Алматы облысы Қарасай ауданы Кенен Әзірбаев атындағы орта мектеп кмм ағылшын тілі пәнінен



Дата26.08.2017
өлшемі105,54 Kb.


Алматы облысы Қарасай ауданы

Кенен Әзірбаев атындағы орта мектеп КММ
Ағылшын тілі пәнінен

Елтанудан 5-11 сыныптарға арналған

English Speaking Countries”



Факультатив (таңдау) курсының

авторлық бағдарламасы
Бағдарлама құрастырушы:

ағылшын тілі пәнінің І-санатты

мұғалімі Калиева А.Е.

Түсінік хат

«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаңа саясатқа кірудің басты кілті » Н.Ә.Назарбаев
«Елтану» курсының бағдарламасы оқушылардың ағылшын тілі пәнінен сабақтан алған білімдерін тереңдету, ой өрісін кеңейту, тілін оқып жатқан елдердің саяси, мәдени өмірін, білім беру жүйесін, салт -дәстүрін тереңірек таныстыруды көздейді. Бағдарлама оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын байытып, басқа елдердің тілін, салт – дәстүрін құрметтеуге тәрбиелейді. «Елтану» курсының бағдарламасы 34 сағатқа есептелген. Әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер қоғамның барлық салаларына, әсіресе білім беру саласына айтарлықтай өзгерістер алып келді. Халықаралық қарым-қатынастардың кеңеюі, біздің еліміздің әлемдік қоғамдастыққа кіруі шет тілін шын мәнінде мемлекетке , қоғамның және жеке тұлғаның білуіне талап етілетін болды. Шетел тілі оқушылардың интеллектісін дамыту, ұлттық мәдениеті мен олардың жалпы білім беру деңгейін дамыту үшін маңызды құралы ретінде, адамдардың өзара түсінік қалыптастыруға , қарым-қатынас ретінде іске айналды. Ағылшын тілін меңгеру үшін сөздер мен грамматиканы ғана үйрену жеткіліксіз, сондықтан осы елдің мәдениетімен, әдебиетімен және тарихымен танысу арқылы тереңірек меңгеруге болады.

Курстың мақсаты коммуникативтік құзыреттілігін және оның компоненттерін дамыту болып табылады.Лингвистикалық, социолингвистикалық, әлеуметтік-мәдени, стратегиялық, дискурстық және әлеуметтік құзыретін арттыру. Өз бетінше оқыту қызметінің дағдыларын дамыту. Оқушылардың бойына қарым-қатынасты дамыту.

Курстың міндеттері:

Біліктілік:

  • Дарынды және талантты оқушылардың қабілетін ашу.

1

  • Оқушының танымдық және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру.

  • Алған білімдерін өмірде болып жатқан өзгерістермен байланыстыра отырып, өз ойларын, пікірлерін айта білуге үйрету және өздік жұмыс жасауына ықпал жасау.

Дамытушылық:

  • Оқушылардың білімдерін және шығармашылық қызығушылығын дамыту, іздеңімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

  • Басқа халықтардың тарихи-этнографиялық, қоғамдық және әлеуметтік экономикалық мәселелерді оқып үйренуді қалыптастыру.

  • Сөздік қорын байыту. Еркін сөйлеуге баулу.

Тәрбиелік:

  • Өз елін сүйе отырып, өзге елді құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Білімді, жан-жақты тәрбиелі, қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес азаматтарын тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Осы курсты меңгере отырып, дарынды және талантты оқушылардың қабілеттері ашылады және интеллектуалдық дағдылары қалыптасады.

  • Алған білімдерін өмірде болып жатқан өзгерістермен байланыстырып қана қоймай, өз пікірлерін айта біледі.

  • Шығармашылық, қызығушылық, ізденімпаздық қасиеттері дамиды. Мәдениетті тұлға болып қалыптасады және де ел танып білуге деген құштарлығы ынта-ықыласы артады.


Елтану курсының мазмұны:

«Елтану» курсының бағдарламасы 34 сағатқа есептелген. Оқу жоспары 4 тараудан тұрады. Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, (география, саясат, экономика, олардың мәдени ерекшеліктері мен көрікті жерлері, ел тарихының негізгі кезеңдері, саяхат).



2

Оқушыларға білімін зерттеу саласында өз қабілеттерін анықтауға мүмкіндік туғызу.

-Мұғалімге пәнаралық байланысты пайдалану (ағылшын тілі - география, ағылшын тілі-тарих, ағылшын тілі- информатика, ағылшын тілі - әдебиет) және талдау, салыстыру үшін бір-жақты және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Курстың негізгі мақсаты коммуникативтік бағдар болғандықтан,әр сабақты оқыту әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануға негізделеді. Әрбір оқушы жұмысты орындау үшін жеке дара немесе топпен қатыса алады. Сабақты ұйымдастыру барысында интерактивті әдістерін мақсатты түрде қолдану көзделеді.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін, оларға ынталандыру, іздену және зерттеу сипатындағы әдістерін үйрету жетекші орын алады.

Оқыту нысандары оқытудың инновациялық педагогикалық технологияларына бағытталған (коммуникациялық-бағытталған топтық жұмыс, жобалау және ғылыми-зерттеу, жеке шығармашылық қызметі).

Елтану курсы бойынша зерттеу соңында оқушылар деңгейін үшін талаптарды

Тілдік құзыреттіліктер.

Графика мен емле. Пән бойынша жаңа лексиканы жазу.

Артикуляция аспектісі. Әр түрлі интонация үлгілерін пайдалана отырып меңгеру.

Лексикалық сөйлеу аспектісі. Негізгі мектепте таңдалған профильдің тақырыптары бойынша 1000 лексикалық бірлік қолданылады.

Грамматикалық сөйлеу аспектісі. Жанама сөйлеу, шақтардың қиылысуы, етістіктің формалары, салыстырмалы сын есімдер, ырықсыз етіс.

Сөз құзыреті.

Сөйлеу. Монологтардың барлық түрлері.Сөйлеу этикет нормаларын сақтай отырып талқылау және әңгімелеу түрінде мәдени, білім беру және кәсіби

3

салаларда ресми және бейресми қарым-қатынас жағдайларда қолданылады.



Тыңдау.

Таңдалған тақырыптың шеңберінде аудио / бейне мәтіндерді тыңдап қажетті ақпарат алу, олардың функцияларын анықтау үшін лексикалық және грамматикалық құбылыстарды табу.



Оқу. Түрлі жанрдағы шынайы мәтіндерді , түрлі стратегияларды пайдалана отырып оқу. Кәсіби мәтіндерді шет тілінен ана тіліне аудару

Хат. Оқып жатқан ел туралы (ауызша / жазбаша), мәтіннен алынған қысқаша ақпаратты мазмұндау. Реферат жазу, мәтіннің үзінділері түрінде мәтін сипаттамаларын жазу.

Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік.

Әйгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, суретшілер.Олардың ұлттық және әлемдік мәдениетінің дамуына қосқан үлесі.

Бақылау материалдары тиісті, әрбір тақырыптан кейін лексикалық тесттер, жобаларды қорғау, жеке және топтық хабарлар, тақырыптар бойынша баяндамалар, рефераттар қорғау.
Пән аралық байланыс:

География, тарих, информатика, әдебиет, биология, құқық негіздері, өнер, экономика, экология.

Ақпараттық анықтама:

Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: 1 жыл

Оқыту мерзімі: 2015-2016 оқу жылы

Жас ерекшеліктері: 5-11 сыныптар (11-16 жас аралығы)

Апта жүктемесі: 1 сағат

Жылдық сағат саны: 34 сағат



4

Курстың тақырыптық-күнтізбелік жоспары :




Бағдарламаның тақырыбы

Сағат

саны

Уақыты




І тарау







1

English speaking countries.

1




2-3

The United Kingdom

2




4-5

The USA

2




6

Canada

1




7

Australia

1




8

New Zealand

1




9

Revision lesson

1







ІІ тарау







10

National symbols

1




11

Political system of Great Britain

1




12

The British Parliament and the electoral system

1




13

The British Monarchy

1




14

Political Parties

1




15

Mass media

1




16

Test

1



















ІІІ тарау







17

Climate

1




18

Wildlife

1




19

Population

1




20

Education

1




21

Life at college and university

1




22

Secondary education

1




23

Sightseeing of England

1




24

Bugchingam Palace

1




25

Art Galleries and museums.

1




26

Theatres

1







ІV тарау







27

Holidays

1




28

Customs and traditions

1




29

Literature. Famous writers.

1




30

William Shakespeare

1




31

Charles Dickens

1




32

Robert Burns

1




33

Music

1




34

Conclusion lesson

1





6

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Английский язык для школьников и поступающих в ВУЗы» Цветкова И.В., Клепальченко И.А., Мыльцева Н.А. издательство «Глосса» 1997.

  2. «Ағылшын тілі ҰБТ-ға дайындық оқулық – тесті» Шың кітап Алматы, 2012.

  3. «Счастливый английский» книга 2, Клементьева Т.Б., Шэннон Т.Б., издательство «Титул» 2001

  4. «Счастливый английский – 2» книга для чтения, Клементьева Т.Б., Шэннон Т.Б., издательство «Титул» 2001

  5. «Английский язык » 5-ый год обучения Старков А.П.,

Островский Б.С. москва АСТ – Астрель Санкт-Петербург СпецЛит 2005

  1. «Английский язык » 6-ый год обучения Старков А.П.,

Островский Б.С. москва АСТ – Астрель Санкт-Петербург СпецЛит 2005

  1. «Английский язык » 7-ый год обучения Старков А.П.,

Островский Б.С. москва АСТ – Астрель Санкт-Петербург СпецЛит 2005

  1. «55 устных тем по английскому языку для школьников» Москва, Дрофа 2011.

  2. «Весь мир: Страны и столицы» ( Энциклопедический справочник), Т. Л. Шереметьева,Т. О. Рагозина. Минск, Харвест 2004


Интернет – ресурс:


  1. http://en.wikipedia.org/

  2. http://www.historic-uk.com/

  3. http://www.bbc.co.uk/

  4. http://www.guardian.co.uk/

7

  1. http://www.thetimes.co.uk/tto/news/

  2. http://www.1september.ru/

  3. http://www.englishteachers.ru/

  4. http://www.homeenglish.ru/


8


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет