Анықтама Бақылау нысаны: Сынып сағаттарының өтілу сапасын тексеру қорытындысы. Мақсаты



Дата02.12.2019
өлшемі15,03 Kb.
#52853
Байланысты:
ан акпан сын жет жум жур барысы

Анықтама

Бақылау нысаны: Сынып сағаттарының өтілу сапасын тексеру қорытындысы.

Мақсаты: Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарының орындалуы

Мерзімі: Ақпан
2013-2014 оқу жылына арналған тәрбие жоспары 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаға сай жоспарланып, әр сыныпта тәрбие жұмысы оқу жылының басында бекітілді. Сынып сағаты аптаның жұма күні әр сыныпта өткізіледі. Бастауыш сыныптарда және 9 «ә», 10«ә»,

5 «а», 6 «а», 6 «ә», 7 «ә», 10 «а»сыныптарында сынып сағаттары жүйелі түрде өтіледі. Желтоқсан айында 6 «ә» сыныбында «Желтоқсанның ызғары» тақырыбында ашық тәрбие сағаты, сынып жетекшісі Л.Донбаева жетекшілігімен өтілді. Тәрбие сағатына сай безендірулер жасалынып, оқушылар өте жақсы дайындалған. Сабақ Мемлекеттік гимн айтумен басталып, желтоқсан құрбандарын еске алумен жалғасты. Сол кезде болған дүрбелең жайында бейнефильм көрсетіліп, қойылым қойылды. 6 «а» сынып жетекшісі Г.Сергазина «Тәуелсіздік туы желбіресін!» деген тақырыпта тәрбие сағатын тәуелсіздік күніне орай өткізді. Оқушылар тәуелсіздікке арнап тақпақтар, өздері шығарған өлеңдер оқыды. Сынып оқушыларын мұғалім жақсы ұйымдастырған. 1-желтоқсан Елбасы күніне орай «Менің Елбасым», «Тұңғыш Елбасы» деген тақырыптарда өтілді. Елбасының өмірбаяны, еңбек жолы туралы оқушылар мәліметтер алып, елбасына арналған өлең жолдарын оқыды. 10-сынып жетекшісі М.Баракова желтоқсан айының 1-ші жұлдызы ЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне орай сынып сағатын өткізді. Қаңтар ақпан айларында «Дос және достық», «Аталар мұрасы – халық қазынасы», «Сүйкімі дүниенің сұлулықта», «Ұлы тұлғалар есімізде», «Мұқағали мәңгілік ғұмыр», «Ауғанстан ақиқаты», Жаңа жағдайда Қазақстан халқы Ассамблеясының жауапкершілігі тек қана өсетін болады» тақырыптарында сынып сағаттары өтілді. М.Мақатаевқа арналып кеш өтілді, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған аудандық апталыққ а қатысып, кездесулер, сынып сағаттары жүргізілді.



Сынып жетекшілерге ескерту ретінде айта кететін көптеген сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын, сынып сағаттарын өткізу барысында көрнекілікті кеңінен пайдаланып, балаға тәрбие сағатын сезінетіндей, мағыналы өтілсе құп болар еді.
Қорытынды мен ұсыныс: 1. Сынып жетекшілердің жауапкершіліктері күшейтілсін. 2. Сыныппен жұмыс жандандырылсын. 7а, 8а,8ә, 9а, 5ә сынып жетекшілері сыныппен жұмысын жүйелесін.

Анықтама дайындаған: М.А.Уалиева

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет