Ақмола облысы Астрахан ауданы «Қызылжар орта мектебі» мм оспанов Фархад 3 «А» сынып «Төрт түлік мал- ырысым»



бет1/12
Дата28.01.2018
өлшемі1,34 Mb.
#34786
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ақмола облысы

Астрахан ауданы
«Қызылжар орта мектебі» ММ





Оспанов Фархад

3 «А» сынып

«Төрт түлік мал- ырысым»


6-секция биология, химия, экология



Бастауыш сынып мұғалімі

Дюсембекова Клара Ерназаровна


Көкшетау 2016 жыл

Аннотация

Бұл жобада төрт түліктің пайдасы туралы кеңінен мәлімет беріледі. Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін білген.

Мал шаруашылығының қыр-сырын жете меңгерген еңбекшіл де епті халқымыз мал өнімдерін тұрмыстық салада қолдана білетіні туралы қарастырылды.

Аннотация

В этом проекте рассматривается польза черырех видов домашнего скота. Казахский народ издревне занимался скотоводством. Имея богатый опыт укоренившийся веками, они знали природу жизни и ценности скота.

Детально рассмотрены тонкости животноводства, также владение животноводческой продукции с применением в бытовой сфере.

Жобаның маңыздылығы:

Біздің халқымыздың өмірі ата кәсібімен байланысты екенін дәлелдеу және жеткізу. Кейінгі жастарымыздың қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін білу мақсатында, олардың бәрі бірдей малды бақпас, бірақ аталарымыз қадір тұтқан мұраларымыздың ерекшіліктерін жадында сақтау үшін зерттеу, танып- білу жұмыстарын жүргізу.

Қазақ этномәдениетін сипаттайтын өзекті арқаудың бірі – мал шаруашылығының ішінде қазақ жерінде жылқы малына байланысты. Жылқының өсу, даму кезеңдерін жіті қадағалап, деректер жинау.

Жобаның мақсаты:

А. Қазақ халқымыздың төрт түлікке байланысты қадір-тұтқан көне және мәдени ерекшеліктерімен танысу;

Б. Мал өнімдерін тұрмыстық салада қолдану тәсілдері. Төрт түлікке орай ұлттық тәрбие, өнеге үлгілері жайлы танып білу.

Міндеті:



  • Әдебиеттерді іріктеу және реттеу .

  • Мал шаруашылғына байланысты әдеби деректер жинау;

  • Көне әдебиеттерден мал шаруашылығының шығу тарихы туралы мәліметтерді іздеу.

  • Мал шаруашылығы: төрт түлік малға қатысты еңбектерді оқу.

Зерттеуді керек қылатын келелі мәселе:

Төрт түлік малдың адамға берер пайдасы.



Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:

Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал шаруашылығы еліміз үшін аса маңызды шаруашылық саласын дамыту, малды асылдандыру..



Зерттеу тақырыбы: Мал шаруашылығы

Зерттеу әдісі: Дереккөздерді іздеу, бақылау.

Кіріспе:

Қазақ халқының көшпелі тұрмыс- тіршілігінде төрт түлік малдың орны ерекше. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған.

Негізгі бөлім.

Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған.

Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде болар. Ал түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.

Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (суйрік), айғыр деп атайды. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Құлын- биенің жас төлі. Өте әдемі келеді. Сондықтан тілімізде «құлын мүше» деген фразеологизм қалыптасқан. Жаңа туған құлынды «құлан мүшелі құлын», «арғымақ денелі құлын», «қаз мойын» деп атаған.

Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де әртүрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар т.б.


Каталог: uploads -> doc -> 0a8c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a8c -> Сабақ тақырыбы: с ә бит м ұқ анов «Саятшы Ораз» әңгімеcі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет