Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы



Дата27.12.2016
өлшемі265,34 Kb.
#5884
Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

М.Мақатаев мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Манапова Айгуль Аршиновна
Дидактикалық материалдар

(5-7 сыныптар)

Кіріспе

Тілде талай – талай қызық, алуан сыр бар.Оны тек тіл ғылымын терең түсінген ғана біледі.Ол үшін ерінбей,жалықпай оқу керек.



Біздің ана – тіліміз сөздік қоры бай, мағынаға мол,оралымды тіл.

Тіл қоғаммен бірге жасайды.Қоғам жаңарып, тіліміздің қорына жаңа сөздер енеді.Сөздердің жасалуы бір заңдылықпен жүзеге асады.Сондықтан оқушыларға тіл сабағын қызықты да тартымды өткізу керек.Ол үшін сарамандық тапсырмалар, қызықты ойындар жиі жүргізілуі қажет.

Сөйтіп, әр тарауға, әр тақырыпқа құрылған сарамандық материалдар көп шығарылса, тіл мен әдебиетке деген қызығушылық артар еді демекпін.

Сарамандық тапсырма

Зат есім

№ 1


Берілген сөздерден туынды зат есімдерді тауып астын сыз.

Тау, егін, егемендік, әжесі , қайырымдылық, келін, күрек, балта, зауыт, оқулық, ұшқыш, дәптер, бор, дабыл, бәйге , жылан.

№2

Төменде берілген сөздерді бірде заттық, бірде сындық, бірде етістік мағынасында қолданып, сөйлем құрастырып жаз.



Үлгі: Жаз болды. Сен дәптеріңе жаз. Жаз, күл, тақ ,жақ, ақ.

№ 3


Жалпы есімдерді тауып, астын сыз.

Тау, Алтай, Гүлнұр, дәптер, оқулық, Шолпан, батыр, сен, адам, өсімдік, Қарағанды, Алатау.

№ 4

Берілген сөйлемді оқып, зат есімдерді тап. Мағынасын түсіндір.



1. Ала мысық алаңсыз еді. 2. Смағұлдың ұйқысы шайдай ашылды. 3. Әр ағаштың бұтақтары да әр түрлі екен. 4. Бөлме іші тым – тырыс. 5. Жұрт әлгі әншіні сахнаға шақырады.

№ 5


Ілік септігінің жалғаулары жалғанатын сөздерді ойлап жаз.

№ 6


Берілген сөздерге оның тұсындағы жұрнақтардың тиістісін қойып, олардан басқа мағыналы зат есімдер пайда болғанын аңғар.

Оқу, егін, өн - шылық, - іс,– лық.

Шаруа, өндір - ші, - ім, - ын

Су, ер, от - шылық, - ғыншы

қу, біл, жақсы - лық, - лік, - ім

№ 7


Атау тұлғада тұрып көптік мағына білдіретін қандай сөздерді білесің. Мысал келтір. Үлгі: халық, шаш.

№ 8


Сөйлем ішінен тәуелденіп тұрған зат есімді тауып, түсіндіріп айт.

1. Әкесі қауын егіп, күрке жасады. 2. Азанда оянсам, апам күндегідей мақталыққа кетіп қалыпты. 3. Ала мысықтың төсегі жұмсақ. 4. Дәулет көкесі екеуі ауыл сыртындағы тоғайды аралап келе жатты. 5. Әр ағаштың бұтақтары да әр түрлі екен. 6. Ол – денесі шағын, түсі солғын, қара жолағы мен секпілі бар әдемі, қоңыр торғай.

№9

Берілген мысалға талдау жасап, тәуелдіктің бірінші жағынан кейін жіктік жалғауының қай жағы жалғанғанын түсіндір



Сен шәкіртімсің Сен інімсің

Сен жиенімсің Сен ағамсыз

Сіз ұзтазымсыз Ол ағам

Сендер шәкірттерімсіңдер.Сендер ағаларымсыңдар.

Сіздер ұстаздарымсыздар.Сіздер жерлестерімсіздер.

№10


























































К әрпімен басталып, сол к әрпіне аяқталатын

зат есімдер тауып, берілген шақпақты кім тез толтыра алады?

1.1,2,3 және 5 буыннан құралған бес зат есім.

2.Құрамында 3 а дыбысы келетін бірнеше сөз тауып жазыңдар.

3.Сызбадағы сөздердің бірінші әрпі қалдырылып жазылған.Берілген сөздің барлығына ортақ сол әріпті шеңбер ішіне тауып қойыңдар.


Сын есім

№1

Берілген сөздерден туынды сын есімдерді тауып астын сыз.



1.Күн бұлт, әлі жел соғып тұр. 2.Қанат есін жиып түрекелсе, балалы аю дегенінің бірі үлкен, бірі кіші екі қаңбақ екен. 3.Аспан шайдай ашық. 4.Қанаттың қабаған күшігі Ақтөс те қорқады. 5.Кейбір сидиған бойшаң бұталар күннің көзіне қасақана тұрып алып, оған сәуле түсірмеуге тырысады.

№2


Төменде берілген зат есім сөздерінің алдына сапалық сынын білдіретін сөздерді ойлап жазып, олардың сөйлемде қандай мүше болатынын ажырат.

Үлгі:Әдемі білезік қыздарға жарасып-ақ тұр.

Орамал,мектеп,қалам,нан,сүлгі,тон өсімдік,жануар,сөмке, өнім,сақина,жол, садақ.

№3

Төмендегі берілген сын есімдердің мағыналарын анықтап, олардың жанына заттың атын білдіретін сөздерді қосып жаз. Олардың қандай сын есімдер екенін түсіндір



Үлгі:Әдемі,көйлек,сұлу қыз.

Әдемі ,сұлу, тұщы,момын тар, жұқа, бұйра, қараңғы,талапты, сәнқой, дәмді,қою,терең,биік адал,жас,қорқақ

№4

Біріккен атау болу үшін қандай сын есімдер керек?



… бөкен,… төбе,…арқа,… бота,…тау,…көл,… жөтел,… қат,…қат,… қу,…торғай.

№5

- шақ,-шек,-улы,-улі жұрнақтары арқылы сын есім жаса.



№6

Сын есімнің қосымшаларын сызықша арқылы бөліп жаз.

Үлгі:сый-лы,қонақ-шыл…

Сыйлы, қонақшыл,бәтуасыз, қайғылы, тіртіпті, шұбырынды, щұрайлы,сыйлас, көңілшек, ажарлы, сыртқы, мемлекеттік, күдікті,ақылды.

№7

Берілген сын есімдерден түбірлес сөз өрбітіп жаз.



Үлгі:Көк-көкшіл-көкше-көгілдір.

Сары,ақ,кіші,сұр.

№8

Сөйлемдерден сын есімді тауып олар сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын ажырат.Жақша ішіндегі сын есімдердің алдындағы сөздермен қалай бірге, бөлек жазылатынын түсіндір.



1.Құралай қара (ала) мысығын сипалап, ештеңені сезбеген кісіше терезеге қарап отыр.

2.Қызыл (ала) қызғалдағым,сені жақсы көріп отырмын.

3.Менің досым – қайқы мұрынды , кең танаулы, ұзын қасты, қара (сұр) қазақ жігіті. №9

Бұл қызық

«Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың» (Абай) деген сөйлемдегі сөздердің бәрі де жалғаулы сөздер екен.Ал олар қай жалғаулар?

Сан есім


№1

Төмендегі цифрмен берілген есептік сан есімдерді сөзбен жазып, олар құрамына қарай қандай сан есімдер екенін түсіндіру.

Үлгі:алты (дара сан есім)

6,9,12,14,16,23,69,189

№2

Берілген сөйлемдердегі сөзбен жазылған сан есімдерді цифрмен жазып, ондағы қосымшалар қалай жазылатындағын түсіндір



1.Алтау ала болса,ауыздағы кетеді.Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

2.Бір көлде он екіден қаз ойнайды.Алсам деп бірін – бірі наз ойлады.

№3

Берілген есептік сан есімдерді болжалдық сан есімдерге және жинақтау сан есіміне айналдырып жаз. Екі,бес,жеті,он үш, жиырма,төрт,он бір,сегіз,қырық,алпыс,сексен,алты,бір,



жетпіс,жиырма үш.

№ 4


Төмендегі сөздердің жазылуына қарап, жай саннан кейін дефис бірде қойылып, бірде қойылмай жазылу себебін түсіндіру.

6- мектеп ( алтыншы мектеп)

5- мектеп (бес мектеп)

7- бригада ( жетінші )


№ 5


Үлгідегі сөздердің жазылу емлесіне қарап, бақылау диктантында қатең болса түзеп жаз. Олардың жазылу емлесін оқулықтан қайталап оқы.

Үлгі: отыз – даған емес, отыздаған (болжалдық сан есім, дефиссіз жазылады.)

№ 6

Үлгі : берілген мысалдарға қарап, болжалдық сан есімдердің жазылу емлесін түсіндіру.



Үлгі: Бес – алты адам. 20-30 оқушы.

№ 7


Сан есімдер сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айт және қандай мүше бола алатынын түсіндір.

  1. Біздің көргеніміз – төртеу.

  2. Жиырма бос маған тағы қайтып келді.

Есіңе сақта

Сөз құрамына, лексика – грамматикалық мағынасына талдаудың сызбасы.
Зат есім

1.Құрамына қарай

2.Тұлғасына қарай

Негізгі түбір,туынды түбір

3.Лексикалық мағынасы
4.Грамматикалық мағынасы
5.Құрылысына қарай:Дара, күрделі
6.Сұрағы

7.Мағынасына қарай:1.жалпы,жалқы

2.Деректі,дерексіз

Бір сын есімге көп зат есім

Мынадай үлгіде (схемада) бір сын есімге көп зат есім тауып айту керек



Қызық


Көп сын есімге бір зат есім

(алғашқының керісінше)



ән

Қызықты грамматика

Есеп

5-сөз


1.Әр «қ» әрпінен басталатын 5 сөз –зат есім тауып жазыңдар.Оның біріншісі екі әріптен ,екіншісі 3 әріптен ,үшіншісі 4 әріптен, төртіншісі 5 әріптен ,бесіншісі 6 әріптен құралған сөздер болсын. Сөздерді бірінің астына бірін қатарлап жазыңдар.

Қызықты тор көздер.

Көлденең шақпақтарға төмендегі ұғымдардың аттарын жазыңдар.

1.Дерексіз бір ұғым аты.

2.Туыстық атау.

3.Заттың ұғымды білдіретін қимыл аты .

4.Ұлы жазушы.

5.Ұстаз сөзінің синонимі.























































































Нақты, нақты емес.


Әнші

Құрамына қарай:

екі құрамды әнші

Тұлғасына қарай:

1.ән – негізгі түбір

2.әнші туынды түбір

Құрылысына қарай:Дара

Сұрағына – кім? Зат есім

Мағынасына қарай:1.жалпы; 2.деректі

Кім кідірмей оқи алады?

асқын


аса ауық



азалық ас



әуелсіздік асбақа
ыңшы

Кім тез табар екен?

Бастаушы төмендегі сөздерді тақтаға қатарлап жазады да, олардың тұсына еркек жынысты мағына білдіретін сөздерді кідірмей тауып,жазып беруді тапсырды. әже абысын

ана кұдағай

әйел келін

апа бие


сіңілі аналық қой

қыз тауық

кідірмей айтып,бөгелмей жазып берген және олар қай сөз табына жататынын айтқан балалар мақтау алады.

Кім мақалшы?

Бұл әріптерді қолданып,ана жөніндегі айтылған бір мақалды құрап жазуға болады.Оны кім таба алады.

У

С

А

Р

А

З

Й

П

Ң

Н

А

Ы

А

Ө

Т




А

А


Зат есімдердің қарсы мәнді сөзін табыңдар

Түн - Дұшпан –

Ұл бала - Өлім –

Қайғы - Той –
Зат есімдер тізбегі










3




2
















6



















7

4







8






















1







5




1.Құт сөзінің синонимі

2.Батырлық сөзінің синонимі

3.Совет

4.Үміт


5.Мамандық

6.Дерексіз ат атауы

7.Ас (синонимі)

8.Қысқы мақта

Сын есім

Жасырынған буынды тап

Толық жазғанда сын есім сөздері шығатын болсын




пақ




пақ




пақ




пақ






тақ




тақ




тақ




тақ

5 сын есім жаз

5 әріптен бес сын есім ойлап, бірінің астынан бірін қатарлап жазыңдар.Тігінен оқығанда,бірінші сөз шығатын болсын.

Үлгі:Жасық

Аппақ


Сараң

Ыстық Сатыдан сатыға



Қыңыр





қ

о

л
















ұ

з

ы

н



















т

а

й

ы

з






















а

қ

ы

л

д

ы






















к

ө

ң

і

л

д

і






















Антонимін жазыңдар

Сөз ойыны

Бір бала сан айтса,екінші сан есімге ұйқасатын сөз тауып айтады



  • Бір

  • Сенің қолың кір

  • Екі

  • Саған бердім бекі

  • Үш

  • Мен жинайтын күш

  • Төрт

  • Олар берді серт

  • Бес

  • Қолымның жібін кес

  • Алты

  • Бәйге – ата салты

  • Жеті

  • Көкжиек жердің шеті

  • Сегіз

  • Менің мысығым семіз

  • Тоғыз

  • Қорқыт сенген қобыз

  • Он

  • Тұрар киді тон

Сан есім

Кім көп біледі?

Сан есімнен басталатын сөздерді ата? Кім оны көп біледі?

Мақалшы


Сан есім қатысқан мақал айту керек.Кімде – кім жаңылады, сол кісі ойыннан шығады. Мысалы: Білекті бірді жығар

Білімді мыңды жығар

№10

Көп зат есімге бір сын есім




Тар

Көп сын есімге бір зат есім

Үй

Ойлан тап:



Төмендегі түстерге лайықты зат есім жаз.


  • қызыл ....................,

  • сары.......................,

  • сараң.....................,

  • сұлу.......................,



VI сынып

Әдеби тіл және мәтін


Ақ тары

Ойыл мен колхоз отырған қарасудың арасы тарыға лық толы, қалың қамыс тәрізді.Ішіне енсең, жан-жақты болжатпайды,тек төбедегі апанды ғана көресің.Атпен аралап келе жатқан шығанақтың өзі ғана көрінеді.Аттың бойы тарыдан аласа жатыр.

Шығанақ өз еңбегінің жемісіне тояттап, көңілді сүйсінгендей күлімдеп қояды.Ол тарылы алқапты аралап шықты да,қырманға қарай тартты.Көз жеткісіз кең қырманның бір шетінде бауланған тарылар мая-мая боп үйіліп жатыр.Екінші жағында тізбектелген машиналарға ақталған тары тиеп жүрген адамдар.Дәл ортасында машиналар дайын дәнді тиеп алды да, Ойыл жағасымен тарта жөнелді. Ақ тарының атасы Шығанақ ақсақал олардың соңынан сүйсіне қарады да күліп жіберді.(100 сөз)

Лексика


Кәрі тас.

Колхоз ауласында үлкен сұр тас жататын. Оның бұл жерге қашан әкелінгенін ешкім білмейтін. Екі қарт күзетші әлгі тастың үстінде отыруды жақсы көретін. Күні бойы тас күн көзіне қызатын да, екі қарт түн ортасына дейін жылы тастың үстінде отыратын. Өткен күндерді, өздерінің жастық шақтарын еске түсіріп, ұзақ әңгімелесетін. Түн ортасында, тас салқындаған кезде, қарттар ұйықтауға кететін.

Бұл тас құрылысқа керек болды да, машинаға тиеп алып кетті. Оны үйдің іргетасы үшін пайдаланады.

Қарттарға иісі аңқып тұрған жас қарағай тақтайдан отырғыш жасап берді.

Кешке қарттар күзетке келді. Тастың орнында отырғыш тұр. Қарттар отырғышқа отырды. Түн ортасына дейін олар бір- біріне бір рет те тіл қатқан жоқ.

(В. Сухомлинский 105 сөз)

Ата мен әже

Ата-әкенің әкесі. «ауылында қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей, ата ел ұйытқысы, батагөй, ақылшы, қамқоры бола білсе, ел- жұрт оны « ақсақал» деп құрмет тұтады, оның жолын кесіп өтпейді. «Аталы ел

- баталы» деген. Атаның айтқаны – кейінгіге заң. «Ата – балаға сыншы» дейді халық мақалы. Қалыптасқан дәстүр бойынша сол елге, ауылға келген адамдар атаға барып сәлем беруі тиіс.

Әже - әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын, кейінгі жастарға дастарқан берекесінің, абысындарының бірлігін үйрететін тәрбиеші, әрі ақылгөйі.

Қазақ халқының заңы бойынша атаға да, әжеге де әрбір адам танысын, танымасын сәлем беріп, құрмет көрсетуге тиіс. Бұл кісілер тек өз ұрпақтарын ғана емес, жалпы ауылға ата, әже болып есептеледі. («Ата салтың –халықтық қалпың» кітабынан, 105 сөз)
Сөз таптары

Зат есім


Кітап.

Мені жұрт сүйеді. Құрметтейді. Маған арнап шкафтар жасап, үстіме шаң жуытпай, таза ұстайды. Мені ұрпақтан – ұрпаққа мұра етіп қалдырады.

Мен де адамды жақсы көремін. Қалтқысыз қызмет етемін. Адамға жақсы тұруды, бақытты өмір сүруді үйретемін. Балаларға ата – бабаларының қалай өмір сүргенін, қандай өсиет қалдырғанын айтып беремін.

Балаларды білімді, өнерлі болуға үйретемін.

Мен адамның досымын. Менің атым кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді.

Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады.

Сонан соң оған авторлар жазады. Суретшілер сурет салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен пойыздарға тиеп, қала- қалаға, ауыл- ауылға таратады.

Міне, енді сенің қолыңда тұрмын. Мені күтіп, жыртпай, таза ұста. Мен сенімді досыңмын. (117 сөз )


Сын есім.

Қазақтың ұлттық киімдері

Айырқалпақ – ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі.Айырқалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі.Ол негізгі екі бөліктен құралады.Олар – қалпақтың төбесі және етегі.Қалпақтың етегі төрт сайдан тұрады.Шебер пішілген төрт қиынды киізді арасына қара барқыттан сыздық салып,қайып тігеді.Сонда қалпақтың төбесі күмбез тәріздес болып шығады.Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп,дөңгелектеп қиып алған ақ киізден жасалады да, оны жоғары бөлігінің етегіне сыздық салып қондырылады.Сәнді болу үшін қалпақтың қайырмасының астыңғы жағы кейде қара барқытпен көмкерілді.Қалпақтың төбесіне қара немесе басқа түсті шашақ тағып,төбесінің төрт сайы әр түрлі жібек жүктермен кестеленеді.Ақкиізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын,әрі сәнді болып келеді.Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айырқалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр.

(«Шаңырақ кітабынан 119 сөз»)

Сан есім.

Қыз қуу.


Ойын үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, ұшқыр, жүйрік аттарға мініп шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ, ашық алаң таңдап алынады. Жарыстың басталатын жері алаңның бір маңдайында болады. Ал екінші маңдайына қатынасушылар орағытып өту үшін қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қадалады.

Жарыс жекелей де өтеді. Егер екі топқа бөлінсе, онда қыздар мен жігіттердің саны тең болуы қажет.

Төрешінің бірінші белгісі бойынша қыз жігіттен 10 метрдей алда тұрып, шабысқа дайындалады. Келесі белгіде олардың екеуі де аттарының басын жіберіп, шаба жөнеледі. Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп, жең ұшына ілінген орамалды ілгері алып қашуы керек. Егер жігіт сол бетімен – қарақшыдан сөреге дейін қуғыншыға жеткізбесе, онда- жеңгені.

Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын, әйтпесе өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептеледі. («Қазақ халқының салт- дәстүрлері» кітабынан 123 сөз )

Есімдік

Қой көмбе



Қойдың терісін бітеу сойып, қалың еттерін онша ұсақтамай арсалап, құйрық майын қауынша тіліктейді де, тұзын татып, ішек-қарын. өкпе – бауырды бөлшектемей тазартып алып, сарымсақ пияз қосып, бұрыш себеді де, бітеу сойылған теріге салып, аузын түйрейді, жыртылған жерлері тігіледі немесе түйреледі. Мұндай малдың басын бөлек үйітіп, содан кейін салуға болады. Бірақ міндетті түрде жағын айырып,тісін қағу керек.Етке су құйылмайды.Ол көмілетін жер ошақ мал сойылмастан бұрын қазылып,ішіне от жағылып қыздырылып қойылады.Жер ошақ әбден қызған соң,қоздың ортасынан щұңқырлап ашып,әлгі дайындалған ет көміледі.Содан соң бір қарыстай қалыңдықта топырақпен жабылып,үстіне тағы от жағылады.2,5 – 3 сағат көмбе піседі Бірақ бұл уақытта отты қағыстырып, көсеуге болмайды.Көмбені оттан түгел алмай – ақ, үстіңгі жағынан тіліп жіберіп,жей беруге болады. Көмбенің еті ыдысқа пісірілген еттен дәмді болады.

Етістік.


Сүйінші

Жас нәрестенің,әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы мүшелеріне,әкесі мен атасына,нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген.Әкесі мен атасы үй ішін асырау қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде жас нәресте дүниеге келсе ,қуанышты хабарды тез жеткізу үшін ат ерттеп мініп,түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып,сүйінші сұрайтын болған.

Сүйіншіге хабаршы не сұраса ,соны берген.Ол біріншіден, арнайы ат терлетіп қуанышты хабар әкелушінің еңбегін бағалау болса, екіншіден, жақындықтың белгісі болып саналған.Тіпті үстіндегі киімін, сауыт-сайманын, астындағы атын да сүйінші сұраушыға сыйға тартқан мырзалар өмірде кездеседі.Мұндай салт-дәстүр көбінесе бала көрмей жүріп, ұл бала туғанда соның құрметіне жасалған.

Бала туғанда баланың әкесінен,атасынан немесе нағашы жұртынан сүйінші сұрай алдынан шыққан адам ұл болса,"ат ұстар"деп,қыз болса,"қырық жеті"деп хабарлаған. Кейінгісі -қызды малға беруге ,"жат жұрттың адамы"деп қарауға байланысты туған ой пікірлердің көрінісі .("Қазақ халқының салт-дәстүрлері" кітабынан ,137 сөз)


Үстеу.


Терме диктант

Ұлжан да баласының сөзін ойлана тыңдап қапты. Байдалы да бұрынғыдан бері едәуір қартайып қалыпты.

Көлденең киліккен жігіттердің аттары әп-сәтте ойнап шыға келді.(М.Ә)

Асқарбек ертеңді-кеш трактор соңында -тіркеуші,Қамария-балалар бақшасында тәрбиеші.Бір үйдің тіршілігі , қазан көтеріп, ас қамдау -Қалиман кемпірдің міндетінде. Кешкісін бәрі бас қосып дастархан басында мәз- мейрам дабырласып отырғанда, қарияның төбесі көкке екі елі жетпей қалатын.(Ш. Құмарова )

Баласы ерте кетеді. Кеш келеді. Қазір жер- жерден мектеп бітірген балалар шұбырып келіп жатыр. Бәрінің де әуелі осылай именшектеп, аузынан сөзі түсіп отырғаны. Сол түні жастар ұзақ отырды. Қазір таңертең баласының жылт етіп есіктен шығып бара жатқанын көреді. Кешке жылт етіп есіктен кіріп келе жатқанын бір көреді. Жұмыстан келіні қайтты. Жаз биыл жайлы болатын түрі бар. Айылда ғой жұрт ерсілі- қарсылы шапқылап жүр. Бүгін бірімен- бірі сарала таңнан барып амандасады. Жаңыл ертең кетем деген күні таңертең оразасын ашпай тұрып әңгіме бастады.

Зейнептің әлгінде ғана шытыңқы қабағы жазылыпты.

Соның бәрі күні кеше ғана емес пе еді? Кешқұрым қызды бөлмесіне шақырып ап ақыл айтатын.

Таңертең күн жарқырап ашылды . Күн тұсау көтеріле бұлар орнынан тұрды. Бұрын қалай байқамаған ,нағыз рақат осы екен ғой. (Ә. Кекілбаев.)

Бақылау диктанты .

Бәйге.


Жұрттың дуын естіген соң жиреннің арқасы қозды. Жиреннің шабысы бұрынғыдан да ширай түскенін көріп.төбеде тұрғандардың тіпті есі қалмады. Айналым тым ұзақ екен. Таң атқалы бұл маңдайынан итерген желді омыраулап кесіп келе жатқан.Енді тұяқтарын жел кеуледі. Манадан бері әр ноқатына дейін ап-айқын жатқан жол бұлдыраған шексіз жолаққа айналды.Төртінші айналым да бітті.Қарақшының қасынан тағы да зулап өтті.Алдында үш ат бойы жерде бір құла қасқа кетіп барады. Бала тізгінді әбден еркіне жіберді.Міне,құла қасқамен қатарласты.

Бала тағы көзін сүртті.Алдында ат жоқ.Жалғыз келеді.Артына түскен екі аттан әлі алыстамай қоймапты.Екі аяқтыларда ес жоқ.Жан ұшырап айқалап жатыр.Қызыл жалау көтергендердің тұсынан ағып өтті.(Ә.Кекілбаев, 112 сөз)

Еліктеуіш сөздер түрлері.

Көктемнің жайма- шуақ мезгілі. Темучин сергіп қайтпақ болып ормарға келеді. Бірнеше үйрек атып алған Шыңғыс хан нөкерлерімен от басында әңгіме- дүкен құрып отырады. Кенет жандарынан үйірімен дүбірлеп өткен жабайы қабандарды көреді. Жас кезінде аң аулағаны есіне түскен Темучин қаны қызып, атына міне салып қабандарды қуа жөнеледі.

Оны көрген қабандар жан- жаққа бытырай қашады.

Тек артына жалт бұрылып, қара сұр қабан аңшыға қарай атылады. Оның іс қимылынан сескенген шыңғыс ханның аты шегіншектеп барып, кілт тоқтайды. Өз- өзін ұстай алмаған Темучин жапырақ үйілген жерге гүрс етіп құлайды. Осы сәтте әміршінің соңғы көргені - жанынан сұр көлеңкенің зу ете қалғаны. Амалы қалмаған Шыңғыс хан етігінің қонышындағы қысқа өткір қанжарын лып еткізіп суырып алады.( 109 сөз )


Шылау

Шілдехана

Бала - өмірдің жалғасы,ата-ананың қуанышы.Ол - болашақ.Сондықтан да өмірге бала келуі - кімге де болса үлкен бақыт,зор қуаныш."Балалы үй-базар" деген мақал тегін айтылмаған.Ең алдымен, ата - аналары сәбидің дүниеге келгені туралы баланың ата-анасы мен әжесіне,өздерінің ең жақын тума - туысқандарына,достарына,тату көршілеріне,беруге болады.Хабар алушылар сол бойда өздерінің көңілін,қуанышына ортақ екенін білдірулері тиіс.Сәбиімен құттықтауға балалар босанатын үйге не пәтеріне барған әйелдердің қолында жас гүл шоғырлары болғаны дұрыс.Ал сыйлық дегенде дәрігер рұқсат еткен түрлерінен тәтті тағамдар, жеміс-жидектер, сәбиге қажетті жөргек-жаялықтар,ойыншықтар апарады.Егер жағдайы келіп жатса,сәбидің атына ақша салынған сақтық кітапшасын немесе соған арнап сатып алып,сыртына аты-жөні жазылған лотерея билетін сыйлауға да болады.Ең жақын достары сәбидің анасына сыйлық ұсынады.

(130 сөз). ("Шаңырақ кітабынан")

7 сынып

Зат есімнің түрленуі

Бақыт

Біздің үй Түркістан қаласының оңтүстік жақ шетінде болатын еді.Бізбен бірге Жақсыбайдың үйі тұратын.Күн еңкейіп қақпаның тасасына түсуші еді.Қақпа көлеңкесі ұзарып, төргі бұрыштағы Жақсыбай үйінің іргесіне дейін барушы еді.Осы уақытқа дейін Жақсыбайдың шешесі Күнтілім күн шуақта жамау жамап отырушы еді.



Барлыбай көзі қарауытып :

-Апа,қарным ашты ғой деймін,-деді.

-Ей,бақытсыз,бақытың жоқ қой ,неге маған айтасың,-деуші еді Күнтілім.

Осы уақытта түрілген балтыры балшық болып Жақсыбай келуші еді. Жақсыбай қалада қыш құйып ,күнделікті жұмыс істейтін. Жақсыбайдың қолында шүберекке түйілген бір нәрселер көрінсе, Күнтілім Барлыбайына:

- Бақытың бар екен, қарағым, - деп күлімсірейтін еді. Бірақ бұл күлкі уақытша күлкі болған соң, бар қуаныш бетіне ғана жиылып, жүрегінде барлық бақытсыздықтың зілі жатқандай болушы еді. Күнтілім орнынан тұрушы еді. ( 116 сөз, С. Ерубаев)

Cын есімнің түрленуі

Көктем
Көктем.... Көз жетер жер тұп - тұтас көкшіл тартқан, бусанған, торғын түсті жұқа шымылдық ішінен көлеңдеп көрінгендей, көгілдір рең тартқан.

Аспан айрықша биіктеп, алып шатырдай күмбездене керіліп тұр.

Үлбіреген көк жібек шатыр секілді, әдеттен тыс таза, мөлдір. Ақ қайыңдар іргесін қуалап бұраң қаққан бұлақтар да таза. Тастан - тасқа секіріп, әлде бір шыны сауыттан басқа бір шыны сауытқа құйылып, шылдырай төгіліп, сыңғырлап әдемі ағады.

Тау жақ тіпті сұлу . Қолмен шанышқандай түп - түзу, тіп -тік көк бұйра шынарлар қар жамылған күнес шындарға қарай қаптап , ентелеп, өрмелеп барады. Көшедегі ағаштар тегіс жапырақ жамыла қоймағанымен , қою ағаш арасы алуан үнге толы. Жер бетінде әр түрлі дауысты әнші құстар көп - ақ екен. Оны да Жанар жаңа білді, бүгін, дәл осы қазір сезді. ( 120 сөз, З. Қабдолв)


Cан есімнің түрленуі

Терме диктант



Екеуі әр нәрсені әңгіме етіп ауылға қарай аяңдады. Біреуі әлдебір әңгіменің басын бастаса, екіншісі аяқ жағына қарап әкетіп жалғастыра береді. (Қ. Жұмаділов)

Үлкені Айгүл жетінші сыныпта оқиды. Қалбалақтап жүріп үшеуіне жақсылап шай береді. Екеуінің бірталайдан бері көрісіп отырғаны осы. Екеуі әр нәрсені әңгіме етіп, сол арада тағы біраз тұрып қалды. Ертеңіне Жанбай ата үшеуіміз ертелеп Жасылкөлге аттандық. Етекте тұрып күн нұрын үшінші рет қарсы алдық . Екеуміз енді айнала көз тастадық. Кешке Жастай аға екеулерініз үйге келіңіздер. Үшеуі салтанатты дастарқан жайылған кең залға өтті. (Ы. Кененбаев)
Каталог: uploads -> doc -> 04e2
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04e2 -> Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов “Көксерек”
04e2 -> Тақырыбы: " Тапқыр достар" сайысы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет