«Ана-өмір гүлі» мерекелік концерт. Музыка ойнап тұрады. Сахна сыртындағы дауыс: Санжар: Сахнада «Театр отауы»



Дата08.07.2018
өлшемі19,06 Kb.
#48388
«Ана-өмір гүлі» мерекелік концерт.

Музыка ойнап тұрады .Сахна сыртындағы дауыс:

Санжар: Сахнада «Театр отауы» үйірмесінің мүшелері. Жетекшісі Баян Рамазанқызы. Қарсы алыңыздар.

Фанфары

Санжар : Армысыздар, қымбатты ұстаздар, аяулы аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Алмас:

Ана деген үш-ақ әріп тіршілік,

Тіршіліктен үлбірейді гүл шығып

Ана деген үш әріпті шырқап жүрем ән қылып,

Адамзаттың жүрегінде сақталатын мәңгілік.

Еламан: Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі. 8 наурыз .... адамдар да, тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел-аналарды даңқа бөлеп тұрғандай.



Алмас: Ана.... бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де бұл қасиетті сөз нәзік, мейірімді, жылы естіледі. Қазақша ана, орысша мама, украинша ненька, осетинше нана.

Санжар : Олай болса, барша аналарымызды, апаларымызды, қарындастарымызды көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге арналған мерекелік «Ана- өмір гүлі» атты концерттік бағарламамызды бастаймыз! Қарсы алыңыздар сахнаға «Анама » әнімен Мүрсәлім Думанды шақырамыз.

Еламан: Сахна төріне көктемнің алғашқы гүлдерін «Гүл» биімен шақырамыз. Қарсы алыңыздар 1а сыныбының бүлдіршіндері.

Санжар : Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Заринаның орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Еламан: Алмас осы үйдің алтын қазығы деп сен кімді айтар едің?

Алмас: Үйдің алтын қазығы , әрине , бала дер едім, жоқ, Еламан үйдің алтын қазығы-ана. Ана ақылды болса , бала дана болады. Ана тәрбиесі-қызға үлгі. Ананың мейірімі көзінде , ықыласы көңілінде , ақылы сөзінде.

Еламан: Ал Алмас жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

Алмас: Еламан жоқты бар, ашты тоқ ететін ана емес пе?!

Еламан: Иә, Алмас жоқты бар, ашты тоқ ететін –ана.. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды, демеуші ме еді қарияларымыз.

Алмас: Оның рас Еламан. Жақсы олай болса сахнаға өздерінің ыстық лебіздерімен бөлісуге келген бүлдіршіндерді шақырайық.

1 сынып тақпақ айтады.

Санжар: Сахна төрінде «Қазақтың ерке қызымын әнімен» мектебіміздің жас әншісі 1б сынып оқушысы Іңкәрді шақырамыз. Қарсы алыңыздар.

Еламан: Мерхаттың орындауындағы музыкалық сәлемдемесін қабыл алыңыздар.

Алмас: Қасиетті ана сүтімен бойымызға дарыған қасиетті ана тілімізді құрметтеу-өз анамызды құрметтеу деп білеміз.Тілімізге аса мән бермей сөйлейтін «құрбыларымыздың құлағына алтын сырға » дей отырып, әзіл-сықаққа кезек берейік.

/ Әзіл –сықақ /

Санжар: Сахнаға «Еңсем менің» әнімен Думанды шақырамыз.

Алмас: Қарсы алыңыздар сахна төрінде «Көктем » әнімен 1б сынып оқушысы Абен Гүлназ.

Алмас: Санжар , мереке қарсаңында дүкендердегі барлық гүлдер, сыйлықтар сатылып кетті. Шынында да сөрелер бос қалды. Бүгін еш жерден гүл табу қиын. Дегенмен, аналарымыздың, әпкелеріміздің құшақтарында гүл қандай көп еді!

Санжар: Олар бүгін қаншама жылы лебіздер естиді! Ерлері мен бауырлары, ұлдары мен немерелері , жұмыстағы әріптестері, мектептегі шәкірттері – бәрі келісіп қойғандай оларға әлемдегі ең сұлу , ең мейірімді, ең қамқор адамсың деген сөздерді айтады. Иә, бүгін олардың күні , олардың мерекесі! Тек сіздерге айтар бір тілек-сол мереке мәңгілік болсын!

Еламан : Мына шоқ гүлдерді бүлдіршіндеріміз еңбек сабағында Қарлығаш Саматқызының жетекшілгімен жасап , сіздерге тарту етеді. Қабыл алыңыздар.

Алмас: Қыздарға әсемдік жарасады

Талғамы таң нұрымен таласады

Қыпша бел, сұңғақ бойлы қара көзге

Жан біткен тандай қағып қарасады



Елман: Бүгінгі кештің ең сән - салтанатты сәті басталғалы отыр. Назарларыңызға көктемгі-2014- Сән топтамасын ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

Санжар: Дарытқан бар асылды өз елінен, 

Қыз сұлу көрінеді өнерімен. 

Құлпырады мектебімнің арулары,

Өткендей сұлулықтың елегінен! -деп Шынар Ілдебайқызының жетекшілігіндегі «Қыздар клубының» дайындағын шаш үлгісі «Гүл-Көктем» топтамасын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл шаш үлгілері адамзатқа нұрлы, шуақты , сұлу көктемнің келгенін хабарлап тұрғандай. Осындай сәнді шаш үлгісімен мерекелік кештерге баруға болады.



/ Наурызгүл, Эльмира/ , / Жанар, Гүлзира /, / Айдана, Гүлдана /, / Бадыгүл,Мадина, Аяулым/,

Еламан: Сахнада «Бисер тоқу» үйірмесінің 2014 жылға арналған жаңа «Көктемгі фантазия» топтамасы. Жетекшісі Меруерт Тұрсынқызы.

  • Алдарыңызда мерекелік кештерге, қонақтарға , кездесуга тағып баруға арналған әшекейлер./ Айдана, Толғанай, Мадина, Мархаба, Гүлбаян, Аяулым/

  • Күнделікті өмірде тағуға арналған әшекей бұйымдар, Назарларыңызға ұсынылған әшекей бұйымдардың ұнағанын сатып алуларыңызға әбден болады./ Айдана, Зарина, Ақерке, Гүлсезім, Толғанай/

  • Келесі офистік жаңа үлгідегі жағалар. Жағалар бисермен безендірілген . / Бағлан, Қарлығаш, Жанар, Бағлан, Әсима /

Алмас: Келесі топтамамыз «Көктем келді» деп аталады. Ең сәнді киім үлгілерін қарсы аламыз. Жетекшісі Гүлмира Кадырханқызы.

Еламан: Кешімізді 3 б сыныбының ән шашуымен аяқтаймыз. «Айналайын» әні.

Санжар: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау-саламатта болыңыздар!
Каталог: uploads -> konspekt -> klass-chas
klass-chas -> Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Березовский кенті кмм «Пригород орта мектебі»
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов Сан есімді қайталау. Мақсаты
klass-chas -> Сабақтың атауы Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау. Тесттік тапсырмалар. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі Сабақтың мақсаттары
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин Сабақтың мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
klass-chas -> Олимпиада «Тілдарын» Мақсаты
klass-chas -> «Ленин атындағы орта мектебі» кмм жанындағы интернат Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік таңы атты"
klass-chas -> Час общения «Традиции и обычаи казахского народа»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет