Ақмола облысы Зеренді ауданы



Дата08.06.2018
өлшемі26,77 Kb.
#41797
Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Красныйкардон НМ

Сауленхан А.
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Кеш жарық, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біздің мектебімізде өткізілетін Қазақстан Тәуелсіздігі күніне арналған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызға қош келіпсіздер!

Алдымен ойын ережелерімен таныстырып өтейін.
1 сайысымыз «Бәйге деп аталады.

Ойын ережесі бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші болып қолын көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда сұраққа қолын екінші көтерген ойыншы жауап береді және бірінші ойыншы келесі сұраққа жауап бере алмайды. Ол ойыншының да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын жүргізуші айтады.


  1. Ақмола облысының орталығы (Көкшетау қаласы)

  2. «Қазақстан Швейцариясы» деп қай жерді атайды? (Бурабай)

  3. «Абай жолы романының негізгі кейіпкері кім? (Абай Құнанбайұлы)

  4. Үш жүзді атаңыз (Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)

  5. Қазақстанда неше ұлт өкілдері өмір сүруде? (130-дан астам)

  6. Қазақстан Республикасының қазіргі әнұраны қай жылы қабылданды?(2006)

  7. Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл? (22 жыл)

  8. Қазақстандағы ғарышты зерттеу орталығы (Байқоңыр қаласы)


2-сайыс “Тіл-өнер сайысы”
Тіл-өнер сайысында мақал-мәтелден жасырын сөзді немесе жұмбақтың шешімін тауып, сол сөздің орысша аудармасын дұрыс айтса 20 ұпай беріледі.

Бірінші қолын көтерген ойыншы жауап береді, егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда қолын екінші көтерген бала жауа береді. Егер оның да жауабы дұрыс болмаса, онда жүргізуші өзі жауап береді.
Не? Отбасынан басталады

(Отан - Родина)
Ең тәтті де не?, ең ащы да не?

(Тіл - язык)
Ашу - дұшпан, ақыл – не?

(Друг - дос)
Шебердің несі? Ортақ,

Шешеннің тілі ортақ.

(Қолы - рука)
Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама

(Кітап - книга)
Тұмсығымен қозғалар,

Артында аппақ із қалар

(Бор - мел)
Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем табылмас

(Жұлдыз - звезда)
Білімді мыңды жығады,

Білекті нешені? жығады

(Бір - один)
3 сайыс «Жеті жұмбақ»
Келесі сайысымыз – «Жеті жұмбақ». Бұл сайысымызда төрт тақырып бойынша сұрақтар беріледі. Ойын ережесі бойынша ұпайы аз ойыншы тақырып пен ұяшықты таңдайды. Егер ұяшықты таңдаған ойыншымыздың жауабы дұрыс болмаса, қолын бірінші көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын жүргізуші айтады.
Тәуелсіздік тарихы:
Сол жақтағы 30: Қай жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды?   (1991 жылы)
Ортадағы 30: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні (1 желтоқсан)



Оң жақтағы 30: 4 маусым қандай мереке? (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні)
Сол жақтағы 40: Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?    (Есіл өзені)

Ортадағы 40: Астана қаласының бұрынғы атаулары (Ақмола, Целиноград)
Оң жақтағы 40: ҚР-ның ұлттық ақшасы қашан айналымға түсті?

(1993 жылы 15 қараша күні)
Сол жақтағы 50: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасының авторлары кім?
Ортадағы 50: Қазақстан қандай елдермен шекаралас жатыр

(батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде

Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан республикаларымен, ал

шығысында Қытай Халық Республикасымен)
Оң жақтағы 50: ҮІІ қысқы  Азия ойындары қай қалада өтті?   (Астана, Алматы)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні:
Сол жақтағы 30: Балаларды есі кірген кезден бастап жаман әдет, орынсыз қылық, теріс мінезден тыйып отыратын сөздер қалай аталады?(Тыйым сөздер)
Ортадағы 30: “Кел, балалар, оқылық” өлеңінің авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
Оң жақтағы 30: «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды». Бұл өлең қалай аталады және оның авторы кім? («Қыс», Абай Құнанбайұлы)
Сол жақтағы 40: “Қара Көже” атанған кейіпкер қай шығармадан? (Б.Соқпақбаев “Менің атым – Қожа” )
Ортадағы 40: «Төбе шашы тік тұрды» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы (қорықты)
Оң жақтағы 40: Бес дұшпанды атаңыз (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шапақ)
Сол жақтағы 50: Қазақ ертегілерінің қу және күлдіргі кейіпкері (Алдар көсе)
Ортадағы 50: Абай Құнанбаевтың өлеңінде аталған бес асыл істі атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
Оң жақтағы 50: Бес дұшпанды атаңыз (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
Салт-дәстүрлер:
Сол жақтағы 30: Көшпелі халықтың ұлттық баспанасы (киіз үй)
Ортадағы 30: Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу тойы?   (бесік тойы)
Оң жақтағы 30: Қазақ халқының ұлттық аспаптары (Домбыра, сыбызгы, кобыз)



Сол жақтағы 40: Кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш қалай аталады? (Уық)
Ортадағы 40: Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Сәбидің қарын шашын алып, оны баланың өзінің киіміне матаға орап тігіп қояды. Бұл дәстүр қалай аталады? (қырқынан шығару)
Оң жақтағы 40: Қазақ халқының ұлттық тағамдары (қазақша ет, бауырсақ, құрт, қазы, шұжық)
Сол жақтағы 50: Ұлттық ойындарды атаңыз (ақсүйек, арқан тарту, тымпи, сақина салу, көкпар, қыз қуу, бәйге )
Ортадағы 50: Жаңа зат, жаңа киім, нәрсе үшін берілетін сый қалай аталады? (Байғазы)
Оң жақтағы 50: Бала алғаш рет алыс сапарға аттанатын кезде өткізілетін дәстүр қалай аталады? (Тоқым қағар)
Ұлы адамдар:
Сол жақтағы 30: Қазақ  тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты?  (Тоқтар Аубакиров)
Ортадағы 30: Әлемдегі “Екінші ұстаз” атанған кім?(Әбу Насыр әл-Фараби)
Оң жақтағы 30: Абылайханның шөбересі, атақты ғалым, саяхатшы, қазақ халқының мақтанышы? (Шоқан Уәлиханов)
Сол жақтағы 40: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова кімдер? (Ұлы Отан соғысының қаһармандары, батыр қыздар )
Ортадағы 40: Қазақтың үш биі кімдер? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
Оң жақтағы 40: Үш жүздің басын біріктірген хан. (Абылай хан)
Сол жақтағы 50: Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)
Ортадағы 50: Қазақтың атақты палуаны, күрес шебері (Қажымұқан Мұңайтпасов)
Оң жақтағы 50: Жазушы Олжас Сүлейменов бастаған азаматтық қозғалыс қалай аталады? (Невада-Семей)



4-сайыс “Жорға”

І нұсқа

  1. Еліміздің рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)

  2. Қазақстанның бұрынғы астанасы (Алматы қаласы)

  3. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (Н.Ә.Назарбаев)

  4. Киіз үйдің күмбезі (шаңырақ)

  5. Сәукеле деген не? (Ұлттық бас киім)

  6. Түйе сүтінен жасалған сусын (шұбат)

  7. 2013 жыл неніңжылы?(жылан)

  8. «Беташарды»  қай уақытта айтады? (келін түскенде)

  9. Шоқанның шын аты кім? (Мұхамедқанафия)

  10. Төле би қай жүздің биі? (Ұлы жүз)

  11. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қашан? (1 желтоқсан)

  12. Ақындар сайысы қалай аталады? (айтыс)

  13. Мектеп басшысы кім? (директор)

  14. Наурыз көжені неше түрлі тағамнан дайындайды? (7)

  15. Астана қаласының символы не? (Бәйтерек)



ІІ нұсқа

  1. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (теңге)

  2. Қазақстанның бас қаласы (Астана қаласы)

  3. Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан Республикасы)

  4. Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы (Наурыз)

  5. Бие сүтінен жасалған сусын (қымыз)

  6. Еліміздің негізгі заңы (Конституция)

  7. 2014жыл н,енің жылы?(жылқы)

  8.    Қазақтың ұлттық , ат жарысын қалай атайды? (бәйге)

  9. Абай Құнанбайұлының шын аты кім? (Ибраһим)

  10. Қазыбек би қай жүздің биі? (Орта жүз)

  11. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қашан? (16 желтоқсан)

  12. Облыс, аудан, ауыл басшысы кім? (әкім)

  13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

  14. Туымыздыңтүсі қандай?

  15. Әнұранымыздың музыкасын жазған кім? (Шәмші Қалдаяқов)


Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.

Сонымен, бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы айқындалды.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет