Америка елдері. Латын Америкасы. АҚШ жер көлемі жөнінен дүниежүзінде төртінші орын алады



Дата02.05.2020
өлшемі14,5 Kb.
#65510
Байланысты:
США и ЛА


Америка елдері. Латын Америкасы.

АҚШ - жер көлемі жөнінен дүниежүзінде төртінші орын алады.

АҚШ мемлекеттік құрылымы жөнінен 50 штаттан, 1округтен тұратын федерациялы республика. Ел астанасы - Вашингтон, Колумбия федералды округінде орналасқан. АҚШ-тың ең биік нүктесі Мак-Кинли шыңы, оның биіктігі 6193 м. Мак-Кинли шыңы Аляска жотасында орналасқан. АҚШ-тың Канадамен шекарасында Ұлы көлдер орналасқан.Ұлы көлдерге Мичиган, Жоғарғы көл, Эри, Онтарио, Гурон көлдері жатады. Ұлы көлдерді АҚШ-тың «үшінші теңіз жағалауы» деп атайды. Себебі ерте замандарда бұл көлдерде кеме қатынасы дамыған.

АҚШ -тың байырғы халқы - үндістер. Үндістердің жалпы халық санындағы үлесі 1%-ды құрайды.

АҚШ-та ірі 3 мегаполис бар, олар Чипитс, Босваш, Сан Сан мегаполистері Бостоннан Вашингтонға дейінгі аралықты қамтитын қалалардыСолтүстік шығыс мегаполисі, Сан- Франциско мен Сан-Диего қалалары аралығында Калифорния мегаполисі, Чикаго мен Питсбург қалалары аралығындағы мегаполисті Көл маңы мегаполисі деп айтады.

АҚШ-тың дүниежүзілік нарықта машина жасаудан өзіндік орны бар. АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль құрастырылады.

АҚШ-тың Мексика шығанағы жағалауында мұнай өнеркәсібі дамыған. Хьюстон қаласында 200-ге жуық мұнай өңдейтін зауыт жұмыс істейтіндіктен Хьюстон қаласын «мұнай химиясының астанасы» деп атайды.

АҚШ-та 4 экономикалық аудан бар, олар Солтүстік Шығыс; Орта батыс, Оңтүстік, Батыс аудандар.

Канада - Ұлыбритания басқаратын достастық құрамына кіретін мемлекет. Ұлыбританияның мемлекет басшысы Ұлыбритания королевасы.Канаданы королеваның уәкілі генерал губернатор басқарады. Канаданың астанасы - Оттава қаласы. 1857 қаласы Ұлытбриания королевасының шешімімен британ провинциясының орталығы болып бекітілді.1867 жылы Канаданың астанасына айналды. Оттава сөзі үндістер тілінен аударғанда «алмасу» деген мағына береді. Канада әкімшілік аумақтық құрылымы жөнінен 10 провинция 2 аумақтан тұратын конфедерация. Басқару жүйесі жөнінен парламенттікконституциялық монархия.

Канаданың оңтүстік-батысын прерийлер алып жатыр. Прерий деп Солтүстік Америкадағы дала зонасын айтады.Дала зонасының құнарлы қара топырағында бидай өсіріледі. Канадада табиғатты қорғау ерекше қолға алынған. Елдегі ең ірі ұлттық саябақ - Вуд Баффало. Ұлттық саябақ Канаданың солтүстік- батысында орналасқан.Мұнда бизондар қорғалады.

Канаданың байырғы халықтары эскимостар мен үндістер.Эскимостар елдің солтүстігінде таралған, олар балық, аң аулаумен айналысады.

Үндістер тіліне аударғанда Канада атауы «қоныс» деген мағына береді. Канада дүниежүзінің әр түкпірінен келген адамдардың мекеніне айналған.Канада халқының басым көпшілігін Франция,Ұлыбританиядан келгендер құрайды.

НАФТА - Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағы. НАФТА 1994 жылы құрылған. НАФТА-ға АҚШ, Канада, Мексика мүше.Канаданың НАФТА-ға мүшелігінің арқасында АҚШ пен Канада арасындағы экономикалық байланыстар жоғарғы дәрежеде дамуда.

Латын Америкасының саяси картасында 33 тәуелсіз мемлекет орналасқан. Аймақтағы ең алғашқы тәуелсіздікке ие болған ел Гаити болып саналады.

Дүниежүзінде 40-тан астам ел теңізге тікелей шыға алмайды.Латын Америкасындағы елдердің басым бөлігі теңізге шыға алады, тек Боливия мен Парагвайдың тікелей теңізге шығу мүмкіндігі жоқ.

Латын Америкасндығы федерациялық құрылымдағы елдерге Бразилия, Мексика, Аргентина жатады. Мысалы, Бразилия 22 штаттан тұрады.

Кофенің шыққан жері Африкадағы Эфиопия мемлекеті болып саналады.

Бразиялия кофе өндіруден дүниежүзінде бірінші орын алады.



Бразилияның мемлекеттік тілі португал тілі. Себебі Ұлы географиялық ашылулардан кейін Латын Америкасы елдерін Португалия мен Испания отарлаған болатын.

Бразилия - Оңтүстік Америкадағы ең ірі, ең халқы көп және осы аймақтағы ең дамыған ел. Астанасы - Бразилиа қаласы. Бразилияның ірі қалаларына Сан-Паулу, Белу-Оризонти, Ресифи қалалары жатады. Бразилияда мал шаруашылығынан ірі қара малын өсіру дамыған.Бразилиядан 192 млн бас ірі қара бар. Ірі қараның саны жөнінен Бразилия Үндістаннан кейінгі екінші орынды алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет