Анықтамалық-жол көрсеткіш « Мен саналы өмірімнің 20 жылын Қарағанды мен Теміртау қалаларында өткіздім. Қарағанды политехникалық институтында оқыдым »


Декан Томилова Надежда Ивановна, техника ғылымдарының кандидаты, доцент



бет2/3
Дата07.05.2017
өлшемі2,67 Mb.
#16025
түріАнықтамалық
1   2   3

Декан Томилова Надежда Ивановна, техника ғылымдарының кандидаты, доцент


Байланыс мәліметтері

Мекен-жайы: Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56, бас корпус, 407-кабинет

Жұмыс телефоны: 8(7212) 56-54-44, ішкі байланыс 1023

E-mail: n.tomilova@kstu.kz



Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: дүйсенбі, сәрсенбі 15:00 - 17:00
Кафедралар:

  • «Есептеуіш техника және программалық қамтамасыз ету» (ЕТжәнеПҚ)

  • «Ақпараттық жүйелер» (АЖ)

  • «Прибор жасау» (ПЖ)

  • «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» (АТжәнеҚ)

  • «Жоғары математика және механика» (ЖМжәнеМ)


Энергетика және телекоммуникациялар факультеті

Декан Таткеева Галина Галимзяновна, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі

Байланыс мәліметтері

Мекен-жайы: Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56, бас корпус, 127-кабинет

Жұмыс телефоны: 8(7212) 56-59-32, ішкі байланыс 1022

Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: 10.00-12.00 сенбі

e-mail: tatkeeva@mail.ru

Кафедралар:



  • «Өндірістік процестерді автоматтандыру» (ӨПА)

  • «Байланыс жүйелерінің технологиясы» (БЖТ)

  • «Энергетика»

  • «Физика»



Жол-көлік факультеті

Декан Ынтықов Тоқмырза Смағұлұлы – техника ғылымдарының кандидаты, АК кафедрасының профессоры



Байланыс мәліметтері

Мекен-жайы: Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56, № 1 корпус, 306-кабинет

Жұмыс телефоны: 8(7212) 56-59-32, ішкі байланыс 2011

E-mail: t.intykov@kstu.kz

Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: сейсенбі 15.00 - 17.00

Кафедралар:



  • «Автомобиль көлігі» (АК)

  • «Өнеркәсіптік көлік» (ӨК)

  • «Жол-құрылыс машиналары» (ЖҚМ)

  • «Қазақ тілі және мәдениеті»


Сәулет-құрылыс факультеті

Декан Иманов Марат Өмірбекұлы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚарМТУ академиялық профессоры, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері



Байланыс мәліметтері

Мекен-жайы: Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56, бірінші корпус, 208-кабинет

Жұмыс телефоны: 8(7212) 56-78-44 (ішкі байланыс 2006)

E-mail: alivek@mail.ru



Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: бейсенбі 15.00 - 17.00
Кафедралар:

  • «Құрылыс материалдары және бұйымдары технологиясы» (ҚМБТ)

  • «Құрылыс және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықтар» (ҚжәнеТКШ)

  • «Қазақстан тарихы» (ҚТ)

  • «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» (ӘГП)

  • «Сәулет өнері және дизайн» (СӨжәнеД)

  • «Орыс тілі және мәдениеті» (ОТжәнеМ)

Экономика және менеджмент факультеті


Декан Алпысбаева Назым Аманғазықызы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор



Байланыс мәліметтері

Мекен-жайы: Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56, төртінші корпус, 210-кабинет

Жұмыс телефоны: 8(7212) 56-52-40, ішкі байланыс 2026

E-mail: nalpysbayeva@mail.ru



Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: бейсенбі 15.00 - 17.00
Кафедралар:

  • «Кәсіпорын менеджменті» (КМ)

  • «Кәсіпорын экономикасы» (КЭ)

  • «Өндірісті ұйымдастыру» (ӨҰ)


Әскери-техникалық факультет
Декан Тюнин Игорь Дмитриевич, полковник

Контактные данные

Байланыс мәліметтері

Мекен-жайы: Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56, №1 корпус, 604-кабинет, деканат 602-кабинет

Телефондар:8 (7212)565862 ішкі байланыс 1110, 1122 хатшы

E-mail: itunin52@mail.ru

Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: күн сайын 16:00 - 18:00

Кафедралар:



  • Әскери кафедра

  • «Дене шынықтыру»

  • «Кәсіптік оқыту» (КО)

  • «Бастапқы әскери дайындық» (БӘД)


Сырттай және қашықтықтан оқыту факультеті

Декан Глотов Борис Николаевич, техника ғылымдарының докторы, профессор



Байланыс мәліметтері

Мекен-жайы: Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56, 6 оқу корпусы, 415-кабинет

Жұмыс телефоны: 8(7212) 56-42-33

E-mail: glotovbn_kargtu@mail.ru

Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: күн сайын 16:00 - 18:00
2. Студенттің құқықтары мен міндеттері
Студент:


  • білім гранты бойынша және шарт негізінде оқуға;

  • мамандықтардың жалпыға міндетті стандарттары аясында білім алуға;

  • белгіленген көлемде стипендия алуға (мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан тұлғалар үшін);

  • университет жатақханасына тұруға;

  • жеке траектория шеңберінде оқуға;

  • өзінің қабілеттілігі мен мүмкіндіктеріне сәйкес білім және қосымша көрсетілетін білім қызметтерін алуға;

  • оқу жоспарына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

  • кафедрада профессорлық-оқытушылық құрамның саны жеткілікті болған жағдайда оқытушыны таңдауға;

  • ҚР БҒМ Бұйрығымен белгіленген тәртіпте бір оқу орнынан басқа оқу орнына, бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуға және қайта қабылдануға;

  • жеке пікірлері мен ойларын еркін жеткізуге;

  • баға жариялығына;

  • академиялық демалысқа (денсаулық жағдайына байланысты, соның ішінде жүктілік пен босану бойынша);

  • басқа жоғары оқу орындарында жоғары оқу орындары арасындағы шарттар негізінде жеке оқу пәндерін зерделеуге;

  • жазғы семестр мерзімінде немесе оқу жылы ішінде академиялық қарыздарын жою үшін пәндерді қосымша зерделеуге;

  • зертханалық жабдықтарды және компьютерлерді, факультет, кафедра, кітапханалардың ғылыми-анықтамалық материалдарын пайдалануға;

  • оқу процесі және студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты қамтитын «Анықтамалық-жол көрсеткішпен» қамтамасыз етілуге;

  • қоғамдық ұйымдар арқылы университет қызметі мен студенттік өмірдің маңызды шешімдерін шешуге қатысуға;

  • университет Жарғысы және тиісті ережелермен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарына мен басқа қызмет түрлеріне қатысуға;

  • ұйымдастырушы болуға және ғылыми-техникалық шығармашылық орталықтар, кооперативтер, баспа қызметі, ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге қатысатын басқа шаруашылық-есептегі ұйымдардың жұмысына қатысуға;

  • медициналық қызмет көрсету және студенттердің белгілі бір топтары үшін белгіленген басқа жеңілдіктерді алуға;

  • оқуда, ғылыми-өндірістік пен басқа қызметтердегі табыстары үшін марапаттау және сыйлық алуға, алғыс жариялау, грамотамен, ақшалай сыйлықпен, құнды сыйлықтармен марапаттау және профилакторияларға немесе спорттық-сауықтыру лагеріне тегін жолдама алуға құқылы.

Материалдық марапаттау түрлерін таңдау деканат және кафедра ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады.

Бітіруші кафедралардың ұсыныстары бойынша жақсы оқитын студенттер оқытудың жеке кестесіне ауыстырылуы мүмкін.




Оқытушылардың және студенттердің Ар Кодексі
ЖОО қоғамдастығының «Болон процесі контексіндегі академиялық ұтқырлық» халықаралық семинарында қабылданды Талдықорған қ. 2010ж. 13-15 мамыр
Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен Студентлер қоғамдастығы, жоғары білім беру жүйесінің басты мақсаты: мамандығын жетік меңгерген, жаңашыл ойлауға қабілетті, ой-өріс мүмкіндіктерін игерген, кәсіби және мәдени бағытталған тұлғаны дайындауды іске асыруда өз жауапкершілігін сезіне отырып және бірлесіп басқару принциптерін дамыту мен нығайтуды өзінің парызы деп санап, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары оқытушылары мен Студенттерінің Ар Кодексін қабылдайды және оған сөзсіз бағынуды өз міндеттеріне алады.
Студенттің Ар Кодексі
Студент өз бойындағы жеке шығармашылық қабілеттерін дамытып, өзі таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуға, Қазақстан Республикасына лайықты азамат болуға ұмтылады.

Студент үлкендерге құрметпен қарайды, өз ортасына қарым-қатынас кезінде дөрекілік танытпайды және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға жанашырлық көрсетіп, мүмкіндігінше қамқор болады.

Студент парасаттылықтың, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі, әдепсіздікке және жыныстық, ұлттық, діни бөлулермен шектеулерге жол бермейді.

Студент салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болады.

Студент жоғарғы оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүліктерін қорғап, Студенттер Үйінің тәртібі мен тазалығын қадағалайды.

Студент жоғарғы оқу орнының атағы мен мәдениетін көтеруде шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған (ғылыми, спорттық, көркемөнер т.с.с.) барлық қажетті және пайдалы іс-әрекеттерді мойындайды.

Студент жоғарғы оқу орнының қабырғасынан тыс уақытта, өзінің жоғарғы мектептің өкілі екенін есте ұстап, оның намысы мен жетістіктерін түсірмеуге барлық күшін жұмсайды.

Студент академиялық ықылассыз іс-әрекет түрлерімен күресуді өзінің парызы деп санайды, олардың қатарында: білімді бақылау кезінде басқа адамдардан көшіру және көмек сұрау; көлеміне қарамастан барлық дайын оқу материалдары: мәнжазбалар, курстық жұмыстар, бақылаулар, дипломдық және басқа да жұмыстарды, сонымен қатар, өзінің жеке еңбегінің нәтижесі ретінде Интернет-ресурстарын дайындау; жоғары баға алу үшін өзінің туыстық немесе қызметтік байланыстарын қолдану; сабақ кезінде серуендеу, сабақтан кешігу және себепсіз оқу сағаттарын босату.

Студент болашақта Қазақстанның экономикалық, саяси және басқарушылық элитасына лайық сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуда, жоғарыда айтылған барлық академиялық ықылассыз іс-әрекеттер үйлесімділік танытпайды деп санайды.

Оқытушының Ар Кодексі
Оқытушылық қызметтің басты бағыты – студенттермен жұмыс жасау, олардың білімділігі мен мәдениеттілігіне қамқор болу, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелеу.

Оқытушы педагогикалық шеберлігі мен өзінің теориялық білімін үнемі жетілдіріп отыратын кәсіби маман болуы тиіс, білім жолындағы ізденісі негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, нәтижелерді хабарлауда дәлелдемелермен қамтып, пікір алысу барысында шыншылдық танытуы қажет.

Оқытушы - ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліліктің белгісі, Қазақстан мемлекеттілігінің белсенді насихаттаушысы, жемқорлықтың, жауапкершіліксіздік пен тәртіпсіздіктің ұстамды қарсыласы.

Оқытушы өз іс-әрекетімен студенттерге еңбек және оқу тәртібінің ережесін сақтаудың қажеттілігін, әріптестермен сыйласымды қарым-қатынас орнатуды дәлелдейді, өзіне, өзінің сөзі мен іс-әрекетіне талап қояды, өз қателіктерін ашық мойындайды және оны түзетеді.

Оқытушы студенттер мен өз әріптестерін кәсіби бағалауда шыншылдық танытады, ол жинақы, оның сөзі ісіне сәйкес келеді, қызмет барысында өзінің бағытын ашық көрсетеді және өз көзқарасын дәлелдей біледі.

Қазақстанның жоғарғы оку орындары оқытушыларының Ар Кодексі өнегелілік ережелерінің, қазақ қоғамы мен мемлекетінің жалпы халқы мойындаған ережелер мен әдептілік принциптеріне негізделген міндеттері мен тәртіптерінің жүйесі.

Біз, оқытушы мен студенттердің Ар Кодексімен жүруге және берілген міндеттемелерді іске асыруды өз жауапкершілігімізге аламыз. Біз, өзіміздің жоғарғы оқу орындарымыздың өнегелілік пен танымдылықтың үлгісі болуына және Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарын құруға белсенді атсалысамыз.

Университетте рұқсат қағаз жүйесі жұмыс істейді. Корпусқа кіру студент билеттерді (сынақ кітапшаларын) көрсету арқылы жүргізіледі.

Міндеттерді бұзғаны үшін студеттерге тәртіптік әсер ету шаралары қолданылуы мүмкін.
3. Оқу процесін ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету
Кітапхана өмірбаяны Тау-кен факультетының ашылуымен бір уақытта 1953 жылы басталады. Жинақ негізін Мәскеу, Ленинград, Днепропетровск және басқа да тау-кен факультеты кітапханаларының айырбас қоры құрады. 1954 жылдың басында кітапхана қоры 12 мың басылымды құрады.

1958 жылы Тау-кен факультетын Политехникалық болып қайта ұйымдастырылуымен және 4 факультеттің пайда болуымен материалдық база айтарлықтай нығайып, оны жинақтау профилі кеңейді.

Кітап қоры арнайы ғылыми-техникалық әдебиетпен елеулі толықты және бұл жағдай оны тек Қарағандыда ғана емес, сонымен қатар Республикадағы ең ірі кітапханалар дәрежесіне жеткізді.

Жылдар мен онжылдықтар өткен сайын кітапхана қызметінің негізгі бағыттары дамыды:

50-60 жылдар – кітапхана қоры қалыптасты, анықтамалық-іздеу аппараттары (каталогтар және картотекалар) құрылды.

70-80 жылдар – анықтамалық-библиографиялық, ақпараттық және әдістемелік жұмыстар дамыды.

90 жылдар – кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыру негіздері салынды.

2000 жылдар – жаңа ақпараттық технологиялар енгізілуде, Электронды кітапхана құрылуда және дамуда және ақпараттық әлемдік кеңістікке кіру табалдырығында.

ҚарМТУ кітапханасы – 55 адамнан тұратын штаты бар ең ірі ЖОО кітапханасы. Кітапхананың жалпы көлемі 15 420 шаршы метр, Университеттің 4 корпусында орналасқан, оқу залдарында 725 отыратын орын бар.

Кітапхана қорында 2 млн. астам оқулық, мерзімдік және ақпараттық басылымдардың 400 жуық атауы бар деп есептеледі. Қор құрамында Университет профилі бойынша оқу, ғылыми, анықтамалық, ғылыми танымал басылымдар, оның ішінде электронды, аудиовизуалды құжаттар, Қазақстан ЖОО-ларының және Университеттің өзінің ғылыми басылымдары, диссертациялар, ҒЗЖ бойынша есептер, сонымен қатар көркем әдебиеттер де бар.

Қор қазынасы қолтаңбалары бар кітаптар, ХХ ғасыр басындағы басылымдар, сирек және шағын кітаптар топтамасы болып табылады.

Жыл сайынғы адамдар келуінің саны 400 мыңға жуық, бір жыл ішінде 700 мыңнан артық кітап және журналдар пайдалануға беріледі, оқырман саны 14 мыңнан артық.

Оқырмандар қызметіне 6 абонемент, 12 оқу залы, Интернетті пайдалануға болатын 3 электронды зал беріледі. Компьютерлер паркі 219-ды құрайды, оның 158-і пайдаланушыларға арналған. Компьютерлер оқу процесіне және студенттерге өзіндік жұмысқа көмек ретінде бағдарламалармен жабдықталған: Microsoft Office 2010, AutoCAD 2009, CorelDRAW Graphics Suite X4, 3ds max 7, Mathcad 14, КОМПАС-3D LT V12 және т.б. Кісі көп жиналатын және ұйымдық талап етілген жерлерде Интернетке қосылудың Wi-Fi аймақтары және Университеттің компьютерлік желісі ұйымдастырылған.

Кітапхана сайтында http://lib.kstu.kz/ кітапхананы, ресурстарды қолдану ережелері туралы, басылым жаңалықтары, кітапхана қорына түскен жаңа басылымдар туралы ақпараттар, виртуалды тақырыптық көрмелер, сонымен қатар бірінші курс студентінің Электронды портфелі орналасқан.

Кітапхана бүгінде Университеттің Электронды кітапханасына, отандық және шетелдік ресурстарға еркін қосылуды қамтамасыз етеді.

Электронды кітапханаға қосылу ИРБИС Web-модулі арқылы жүзеге асады. Сервистік қызметтер қатарында сканерлеу, ксерокөшірме жасау, электронды әдебиеттерді беру бар.



АБИС ИРБИС 64 бағдарламалық қамтамасыздандыру базасында жұмыс істейтін Электронды каталог (ЭК) оқырмандарға деректердің 11 базасын ұсынады. Олардың арасында: IBIS (негізгі кітап қорының ЭК), PERIO (мерзімді басылымның ЭК), Мақалалар, Силлабустар, Цитаталар, Авторефераттар.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет