Қан топтары. Резус-фактор. Қан құю



Дата10.03.2017
өлшемі35,02 Kb.
#11276
түріСабақ

Қан топтары. Резус-фактор. Қан құю.


Тақырыбы: Қан топтары. Резус-фактор. Қан құю.
Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушылардың қан топтары және резус-фактор туралы білімдерін толықтыру. «Қашан? Кім? Қалай?» — Деген сұраққа жауап беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Биология пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Табиғатты сүюге, оның берекелі тіршілігін құрметтеуге, отансүгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ тұрі: Ашық сабақ
Әдіс – тәсілі:
Құрал-жабдықтар: Ғалымдардың суреттері. Тұқымқуалаушылық кестесі. Ақылды тақта. Қосымша мәліметтер, әдебиеттер. Деңгейлік тапсырмалар.
Сабақ валеология, тарих пәндерімен байланыстырыла өтеді.
Сабақ жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысын тексеру.
III. Жаңа сабақ түсіндіру.
IV. Бекіту.
V. Бағалау
VI. Үй тапсырмасын беру.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу.
II. Үй жұмысын тексеру
Деңгейлік тапсырмалар беру.
III. Жаңа сабақ түсіндіру.
Сынып оқушылары 5 топқа бөлінеді. Олар: Дәрігерлер, тарихшылар, биологтар, психологтар, диетологтар. Әрбір топқа өткен сабақта берілген тапсырма бойышна, оқушылар сабақ түсіндіреді.
Жоспар: 1. Ой қозғау
2. Қан топтары мен резус-фактордың шығу тарихы.
3. Қан құю.
4. Қан топтары бойынша тұқым қуалау.
5. Қан топтары бойынша адамдардың мінез-құлық топологиясы.
6. Қан топтары бойынша диета ұстау.
7. Қорытындылау.
1. Ой қозғау.
Біз адам ағзасының қаннан тұратынын білеміз.
1. Қан неден тұрады? (плазма және формалы элементтерден)
2. Формалы элементтер дегеніміз не? (эротроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер) 3. Олардың қызметтері қандай? (Эротроциттер қанға қызыл түс береді, лейкоциттер – микроорганизмдерді жояды, тромбоиттер – қанның ұюын қамтамасыз етеді.)
4. Қанда олар қанша тіршілік етеді? (э-120күн, т -7-10 күн, л – 4-2-4 күн)
5. Қан неге қызыл? (Себебі онда темір атомдары бар.)
6. Гемоглобин дегеніміз не? ( қанда оттегін тасымалдайды)
2. Біз қанның құрамымен танысып болдық.

Енді біз қанды топтарға бөлетінін білеміз. Ал оны кім және қашан ашқан деген сұрақтарға біздің тарихшылар жауап береді.


Тарихшылар. Портрет Ян Янского

3. Өмірде біз жиі естиміз: «Адамның қанын басқа бір адамға құйыпты» дегенді. Ал қан беруші және қан алушы адамдар туралы бізге дәрігерлер әңгімелеп береді.


Дәрігерлер.
Донор дегеніміз –
Реципиент дегеніміз -
Кесте бойынша қан құю.
Қан береді Қан құяды
I
II
III
IV

I топты қаны бар адамдарда


II топты қаны бар адамдарда
III топты қаны бар адамдарда
IV топты қаны бар адамдарда

4. Тұқым қуалау кезінде қан топтары ұрпақтан ұрпаққа беріледі ме? Ол жайлы бізге генетиктар айтып береді:


АНАСЫ + ӘКЕСІ БАЛАНЫҢ ҚАН ТОБЫ: МҮМКІН НҰСҚАЛАРЫ ( % )
I + I I ( 100 % ) — - -
I + II I ( 50 % ) II ( 50 % ) — -
I + III I ( 50 % ) — III ( 50 % ) -
I + IV — II ( 50 % ) III ( 50 % ) -
II + II I (25 % ) II ( 75 % ) — -
II + III I ( 25 % ) II ( 25 % ) III ( 25 % ) IV ( 25 % )
II + IV — II ( 50 % ) III ( 25 % ) IV ( 25 % )
III + III I ( 25 % ) — III ( 75 % ) -
III + IV — I ( 25 % ) III ( 50 % ) IV ( 25 % )
IV + IV — II ( 25 % ) III ( 25 % ) IV ( 50 % )

5. Психологтар зерттей келе әрбір қан топтарының иелерінде өздеріне тән мінез – құлықтары бар екенін анықтаған болатын. Ол жайлы бізге Психолог мамандар не айтады екен?


I топты қаны бар адамдар
II топты қаны бар адамдар
III топты қаны бар адамдар
IV топты қаны бар адамдар
6. Келесі диетологтар бізге қан топтарына сәйкес қалай тмақтану керек екендігі жайлы баяндап береді.
7. Қорытындылау. Биолог.
Сонымен қан топтарының адам өміріндегі маңызы өте зор екенін біз білдік. Тірек конспектілерімізді толтыруды ұмытпаймыз.
I ( 0 ) –А және В антигені болмайды
II ( А ) –А антигені болады
III ( В ) –В антигені болады;
IV( АВ ) –А и В антигені болады
IV. Бекіту.
1. Есептер шығару. Әр топқа бір-бір карточкадан.
Тапсырма№1
Ауруханада екі баланы шатастырып алды. (Мысалға Ж жәнне Н) Бірінші ата-ананың қан топтары I және IV, ал екінші ата-ананың қан топтары I және III. Анализ нәтижесі бойынша Ж-да I қан тобы, ал Н-да II қан тобы екені анықталды. Балалардың ата – анасын табыңдар.

Тапсырма №2


Ата – анасының қан топтары II және III. Олардың баласында I топты қан болуы мүмкін бе?

Тапсырма №3


Анасының қан тобы I, ал баласының қан тобы II . Әкесінің қан тобы қандай?

Тапсырма №4


Баланың қан тобы I, ал оның қарындасыныкі IV. Ата – анасының қан тобы жайлы не айтасын?

Тапсырма №5


IV топты қаны бар баланың ата-анасын іздеуге салды. екі отбасын тексере келгенде Бірінші отбасында әкесінің қан тобы II ,ал анасының қан тобы III екені анықталды.Екінші отбасында әкесінің қан тобы I, ал анасының қан тобы IV екенін дәлелдеді. Баланың ата-анасы қай отбасы?

2. Тест жұмысын орындау.


1. Қан топтары қай жылы ашылды?
а) 1900
б) 1940
в) 1865

2. Қан топтарын ашқан кім?


а) Мечников
б) Ландштейнер және Янски
в) Пастер

3. Бірінші қан тобының құрамында болады:


а) ештеңе де болмайды
б) агглютиноген және эритроцит
в) агглютинин

5. Екінші топты қанды құюға болады


а) 1 және 4топқа
б) 2 және 4 топқа
в) 3 және 1 топқа

Жауаптары: 1- 2 — 3 – 4 – 5-


Не білгім келді? Және не білдім?
V. Бағалау.
Оқушылардың көрсеткен білімдеріне қарап, бағалау.
VI. Үй тапсырмасын беру.
§34.35 Иммунитет. Ғасыр дерті- СПИД жайлы мәлімет жинап келу.
Каталог: uploads -> doc -> 0c87
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c87 -> Тақырыбы: Баспаға дайындау және баспадан шығару Күтілетін нәтиже
0c87 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Дайындаған: қазақ тілінің оқытушысы Г. С. Альмурзина


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет