Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата15.01.2020
өлшемі4,35 Mb.
#55909
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Психология негіздері Сәбет Бап-Баба
11сынып геометрия гум, Психология негіздері Сәбет Бап-Баба, архитект ура курсовой, архитект ура курсовой


Сәбет Бап-Баба
ПСИХОЛОГИЯ  НЕГІЗДЕРІ
(оқу-анықтамалық қолданба)
Пікірлер
Ұғымдар
Түсініктер
Деректер
Анықтамалар
Түсіндірмелер
Алматы
2007

ББК 88.3 
С 28 
Пікір жазғандар:  
 
Қ.Ералин – профессор, педагогика докторы 
Б. Ортаев – доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты, 
 
Жауапты редактор: 
К.Беркінбаев  –  профессор,  педагогика  ғылымдарының 
кандидаты 
  
С 28 Сəбет Бап-Баба (Бабаев). 
         Психология  негіздері:  Оқу-анықтамалық  қолданба.  Алматы: 
Нұр-пресс, 2007. – 06 бет.
 
 
ISBN 9965-83-6 
 
Оқулық  жоғары  оқу  орындарының  «Педагогика  жəне 
психология» мамандығы студенттеріне арналады. 
Пəннің  типтік  бағдарламасы  негізінде  бұл  оқу  құралына  енген 
психологиялық  білім  мазмұны  ұғым,  түсініктеме,  анықтамалар 
күйінде  беріліп  отыр.  Бұл  студенттердің  дəрістер  мен 
оқулықтардан игерген білімдерін жалпылыққа келтіріп, теориялық 
тұрғыдан бекітуіне жəрдем береді. 
Кітап  автордың  бұдан  бұрын  жарық  көрген  «Жалпы 
психология»  дəрісбаяндар  курсына  енбеген  соны  психологиялық 
ақпараттарды молынан қамтыды. 
Оқу  құралы  сонымен  бірге  психологиялық  танымен  кеңейтуді 
көздеген  кең  оқырман  қауымында  да  өз  қолданымын  табар  деп 
ойлаймыз. 
 
ББК 88.3 
С 
06
)
05
(
00
0303020000

 
                                                                 © Сəбет Бап-Баба, 2007. 
ISBN 9965-83-6                                                 © Нұр-пресс, 2007.
 
 

3
Бүкіл  қазаққа  төнген  тауқыметті  жылдарда 
балалығын – аштықпен, есейген шағын – соғыс 
зардабымен өткізіп, кемелденген кезде сырқат ша-
лып, жалғызының қызығын көре алмай дүниеден 
ерте өткен аяулы анам (Пүлжетпес) Күмісай ру-
хына арнадым.
 
 
 
 

Автор
1. Психология пәні және нысаны
Психология міндеттері
Адамның  ішкі  жан  дүниесін,  оның  сырттай  болмыспен  өзара 
ықпалдастық байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен ар-
найы ғылым – психология (грек.-psiche, logos-ғылым) айналысады.
Психологияның  негізгі  даму  кезеңдеріне  сәйкес  оған  берілген 
анықтамаларды қарастырайық.
1-кезең – психология жан жөніндегі ғылым. Психологияға мұндай 
анықтама бұдан екі мың жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан 
бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәйектеуге 
тырысқан.
II-кезең – психология сана жөніндегі ғылым. XVII-ғасырда жараты-
лыстану ғылымдарының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау, 
сезу және ниеттеу қабілеттерін сана категориясымен  баламаластырған. 
Ал сананы зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін өзі бақылап (интроспек-
ция), одан алған деректерін баяндау болған.
III-кезең – психология әрекет-қылық жөніндегі ғылым. XX ғасырда 
пайда болды. Психология  бұл кезеңде өз міндетіне эксперимент жасап, 
тікелей  нақты  көруге  мүмкін  болғандарды  ғана,  яғни  адамның  мінез 
әрекеттерін, қылық-қимылдарын, сыртқы әсерге жауап қозғалыстарын 
зерттеуге алды, бірақ оларға себепші болған мотивтерді ескеруді қажет 
деп білмеді.
IV-кезең – психология шынайы заңдылықтарды, психика көріністері
мен тетіктерін зерттеуші ғылым ретінде танылды.
Психология  -  психиканың  дамуы  мен  әрекетке  келуі  және  оның 
көрінісінің жеке-дара типологиялық ерекшеліктері жөніндегі, сонымен 
бірге адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының 
жалпы заңдылықтары туралы ғылым.


Психология  пәні  1)  іс-әрекет  субъекті  ретіндегі  адам,  2)  өзін  өзі 
реттеуіне қажет тұлғаның жүйелі өз сапалары; 3) адам психикасының 
қалыптасуы мен әрекеттік қызметке келу заңдылықтары; 4) адамның 
болмысты бейнелеу қабілеттері және оны тануы; 5) соның нәтижесінде 
өзінің сырттай дүниемен өзара ықпалдасты байланыстарын реттей
алуы.
Психология  нысаны:  психиканың  пайда  болуы  мен  оның  дамуы; 
психикалық  іс-әрекеттің  нейрофизиологиялық  негіздері;  психиканың 
ең  жоғары  формасы  –  адам  санасы;  сырттай  болмыстың  ішкі  жан 
дүниелікке ауысу заңдылықтары; адам психикасының әлеуметтік- тари-
хи жағдайларға тәуелділігі; психикалық әлем бейнелерінің қалыптасуы 
мен  сол  бейнелердің  адамның  сырттай  тұрмыстық,  тәжірибелік 
іс-әрекеттерінде  көрініп,  іске  асуы;  биологиялық  және  әлеуметтік 
жағдаяттардың адамның өзін өзі реттеуіндегі бірлігі; адам психикасының 
құрылымы; тұлғаның танымдық, еріктік және көңіл-күй үдерістері мен 
жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің бейнелеу-реттеушілік мәні; 
адамның әлеуметтік ортадағы қылық - әрекетінің психологиялық ерек-
шеліктері; адамның нақты іс-әрекет түрлерінің психологиясы.
Психологияның негізгі міндеттері:
- психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;
- психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау;
- психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;
-  психологиялық  білімдерді  адам  өмірі  мен  іс-әрекетіне  жоспарлы 
ендіруге жәрдем ету.
Психология зерттеулерінің міндеттері мен әдістері қоғамдық және 
жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды. 
Психологияның  негізгі  әдіснамалық  принциптері:  )  заттасқан 
болмыстағы психикалық құбылыстардың себеп-салдарлылығын мойын-
дау; ) психикалық құбылыстарды танудың генетикалық бағытын ұстану 
және оларды даму үдерісінде зерттеу; 3) психика мен іс-әрекеттің ажы-
ралмас  бірлікте  болатынын  қолдау;  )  адам  психикасын  биологиялық 
және әлеуметтік жағдаяттардың бірлігін ескерумен зерттеп бару.
XX-ғасырдың соңына қарай психология адами ғылымдар жүйесінде 
өзекті  пәнге  айналды,  ал  оның  қолданбалы  салалары  адамзат  тір-
шілік әрекеттерінің барша тарауларындағы тиімділіктің кепілі ретінде 
қолданылуда.

5
Жетістіктерінің соншалықты ауқымды болуынан психология ғылымы 
бұл  күнде  адам  жөніндегі  ғылымдар  жүйесінің  бірінші  қатарларынан 
орын иелеуде.
Қазіргі  заманда  психолгияның  келесідей  қолданбалы  салалары: 
экономикалық,  педагогикалық,  құқықтық,  әскери,  ғарыштық, 
спорттық, өнер, басқару, менеджмент, т.б. – жедел де өнімді қарқынмен 
дамуда.
2. Психология әдістері
Психологиялық зерттеулер кезеңдері
«Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын біл-
діреді, сонымен бірге болмысты тәжірибелік және теориялық тұрғыдан 
игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.
Психологияға  орайластыра  әдісті  психика  жөніндегі  деректерді 
алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.
Кейбір басқа да ғылымдардағыдай, психологиядағы зерттеу әдістерінің 
негізгілері – бақылау және эксперимент.
Бақылау  –  зерттеудің  ғылыми  әдісі  –  деректі  суреттеп  баянда-
удан  оның  ішкі  мәнін  түсіндіруге  өту  үшін  қажет.  Бақылау  әдісінің 
негізгі тиімділігі – психикалық үдерістерді табиғи жағдайларда зерттеу 
мүмкіндігінің мол болуы.
Араласа бақылау – зерттеушінің зерттелуші топпен етене жақын 
қатынастар әрекетінде болуы.
Сырттай  бақылау  –  әлеуметтік-психологиялық  құбылыстарды 
шеттен,  зерттелуші  адам  не  топпен  қарым-қатынасқа  түспей-ақ 
зерттеп, мәліметтер жинақтау.
Өзіндік бақылау (интроспекция) – адамның өзін-өзі бақылап, өзінің 
ішкі жан дүниелік үдерістерін тану жолы.
Дегенмен, психологиялық зерттеу әдістерінің арасындағы ең басты-
сы – эксперимент психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар 
жасау  мақсатында  зерттеушінің  сыналушы  адамның  не  топтың  іс-
әрекетіне белсенді араласуы.
Психологиялық эксперименттің негізгі міндеті – жан дүниелік іш-
тей психологиялық үдерістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылылықпен 
сырттай  бақылауға  жағдайлар  жасап,  мол  нақты  деректерге  қол 
жеткізу.

6
Зертханалық  эксперимент  –  арнайы  жағдайларда  жүргізіледі, 
арнайы  жабдықтар  пайдаланылады,  сыналушының  әрекеттері 
нұсқаулармен  белгіленеді,  сыналушы  экспериментке  түсетінін  біледі, 
бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал.
Табиғи  эксперимент  –  еңбек,  оқу,  қарым-қатынастың  әдеттегі 
жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда 
екенін сезбейді.  
Тестілеу әдісі – адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан 
өткізіп, анықтау.
Психологиялық тест – сыналушының жеке басының кейбір ерек-
шеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын 
стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда 
адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, 
психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге 
қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
Құжаттарды талдау әдісі – адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін 
талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды 
талдау әдістері сапалық және сандық болып ажыралады. Сапалық тал-
дауда  баяндалған  мәтіндік  ақпарат  сандық  көрсеткіштерге  келтіріліп, 
кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент-
талдау атауын алған.
Құрастырып жобалау әдісі – осы күнгі психологиялық зерттеулер-
де кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні – психикалық 
құбылыстарды  таңба  күйіне  келтіру  немесе  адам  іс-әрекеттерінің 
әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы 
жолмен  қабылдаудың,  жадтың,  қисынды  ойлаудың  кейбір  қырларын 
қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық 
модельдерін тұрғызуға болады.
Сауалнама  әдісі  –  әлеуметтік-психологиялық  зерттеулерде  кең 
қолданылатын әдіс. Оның мәні – объектив не субъектив деректер  жөнінде 
сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау.
Өмірнамалық  әдіс  –  кейінгі  уақыттары  тұлғаны  зерттеуде  көп 
қолданылатын әдістердің бірі. Мұнда жеке адамның қалыптасуындағы 
өзекті  жағдаяттар,  оның  өмір  жолы,  дамуындағы  дағдарысты 
кезеңдер, әлеуметтенуіндегі ерекшеліктер  анықталады. Адам өміріндегі 
күнделікті оқиғалар талданып, болашақта кезігер жағдайлар болжас-
тырылады, өмірлік кестесі түзіледі, каузометриясы жасалады.

7
Каузометрия    (лат.  causa-себеп,  грек.  metro-өлшем)  –оқиғалар 
арасындағы қатынастардың себептік сарабы, тұлғаның психологиялық 
мерзім  –кезеңдерінің  талдауы    беріледі,  оқиғаларға  қатысы  бар 
жағдайлар  анықталады,  тұлға  дамуының  не  тоқырауының  кейбір 
кезеңдерінің бастау оқиғалары айқындалады.
Жас ерекшеліктері психологиясында салыстырмалы-генетикалық
әдіс қолданылуда. Бұл әдістің мәні – психикалық заңдылықтарды жеке 
адамның психикалық дамуының әр кезеңдерін салыстыру арқылы зерт-
теу.
Социометрия – әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдісі – бірлікті 
іс-әрекетке  не  оқиғаға  араласу  (араласпау)  мүмкіндіктерін  анықтау 
мақсатында  шағын  топтың  әрбір  мүшесін  жеке  сауалға  тарту 
әрекеттері. Бұл әдіс нәтижелері топтағы қатынастар құрылымын гра-
фикпен  бейнелейтін  соц иометриялық  кесте,  социограмма,  сондай-ақ 
топтағы психологиялық қатынастарды сандық көрсеткіштермен танытуға 
болатын социометриялық индекстер күйінде өрнектеуге болады.
Жеке  тұлғаның  бағыт-бағдарына  әлеумет  ықпалын  зерттеу  үшін 
жасақталған топ әдісі қолданылады.
Тұлғаның  мәнді  әлеуметтік  сапа-қасиеттерін  диагностикалау 
мақсатында эксперттік бағалау және тұлғаны топпен бағалау әдістері 
пайдаланылуда.
Тұлғаны топпен бағалау әдісі – адам мінездемесін топ мүшелерінің 
өзара бағалауы арқылы алу. Бұл әдіс топтағы адамдардың өзара таныстығы 
мен бірлікті іс-әрекеті және қатынасы нәтижесінде топтың әрбір мүшесі 
жөнінде қалыптасқан топтық санаға негізделген.
Қандай  да  психологиялық  проблеманы  зерттеуде  сол  мәселеге 
сәйкес зерттеу тәсілдері мен ережелері, яғни нақты зерттеу әдістері 
қолданылады.  Олар:  болжам  ұсыну,  эксперименталдық  тәсіл  мен 
соған сай материал, сыналушылардың бастапқы бақылау және экс-
перименттік топтарын айыру, эксперимент серияларын анықтау,
эксперименталды материалдарды статистикалық және теориялық
өңдеуден өткізу және т.б.

8
3. Психологияның қоғамдық және гуманитар
ғылымдар жүйесіндегі орны
XIX ғасырда позитивизм бағытындағы философияның негізін қалаған 
О. Конттың (798-857) ғылымдарды топтастыру жүйесі кең қолданымда 
болды.  Дегенмен  осы  жүйеде  психологияға  орын  табылмады.  Ғалым 
пайымдауынша, психология әлі (үш кезең заңына орай)  метафизикалық 
сатыда, ғылым ретінде пісіп жетілмеген. XIX ғасырдың бірінші жартысы 
үшін мұндай тұжырым, әрине, әділ болатын.
Ол  заманнан  бері  ұланғайыр  өзгерістер  болды:  психология  дербес 
ғылымға  айналды,  адамзатқа  қажет  табыстарымен  көзге  еленді.  Екі 
ортада ғылымдарды жүйесімен топтастырудың талай амалдары талдау, 
талқыдан өтті. Солар арасында аса танымал болғаны орыс философы және 
ғылымтанушысы Е.М. Кедров (903-985) ұсынған топтастыру амалы 
еді. Кедров пікірінше, ғылымдарды бір беткей түзулік (линейный метод) 
сипатымен топтастыруға болмайды. Ол барша ғылымдарды үш топқа:
жаратылыстануәлеуметтік және философиялық – бөлуді ұсынады 
да,  олардың  бастарын  бір  түзу  бойында  емес,  үшбұрыш  шыңдарына 
орналастыра қосады. Сонда, үшбұрыштың жоғары шыңында жаратылыс-
тану қылымдары, төменгі сол жақта – әлеуметтану, ал төменгі оң тарапта 
–  философиялық  пәндер  жайғасады.  Психология  осы  ғылымдардың 
бәрімен бірдей тығыз байланыста, сондықтан ол үшбұрыштың ішінен кең 
орынға ие болады. Себебі адам ойы, ойлауы (психологияның маңызды 
бөлімдерінің  бірі)  тек  психология  тұрғысынан  зерттеліп  қалмастан, 
олармен философия да, логика да айналысады. Психология, сонымен, 
барша ғылыми білімдермен өзара байланысқа келеді.
Психологияның аса маңызды мәселелерінің қандайы болмасын, басқа 
ғылымдармен  байланыспай  шешілуі  мүмкін  емес.  Психиканың  пайда 
болуы  мен  дамуын  зерттеу  үшін  биология,  генетика,  антропология, 
білімдері мен әдістерін қолдану қажет; психофизиологиялық проблема-
ларды шешу үшін нейрофизиология, нейроанатомия, нейрохимия, меди-
цина әдістерін тартуды талап етеді; психикаға орай биологиялық және 
әлеуметтік жағдаяттар байланысы проблемасы әлеуметтік, биологиялық, 
психологиялық білімдердің басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша, 
психологияның  басқа ғылымдармен, ғылым салаларымен ара қатынас 
түрлерін шексіз жалғастыра беруге болады. Өз кезегінде, психологиялық 

9
зерттеулер  нәтижесінде  алынған  деректер  психологиямен  сыбайлас 
пәндер үшін өте қажет.
Психология және логика байланысы ойлау жөніндегі психологиялық 
білімдер  тарихында  анық  көрінеді.  Осы  ғылыми  білімдердің  әрбірі 
ойлау  құбылыстарын  ашуда  өз  зерттеу  аймақтарына  ие.  Логиканың 
шұғылданатыны  ақиқат  жөніндегі  мәселе,  ойлаудың  болмысқа  деген 
танымдық  қатынасы  туралы  проблема.  Ал  психологияның  айналыса-
тыны – ойлау үдерісінің жүрісі, жеке адамның ойлау іс-әрекеті, ойлау 
құбылысының сананың басқа да тараптарымен аралық нақты байланыс, 
қатынастары. 
Психология және әлеуметтану байланысы әлеуметтік психоло-
гияны жарыққа келтірді. Әлеуметтік психологияны қызықтыратын екі 
өзекті проблема: тұлға және топ арасындағы өзара ықпалдасты қатынас; 
тұлғааралық байланыстар. Шағын социологиялық зерттеулер деңгейінде 
(кіші  топ  зерттеулері:  отбасы,  еңбек  ұжымы)  әлеуметтік  бақыт  пен 
әлеуметтік-психологиялық бағыт  айырмашылықтарын ажырату қиынға 
соғады. Дегенмен, әлеуметтанудың (социологиялық) әлеуметтік психо-
логиядан бөліне көрінетін тұсы – ондағы зерттеулердің ірі де ауқымды, 
макроәлеуметтік деңгейде жүргізілуі, зерттеуге түскен құбылыстарды 
қоғам және оның  құрылымдық бөлшектерінің жасауы мен әрекетке түсу 
заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтылыстың болуы.
Психология  және  педагогика  байланысы  ежелден  келе  жатқан, 
дәстүрлі  қалыптасқан  құбылыс.  Барша  ғұлама  педагогтар  адамның 
табиғи  қасиеттерін,  оның  тума  қажеттері  мен  мүмкіндіктерін  түсіну 
керектігін, тұлғаның психикалық іс-әрекеттері және дамуына орай тетік-
тер мен заңдарды ескеруді, солар негізінде оқыту, білім беру, тәрбиелеу 
маңыздылығын алға тартты.
Психология  және  биология  байланысы.  Адам  дамуының  табиғи 
және  әлеуметтік  жағдаяттарының  ара  қатынасы  жөніндегі  проблема- 
психология үшін аса маңызды мәселелердің бірі, ол биология үшін де 
ізденіс азығы. Екі ғылыми білімдердің қосыла зерттеулері нәтижесінде 
әрбір жеке адамның даралықты дамуындағы тума берілген және өмір 
барысында қалыптасатын сапа-қасиеттерінің сыры ашылады.
Психология және медицина байланысы медициналық психологияның 
туындауына әсер етті. Бұл сала дәрігер қызметінің психологиялық ере-
кшеліктерін және сырқат адамның әекет-қылығындағы психологиялық 
көріністерді  зерттейді,  емдеу  мен  психотерапия,  сондай-ақ  психика 
дамуындағы ауытқулар мен әртүрлі ми науқастарына байланысты психика 

0
бұзылысын зерттеуші медициналық білім саласы патопсихологияның 
психологиялық әдістерін орайластырады.  
Психология  және  саясаттану  байланысынан  саясатқа  орай 
қалыптасатын әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы 
сана, астар сана, адам көңіл күйі,  еркі, оның нанымдары, құндылықты 
бағыт-бағдарлары және ұстанымдарын зерттеуші саясат психологиясы 
пайда  болды.  Бұл  ғылым  адам  әрекет-қылығын  үдеріс  ретінде  танып,  
оны жеке тұлғаның қоршаған ортамен өзара ықпалдастық қатынасының 
нәтижесі  деп  біледі.  Себебі  тұлға  әрекеттері  сыртқы  ықпалдар  мен 
психологиялық  талдаудың  тікелей  нысаны  болған  субъекттің  оларды 
қабылдау және түсіну ерекшеліктерімен анықталады.
4. Осы заман психологиясының құрылымы
Психологияның арнайы және қолданбалы салалары
Осы заман психологиясы – басқа ғылымдармен тығыз байланысқан 
қарқынды  даму  жолына  түскен  адамзат  білімдерінің  елеулі  аймағы. 
Сондықтан да, дамудағы құбылыс ретінде психология үздіксіз өзгерісте 
болады: жаңа ізденіс бағыттары, проблемалар туындап отырады, жаңа 
жобалар  іске  асып  жатады,  нәтижеде  психологияның  соны  салалары 
ғылым  қорына  ене  береді.  Психология  салаларының  бәріне  ортақ 
құбылыс  –  бұл  пән  біртектілігінің  сақталуы:  психология  білімдерінің 
бәрі де психика деректерін, заңдылықтары мен тетіктерін жағдайға 
байланысты, іс-әрекет барысында, даму деңгейлеріне орайластырып, 
зерттеп отырады.
Психологияның негізі - жалпы психология. Бұл саланың атқаратын 
қызметі: психиканың жоғары жалпыланған заңдарын, заңдылықтары 
мен  тетіктерін  зерттейді.  Аса  маңызды  психологиялық  пәндердің 
бірі психология тарихы. Бұл пән өз назарын психологиялық білімдердің 
қалыптасуы  мен  дамуына  байланысты  тарихи  үдерістердің  мән-
мағынасына аударып, оларға түсіндірме береді.
Көп түрлі психология салаларының өз алдына бөлінуінің негіздеме-
лері де сан қилы. Әдетте, олардың жіктелуі мен топтасуына арқау болар 
жағдайлар келесідей:
1)  нақты  іс-әрекет  (еңбек  психологиясы,  медициналық, 
педагогикалық психология, өнер, спорт және т.б. психологиясы);
2)  даму (жануарлар психологиясы, салыстырмалы психология, даму 
психологиясы, балалар психологиясы және т.б.);


3)  адамның әлеуметтік жағдайы мен оның қоғамға қатынасы 
(әлеуметтік  психология;  тұлға  психологиясы;  топ  психологиясы;  тап, 
тайпа психологиясы; ұлыс, ұлт психологиясы және т.б.).
Және бір аса маңызды жағдаят – бұл іс-әрекет мақсаттары (жаңа білім-
дерді ашу, алу немесе олардың қолданылуы): тұғырлы және қолданбалы 
ғылымдар; зерттеу аймағына орай: даму, шығармашылық, тұлға және т.б. 
психологиясы. Өзге ғылымдармен байланысына қарай психология келесі 
салаларға бөлінген: психофизиология, нейропсихология, математикалық 
психология.  Психологияның  әртүрлі  қызмет,  тәжірибемен  болған 
күрделі  байланыстары  ұйымдастырушылық,  инженерлік,  спорттық, 
педагогикалық  психологияда байқалады.
Жануарлардың психикалық ерекшіліктерін зоопсихология зерттейді.
Балалар  психологиясы  өсіп,  кемелденудегі  адамның  санасын,  
психикалық  үдерістерін,  іс-әрекеттерін,  барша  тұлғалық  сапа-
қасиеттері мен жедел даму шарттарының заң-заңдылықтарын зерт-
тейді.
Әлеуметтік  психологияның  айналысатыны:  адамның  тұлғалық 
сапаларының  әлеуметтік-психологиялық  көріністері;  оның  адамдар 
және  топтармен  қарым-қатынастары;  адамдардың  психологиялық 
үйлестігі,  ірі  топтардағы  әлеуметтік-психологиялық  қатынастар 
заңдылықтары  (адамдардың  әрқилы  қауымдастығына  радионың, 
теледидардың, басылымдардың, моданың, өсек-аяңның ықпалы).
Педагогикалық  психология  тұлғаның  оқу  және  тәрбие  үдерісіне 
байланысты даму заңдылықтарын зерттейді.
Саясат психологиясы саясатқа орай қалыптасатын әрекеттердің 
субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы сана және астар сана, 
адам  көңіл  күйі  және  еркі,  оның  нанымдары,  құндылықты  бағыт-
бағдарлары мен ұстанымдарын зерттеумен шұғылданады.
Адамның нақты қызметі, іс-әрекеті түрлеріне орайласқан  проблема-
ларды зерттеуші көптеген психология салаларын бөліп атауға болады. 
Мысалы, еңбек психологиясы – адамның еңбектену және іс-әрекетке 
келуінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбектену дағдыларының даму 
заңдылықтарын айқындаумен шұғылданады.
Инженерлік  психология  –  адам  және  осы  заманғы  техника 
арасындағы өзара ықпалдасты қатынастар үдерісінің заңдылықтарын 
зерттеп,  оларды  жобалау  тәжірибесінде,  автоматтасқан  жаңа 
басқару жүйелерін, техниканың соңы түрлерін жасау мен пайдалануда 
қолдану жолдарын қарастырады.


Авиация  және  ғарыштық  психология  -  ұшқыш,  ғарышкер  іс-
әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін талдайды.
Медициналық психология – дәрігер қызметінің психологиялық ерек-
шеліктерін және сырқат адамның  әрекет – қылығына тән психологиялық 
көріністерді  зерттейді,  емдеу  мен  психотерапияның  психологиялық 
әдістерін орайластырады.
Патопсихология – психика дамуындағы ауытқулар мен әртүрлі ми 
науқастарына  байланысты  психика  бұзылыстарының  заңдылықтарын 
ашады.
Заңгерлік  психология  –  қылмыс  үдерісіне  қатысқандардың  мі-
нез-құлығындағы  психологиялық  заңдылықтарды  ашып,  қылмыскер 
тұлғасының  қалыптасуы  мен  оның  бойына  біткен  мінез-құлығының 
психологиялық  проблемаларымен  айналысады  (куәгер  психологиясы, 
сауалнама жүргізудің психологиялық талаптары және т.б.).
Әскери психология соғыс әрекеттері жағдайындағы сарбаздар мінез-
құлығының психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет