Ақмола облысы Астрахан ауданы “Старый Колутон орта мектебі” мм



Дата20.06.2018
өлшемі1,27 Mb.
#43677
  • Ақмола облысы
  • Астрахан ауданы
  • “Старый Колутон орта мектебі” ММ
  • Мейрманова Асем Жанатқызы
  • 7 “А” сынып
  • Финик пальмасын үй жағдайында өсіру
  • Секциясы: биология
  • Жетекшісі: І санатты химия, биология
  • пәні мұғалімі Кожахметова Жарқын Алтайқызы
  • Көкшетау - 2016

Мазмұны

  • КІРІСПЕ …………………………………………………….…….............................
  •  
  • І ТАРАУ. ФИНИК ПАЛЬМАСЫ ТУРАЛЫ
  • 1.1. Финик пальмасының тарихы……………………... 4...............................
  • 1.2. Финик пальмасының маңызы..........................................................................5-6..........
  •  
  • ІІ ФИНИК ПАЛЬМАСЫН ӨСІРУ.………………………………………………
  • 2.1. Финик пальмасын үй жағдайында өсіру тәсілдері...................7-13 ............
  • III ТАРАУ. Қорытынды ................................... 14 -16
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................17

Аннотация

  • Мақсаты: Әсемдік өсімдік ретінде финик пальмасын өсіріп көбейту
  • Міндеті: Финик пальмасы тұқымын зерттеу, өсіп-өну қарқындылығын анықтау, өскен финик пальмасына зерттеу жүргізу.
  • Зерттеу әдісі: Жобалау – шығармашылық жұмыс
  • Зерттеу пәні: Биология
  • Зерттеу жаңалығы: Финик пальмасы өздігінен өспейді, оны арнайы әдіспен өсіру қажеттілігі.
  • Зерттеу нәтижелері: Финик пальмасы туралы мәліметтер жиналды. Бұл жобада адамзат баласы финик пальмасын қолдан өсіруге болатындығы туралы білу керектігі, оны әсемдік өсімдік ретінде өсіріп, көбейтуге болатындығы сезіледі.
  • Шешімі: Бұл жобада адамдардың өсімдік үшін жауапкершілігін арттыру болып табылады. Яғни қоршаған ортаны көгаландыру, көркейту — әр азаматтың құқығы мен міндетінің бірі екендігі және әр адам финик пальмасын үй жағдайында өсіріп көбейтуге болатындығы осы жоба арқылы көз жеткізуге болады.

Аннотация

  • Цель: выращивать финиковое дерево для эстетики и размножения.
  •    Цель работы: Исследовать семя финикового дерева, следить за его развитием, исследовать выращенное дерево.
  • Методы обучения: Исследовательская и творческая.
  • Тема: Биология
  • Новизна исследования: Само финиковое дерево не вырастет , его нужно по особому методу выращивать.
  • Результаты исследования: Собрать данные о финиковом дереве дает сведение о том, что человек может выращивать финиковое дерево для размножения и эстетики.
  • Решение: Этот проект призван повысить ответственность людей , за посаженные зеленые насаждения, то есть озеленить окружающую среду – долг каждого гражданина, и дает возможность узнать как можно вырастить финиковое дерево в домашних условиях.

Abstract

  • Purpose: to increase the elegance Finik palms grow as a plant
  •    Mission: To study Finik seeds of trees, determining the intensity of the growing season, increased research Finik palm.
  • Methods of study: Design and creative work
  • Subject: Biology
  • The novelty of the research: self Finik trees grow, the need for a special cultivation method.
  • The results of the research: Finik collected data on trees. This project mankind should be able to finish on the palm trees that grow there is the possibility to increase it to grow as a decorative plant.
  • Solution: This project is to improve people's responsibility for the plant. That is, the planting of the environment, improvement is the right and duty of each citizen, and each person can finish an increase in home-grown palm trees to make sure this project.

Финик пальмасының тарихы.

  • Көбінесе құрма пальмалары жеке жарамды болу үшін, құрғақ және ыстық обылыстарда өсіріледі. Солтүстік Африка мен Араб елдері құрма пальмасының отаны деп есептеледі. Бұл отанда олар 4 мың жылдай өсіп келеді. Ежелгі Египет ескерткіштерінде құрма пальмасының суреті бейнеленген. Атақты Геродот Теофраст, Страбон және Плиний құрма пальмасының Вавилоннан
  •  Канар жайығына дейін өсірілетінін жазған. Бұл талдың ұзындығы 12-30 метр, өзі түзу болып келеді, әрі шашақ-шашақ болып өседі. Талдың жапырақтарының ұзындығы 45см, жапырақ өсетін жерден ұзын шашақты гүл шоғыры шығады. Оған қоса 1 талда бір түрлі ғана шашақты гүл шоғыры өседі, яғни олар аталық немесе аналық болады. Құрма пальмасы тәп-тәтті құрма жемісін береді.
  • Ең жақсы өскен құрма пальмасы жылдық 45-90 кг-дық тұқым болып келеді. Құрма пальмасы 10-15 жыл тіпті 100-200 жылдай өсе алады. Кейбір облыстарда мысалға Солтүстік Африкада және Азияда құрма ең басты тағам ретінде қаралады. Ал құрманың сатылуы ең басты табыс ретінде есептелінеді. Қазір құрма пальмасы тек қана өз жерінде сатылмай Испанияда АҚШ-та және Оңтүстік батыста да қаралып жатыр. Оңт. Иранда, Ауғаныстанда, Пәкістанда қолданылады.
  • 1939 жылы Түркіменстанда құрма пальмасы өсіріледі, қыста 14°С аязда шыдай алады.
  • Құрмада тәтті қантты шырын алынады, кейін ол шырыннан шарап әзірлейді. Көбінесе осы талды әдемі өсімдік ретінде өсіреді. Әсіресе субтропикті бақшаларда және парк алаңдарында және «Черноморский» жағалауындағы Кавказда және Үнді Қытай жерінде өсіріледі.
  • Сондықтан бұл өсімдікті өсірудегі мақсатым: Әсемдік ретінде Құрма пальмасын (Финиковый пальма) өсіріп көбейту.

Құрманың пайдалары:

  • — Ас қорытуға пайдалы. Тойымдылық қасиеті өте жоғары болып табылады (100 г.-да 277 ккал.). Зерттеуші Х.У.Дэусон бір құрма мен бір кесе сүттің адамға қажетті бір күндік калорияға тең екендігін айтқан.
  • — Жас құрманың бойында 60-65 пайыз қант болғанына қарамастан, адамды семіртпейді.
  • — Құрамында А, С дәрумендері көп болғандықтан, салқын тигенде сауықтырады. Салқын тиіп, жөтел пайда болса, 1 құрма жемісі шырынын 3,5 ас қасық жылы сумен қосып тамақты шаю қажет.
  • — Қан аздыққа пайдалы. Темірге бай болғандықтан бір адам күніне 15 дана құрма жесе,  денедегі темір қажеттілігін қамтамасыз еткен болады және темір жетіспеушілігінен пайда болатын аурулардан сақтанған болады.
  • — Глюкоза қан құрамын реттейді. С, Р дәрумендері көктамырдың әлсіздігін азайтады. Бұл микроэлементтер жүрекке өте пайдалы. Оған қоса артериялық қан қысымын реттейді және қан қысымы артқанда қалпына келтіру үшін қолданылады;
  • — Талшықты жемістердің қатерлі ісікке шалдығу қаупін төмендететін зерттеулер көрсеткен. Құрмаларда көп мөлшерде талшық болады.
  • — Мидың жұмыс істеу қабілетін арттырып, есте сақтау қабілетін жақсартады.
  • — Құрма антиоксидаттың қайнар көзі. Антиоксиданттар қатерлі ісік, тамырдың бітелуі және қартаюдың алдын алуда өте пайдалы. 
  • — Зерттеулер нәтижесінде құрманың антисептик дәрі екені, жараларды тез жазатын, сүтті арттыратын, нәрестені қоректендіретін, құрамындағы калий балалардың өсіп-жетілуін қамтамасыз ететін таптырмайтын азық екені анықталған.

— Бетке безеу шыққанда, бетте ұсақ тесіктер пайда болғанда олармен бірден-бір күресуші құрма жемісі болып табылады. Бұл жемістен бетке маска жасаған да, денеге арналған гель қолданған да пайдалы. Ол денені ылғалдандырады және жасартады.  — Құрамындағы фосфор мен калцийдің молдығы қаңқа сүйектерінің қалыптасуында және сүйек құрылысының тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Фосфор мен калцийдің көптігі сүйек ауруларынан қорғайды. — Құрмада B1, B2 витаминдерінің қатар кездесуі бауырдың қызметін жақсартады. Бауыр суық жемістерді жақсы көретіндіктен құрманы қауын, қиярмен жеген жақсы болады. — Асқазан жарасын емдейдіАсқазан жұмысын жақсартады. Кейбір мемлекеттерде асқазан жарасын емдеу үшін құрма арнайы тәжірибеден өткен.   — Қуық және бүйрек қабынуында шипа болады. Суы бүйрек тастарының ыдырауына өте пайдалы. — Миды және жүйке жүйесін тынықтырады. Олардың жұмыс істеу қабілетін жақсартып, сергіткіш әсер береді. Құрманы үнемі жейтін адамдар депрессияға түспейді. Ұмытшақтық ауруын емдеуде құрма үлкен жетістікке жетті. — Бронх пен өкпенің қабынуын сауықтырады. — Құрамында йод көп болғандықтан қалқанша безі ауруына шипа болып табылады. — Күніне 1 құрма жеу ағзаны магниймен байытады, ұйқының ты-ныштығын қамтамасыз етеді. Ал фруктоза мен глюкоза көңіл күйді көтереді. — Құрманы жатардан алдын жесе сал ауруына қарсы өте пайдалы.

Финик пальмасын үй жағдайында өсіру тәсілдері

  • Финик пальмасы баяу өсетін өсімдіктердің бірі. Сондықтан оған көп күтім қажет. Финик тұқымы қатты болады. Тұқымды жарып зерттеу барысында ортасында ақ зат ол да қатты болады. Ол зат тұқымының негізгі өзегі. Өсімдік сол өзектен өсу арқылы бойына қорек алады.

Тұқымды отырғызуға дайындық

  • Финик жемісін сатып алып, тұқымы мен жемісін бөлу қажет. Сүйектерді жинап, сол кезде немесе бірнеше күннен кейін себуге болады. Отырғызуға ең қолайлы күн көктемнің басы.

Тұқымды себу

  • Отырғызатын ыдыс терең болуы керек. Ал, топырағы әрдайым ылғалды болуы қажет.Сүйекті түзу, 1-2 см тереңдікте егу керек.
  • Температура жоғары, 24-26 С, температура 14 С болса, өскін бір жылдан соң шығады.
  • Бөлме температурасы

Финик тұқымының өсу жағдайы

  • Менде «финик жемісінен не өседі? Қалай өседі?Қандай пальма?» дегендей сұрақтар туындап, пальма өсіруге қызығушылық пайда болды. Мен пальманы өсіріп көргім келді де, финик пальмасының тұқымын топыраққа сала салдым. 3 айдай уақыттан соң топырақта кішкентай өскін өсіп тұр екен. Ол күніне 1 см-ге өсіп отырды. Ол күн сүйгіш өсімдік болғандықтан, оны күн сәулесі түсіп тұратын жерге қою керек. Мен оны күн сәулесі түсіп тұратын жерге қойғаннан соң, жапырағы ашыла бастады. Финик пальмасы баяу өсетін өсімдік болғандықтан, оның қандай болмасын нәтижелері баяу жүреді.

Өскін шыққан күннен бастап алғашқы жапырақтар шыққаннан кейін одан әрі өсуі зерттелді. Финик тұқымының нағыз жапырағы 2,5 см, ал ұзарған жапырақтары күніне 1 см өсіп отырды. Оны күн сайын өлшеп, күнделікке жазып отырдым.

  • күні
  • Нағыз жапырақ, см
  • Ұзарған жапырақ, см
  • 1.
  • 1,5
  • 13
  • 2.
  • 4,0
  • 14
  • 3.
  • 6,5
  • 15
  • 4.
  • 9,0
  • 16
  • 5.
  • 11,5
  • 17
  • 6.
  • 19
  • 7.
  • 21

Өскін шыққаннан кейін 45 күннен соң, кейде бойы 10 см-ге жеткенде оны басқа ыдысқа ауыстырып отырғызу қажет. Өскін өсуі үшін оны күтіп-баптау және жағдайын жасау керек. Жыл сайын финик пальмасын 5 жылға дейін үлкен ыдысқа ауыстырып отырғызылады.

Қорытынды

  • Қорытынды
  • Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрманың көптеген қасиеттері ашылған. Түркиядағы әйгілі Сема емханасының Тағамтану және диета бөлімінің маманы Хайреддин Мутлуның айтуынша, құрма минерал, фенол тұрғысынан әрі натрий, калий, магний, кальций, темір, фосфат секілді минералдарға өте бай.
  • Бір сөзбен айтқанда, түрлі дәруменге бай, тойымды әрі емдік қасиеті мол құрма – ғажап жеміс. Ендеше, осы ғажап жемісті тек жеміс ретінде қарамай, тұқымын алып өсіріп, айналамызды көгалдандыра аламыз.
  • Мен бұл зерттеу жұмысымызды толық бітті деп есептемеймін. Алдағы уақытта үй жағдайында финик пальмасын сәндік үшін өсіруге мақсат қойдым. Өйткені, финик палмасын өсіруге және дұрыс қалыптасуы үшін бірнеше жыл уақыт қажет.

Ұсыныстар:

  • Финик пальмасын үй жағдайында көбірек өсіріп, көбейту, үйге әсемдік пен сәндік беру;
  • Финик пальмасын мәдени орталықтарда өсіру;
  • Мектепті жасылдандыру;
  • Экологиялық сауаттылықты және көзқарасты қалыптастыру және жетілдіру.
  • Бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп,көгалдандыру.

Түйіндеме

  • Мен , Мейрманова Асем Жанатқызы, 2003 жылы 10 желтоқсанда Старый Колутон ауылында дүниеге келгенмін.Отбасында қыздардың тұңғышымын, ағам, сіңілім, інім бар.Старый Колутон орта мектебінде 6“А” сыныбында оқимын. Жеке қасиеттерім –өлең шығаруды, өлең ді мәнерлеп оқуды ұнатамын,би билеп, ән айту өнерім де бар. Халықаралық, аудандық, мектепішілік мадақтамаларға да ие болдым. “BRITISH BULLDOG” сайысынан осы жылы 1-ші орынға иелендім.
  • Әсемдік өсімдік ретінде финик пальмасын өсіріп көбейту мақсатта - осы ғылыми жобаны қолға алдым.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Фотосуреттер
  • “Биолог анықтамалығы” журналы
  • Ғаламтордан алынған фотосуреттер
  • Көшет отырғызу кезіндегі фотоматериалдар
  • Өскінді отырғызу кезіндегі видео
  • Менің фотобейнем

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет