

2013

2014

2015




1

2

3

4

5

6




Мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері бойынша әр-түрлі іс-шаралар өткізу

Х

Х

Х

Х

Х




Алматы қаласындағы тілдік ахуалға әлеуметтік зерттеулер жүргізу

Х

Х

Х

Х

Х




Ұлттық-мәдени бірлестіктер жанында ана тілдерін оқытатын курстар ұйымдастыру

Х

Х

Х

Х

Х




1.1.3 міндет Әйелдердің жағдайын жақсарту және мүмкіндіктерін кеңейту




Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

ақпарат көзі

өлшем бірлігі

есепті кезең

жоспарлы кезең




2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




Басшылық қызметтегі әйелдер саны

статистика-

лық деректер






1

1

1

2

2

2

2




Басшылық қызмет маман-дар резервіне әйелдерді енгізу

статистика-

лық деректер






-

-

-

-

1

1

1




Кәсіпкерлік біліктілігін арттыру

статистика-

лық деректер






4

4

4

6

5

6

6




Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңде орындау мерзімі




2011

2012

2013

2014

2015




1

2

3

4

5

6




Қоғамдық-саяси өмірге жан-жақты ат салысу

Х

Х

Х

Х

Х




Әйелдердің қызметтік сатымен жоғарлауы бойынша оқулар мен тренингтер өткізу

Х

Х

Х

Х

Х




Магистратурада және аспирантурада оқуды жалғастыру

Х

Х

Х

Х

Х





Стратегиялық бағыт 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры отандық ақпараттық кеңістік бәсекелестігін көтеру

Мақсат 2.1 Алматы қаласы мұрағат ісін жүзеге асырудың тиімділігін көтеру

Аталған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары 003



Мақсатты индикатор (жету (кезеңі) соңғы мерзімі көрсетілген)

ақпарат көзі

өлшем бірлігі

оның ішінде аралық мәндерді көрсете отырып

есепті кезең

жоспарлы кезең

2009

2010


2011

2012

2013

2014

2015

Ұлттық мұрағат қоры көлемін ұлғайту


Ведомстваға қарасты ұйымның есебі

мың

сақт.


бірл.

7087

6946

7500

9000


10000

11000

12000

Мақсатты индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары және әдістері




2.1.1 міндет Ұлттық мұрағат қоры және жеке құрам бойынша құжаттар құрамы мен мазмұнын толықтыру, сақталуын қамтамасыз ету




Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

ақпарат көзі

өлшем бірлігі

есепті кезең

жоспарлы кезең




2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




Автоматтандырылған есепке алу-ақпараттық іздеу жүйесіне енгізілген мұрағат қорларының үлесі

ведомстваға қарасты ұйымның есебі

%

-

-

-

5

10

15

20




Қабылдауға жататын құжаттаманың жалпы көлемінен мемлекеттік мұрағатқа қабылданған құжаттардың үлесі


ведомстваға қарасты ұйымның есебі

%

10,9

10,7

11,5

12,3

13,8

15,4

16,9




Мемлекеттік мұрағатта сақтаудың негізгі құралдарын жыл сайын жаңарту

ведомстваға қарасты ұйымның есебі

%

-

-

-

-

-

-

-




Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңде орындау мерзімі




2011

2012

2013

2014

2015




1

2

3

4

5

6




Ұлттық мұрағат қоры және жеке құрам бойынша құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету

Х

Х

Х

Х

Х




Ұлттық мұрағат қоры құрамын қалыптастыру

Х

Х

Х

Х

Х




Мемлекеттік мұрағаттың материалдық-техникалық базасын жаңарту

Х

Х

Х

Х

Х




Мұрағат қорлары мен деректер базасына автоматтандырылған ғылыми-анықтамалық аппаратты құру және енгізу

Х

Х

Х

Х

Х




2.1.2 міндет Ұлттық мұрағат қоры ресурстарына қолданушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ету




Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

ақпарат көзі

өлшем бірлігі

есепті кезең

жоспарлы кезең




2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




Мұрағаттық ақпаратпен қолданушылардың қанағаттандырарлық сұранымдарының үлесі

ведомстваға қарасты ұйымның есебі

%

66,7

65,9

81,0

82

83

84

85




Тағайындалған мерзімде орындалған әлеуметтік-құқықтық сұранымдардың үлесі

ведомстваға қарасты ұйымның есебі

%

100

100

100

100

100

100

100




Сандық форматқа ауысты-

рылған Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының үлесі



ведомстваға қарасты ұйымның есебі

%

0,1

0,1

0,1

0,5

2

5

8




Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үлесі

ведомстваға қарасты ұйымның есебі

%

-

-

-

10

20

30

40




Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңде орындау мерзімі




2011

2012

2013

2014

2015




1

2

3

4

5

6




Мемлекеттік мұрағатта сақтаудағы ҰМҚ құжаттарын тиімді пайдалану бойынша іс-шаралар өткізу (мұрағат құжаттар жинағы, анықтамалар, көрмлер)

Х

Х

Х

Х

Х




Сандық форматқа ҰМҚ құжаттарын ауыстыру

Х

Х

Х

Х

Х




Мемлекеттік мұрағат қызметін жариялау бойынша

іс-шаралар өткізу (теле-радио бағдарламалар, БАҚ басылымында жариялау, тұрақты қызметтегі тақырыптық көрмелер, республикалық семинарлар)



Х

Х

Х

Х

Х




ХҚКО бірлесіп «Мұроағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар өткізу

Х

Х

Х

Х

Х





3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен бағыттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі


Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары және мақсаттары

Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжат атауы

Стратегиялық бағыт

  1. Қазақстан халқының бірлігі факторы ретінде толерантты тілдік орта құру

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры отандық ақпараттық кеңістік бәсекелестігін көтеру

2.1 Мемлекеттік тілді және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту;

2.2 Мұрағат қоры ресурстарына халықтың қол жеткізуін кеңейту. Мұрағат қоры құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету;



Ұлт бірлігі доктринасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы


4. Қызметтік мүмкіндіктерді дамыту




Мемлекеттік органның стратегиялық бағытының атауы, мақсаты мен міндеттері

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты мен мақсатын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру кезеңі

1.

1 Стратегиялық бағыт:

Қазақстан халқының бірлігі факторы ретінде толерантты тілдік орта құру



1.1. Мақсаты: Мемлекеттік тілді және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту

1.1.1.-міндет. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникатив-тік және біріктіруші қызметін кеңейту

1.1.2-міндет. Алматы қаласының лингвистикалық капиталын сақтау

1.1.3-міндет. Әйелдердің жағдайын жақсарту және мүмкіндіктерін кеңейту



2 Стратегиялық бағыт:

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры отандық ақпараттық кеңістік бәсекелестігін көтеру

2.1. Мақсаты: Алматы қаласы мұрағат ісін жүзеге асырудың тиімділігін көтеру

2.1.1 міндет Ұлттық мұрағат қоры және жеке құрам бойынша құжаттар құрамы мен мазмұнын толықтыру, сақталуын қамтамасыз ету;

2.1.2 міндет Ұлттық мұрағат қоры ресурстарына қолданушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ету

Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру мақсатында қызметтің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар қолға алынады:

Басқарма қызметкерлерінің жұмысының сапасын арттыру;

мемлекеттік қызметшілердің жұмысының сапасын бағалау жүйесін енгізу;

мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру;

бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген қаржыны тиімді және мақсатты пайдалану;

өмірдің түрлі саласында мемлекеттік тілді қолдану мәселесі бойынша аймақ аралық тәжірибе алмасу;

семинарлар ұйымдастыру.
- ведомствалық мұрағаттар және құжаттаманы басқару қызметі жұмысына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, қала мұрағат мекемелеріне бекітілген құжаттарды тапсыру тәртібін сақтауды қамтамасыз ету;

- мұрағат ісі қызметі мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді сақтау және енгізу;

- мемлекеттік, ведомствалық мұрағаттар мен қызметтердің озың тәжірибелерін зерделеу және тарату;

- мемлекеттік мұрағат мекемелері, ведомствалық және жеке меншік мұрағаттар қызметіне есепке алу, сақтауды ұйымдастыру және құжаттарды пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтер мен стандарттарды енгізу;

- ақпараттық технологияларды енгізу және Алматы қаласының ОММ қызметін автоматтандыру;


2011-2015


5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл




Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара

іс-қимылды талап ететін міндеттер көрсеткіші

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасалатын мемлекеттік орган

Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралар

1.

Стратегиялық бағыт: Қазақстан халқының бірлігі факторы ретінде толерантты тілдік орта құру

2.

Мақсаты: Мемлекеттік тілді және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту

3.

1.1.1-міндет. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіруші қызметін кеңейту


Мемлекеттік органдар, аудан әкімдері

Аймақта мемлекеттік тілдің дамуына, оның іс жүргізу тілі ретінде қолданылуына ықпал ететін шараларды іске асыру

4.

1.1.2-міндет. Алматы қаласында көп тілділікті сақтау және ағылшын тілін үйренуге жағдай жасау

Мемлекеттік органдар, білім басқармасы,

аудан әкімдері



Тұрғындарға ағылшын тілін оқыту, Алматы қаласындағы барлық диаспора тілдерінің дамуын қолдау бағытында іс-шаралар өткізу

5.

1.1.3-міндет. Әйелдердің жағдайын жақсарту және мүмкіндіктерін кеңейту

Алматы қаласы әкімдігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алматы қаласы бойынша басқармасы;

Қоғамдық-саяси өмірге жан-жақты ат салысу;

6.

Стратегиялық бағыт: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры отандық ақпараттық кеңістік бәсекелестігін көтеру

7.

Мақсаты: Алматы қаласының мұрағат қоры ресурстарына қолданушылардың қол жеткізулерін кеңейту


8.

2.1.1 міндет Ұлттық мұрағат қоры және жеке құрам бойынша құжаттар құрамы мен мазмұнын толықтыру, сақталуын қамтамасыз ету;

Алматы қаласының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдары мен мекемелері

Басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету нормалары мен принциптерін заңды бекіту

9.

2.1.2 міндет Ұлттық мұрағат қоры ресурстарына қолданушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ету

Алматы қаласының ОММ, ХҚКО

Мұрағат қорлары мен деректер базасына автоматтандырылған ғылыми-анықтамалық аппаратты құру және енгізу






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет