Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді селосы М.Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектеп-интернаты І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садықова Әзина Сексенқызы



Дата07.09.2017
өлшемі164,42 Kb.
#29944
Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді селосы

М.Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектеп-интернаты

І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Садықова Әзина Сексенқызы



Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Толағай»

Сабақтың мақсаты: 1. Автор туралы сөз, «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұны, идеясымен таныстыру; 2. Әдеби ертегіні ертегіден ажырата білуге үйрету, талдай білуге, өзіндік ойын дәлелдей , тұжырымдай білуге жетелеу, мәнерлеп оқуға машықтандыру; 3. Оқушылардың өз ойларын жүйелі айта білуіне, шапшаңдыққа, сөздік қорының сапалылығы мен молдығына назар аудару.

Сабақтың түрі: Практикалық жұмысқа негізделген ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: Әдеби ертегіні талдау, жеке тапсырмалар орындау, іздену, салыстыра талдау, мәтінмен жұмыс, инсценировка.

Көрнекіліктер: Жазушы портреті, суреттер, интерактивті тақта, сызбалар т.б.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру ( 3 мин) Оқушылардың сабаққа қатынасуын, сынып тазалығын, сабаққа әзірліктерін бақылау.

ІІ. Үй жұмысын тексеру ( 10 мин) Өткен тақырыптарды пысықтау.

Балалар, қайталау – білім анасы, өткен тақырыптарды сұрақ – жауап әдісі арқылы пысықтап өтейік.

- Аңыз дегеніміз не?

- Қазыбек би жауабындағы бір, төрт, он деген сандар қандай ұғымды білдіреді?

- Ауыз әдебиеті және оның түрлеріне тоқтал.

- Бес бақыт дегеніміз не?

-Мақал мен мәтелдің айырмашылығын түсіндір.

- Шешендік сөздер дегеніміз не?



ІІІ. Жаңа сабақ.

Ертегі дегеніміз не? Ертегінің неше түрі бар? ( сызбамен жұмыс)

Қиял – ғажайып ертегі Хайуанаттар туралы ертегі

Ертегі


Шыншыл ертегі Әдеби ертегі
Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаты туралы таныстырамын. Әдеби ертегіге аздап түсінік беріп, кейін авторы Әбділда Тәжібаевтың портретін интерактивті тақтадан көрсетіп, өмірі мен шығармашылығын арнайы дайындалып келген оқушыға айтқызамын.

Енді «Толағай» атты әдеби ертегінің ішкі мазмұнына, оқиғасына бойлап, талдап көрейік. Ол үшін бүгін біз сіздермен топтық жұмыс жүргіземіз. Сіздермен 5 -6 минут көлемінде бөлінген тапсырмалармен жұмыс жасаймыз.



І топ. Оқулықтан 120 – 121 – беттерді оқып, «Толағай» портретіне талдау жасау.

- Жас баланың атын қалай қойды?

- Бір жастағы Толағай бейнесі.

- Үш – төрт жастағы бейнесі.

- Күштілігін танытатын сөздер.

- Жеті жаста қандай болды?

- Мергендігін қай жолдардан байқаймыз?

ІІ топ. Оқулықтан 122 – 123 – бет, «Жолбарыспен кездесу».

- Әкесі Саржан мен Толағай қайда барды?

-Әкесінің Толағайды жақсы көретін жолдарын тап.

-Табиғат көрінісі суреттелетін жолдарды тап.

-Жолбарыс бейнесі.

ІІІ топ. Оқулықтағы 123 – 124 – бет, «Жолбарысты жеңу».

-Ұйқыдан оянған Толағай нені көрді?

- Жолбарыстың Толағайдың әкесін өлтіргелі жатқан суреттеуді тап.

- Толағайдың ашулануы, жолбарысты жазалауы.

- Толағайға жолбарыс не сияқты болып көрінді? Бұдан Толағайдың қандай бейнесін көресің?

І бөлімге толық талдау жасаған соң ІІ бөлімді интерактивті тақта арқылы көрнекіліктерді көрсете отырып өзім мәнерлеп оқимын.

«Толағай мен анасы» атты инсценировка қойылады.

Толағай: - Ел басына ауыр күн туды. Маған еліме көмек беру керек. Қайтсем жауын жаудырамын. Ел сусынын қандырамын, Адал ақыл айтар кімдер?

Анасы: - Балам, Толағайжан! Мына жерде жалғыз өзің не істеп жүрсің? Тыныштық па?

Толағай: - Уа анашым! Жаным күйзелді. Жауын жаумай елім күйзелуде. Не істесем болады?

Анасы: - Е, балам! Бұған сен не істей аласың?

Толағай: - Білсең, апа, айтшы, Көп жауады қайда жауын?

Анасы: - «Тауда тандыр», Қарлы, шыңды тау жерінде, Тарбағатай өңірінде.

Толағай: - Иә, ( қуанып) анашым! Мен онда сонда барамын. Сол жаңбырды еліме алып келемін. Бұл жерде бір сәтке де кідірмеймін. ( жүгіре басып кетеді)

Анасы: - Толағайым, жалғызым! Көзімнің қарашығы, жұбанышым!

( жылап) Қайда, қайда кеттің бізді тастап! ( отырып бетін басады)

Интерактивті тақтадағы қорытынды сұрақтарға жауап аламын.

Толағай сияқты халықтың таудай үмітін арқалап, таудай іс атқарып жүрген, Қазақстан атын әлемге паш ететін азаматтар бар ма? Атаңдар.

ІҮ. Сабақ соңында Толағай бойындағы қасиеттерді топтастырып көрейік.

Аңшы әдемі


Толағай мерген

ақылды


жанашыр күшті

Ү. Үйге тапсырма.

1 топ: «Толағай» әдеби ертегісін өз сөзімен мазмұндау.

2 топ: Ерлік, батырлық туралы мақал – мәтелдер жазу.

3 топ: «Ел басына ауыр күн туса мен не істер едім?» деген тақырыпта мәтін жазу.



ҮІ. Бағалау. Топтар бір – бірін бағалайды.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет