«Ана тілі» газеті, 20- сәуір 2016 жыл



Дата28.01.2018
өлшемі29.31 Kb.
«Тұғырлы тіл – ел қорғаны»

тақырыбындағы мақалаға талдау



(«Ана тілі» газеті, 20- сәуір 2016 жыл)
Аспан асты еліндегі төрткүл әлемге аян Тэньаньмэнь алаңын көпшілік жақсы біледі. Міне, осы алаңда күнде таңертең елдің баршамызға таныс қызыл туы көтеріледі екен. Таңғаларлық жағдай – ту көтерілер сәтте алаңға халық сыймай кететін көрінеді. Ешкімді шақырмаса да, насихат-үгіт жүрмесе де осы көрініс күнде қайталанады.

Бұл не сонда? Бұл – туға, мемлекет нышанына деген құрмет. Айналып келгенде бұл елге, жерге деген сүйіспеншілік. Түйіндеп айтар болсақ – патриоттықтың, отансүйгіштіктің жарқын көрінісі.

Бір жарым миллиардтан астам халқы бар Қытай соңғы жылдары іргелі табыстарға жетті. Әсіресе экономикадағы жетістіктері елеулі. Бұған жеке кәсіпкерлердің қосып отырған үлесі мол. Қытай кәсіпкерлерінің бір ерекшелігі біздегі кейбір әріптестері секілді тезі­рек баю­ды, тездетіп молшы­лық­қа кенелуді көздемейді. Ең бас­тысы, елінің өсіп-өркендеуіне тамшы­дай болса да үлес қосып жатса болғаны. Бизнестің рақатын өзі көре алмағанымен ұрпағына бұйырып жатса – соған шүкіршілік. Олар осылай ойлайды.

Мұндай патриоттық, елді, Отанды ойлау сезімі бізге де қажет. Әрине, күнде таңертеңгілік орталық алаңдағы Көк Туымыздың жанында тұру немесе түрік бауырларымыз секілді үйіміздің жанында жалауымызды желбіретіп қою міндет емес те шығар. Бірақ осылай болса несі айып, несі ерсі?!

Патриоттық сезімді тудырудың жол­дары көп. Сол қасиетті де, қас­терлі сезімнің қалыптасуына, сол сезім­нің бойымызда жайлануына бас­ты дәнекер, себепкер – әр ұлттың өз ана тілі болса керек. Тіл жайлы тынбай айтуымыздың бар сыры осыдан.

Өз тіліңді білу, өз тіліңде сөйлеу – бұл да патриоттық. Патриоттық дейміз-ау, ол әр адамның міндеті.

Тәңірден күшті ешнәрсе жоқ. Тәңір сені қазақ етіп жаратқаннан кейін қазақ болып өмір сүру парыз. Қазақ болу деген – қазақша сөйлеу, салт-дәстүрді, әдет-ғұрпыңды… тағысын тағыларды сақтау. Ұлт ретінде өз еліңе, өз жеріңе ие болу.

Өз жеріңе ие болу дегеннен шығады, кейде көшеде кездескен шетелдің яки өзіміздің елде тұратын өзге ұлттың өкілі көше атын немесе автобустың бағытын білгісі келгенде сауалын орыс тілінде қойып жатады. Ал неге қазақша қоймасқа? Өздері Қазақстанда тұрып жатыр. Менің қазақ екенімді біліп тұр. Елдегі мемлекеттік тіл – қазақ тілі…

Осы жерде айтайын деп тұрға­нымыз не? Біздің көбіміз тілдің өзі елдің қорғаушысы, қалқаны, айбыны екенін сезіне бермейді екенбіз. Мәселен, басқасына тоқталмай-ақ қоялық, мына Грузияда грузинше немесе Арменияда армян тілін білмесек сол елдерде өмір сүре алар ма едік? Тіпті Ресейге барсаңыз да орыс тілінсіз нан тауып жей алмайсыз. Демек, тілін білсеңіз ғана сол елдің топырағын баса аласыз. Тіл – қорғаныш, тіл – қалқан деп отырғанымыздың себебі осы. Егер тілге тіл бітетін болса бөгде жұрттың адамына: «Сен алдымен мені біл, мені игер, сол кезде ғана бұл жердің ауасын жұтып, суын іше аласың» дейтіні күмәнсіз. Әттең, тілде тіл жоқ.

Сонымен не айтпақпыз? Айт­пағымыз елдің, ұлттың мәңгілік өмір сүруі сол халықтың тілінің тұғырында мығым, мықты тұруына байланысты. Тіл өз топырағында көктемгі жаңа шыққан жауқазындай «жайқалып», «жұпар шашып» тұрса, яғни мәртебесіне сай өмір сүрсе елдің де көсегесі көгеріп, еңселене түсетіні хақ. Бұдан бөлек ол елді дұшпаны да, басқасы да кеудемсоқтық танытып басына алмайды.



Қорытынды:

Менің ойымша “Мемлекеттік тіл”, “Қазақ тілі” деп қанша айтсақ та, одан ештеңе өнбейтінін, тіліміздің мәртебесі көтерілмейтінін көріп отырмыз. Мұны тек Ана тілімізге жаны ашымайтын, оны менсінбейтін, сайып келгенде өз елінің , өз ұлтының тағдырына немқұрайды қарайтын, қазақи рухы мүлде өлген, не шалажансар күйдегі шалақазақтар мен мәңгүрт қазақтар білмеуі мүмкін. Дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер сияқты Қазақстан да өзінің Ата Заңына “Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік тілді білулері керек” деген талап енгізбей, бұл істе ешқандай да алға басушылық болмайды. Мұны, алдыңғы Кеңестік кезеңді айтпағанда, соңғы 25 жылдық егемендік тарихымыз да дәлелдеп отыр.


Қазақ тілі және мәдениеті



кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С. Қалыбекова
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет