Қалмұрзаев қ. С, Орынбасар қ. О., Рахымбаев б. О. ҚАзақ КҮресінің ОҚыту әдістемесі



бет4/6
Дата12.03.2018
өлшемі1,16 Mb.
#39246
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

1.Мектептегі ұлттық спорт түрінен әдіс-тәсілдік дайындық негіздері.

2.Ұлттық спорт түрлеріндегі қозғалыстардың биомеханикалық негіздері

3. Ұлттық спорт түрлерінде қолданылатын топтау, жіктеу, жүйелеу, атау беру



ПАЛУАНДАР ЖАРЫСЫН ӨТКІЗУ
Палуандар жарысын қалай өткізу керек. Бұл жарысты ұйымдастырушылардың қай –қайысына болмасын зор жауапкерешілік жүктейді. Өйткені жарыс көңілдегідей өткізілсе, палуан үшін де, оны ұйымдастырушыларға да зор мәртебе. Ал көңілдегідей өткізу үшін үлкен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізгені жөн. Жарыс барысындағы әрбір детальға зор ынтамен қарап, кемшіліктерге жол бермеуге алдын –ала дайындық жүргізілуі тиіс. Сондықтан да, дайындық жұмыстарына мынау үлкен, мынау майда –шүйде деп қарамаған жөн. Енді сол жарысты қалай ұйымдастыру керек? Мысалыға жарыс белгілі адамдардың атынан ұйымдастырады. Жарыс кезінде сол адамның өзі, ағайын туыстары қатысып отырса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен бірге жарыс көңілдегідей өту үшін оған ең алдымен көпшілік жанашыр қауым, содан соң жергілікті үйымдар бас көз болғаны жөн.

Жарыстың қызықты, тартымды өтуі, жақсы ұйымдастырылуы –спортты насихаттаудың ең тиімді, жақсы жолы. Әсіресе, жарыстың өткізілетін орнына көңіл аудару керек. Яғни, оны жасыл желек жамылған әсем табиғаттың аясында, стадиондарда, спорт залдарында өткізуге болады. Қай жерде өткізілсе де, онда көпшілік көңіл аударатын көрнекті құралдарды пайдаланған абзал. Көз тартатын плакаттар, мағынасын ашатын қабырға газеттері, дәстүрлі жарыстардың бұрынғы жеңімпаздарының суреттерін немесе тізімдерін іліп қойса, оның артықтығы болмайды. Жарыс болатын күнге дейін, мүмкүн бір ай бұрын ба жұртшылық көп жүретін көрнекті жерлерге хабарландырулар беріп тастаса тіптен тамаша. Өйткені бұл көпшілікті осы жарысқа тартудың жақсы бір жолы. Қазқша күрестен өтетін жарыстардың түрлеріне оны өткізу тәртібіне көңіл аударайық.



І. Шеберлік шыңдау жарыстары, ашық кілем белдесулер. Бұл жарыстарды жаттықтырушылар жас палуандардың дайындық деңгейін анықтау, разряд көрсеткіштерін орындау, шеберлік шыңдау және жарыстағы қазақша күрес секциясына көптеп тарту мақсатында өткізеді.

ІІ. Тіркеу жарыстары. Тіркеу жарыстары физкультура колективтерінің, ауыл –село, аудан, облыс және республика құрама командаларын құру үшін ең күшті деген палуандар арасында өткізіледі.

ІІІ. Байқау жарыстары. Байқау жарыстары да спорттық шеберліктің артуы мен қазақша күресті насихаттауға жақсы жағдай туғызады, сонымен қатар жарыста әрбір жаттықтырушы өз шәкірттерінің шеберлігін қанша атқарғандығын қаншама қаблеттілігі бар екенін білдіреді.

ІҮ. Жолдастық кездесулер. Бұл –колхоздар, совхоздар,спорт қоғамдары, аудандар, қалалар, облыстар, жоғарғы оқу орындары және республикадағы әртүрлі жаттықтырушылардың арасындағы жолдастық кездесулер. Мұндағы палуандардың тәжирбие алмасуы, спортшылардың арасындағы достық қарым – қатынастарын нығайтуға, споршылардың техникалық шеберлігін арттыруға септігін тигізеді.

Жарыс сипатына қарай жекелей, жекелей командалық және командалық болып бөлінеді. Жекелей жарыстарда әр салмақ дәрежелері бойынша палуанның кол жеткен жемістері, табыстары айқындалады.

Жекелей - командалық жарыстарда әрбір спортшының кол жеткен жемістер, табыстары есептелінеді, ал одан кейін соның негізінде команданың алған орны анықталады.

Жарыстар түр сипатына қарай былайша бөлінеді.

а\ Ведмство аралық жарыс.

Ведмствоаралық әр түрлі спорт қоғамдарының жұмыстың жай –жапсарын тексеру үшін өткізіледі. Мұндай ведмствоаралық жарыс республикамызда 1981 жылы жазда Жезқазған қаласында тұңғыш рет өткізілді.

Бұл жарыстарда 1960-1988 жылдар аралығындағы туған он уездік жас палуандар ғана қатыса алады. Үш күнге созылған жарыстың қортындысында «Қайрат» ерікті спорт қоғамы бірнеше орынды иеленсе, қалған жүлделі екі орынды «Еңбек» ерікті спорт қоғамы мен «Буревестник» студенттер қоғамы бөлісті.

б\ Аймақтық жарыс.

Олар совхоздарда, колхоздарда, қалаларда, аудандарда, облыстарда, республикада палуандардың өсуін бақлау мақсатында өткізіледі. Осы жарыстарда қай облыстарда қазақша күрестін жақсы қойылғанын білуге болады. Бұл жарыстарға спортшылар қай ерікті спорт қоғамдары, ведмстволардың қармағында екендігіне қарамастан, тұған жеріне байланысты қатынаса береді.

Енді жарыс жүйесі жайлы бірер сөз. Қазақша күрестен өтетін барлық жарыстар қазақша күрестің ережесі бойынша өтуі керек. Жарыстар айналым айналым жүйесі және жарыстан шығып қалу тәртібі бойынша жүргізіледі. Айналым жүйесі бойынша әрбір спортшы (команда) барлық қарсыластары мен (командалармен) кездеседі. Бұл жүйе жарысқа түскен палуандардың сол сияқты командалардың нешінші орынды икемденгенін айқындап береді.

Жарыстан шығып қалу жүйесінің мәні –палуан (команда) қазақша күрестің белгіленген ережесі бойынша алған айып ұпайлары алтыға, сегізге жеткен соң жарыстан шығып қалады.

Ауыл –селолық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстарды ұйымдастыруға сол жердегі спорт қоғамдары жауапты. Көп жылдық тәжірбие көрсеткендей күрес секциясына жаңа қатынасулар 4-5 ай жаттыққан саны ғана, ал разряд бар палуандарды екі жарым ай өткеннен кейін жарысқа қатысқаны жөн. Өйткені оның спорттық техникалық шеберлігі жарыста ғана артады.

Қазақша күрес секциясының әрқайсысының жеке календарлық жарыс жоспары болуы керек. Осы календарлық жарыс жоспарында спортшылардың бірнеше рет ашық кілем жарыстарында, өзінің физкультура колективінің біріншілігінде басқа колектив палуандары мен жолдастық кездесулерге, ауыл, село, аудан, қала, облыс, республика және басқа да ауқымдағы жарыстарға қатынасуы, қамтылуы тиіс. Жарыстар –спорттық тәжірбие алмасудың ең бір жақсы жолы. Онда жаттығу сабақтарында кеткен кемшіліктері, қателері айқын байқалады. Жарыстарды жиі –жиі ұйымдастыру, ұлттық күресіміздің ел арасында кең өріс алуына спорт секциясына қатынасушы талапкерлер қатарының көбейюіне көп әсерін тигізеді. Жарыс физкультура колективтерінің өміріндегі үлкен мереке, сондықтан да оған жауапты қарап, тыңғылықты әзірлену керек.

Жарыс жайлы нұсқаулар ол өткізілісімен екі –үш ай бұрын жасалуға тиіс. Онымен болашақ жарысқа қатынасушылар түгел танысып шығулары керек. Жарысқа әзірлену барысында кілем, төсеніш, жол төсеніштер қатар таразы, қоңырау және қажетті документациялар да алдын –ала дайындалып қойылады. Палуандардың белдесулер өтетін жері әдемі безендірілуге тиіс.

Жарыс басталар алдында оған қатынасушылардың парағын, жарыс туын салтанатпен көтеруді ұйымдастырып, жарыс аяқталған соң жеңімпаздарды (құттықтау) награттауды, туды түсіруді салтанатпен өткізу керек. Жарысты ұйымдастыруды, даярлауды белгілі бір жауапты адамдарға міндеттеген жөн.

Жарыстың ойдағыдай өткізілуі тыңғылықты даярлық жұмыстарының қандай дәрежеде жүргізілуіне тікелей байланысты. Оны бірнеше кезеңдерге бөлген дұрыс.

Бірінші кезең:

а\ Жарыс өткізу мезгілі мен орнын айқындау:

б\ Ережелерді белгілеу және жұмсалатын қаржының мөлшерін жарыс өткізетін ерікті спорт қоғамының мәжілісінде бекіту:

в\ Жарыстың бас төрешісі мен жауапты секретарын тағайындау:

Екінші кезең:

а\ Жарыс өткізудің программасымен кестесін белгілеу:

б\ Жарыс өткізетін жерді таңдау және жаьдықтау:

в\ Төрешілер колекциясын жасақтау:

г\ Жарыс жайлы алдын –ала хабарлар тарату, плакаттар шығару:

Үшінші кезең:

а\ Жарысқа қатынасушыларды қарсы алу және орналастыру:

б\ Спортшылардың документациясын мандат комиссиясында тексеріп, олардың жарысқа қатынасу –қатынаспау мәселесін шешу:

в\ Жарысқа қатынасушыларды программамен және кейбір шарттармен таныстыру:

г\ Төрешілер коллегиясын жасақтауды аяқтау:

д\ Төрешілер семинарын өткізу:

е\ Спортшылардың салмақ дәрежесін анықтайтын төрешілерді белгілеу:

ж\ Төрешілер бригадаларын құру:


Осы жұмыстар біткеннен кейін бас төреші жарысқа дайындықты соңғы рет тексеріп шығады. Біз төменде өмірде кездесіп жүрген жарыстың программасының мынадай бір үлгісін сіздерге ұсынып отырмыз:

І-ші күн. 800-ден 900-ге дейін жарысқа қатынасушы палуандардың салмақ дәрежелерін анықтау.

900-ден 1000 арасында жереби тастау, жарыстың І –ші айналымы кестесін жасап, кімнің кіммен кездесетінін білу.

1200-де төрешілер өз орындарына келеді.

Осыдан кейін белдесулер басталады.

1500-ден 1700-ге дейін үзіліс.

1700 – ден 1730-ға дейін палуандар мен төрешілердің салтанатты парады, паратты қабылдау, рапорт беру, құттықтау, жарыстың басталғанын жариялау, ту көтеру:

І. Қазақстан республикасының гимнін орындау, жарысқа қатынасушылардың салтанатты шеруі:

1730-дан 2200-ге дейін жарыс одан әрі жалғастырылады.

2200-де төрешілер алқасының мәжілісі: жарыстың бірінші күнінің қортындысын шығару және бекіту, түрлі шағымдарды қарау.

Күрес өнерінде жүрген спортшыға бұл әр кезде де керек болатыны сөзсіз. Палуандар әдетте, салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түсе алады. Осыған байланысты жаттықтырушылар алдында шәкірттерін қай салмақ дәрежесіне салынады өзін жақсы жағынан көрсете алады деген сауал туындағаны анық. Сонда қателспеу үшін не істеу керек?

Әрине, палуан өзінің салмақ дәрежесінде күресуге тиіс екені белгілі нәрсе. Дегенмен, кейде команда қажеттілігіне орай, немесе палуанның өз күрес нәтижесіне байланысты салмақ қууға тура келеді. Мысалыға палуанға ә дегенде өз бойынан 1,5-3,5 килограмға дейін салмақты «лақтырып» тастап, біршама жеңілдеу керек. 1-2 килограмм салмақты азайту онша қиын емес. Бұл үшін жарыстың басталуына екі –үш күн қалғанда айналысса жеткілікті. Әрине, салмақты азайту үшін тамақты күніге мөлшерден аз ішу керек. Әсіресе, сұйық, тұзды тамақтарды. Егер тез арада 300-400 грамм салмақ куу үшін жаттығу кастюмімен алқым –жұлқым қимылдап, сонан соң 10-15 минут тапжылмай отыру керек.

Сонан кейін орамалмен мұқият сүртіну абзал. Бұған бар болғаны жарты сағат кетеді. Себебі, спортшыға тез арада жарыс алдында өлшенуі керек. Палуан ұйқыға кетер алдында мына жағдайды ескеру қажет. Өз салмағында спортшы бұл жағдайда 1 кг, ал салмақ куушы 500 грамға дейін салмақ артықтығы мен болуы жөн. Ал, 3,5 кг салмақ куу үшін оған кемінде жарыс басталғанға дейін он күн керек. Жаттықтырушы спортшымен салмақ қуудың графигін жасайды, тамақтанудың режимін қатаң сақтап отырады. Бұл үшін тамақтың сіңімділігі (калороия) азайтпайды, тек тамақтанып күнделікті қабылдау көлемін азайтады. Яғни, сұйық тамақ мөлшерін шектейміз. Жаттығулар жаттығу кастюмымен өтеді.

Кейбір палуандарға жарыс алдында салмақ қосуы керек болып қалады. Мұнда не істеу керек. Бұған тек қана 1-2 кг салмақ қосу керек болғанда келісуге болады. Мұндайда палуанға сайысқа шыққанда қиындау тиіп жатады. Тек алғашқы сайыстарға дес берсе, қалғаны бұрынғы арнасына түседі. Жарыс алдында спортшы ауыр тамақтардан қашуы тиіс (май, қаймақ т.б.). Себебі майлы тамақтарды сіңіруге үлгермей жатады. Осыдан барып, палуанның сайыс кезінде «жұмыс істеу» қаблеті азаяды. Сондықтан да, сайысқа бұдан гөрі аш қарын түскені жақсы. Күрес өнерін енді бастап жүрген спортшыға салмақ кууды ұсынуға болмайды.

Ауыр жекпе-жектерден кейін моншаға түсіп шығу қандай ғажап болса, массаж (уқалау) жасау бұлшық еті бұлт-бұлт ойнаған палуан үшін өте қажет. Массаж... Бойкйез денеңді жадыратып, сірескен бұлшық еттерді қалыпқа түсіреді. Жадыраған дене жұмыс істеуге құлшынып тұрса, одан артық не керек. Палуанға да керегі осы ғой.

Жарыс алдында болсын, жарыс кезінде болсын, массаж жасап тұрудың пайдасы болмаса зияны жоқ. Сондықтан да, жаттықтырушыға массаж жасаудың негіздерін біліп қана қоймай , оларды өз шәкірттеріне үйрете білуі қажет. Спортшы өз организмінің мүмкіндігін сараптай отырып масаждың қандай түрлерін қолдану керектігін білген жөн. Біз сөз етіп отырған қазақша күрес болсын, әйтпесе күрес түрлерінде де жаттығу процесінде де және жарыстарда да массаждың жарым-жартылай түрі қолданылады.

Бұл дененің бұлшық еттерінің жұмыс істеу қабілетін арттырады. Ал массаждың жалпылай түрі моншада іске асырылады. Әр қилы температурада ыстық бу арқылы жасалынған массаждың әсері тіптен шексіз. Мұндай кезде құрғақ бу болса нұр үстіне нұр. Дегенмен моншада да шектен тыс ұзақ болу зиян. Алдымен бумен біршама уақыт теріні жіпсітіп алып, сонан соң жылы сумен жылынғаннан кейін, сыпырғышпен денені бірсыдырғы ұрғылаған жөн. Бұл көріністе 10-15 минуттай болған дұрыс. Бұдан кейін салқын суға сүңгіп алса, құба - құп. Шайынған кезде де салқын судың пайдасы ұшан теңіз. Мұндайда есте тұратын нәрсе жарысқа дайындық кездерінде физикалық ауырлық көбірек түскен жағдайда ыстық температураның шұғыл ауысып тұруы спортшы үшін аса пайдалы емес.

Бұл кездері кезекті булы кеңістен кейін жылы сумен, немесе салқынмен жылы суды ауыстырып шайынған абзал. Мінекей бірнеше рет буды кеңістікке бөлген соң аздап дем алып, сонан кейін массажға кірісу керек (массажды жаттықтырушы немесе коммандалас жігіттер жасайды). Сонымен бұл моншаның массажбен

Ауа ваннасы. Күн сәуесін жылдың ыстық уағында жаз айларанда қабылдайтын болсақ, ол ауа ванннасын жыл бойына қабылдауға болады. Жалаңаш денеге тиген ауа терідегі нерв ұштары арқылы ішкі ағзаға жағымды әсерін тигізеді. Алғашқы кезде ол адам ағзасына салқындау тиеді, содан бірте-бірте соған дағдыланып кетеді. Мұның өзі денені шынықтырып, адамды салқынға ,тіпті аязға төзімді етеді. Ауа ваннасын ашық жерде, көлеңкеде, бөлмеде қабылдауға болады. Бірақ алғашқы температура 20 градус жылылықтан кем болмауы тиіс. Ауа ваннасын қабылдар кезінде әуелі 10-15 минуттан бастап, күніне 10 минуттан қосып, ақырында бір – екі сағатқа дейін ұзартуға болады. Адамның денесі салқынға үйренген сайын сегіз –он градустық салқын температураға да шыдайды. Ауа ваннасы денеден керектік заттардың алмасуын қан тарауын, жүрек, ми жұмысын, адамның іскерлік қаблетін жақсартады.

Сонымен спортшының жеке басының гигенасы теріні күту, шынығу спорттық киімдерді таза ұстау. Көзге көрінбес милиондаған тесіктерден теріні күтсең, бүкіл организімге мұның тікелей ұшан теңіз пайдасы бар. Бәрін айтта бірін айт, дегендей жеке бастың тазалығы осы теріні күтуден басталады, десек қателеспейміз. Теріні күту дегеніміз өзі оны таза ұстау. Бұл әсіресе, жоғарыда айтқанымыздай спорттық жаттығу, жекпе –жектер кезінде аса көңіл аударғанды қажететеді. Мұның ешқандай құпиясы жоқ. Көп терлегенде, тері тез кірлейтіні анық нәрсе. Жиі –жиі жуынып, шайынып отыру керек. Егерде душ болмаған жағдайда күнделікті белуардан мұздай сумен жуынып отырғанды ұмытпаған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып, бұл кез –келеген адамның бұлжымас қағидасы ғой дейміз. Теріні күту, палуанға керек десек, бұл артық айтқандық емес. Жаттығуға олар таза болып келу тиіс. Тырнақ алынып, шаш қысқа болса құба –құп жаттығу кастюміңді жуылған таза күйде ұстаған абзал. Өзіңнің жеке сүлгің, сабының болуы керек.

Палуан үшін тазалық ең басты нәрсе.

Спортшыға керекті ең басты нәрсенің бірі –тазалық. Себебі оның өмірі қым –қиғаш жан алып, жан беріскен спорттық айқастарға толы. Әсіресе палуанның әрбір жекпе –жегінен кейін ерекше бір қажу, шаршау пайда болады. Сіркесі су көтермеген палуанды келесі жекпе –жекке дейін тынықтыратын бірақ нәрсе бар. Ол тазалық, дене шынықтыру және жаттығу. Сондықтанда адамның денесі таза болып жүргенде, адамның көңілі көтеріңкі сергек болуына дене шынықтыру мен жаттығу сабағының маңызы өте зор. Өйткені дене шынықтыру мен жаттығу сабағы нерв жүйесіне жағымды әсерін тигізеді, бұлшық еттерінің өсуіне организімдегі керектік заттар алмасуын жақсартады. Бойда жиналған пайдасыз заттарды денеден бөлуге көмектеседі. Сөйтіп организімді нығайтады. Дене шынықтыру мен жаттығу сабағының бізге көп пайдалы екенін де көріп отырсыздар. Енді, міне денені қалай шынықтыру әдістеріне қысқаша тоқталайық. Сумен шынығу денсаулық үшін маңызы өте зор. Таңертеңгі гимнастикадан соң сумен жуыну, жаттығудан кейін ваннаға түсу, шомылу қол бос уақытта, яғни жазғы каникулдарда теңізге, көлге жүзу, түрінде пайдалануға болады. Суға түсудің қолайлы мерзімі –таңертеңгілік мезгіл, ертеңгі жаттығу, гимнастикадан кейін. Сумен дене шынықтыруға жаз айларында, көктем кезінде денені үйреткен жөн. Организімді бұған үйреткен соң қыс –жаз демей, бұл әдітті үзбей жүргізе беру қажет. Ертеңгілік әдетке айналған соң, адам организімі қажетсініп тұрады. Алғашқы бастаған кезде су температурасы дене сүйсінерліктей жағымды болғаны жөн. Таңертең жүгіріп содан соң бой жазу керек, таңертеңгілік гимнастика жасаған жөн болады. Күніне белуарға дейін салқын сумен жуынып денені кептіре қызарғанша сүрту (ысқылау) керек. Күн сайын екі рет (таңертең және кешке) жуынғанда ауызды салқын сумен тазалаған жөн. Жатар алдында аяқты салқын сумен жуу керек.

Күн сәулесі. Күнді дене шынықтыруға пайдалануға болады. Күн сәулесін бір мезгілде қабылдаған жөн. Бірақ бірден ұзақ жаттығуға болмайды. Дене үсті күнге тегіс қызу үшін , ауа температурасы -18 градустан кем болмасын және адам алма кезек аударылып, арқасын, бүйірлерін кезекпен қыздыруы тиіс. Әуелі 5 минуттан қоса отырған жөн.

Күніне бес минуттан коса отырып, соңында 1-2 сағатқа дейін жеткізіледі. Егер денеміз бір ай ішінде мрамордай жылтыр күрең түске айналса, күн сәулесі дұрыс қабылданды дей берінің. Күн сәулесі пайдалы екен деп күн кезінде шамадан –тыс жатқан зиян. Ондай жағдайда күн тиіп, адамның жүргеі жиі соғып, ұйқысы қашады, ашуланшақ болады. Тәртіп бойынша күн ваннасынан кейін 10-15 минут көлеңкеде қайта тыныққан жөн болады.

Бапкер туралы бірер сөз

Кейбіреулер ойлайды: жаттықтырушы мамандығында ешқандай күрделілік қиындық жоқ қой деп. Бұл сөзсіз қате пікір. Жаттықтырушылыққа үлкен ой, талант керек. Ол білгір ұстаз, ол өзі жаттықтыратын спорт түрін бүге шігесіне дейін білетін тамаша спортшы. Мұнда да тынбай ізденбесең бұл салада босқа жүрдім дей бер. Өйткені сен халық арасынан ғажайып жас таланттарды – болашақ спорт жүлдыздарын қырағылықпен, көрегендікпен тани біліп, үлкен спорт керуеніне тарта білуің тиіс. Ал ондай «Ішімдегіні тап» деп тымырайып жүрер, өрімдей жастарды тану үшін «Ерекше көз» керек. Жаттықтырушы осы бір жалғыз ауыз сөзде үлкен мән мағына бар. Бұл сөз қазақтың кеңде де ұғымды сөзі «Бапкермен» ауыстыруға болады. Қазақ қазақ болғалы ол жауынгер халық. Жауынгер жаумен бетпе –бет келгенде, арыстандай айбатты, жолбарыстай шалымды болғаны дұрыс. Тағы бір мысал, ертеден –ақ палуан ойын –тойдың ерекше көркі болған. Халықтың ерекесі болған. Палуан жеңсе, халық хан сияқты төбесіне көтерген, керемет құрметтеген, мінекей, көріп отырсыздар халық ертеден –ақ батыр жауынгерін, жеңімпаз палуанын нағыз ұл деп бағалаған. Ең бірінші орынға қойған, осы жерде айта кететін ұмытпайтын нәрселеріміз бұлардың нағыз «Шебер» болуына ең бірінші септігін тигізетін, жатпай –тұрмай көмектесетін, үйрететін адам –ол жоғарыда айтқан жаттықтырушы, немесе бапкер. Нағыз бапкер қандай болуы керек екенін жоғарыда біршама сөзбен өрнектедік. Мәселен осы ойларымызға тағы бір қосымша айтатын нәрсе қазақ халқында бұрын да, қазір де ғажайып ат бапкерелері бар. Ол жүрік атты тай кезінен бір қараған да ақ айырады екен. Ендеше спорт жаттықтырушысын осы ат бапкері мен салыстырсақ әбестік болмайды ғой деп ойлаймыз. Тамаша бапкерлердің арқасында халық арасында жүрген таңғажайып спортшының аты шығады, даңқы алысқа кетеді. Жас талант табылды делік. Міне, ол үлкен спорттың қасиетті табалдырығын аттағаннан кейін-ақ қамқор көңілге, аялық керек. Бапкер онымен бірге, тер төгіп, үздіксіз жаттықтырса онда еңбегінің жанғаны. Жаңа чемпион, тіптен олимпияда чемпиондары солардан шығады. Ал оған дейін қаншалықты ұзақ та, қиын жол жатыр. ГТО комплексінің алғашқы сатыларынан чемпиондық медальдарға дейін. Иә бұл бұраланы мол жолдан барлық жас өрен өте алмайды. Бұл жолдан нағыз жүйріктер, олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіріов тәрізді тер төге білетін, еңбек ететіндер ғана өтеді.

Ай өтеді, жыл өтеді бапкердің сын көзі шәкірт шеберлігінің біртін –біртін өсуі. Тай жарыс, кұнан жарыс, бәйгеден соң, бәйг. Міне осылардан шәкірттің сүрінбей өтуі –бапкердің жекелей сапасына байланысты. Алғашқы оқу жаттығу, үйрету, шәкірттің алғашқы аяқ алысы. Бұл шақта бапкер шәкірттің неғұрлым жақынырақ тани түседі. (оның мінезі, әдеттері, ол қызығатын жайлар, мектептегі үлгерімі т.б.). оның ата –анасымен семья жағдайы мен танысу керек. Осының өзі жаттығуды жеңілдетеді, шәкіртті өзін қалаған бағытқа бұра білуде көмегін тигізеді.

Сабақта жаттықтырушы шәкірттерінің барлығын көріп тұратындай мүмкүндіктер орналасуы керек. Себебі бұл олардың кез –келгеніне, кез –келген жағдайда айтқаныңды жеткізе білу, көмектесу үшін керек нәрсе алған тақырыбыңды түсіндіргенде ол ұғымды, қысқа әрі нақты болуы тиіс. Мұндай кезде неғұрлым шәкірттерге түсінікті терминдермен сөйлеу керек. Жаңа терминді түсіндірген дұрыс, сабақта даусыңды көтеруге, шәкіртіне қатты –қатты ұрсуға болмайды. әрине, тәртіп бұзғандарын жазалау керек.

Әрбір сабаққа тыңғылықты, ұқыпты дайындалсаң, қапы кетепейсің. Егерде жаттығулар бір –біріне ұқсас болса, шәкірттерді жалықтырып жібереді. Шәкірттердің сабаққа деген қызығушылығы біртін –біртін жоғалады. Сабаққа келмей қалушылық та осыдан басталады.

Бапкерге оқу және тәрбиелік жұмыстарын жүргізгенде балаларға лайық ойындық әдісті қолданып отыру керек. Әр сабақта өзіндік тартып тұратын, көтермелейтін, қызықтыратын қуаныш болса, қандай тамаша.

Әрине жас спортшы, жас палуан алғашқы жарысты асыға күтеді. Егер шәкірт жеңсе қуанады, одан әрмен көңіліңде өзіне деген сенім оянады. Ал жеңілсе ше? Бұл жеңіліс жиі –жиі қайталана берсе ше? Қайталана берсе, өзіне -өзі сенімі үшті күйлі жоғалатыны сөзсіз. Жаттығуға да ол келуді қояды. Мінекей көрдіңізбе, жаттықтырушы мұндай кезде сенім отын жағу үшін не істеу керек деген сұрақ туындайды. Ең алдымен оны көтермелемей білу абзал. Күрес кезіндегі оның ұтымды қимылдарын, әдістерін айтып көңілдендіру тиіс. Оның қайткенде де сөз құдіретін пайдаланып, жеңіске деген құштарлығын арттырса, оятса құба –құп.

Онда мұндай жағдайда сізден жаман бапкер шықпайды деген сөз. Бапкер шәкіртінің бойынан жылт еткен –жақсы қасиеттерді, өсуді көре білген абзал. Қате неғұрлым аз болса, бұл үшін бапкер өз шеберлігін арттырып ізденуі тиіс. Мына бір тамаша мәтел осы ойымызды құптай түсетіндей. «Ұстаздың аты жоғалмайды, ол өмір бойы оқи берсе». Әдемі емес не?

Жасөспірімдермен жұмыс істей отырып, бапкер мына жайды үнемі есінде ұстау керек: «Жас адам физикалық даму, үсу үстінде, бірақ оның бойындағы моральдық қасиеттері әлі де қалыптаспаған». Бұл ұстазға үлкен жауапкершлік жүктейді. Ұстаздық өмірде өзін -өзі ұстай білу зор үлгі, зор қызмет атқарады. Жасөспірім өзінің бойындағы мүмкүндіктерін білмеуі, көрмеуі мүмкүн. Мұндайда тағы да жаттықтырушы ең сенімді көмекші «Жасөспірім өзінің бойындағы мүмкүндіктерін білуі үшін бапкерег түсіндіріп, жеткізіп отырса, жаман болмас еді. Сондай –ақ, жақсы ұйымшыл коллектив болуы үшін бапкер көп жұмыс атқаруы тиіс. Жолдастық сезім біріне –бірі көмектесе білу, коллектившілдік –міне, бұл әдемі қасиеттерді жас адамның бойына құя білу, ол да асқан шеберлік. Тамаша ұйымшыл коллективтен тамаша спортшыларды дайындау оңай да, жеңіл».

Иә, жаттықтырушы мамандығы қиын да, күрделі де мамандық



Бақылау сұрақтары:

1. Палуандар жарысын өткізу

2. Салмақ қуу

3. Монша мен массажды қалай қолданған тиімді




ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕ ЖАТТЫҒУ ДАЙЫНДЫҚТЫ ЖАСЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ ЖҮРГІЗУ
Қазақ күрес жөніндегі оқу-спорт және тәрбие жұмысын жүргізудің негізгі формасы дене шынықтыру коллективтеріндегі спорт секциялары болып табылады. Ондай секциялар дене шынықтыру коллективтерінде, заводтарда, совхоздарда, колхоздарда, оқу орындарында және басқа ұйымдарда құрылуы мүмкін. Олар еңбекшілдерді спорттың күреспен ұдайы айналысып отыруға жұмылдырады. Осылайша квалификациясы жоғарғы спортшылар даярлаумен қатар еңбекшілердің денсаулығының жақсаруына, олардың жан-жақты болып жетілуіне ықпалын тигізеді. Күреспен айналысқандар еңбек етуге және Отанды қорғауға қажетті дағды алып, күшіне күш қосады, сондай-ақ, оларда коммунистік моральдық бағасы сипаттары (жолдастық, өзара көмек, адалдық, коллектившілдік, патриоттық, т.с.с.) қалыптасып, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласа алатын болады. Қазақша күрес секциялары әдетте өндірістік принцип бойынша құрылады да, бір кәсіпорында, мекемеде жұмыс істейтін, бір оқу орнында оқитын спортшыларды біріктіреді. Бұл спортпен шұғылданатындардың колхоздардың, совхоздардың, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың жұртшылығымен тығыз байланыста болуын қамтамасыз етеді де, сөйтіп, спорт жұмыстарын жүргізіп, спортшыларды тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасайды. Секцияны құрудың алдында үлкен түсінік және ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Ең алдымен культурашылар коллектив советінің комсомол, кәсіподақ ұйымдарының және кәсіпорындар мен оқу орындары басшыларының көмегімен секцияны басқарушыларды материалдың жағынан қамтамасыз етіп, сабақ өткізетін орындарды жабдықтау керек. Содан соң барлық күшті жастарды қазақша күреске тарту ісіне жұмсау қажет. Бұл үшін насихат пен үгіттің әр түрлі құралдарды пайдаланылады. Олар: әңгімелесу, жастарды жарысқа шақыру, көрсету жарыстарын, спорт кештерін өткізу, көркем безендірілген стенділер, фотовитриналар жасау, плакаттар шығару, хабарландырулар беру және т.с.с.

Қазақ күрес секциясында айналысқылары келетіндер анықталған соң, секция бюросы құрылады да, ол кейіннен ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарының барлығын басқарады. Бюроның құрамына 3-5 адам кіреді. Оның председателі, секретары сайланып, қалған мүшелерінің міндеттерін белгілейді. Кейде комиссия ұйымдастыру, (оқу, төрелік ету, т.с.с) құрылуы мүмкін. Секция бюросы оқытушылармен (жаттықтырушылармен) тығыз байланыс жасай отырып, секцияның жұмысын басқарады, оған жаңа мүшелер қабылдайды, күрес өнерін көрсету, шаңғы тебу, жорықтар, жаяу жарыстар өткізу сияқты бұхаралық шараларды жүзеге асырып отырады. Сонымен бірге бюро жоспар, программа және жарыстар жөніндегі ережелерді, шығындар сметасын жасайды. ГТО значоктарын алғандардың, разрядшы спортшылардың есебін алып, сондай-ақ, секция жұмысының есебін жүргізеді.

Секцияның басқарушы жоғары органы жалпы жиналыс болып табылады да, оның алдында бюро өзінің істеген жұмысы жайлы есеп беріп отырады. Жалпы жиналыс бюроның қызметіне баға береді. Күнделікті жұмысында бюро дене шынықтыру коллективінің советіне бағынады.

Қазақша күрес секциясына кірушілер толық медициналық байқаудан өтулері тиіс. Олардың денсаулығын және физиологиялық жағынан өсіп-жетілуін сипаттайтын деректер арнайы карточкаға толтырылады да, оқытушы (жаттықтырушы) сабақ кезінде спортшыларға түсетін күш пен оның мазмұнын анықтау үшін сол мәліметтерді басшылыққа алады. Секцияға оқушылар кірген жағдайда оларға, бұған қоса ата-аналарының және мектеп директорының рұқсаты болуы тиіс.

Оқу-жаттығу топтарын жаттығушылардың жасын, өсіп-жетілу дәрежесін, жалпы және спорттық-техникалық даярлығын ескере отырып құрады.

Ірі кәсіпорындарда немесе оқу орындарында жаңа жаттығушылар мен разряды бар спортшылар үшін өз алдына: бөлек секциялар ұйымдастыру қажет. Бұлай жасағанда оқуға жастарды барынша көп тартуға мүмкіндік туады және сонымен қатар, оқу жұмысын методикалық тұрғыдан дұрыс құруға ықпалын тигізеді. Топтарды ұйымдастырғанда бір оқытушыға жаңадан жаттығушы 14-16 адам, 12-11 үшінші разрядшы, 10-12 екінші және бірінші разрядшы және 6-8 спорт шеберінен ғана келгені дұрыс. Әр спорт секциясының жұмысының жақсы болуы, оның спорттық жетістіктерге жетуі, ұйымдастыру және шаруашылық табыстары кептеген жағдайда қоғамдық активпен жұмыстың қалай жүргізілетіндігіне байланысты. Оқытушының ең алдымен сүйенері секция бюросының мүшелері, топ старостасы және команда капитаны болып табылады. Олар ең құрметті және ең беделді спортшылар болуға тиіс. Секцияның әрбір мүшесінің қабілеті мен не нәрсеге икемді екендігін дер кезінде байқап, оның өзінің қоғамдық жұмыста белсенді болуына көмектесудің маңызы бар. Бұл тәрбие жұмысының басты шарттарының бірі. Қоғамдық жұмыс творчестволық дербестікті және инициативаны арттырып, ұйымдастырушылық дағдысының дамуына көмегін тигізеді. Сонда спорт секцияларының жақсы қоғамшылдары өндірісте де шебер басқарушы болып шығады. Екінші жағынан секцияның неғұрлым көп мүшесі қоғамдық жұмысқа тартылатын болса, коллектив те соғұрлым ынтымақшыл және тату болады. Ең қабілетті және белсенді жаттығушылардан қоғамдық нұсқаушыларды даярлау қажет, олар кейін секцияда өз бетінше сабақ өткізе алады.

Қоғамдық нұсқаушыларды дене шынықтыру кеңестері, спорт клубтары, ерікті спорт қоғамдары және ведомстволар арнайы курстар мен семинарларда даярлай алады. Алайда, олар білімді негізінен оқытушылардың басшылығымен өтетін секциялардағы күнделікті оқу-жаттығу сабақтарында алады. Дене шынықтыру коллективтерінен басқа қазақша күрес жөніндегі оқу-спорт жұмысы, сондай-ақ, балалар спорт мектептерінің бөлімшілерінде, халық ағарту бөлімдері мен ведомстволарында, ерікті спорт қоғамдарында да жүргізіліп отырады. Ал, ең қабілетті деген палуандар шеберлігін одан әрі ұштау үшін жоғары спорт шеберлігі мектептеріне алынады.

Қазақ күрес уйірме жұмысының табысты болуы көп жағдайда дұрыс жоспарлауға байланысты. Сондықтан, секциядағы жұмыс бюро мүшелерімен бірлесе отырып перспективалық, жылдық және айлық жоспар бойынша жүргізіледі. Календарьлық жоспарлар мен жекелеген шараларды жүргізу жоспарының едәуір маңызы бар.

Перспективалық жоспар қазақша күрес секциясының дамуы кәсіпорынның өзінің дамуымен, ондағы еңбекшілердің тұрмыстық және мәдени қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің өсуімен байланысты деген есеппен және осылар ескеріле отырып, бірнеше жылға жасалады. Ол жоспарда материалдық базаның (залдарды, жазғы алаңдарды салып жақсарту, қымбат туратын спорт құралдарын сатып алу, т.б.) жақсартылуы, жаттығушылар санының артуы, активті тәрбиелеп өсіру, разряды бар спортшылар санының көбеюі, т.б. көзделеді.

Жылдық және айлық жоспарлау ағымдағы жоспарлау болыл табылады, олар мынадай бөлімдерге бөлінеді.

Оқу-тәрбие жұмысы. Бұл бөлімде топтың санын және оның сандық құрамын анықтау, оқытушылар мен қоғамдық нұсқаушыларды бөлу, сабақ кестесін жасау, топты оқу документациясымен және көрнекі құралдармен қамтамасыз ету, сабақтарды өткізу мәселелері бойынша методикалық жағдайлар ұйымдастыру, оқыту, жаттықтыру методикасы және т.б. көзделеді.

Жарыс календарын анықтау, ережелер жасау, төрешілер коллегиясын іріктеп алып, бекіту, құрама команданы бекіту, разрядшылар мен төрешілерді даярлау (мұндағы анықталатындар: мерзімдері, саны, т.б.).

Күрес өнерін көрсету жарыстарын, спорт кештерін ұйымдастыру, лекциялар оқу, қабырға газетін шығару, фотовитрина жасау, секциялардың жұмысы жөнінде хабарлау, жарыстарға қатысу, сабақ және сабақ өтетін орындарды көркемдеп әшекейлеуі афишалар мен плакаттар дайындау т.с.с.

ГТО значогін алатындарды даярлау жоспарын қарау және нормативтерді тапсыру үшін оны қабылдайтын және жарыстарды ұйымдастыратын комиссиялар құру.

Дәрігерлік бақылау. Медициналық тексерулерді ұйымдастыру, ол тексерулердің нәтижелері бойынша және дене жаттығуларының адам организміне әсері, гигиена, өзін-өзі бақылап жүру және т.б. жайлы дәрігерлердің әңгіме өткізуі.

Қоғамдық кадрлар даярлау. Қоғамдық нұсқаушылар мен әр түрлі категориядағы төрешілерді даярлау жөніндегі шараларды ұйымдастыру.

Шаруашылық жұмыстар. Құрал-жабдықтар сатып алу және жөндеу жөніндегі шығындардың сметасын жасау, әр түрлі шараларды ұйымдастыру және өткізу, спорт базаларын жалдап алу жайлы шарттар жасасу, жазғы алаңдарда сабақ өткізетін орындарды жабдықтау үшін жексенбіліктер ұйымдастыру және т.б. Қазақша күрес секцияларының жұмыс жоспары төменде келтірілген форма бойынша жасалады.
1-кесте – Қазақша күрес секциясының 20... жылға арналған жұмыс жоспары

Жұмыстар

дың мазмұны



Орындалу мерзімі

Орындауға жауапты

Орындалғаны туралы белгілер











Үйірмені басқарудағы және қоғамдық актив даярлаудағы оқытушының алатын орны мен міндеттері. Палуандарды жаттықтырудың бүкіл процесі спортшыларды тәрбиелеу ісімен өте тығыз байланысты. Совет спортшысы қай жағынан да тәртіптіліктің, іштей жинақылықтың, жоғары мәдениеттің үлгісі болуы тиіс. Өзінің спорттық шеберлігін ол өндірістегі өнімді еңбегімен, мектептегі, техникумдағы немесе жоғары оқу орнындағы үздік оқуымен ұштастыруы керек. Уйірменің ұйымдастырушысы және жетекшісі ретіндегі жаттықтырушымен игі міндеті де тап осындай спортшыны даярлау болып табылады.

Қазақ күрес жөніндегі кез-келген сабақ жоғары мәдениетті дәрежеде өтіп, спортшыларға эстетикалық тәрбие беруге көмектесіп, олардың сұлулыққа, әсемдікке деген сезімін дамытып, жан дүниесін байыта түсуі тиіс. Осындай мақсатпен сабақтың жарық әрі таза құралдар жақсылап жиналып, кілем тегіс етіп төселген залда өтуіне ерекше көңіл аударған жөн. Жаттығушылардың сабаққа кешікпей, таза, бойына шағын етіп тігілген спорт формасымен келуіне талап қоюының да маңызы аз емес.

Тәрбиелеу ісінде жаттықтырушының жеке басының үлгісінің рөлі өте зор. Тек рухани жағымен кіршіксіз жаттықтырушы ғаңа жаттығушыларды спорттың адалдыққа, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке үйрете алады.

Жаттықтырушының еңбегі — педагогикалық, тәрбиелік жұмыс. Ол спортшылардың не нәрсемен әуестенетіндігін, жұмысты қалай істеп, калай оқитындығын білуі тиіс. Соңдықтан жаттықтырушы жанұямен, мектеппен және кәсіпорынмен тығыз байланыста болуы керек. Ол педагогика, психология, спорт физиологиясы жөніндегі білімін толықтырып, арнайы методикалық мамандық алып, сондай-ақ, оқыту және жаттықтыру методикасына қазіргі заманғы жетістіктерді пайдалану үшін спорттағы барлық жаңалықтарды біліп отырғаны жөн.

Спортшыны моральдық жағынан тәрбиелеп және оның жігерін жани түсу де көп жағдайда жаттықтырушыға, оның біліміне, беделіне, талап қоя білуіне байланысты. Өзінің күнделікті жұмысында ол педагогикалық амалдарды қолданып отыруы тиіс, олар – сендіру, түсіндіру, көтермелеу, ескерту жасау. Сонымен қатар, еліктіретін үлгі ретінде аса көрнекті спортшылардың өмірінен мысалдар келтіріп отырғаны жөн.

Жаттықтырушы спортшыларды жарыстарда өз бетінше әрекет етуге үйретуінің де маңызы бар, өйткені, жарыс кезінде өз бетінше шұғыл шешімге келуді талап ететін жағдайлар жиі кездеседі.

Тәрбие жұмысында сендірудің, спортшының көзін жеткізудің рөлі аз емес. Егер жаттығу кезінде палуан шаршадым деген желеумен айқасты одан әрі жүргізуден бас тартса, ал мұның шын себебі шаршағандық емес, жасықтық, шаршадым деп өзін-өзі игере алмағандық екендігін жаттықтырушы анық білетін болса, ол айқасты ақырына дейін жүргізу керектігіне спортшыны сендіруі тиіс.

Шәкірттеріне талап қоя білумен қатар жаттықтырушының өзі де тәртіптіліктің үлгісін көрсетіп, қай жағынан да үлгі бола білуі, ең алдымен спортшыларға дауыс көтермеуі, қарапайымдылығын сақтап, өзінің олардан артықшылығын ешуақытта көрсетпеуге тиіс. Сонымен қатар, өзінің олардың ұстазы екендігін де бір сәт естен шығармағаны жөн, өз ісіне берілгендік, қызметін жанын сала істеу, спортшыларға деген іштарту сезімі, спортты ұнату, өмірге құштарлық пен оптимизм – осының бәрі жаттықтырушының бойында болуға тиісті әрі оған қажетті эмоциялық сипаттар. Ол батыл, тәуекелшіл, инициатива көрсететін палуандарды қолдап, көтермелеп, шабуылды қорқақтап, сылбыр жүргізетін, сондай-ақ, басқа да жігерсіздік көрсеткендерді ұялтып, оларға ескерту жасап отырғаны дұрыс.

Қай адам болса да өмірде белгілі бір мақсатқа ұмтылады. Спортшы да алдына мақсат қояды, ең жақын мақсаты – бір жыл ішінде курестің техникасы мен тактикасын игеру, III жане I разряд алу алдағы мақсаты – бірнеше жыл ішінде спорт шеберінің нормасын орындау болуы мүмкін. Сондықтан палуанның жігерін тәрбиелеу негізінен осы жолдағы қиындықтарды жеңуге саяды.

Палуанның жігерлілігі оның қоғамдық және жеке басының тәртіптілігінен, жаттықтырулар мен жарыстарда ережелерді сақтауынан, жаттықтырушының нұсқауларын дәл де сөзсіз орындауынан да көрінеді. Спортпен айналысып, жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылғанда режимді бұзуға болмайды. Режим спортшы үшін – заң. Тек оны күн сайын қатаң сақтап отырғанда ғана табысқа жетуге болады.

Жаттықтырушының білімі мен тәжірибесі қандай болса да активтің көмегінсіз секцияның алдында тұрған негізгі міндеттерді орындауды қамтамасыз ете алмайды.

Жаттықтырушы тәрбие жұмысын секция, бюросымен және дене шынықтыру коллективі советімен бірлесе отырып, жаттығушы жұмыс істейтін немесе оқитын кәсіпорынның немесе мекеменің партия, кәсіпорын комсомол ұйымдарының бұқаралық спорт және мәдени жұмыстарына сай жүргізуі тиіс.

Сонымен, жаттықтырушының жұмысындағы ең қиыны — ынтымақшыл ұйымшыл коллектив құру. Бұл арада мынаны былай істеңіз деп оларға ешқандай ақыл беру мүмкін емес. Әрбір педагог нақты жағдайға байланысты жаттығушыларды коллектив етіп ұйымдастыруға ұмтылуы тиіс. Бұл жолда секцияның бюросы мен актив жаттықтырушыға үлкен көмек көрсете алады.

Жарыстар кезіндегі өзара көмек, палуандармен әңгіме, ірі жарыстардың үстіндегі жекелеген палуандардың батыл мінездерін үлгі ретінде коллективте талқылау, сондай-ақ, кейбір спортшының теріс қылықтарын талқыға салу, міне, осының барлығы да тәрбиелеуге көмектеседі.

Жаттықтырушының маңызды міндеттерінің бірі жаттығып жүргендердің денсаулығын бақылау болып табылады. Дәрігермен бірлесе отырып ол спортшыларды жылына кем дегенде төрт рет медициналық бақылаудан өткізіп отыруы тиіс. Осыған байланысты секцияның әрбір мүшесіне арнайы карточка ашылып, оған медициналық тексерудің алғашқы мәліметтері бойының, кеуде, мойын орамдарының өсуі, өкпесінің кеңдігі (жизненная емность), т.б. жазылады. Жаттықтырушы дәрігермен бірге күреспен айналысып жүргендерге өздерінің денсаулықтарын бақылап отыруды үйретуі, олардың адам анатомиясы мен физиологиясының негіздерін білуіне көмектесуі керек.

Оқу-жаттығу процесін жоспарлау дене шынықтыру коллективтері секцияларының оқу-педагогикалық процесі сан қырлы әрі ұзақ уақытқа созылады. Өйткені, қазіргі спорттық-техникалық талаптардың жоғарылығы сондай, спортшының жақсы нәтижелерге жетуі үшін ол осы мақсатта табандылықпен әрі жылдар бойы жаттығуы қажет. Мұндай мақсатты көздейтін бұл процесс бірте-бірте, жүруі тиіс. Ал егер оны жеделдете түсуге тырысатын болса, оның өзі жаттығушылардың денсаулығына, олардың шеберлігінің артуына теріс әсер етеді.

Оқу материалдарын болашақты да, ағымдағы және оперативті міндеттерді де ескере отырып бөлуді көздейтін дұрыс жоспарлау ғана осы міндеттердің толық орындалуына көмектеседі.

Перспективалық жоспарлау жаттығушыларға қойылатын талапты ұдайы күрделендіре және арттыра отырып бірнеше жыл бойы орындалатын ұйымдық және методикалық біртұтас шаралар жүйесін жасауды көздейді. Көпжылдық жоспар бір топ палуанға да, сондай-ақ, жеке спортшы үшін де жасалады. Ол жоспарда көздеген мақсат пен орындалатын міндеттер көрсетілуі тиіс. Мұның бәрі жаттығушылардың санына, оқытушыларға, материалдық базаға және т.б. байланысты болады. Жоғары разряды бар палуандар үшін жеке перспективалық жоспар жасау көзделеді. Онда спортшының техникалық, тактикалық, физикалық және ерік күші даярлығын ескере отырып, оның спорттық жетілуінің міндеттері мен жолдары анықталады. Жеке перспективалық жоспарда спорттық жетілуді көздейтін барлық бөлімдер өзара тығыз байланысты болуы тиіс. Мысалы, егер техникалық даярлық жоспарында орап алып лақтыруды үйрету міндеті қойылса, онда физикалық даярлық жоспарында осы әдісті орындауға қатысатын және оны сапалы орындауды қамтамасыз ететін бұлшық еттер тобының күшін арттыруды көздеу қажет. Жылдамдықты жетілдіру, қимыл үйлесімділігі, сондай-ақ, тактикалық және ерік күші даярлығы жоспарларында да осындай міндеттер қойылуы тиіс.

Жеке перспективалық жоспардың негізінде жылдық және жекелеген жарыстарға дайындалу жоспарлары жасалып жаттығу циклдары мен әр сабақтың міндеттері мен ол міндеттерді орындау жолдары анықталады.

Қазақ күрестің оқу жоспары. Оқу жоспары жаттығушылардың әр топтарына арналған оқу жұмысының бағыты мен ұзақтығын анықтайды. Онда материалды өтудің реті, негізгі бөлімдердің мазмұны (сабақтың тақырыптары), олардың әрқайсысының сағат саны, әр сабақтың ұзақтығы белгіленеді. Бір аптадағы сағаттың саны мынадай есеппен белгіленеді: жаңа – жаттығушылар тобы аптасына 2-3 рет орта есеппен 2 сағаттан, III разрядты палуандар 3 рет 2 сағаттан, II және I разрядты палуандар 3-4 рет 2-3 сағаттан, спорт шеберлері 4-5 сабақ – 3 сағаттан айналысады.

Оқу жоспарында теория және практика бөлімдері болады .

Программа оқу жоспарының негізінде жасалады. Онда жаттығушының алатын білімінің, шеберлігі мен дағдысының дәрежесі анықталады.

Бұл документте педагогикалық жұмыстың ең қолайлы формалары мен әдістері көрсетіліп, белгілі бір оқушылар тобына (балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, дене шынықтыру коллективтерінің секциялары) арналған теориялық және практикалық оқу материалының негізгі мазмұны беріледі.

Теория бөлімінде тақырыптың атымен қатар оның мазмұны айтылады, ал практикалық материалды жазғанда палуанның сапта жүруі жалпы дамуы үшін керекті жаттығулар мен арнайы жаттығулар да (қорғану әдістері, қарсы әдіс, комбинациялар) көрсетіледі. Практикалық материалдар оқытылатын жылдар бойынша және оқытудың методикалық реті бойынша көрсетіледі. Қазақ күрес секциясының жұмыс жоспары. Ол белгілі бір оқу-жаттығу циклында немесе календарының мерзімде өтілетін сабақтардың нақты мазмұнын анықтайды. Бұл документте программаның тапаптарына және оқу процесінің графигіне сай спортшыны оқыту және оның шеберлігін жетілдіру методикасы жоспарланады. Онда методикалық рет-ретімен әрбір сабақтың теориялық және практикалық материалдары беріледі. Жұмыс жоспарында тәрбие жұмысының бөлімдері көрсетіліп, спортшының бұқаралық спорт шараларына қатысты көзделеді, сондай-ақ, әрбір сабақтағы, сонымен қатар, содан кейін рет-ретімен келетін сабақтардағы жаттығу кезінда спортшыға түсетін куш мөлшері анықталады. Жұмыс жоспарында оқу материалы жазбаша да беріледі, график түрінде де көрсетіледі.

Қазақ күрес жөніндегі спорттық-бұқаралық шаралардың календары. Спорттық жарыс оқу-жаттығу процесінің ажырамас бөлігі, оның сапасын тексерудің өзіндік жолы. Спорттық жарыстарға қатыстырмайынша спортшыларды тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан, жарыстарды оқу-жаттығу жұмысының міндеттерін мақсатқа барынша сай келетін етіп шешетіндей дәрежеде жоспарлау қажет. Сөйтіп, әрбір жарыс оқуда қойылатын міндеттердің логикалық қорытындысы болуы тиіс.

Спорттық-бұқаралық шаралардың календарын жасағанда жоғарыда тұрған ұйымдардың жарыстары ескеріледі. Календарьлық біріншіліктермен қатар бұл документте әр түрлі оқулық жарыстар (топ ішінде, секцияда топтар арасында және коллективтер арасында) жолдастық кездесулер өткізу де көзделеді.

Қазақ күрес жаттығуының кестесі. Жаттығулардың кестесі оны өткізудің күндерін, сағаттарын, өткізетін орнын анықтайды, сондай-ақ, онда жаттығуды өткізетін оқытушылар да көрсетіледі. Кесте қазақша күрес жөніндегі секция жұмысын ұйымдастырудың басы болып табылады, сондықтан, оны жасағанда спортпен айналысатындардың жұмыстан немесе оқудан бос болатын кезін ескеру қажет. Кестенің ұзақ уақытқа жасалып, жиі-жиі өзгертіле бермеуінің де маңызы үлкен. Әдетте, кесте бір жылға жасалады.

Қазақ күрес жөніндегі жаттығудың конспектісі. Жұмыс жоспарының негізінде әр жаттығудың конспектісі жасалады. Онда жаттығудың әрбір бөлігінің міндеттері, мазмұны мен құралы, жаттығуды орындау барысы анықталып, ұйымдастыру-методикалық нұсқаулар беріледі. Әбден ойлап жасалған конспект оқытушыға оқыту және жаттықтыру міндеттерін I ұйымшылдықпен әрі тиімді шешуге, методикалық мәселелерді творчестволықпен шешіп отыруға, жаттығуды мазмұнды да қызықты етіп өткізуге мүмкіндік береді. Мазмұны жағынан жақсы өткізілген жаттығу келесі программаны меңгеруге негіз болып табылады.


Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> Л. С. Динашева K. У. Қарабаева Әлемдік өркениеттер тарихы шымкент 2016
kitap -> «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінен (дәріс жинағы) Шымкент-2017ж
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> ТӨлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Р. Д. Дарібаева Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
kitap -> Естественные и педагогические науки
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет