Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі


Тақырып 3: Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі



бет3/5
Дата30.11.2016
өлшемі0,96 Mb.
#2855
1   2   3   4   5

Тақырып 3: Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі.

Мақсаты: Зерттеу тақырыбын анықтау мәселесінің маңыздылығымен, тақырыптың көкейкестілігін ескереу қажеттілігімен таныстырып, қазіргі педагогикалық зерттеулердің мәселелері жайлы ақпарат беру.

Жоспар:


  1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.

  2. Зерттеу тақырыбын негіздеу.

  3. Проблеманы қою және дамыту

1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.

Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.

Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.

Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 – жылдарында пайда болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс – тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.

Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:



  • ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;

  • жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай – ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы;

  • тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу;

  • ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.

Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.

Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді.

Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.


  1. Зерттеу тақырыбын негіздеу.

Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.

Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:



  • Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).

  • Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).

  • Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);

  • Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).

  • Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).

  • Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).

Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін» деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы».

Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.

Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог, психолог немесе басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет. Зерттеу үнемі шектеліп отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп отырған үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне ие болуға, ақырына дейін жетуге болады.

Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз).

3. Проблеманы қою және дамыту

1. Проблеманы қою

Қарама – қайшылықтарды тіркеу

Сұрақтар

Ізденіс бағыты және нәтижелері

2. Проблеманы негіздеу

Теориялық білімнің және табылған тәсілдердің жетімсіздігін анықтау

Негіздер (алғышарттар)

Бейне (нәтиженің жобасы)

3. Проблеманы анықтау

Кішігірім проблемалар, міндеттер

Тақырыппен жұмыс кезеңдері:




  • педагогикалық үрдістегі қарама – қайшылықтар мен қиындықтарды анықтау.

  • Проблеманы анықтау және тақырыпты проблемалау.

  • Нақты пәндік зерттеуді анықтау.

  • Тақырыптың аталуындағы өзгерістер бағытымен пәнді бейнелеп көрсету.

  • Тақырыпты нақтылау және ықшамдау.

  • Жақын тақырыптардан жігін ашып бөлу.

  • Тақырыпты тұжырымдау (алғашқы анықтамасы), осы түзету және зерттеу үрдісі барысында нақтылау.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

  1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің маңызы неде?

  2. Зерттеу жұмысының нәтижелі болуының шарттары?

  3. Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар?

  4. Проблеманы қою және дамыту мәселелері?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Асқаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері. оқу-әдістемелік құрал Алматы 2005ж. (5-15 бет).

  2. Қасқабаева Ф. Ғылыми жұмыстарды жазуға жаднама. Қазақстан тарихы. -2007. - № 2

  3. Өмірова С. Педагогикалық зерттеулер тақырыбы. - Қазақстан мектебі. 2009. -№12. (61-64 бет).

  4. Тотанова А.С.Методика научно – педагогического исследования. – Алматы,2005.

  5. Новиков А.М.Методология образования. – Москва.,2002

.

Тақырып 4: Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау.

Мақсаты: Зерттелетін тақырып бойынша әдебиеттермен жұым істеу тәсілдері жайлы, библиографиялық деректер көзі мен ғылыми мәтін жайлы жалпы мағлұмат беру.

Жоспар:


  1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс.

  2. Әдеби көздердің библиографиялық деректері.

  3. Ғылыми мәтін.

1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс.

Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:

1.Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.

Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.

2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.

3. тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.

2. Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:

1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым- қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.

2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.

3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А.В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81-82 б.

Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:

Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).

Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, «тәрбие әдістері...» [ 5 ].



Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.

  • Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;

  • Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;

  • Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.

Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.

  • Мәтін компьютерде терілу керек.

  • Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см.

  • әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;

  • абзац болу керек;

  • жол арақашықтығы- бірқатарлы;

  • кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;

  • тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;

  • ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.

  • Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,

  • Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).

  • Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;

  • Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;

  • Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:

автордың тегі, аты- жөні,

мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),

журнал және кітап атауы

шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),

шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.


  • әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;

  • қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.

3. Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.

  • Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:

  • зерттеу мақсаты, тапсырмалары;

  • зерттеу объектісі, заты

  • гипотезасы

  • зерттеу кезеңдері , процедурасы;

  • эксперимент әдісі;

  • зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;

  • жұмыс нәтижелері және қорытынды;

  • нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.

Жетекшінің пікірі.

Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.

Рецензия (орысш.: обзор, ағылш.: review, лат.: recensio) — талдау, саралау, көпшілік назарына ұсынылған жарияланымдарға (кітап, кино, т.б.), әдеби шығармаларға, өнімдерге баға беру. Рецензия материалдық заттарға да жасалады. Сондай-ақ қоғамда болып жатқан жағдайлар мен оқиғаларға да жазылады.

Ғылыми тұрғыдан алғанда рецензия — белгілі бір туындыға, еңбекке не болмаса шығармаға қатысты сарапталған, қорытылған ақпараттардың жиыны, оған берілген сараптамалық баға. Рецензия көбінде әр саланың мамандарының арасындажасалады. Мысалы, әдебиетке жақын адам, сауатты оқырман дегендей адамдар рецензия жазуға жақын болады. Және бір мысал ретінде ескеретіні, жаратылыстану ғалымы әдебиет саласында жаратылыстану ғылымындағы көзқарасы бойынша бағалау жасай алмайды. Әр саланың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мен саралау критерийлері болады.

Рецензияның көлемі әр түрлі болады. Бір беттен бастап бір кітапқа дейін жазып шығуға да болады.

Рецензияның түрлері

Рецензия әр түрлі жағдайда, әр түрлі затқа байланысты жазылатындықтан оның түр-түрі болады. Мысалы: Тұтынушының рецензиясы, саудасаласындағы рецензия, өнер саласындағы (ән-күй, концерт, т.б.) рецензия, сауда-саттық өнімдеріне қатысты рецензия, әдеби туындыларға қатысты рецензия, газет-журналдардағы мақалаларға қатысты рецензия және арнайы мамандар беретін сараптамалық-салыстырмалық рецензия.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:



    1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс кезеңінің мазмұны?

    2. Библиографиялық тізімнің құрылымы қандай?

    3. Әдебиет көздерін сипаттау үлгілерін келтіріңіздер.

    4. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережелерін атаңыз.

    5. Ғылыми мәтіндерге не жатады.

    6. Аннотация дегеніміз не?

    7. Рецензия дегеніміз не?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.

2. Усачева И.В.Курс эффективного чтения учебного и научного текста. – М.,1993.

3. Краевский В.В.Методология педагогического исследования. – Самара 1994

4. Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005.

Тақырып 5 : Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі.

Мақсаты: Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасы, зерттеу пәні, зерттеу объектілері жайлы ақпар беру.

Жоспар

1. Зерттеу пәнін анықтау.



2.Теориялық кезең және зерттеу деңгейі.
1. Методологиялық принциптер жүйесіне сүйене отырып, зерттеуді анықтайды:

  • зерттеу объектісін және пәнін

  • оларды шешу реттілігін

  • қолданылатын әдістерді

Шартты түрде ғылыми зерттеулердің екі негізгі кезеңі ажыратылды:

А) эмпирикалық

Б) теориялық

Эмпирикалық кезең фактіге негізделген қорытынды материалды алумен және бірінші реттік өңдеумен байланысты. Әдетте ақиқат және ғылыми фактілерді бөледі.

Ақиқат фактілері – бұл болатын немесе негізінде болып жатқан құбылыстар, оқиғалар, зерттелетін объектілердің әр түрлі жақтары, қасиеті, қатынасы.

Ғылыми фактілер – бұл санамен бейнеленген ақиқат фактілері, олар ғылым тілінде, эмпирикалық пайымдаулар түрінде тексерілген, яғни міндетті түрде тексреліген фактілер жиыны.

Эмпирикалық кезең жұмыстың екі сатысынан тұрады:

Бірінші сатысы – бұл фактілерді алу және табу процесі

Екінші сатысы – олардың өзара байланысында фактілердің бағасын және бірінші реттік өңдеуді өзіне қосады (енгізеді):


  • ғылыми тіл терминінде алынған фактілерді ойластыру және қатаң бақылау;

  • әр түрлі негіздер бойынша фактілер классификациясын және олардың арасындағы негізгі тәуелділікті айқындау.

Бұл кезең барысында зерттеуші жүзеге асырады:

А) маңызды емес және кездейсоқ қоспалардан оларды тазарта отырып, әрбір фактінің тексерісін және сындық (критикалық) бағасын;

Б) зерттеу жүргізілетін ғылымның айналасында анықталған терминді, әрбір фактіні сипаттау;

В) негізгі даму тенденцияларын көрсететін және неғұрлым қайталанатын барлық типтік фактілерді сұрыптау;

Г) оларды жүйеге келтіретін маңыздылығы бойынша, үйретілетін құбылыс түрлері бойынша фактілер классификациясын;

Д) үйретілетін құбылысты сипаттайтын заңдылықтарды

Эмпирикалық деңгейде зерттеу, яғни іріктелген фактілердің өзара байланысын көрсетеді.

2. Теориялық кезең және зерттеу деңгейі.

Ол құбылыс түсіндірмелерімен, заңдарды сандық және сапалық формадағы тұжырымдамасымен және танумен, зерттелетін құбылыстың мәніне өтумен, фактінің терең анализімен байланысты.

Ары қарай бұл кезеңде мүмкін болар оқиғаларды болжау және оқытылатын құбылыстардағы өзгерістер жүзеге асырылады, осы құбылыстарға тәжірибелік әсер ету ұсыныстары, әрекет принциптері өңделеді.

Периодты заңды бірінші ашқан ұлы Менделеев ғылымми зерттеу тапсырмалары туралы былай айтты:

«Үйрену - бұл»:

А) жай бейнелеу немесе сипаттау емес, белгіліні үйренуге қатысын білу;

Б) өлшеуге жататындардың барлығын өлшеу;

В) сандық және сондай – ақ сапалық мәліметтерді қолданып, белгілі жүйеде үйретудің орнын анықтау;

Г) заңды табу

Д) үйретілетін оқиғалар арасында себептік байланыс болжамдарын құрастыру;

Е) гипотезхаларды тәжірибеде тексеру;

Ж) үйренудің теориясын құрастыру.

Теориялық кезең өзіне жалғастырушы жұмыс кезеңдерінің қатарын қамтиды. Эмпирикалық және теориялық кезең арасындағы байланыстырушы топ мәселе құрылымы болып табылады.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:


    1. Зерттеу пәнін қалай анықтаймыз?

    2. Шартты түрде ғылыми зерттеудің кезеңдерін ата ?

    3. Эмпирикалық кезеңді сипаттаңыз?

    4. Теориялық кезеңнің қызметі?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Асқаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері. оқу-әдістемелік құрал Алматы 2005ж. (5-15 бет).

  2. Қасқабаева Ф. Ғылыми жұмыстарды жазуға жаднама. Қазақстан тарихы. -2007. - № 2

  3. Загвязинский В.И.,Атаханова Р.Методология и методы психолого педагогического исследования. – М.,2003.

  4. Методология педагогических исследований ( Под ред.Г.А.Пискунова,Г.В.Воробьева). – М.,1980.



Тақырып 6 : Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі.

Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің жүргізілу кезеңдерін ажыратуға дағдыландырып, қорытынды кезеңнің жазылуы жайлы жалпы мағлұмат беру.

Жоспар:

1.Ғылыми педагогикалық зерттеуді жүргізу процесі.



2. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының басқа түрлері.
1. Қазіргі жоғары оқу орындарының алдында тұрған күрделі

міндеттердің бірі – студенттердің ғылыми ойлау дәрежесін барынша шығармашылықпен, өзіндік жұмыстармен байланстыра отырып дамыту. Яғни, студенттер жоғары оқу орындарында білім алып жүрген кездің өзінде – ақ ғылыми зерттеу жұмыстары, оның түрлері, оны жүргізу әдістемесі, әрбір жұмыстың негізі, тұп нұсқасы неде жатқанын анықтай алу үшін ғылыми – зерттеу жүргізудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстыр жасау, ғылыми баяндамалар әзірлеу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда картотека, библиографиямен жұмыс істей білу, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс – тәсілдерін, жүргізу ерекшеліктерін өз дәрежесінде меңгерулері қажет.

Осыдан келіп, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Сондықтан, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындауда олардың дағдыларын қалыптастыру жүйесін оқу және оқудан тыс арнайы ұйымдастыру – білім беру үдерісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.

Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы – алынған білімдерді, біліктер мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, жоғары білімді мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Студенттерді ғылыми – зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейкесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

2. Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми – зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.


Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарының түрлері


Рефераттық жұмыстар жазу



Ғылыми мақала, эссе жазу

Дипломдық жұмыс орындау

Курстық жұмыс жазу



Ғылыми жоба дайындау

Ғылыми баяндама, пікір жазу



Эксперимент жүргізу

Рефераттық жұмыс – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат ғылыми – ақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.

1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.

2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.

Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізгі міндеті – барлық студенттерді таңдаған мамандығы аясында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздерімен және практикалық дағдыларымен таныстыру. Бұл функциялардың орындалуына оқу үдерісіне енгізілген, сондай – ақ оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми – зерттеу жұмыстарының түрлі формаларының үйлесімі арқылы қол жеткізіледі.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:



      1. Студенттер үшін ғылыми зерттеу жұмыстар жүргізу маңызы?

      2. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын сипаттаңыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жайлауова М.К., Керейбаева А.Ө. Студенттердің ғылыми – зерттеу

  2. жұмыстары. Үздіксіз педагогикалық практика: дәстүрлер мен инновациялар. Республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2009

  3. Керейбаева А.Ө. Асылбекова Ж.О. Студенттердің зерттеушілік

  4. мәдениетін қалыптастыру. Оқыту үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану мәселелері. Халықаралық ғылыми – практикалық конференция еңбектері. І том. Ғылыми басылым. – Шымкент, 2009

  5. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992.

  6. Скаткин М.Н.Методология и методика педагогического исследования. – М.,1986.

  7. Краевский В.В.Методология педагогического исследования. – Самара 1994.



Тақырып 7: Ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері.

Мақсаты: Зерттеу әдістерімен таныстырып, оларды іріктеп алу кезеңін ұйымдастыру мен сүйенетін принциптерін көрсету.

Жоспар:


  1. Зерттеу әдістері және олардың жіктелуі..

  2. Зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы.

  3. Эксперимент әдісі және оны жүргізу принциптері.

1. Зерттеу әдістемесінің дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайлылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер тобынан құралады. Әдістердің тұтастай бір бөлігін қолдануда назарға алынған проблема жан – жақты айқындалады, оның біршама қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі – бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс - әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тә»жірибені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері, 3) математикалық әдістері.

Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қолданылады: бақылау, әңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.

2. Бақылау – зерттеу барысында дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:міндеттері мен мақсаттарын айқындау;


  1. бақыланатын объект, оның элементтерін және ситуацияларын тандастыру;

  2. бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу;

  3. байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;

  4. жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.

Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау – зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау; тұтастай және таңдамала ыбақылау.

Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық - әлеуметтік жеке – дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайлылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.

Сұхбат әдісі – қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан – интервью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.

Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе – бет әңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы тиіс.

Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу әдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі, дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат – қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу – тәрбие, білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар ақпараттармен қаруланады.

3. Эксперимент - белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-зерттеу жұмысы.

Білім беру жүйесінде эксперимент деген түсінік-«іздену», «іздену жұмыстары», «тәжірибе», «тәжірибелі эксперименттік жұмыс», «зерттеу жұмыстары» т.б.

Педагогикада эксперимент деп нені атайды ?

Эксперимент- болжауды (гипотеза) тексеру.

Эксперимент-бір ізденушімен шығарылған әдістеме немесе жаңа шарттармен жасалған технология , өлшем жүйесі.

Эксперимент- білім мекемесіндегі іздену жұмыстары.

Эксперимент-мектепті басқарудағы, балаларды дамытудағы, тәрбиедегі, жаңа технологияларды апробациялау және бағыттау, бақылау.

Эксперименттеу ,демек ол даму, қазіргі уақытта білімдегі принциптерді дамыта алатындар және білім саласында ізденушілер.

Эксперименттік алаң- бұл болашақта мектептің дамуына жол сілтейтін , бірақ қазіргі уақыттағы қажеттілігі байқалмайтын процесс.

Эксперименттік жұмыс білім мекемесіндегі кешенді көп функциялы әдістердің әртүрлі міндеттерді шешуді және шығармашылық қабілет деңгейлерін көрсетеді:

Модификациялық- белгілі әдіс –тәсілдерді өзгеіске ұшыратып, түрлендіріп, жаңашаландырып көрсету.

Комбинаторлық- жаңа элементтерді танымал бұрынғы әдістермен кіріктіру. ( бұл тиімді эффект береді немесе жаңа технология туындайды)

Радикалдық - (инновациялық) принципті түрде жаңашылдықты тудыратын наваторлық жағынан қарау,бұрын –соңды қайталанбаған жоба.

Эксперимент деңгейі

Зерттеу жұмысының сұрау деңгейі мен білімінің дамуы үшін нәтиженің маңыздылығы деңгейімен анықталады. Бір ғана білім беру ордасында бірнеше эксперимент жүргізілуі мүмкін. Мысалға қазіргі таңдағы көкейкесті мәселе бейіндік білім беру және бейін алды дайындау. Бейін алды дайындау бірнеше деңгейде өтуі мүмкін.

Республикалық, облыстық – Қазақстан субъектілік деңгейінде бейіндік оқытуды енгізуді басқару.

Облыстық,қалалық – оқушылардың бейін алды дайындығын ұйымдастырушы білім ордаларының тығыз байланыс моделдерін құру және апробациялау.

Қалалық, аудандық – бейіндік, бейін алды дайындау бойынша оқушылардың оқудағы нәтижелерін бағалау жүйесін құру.

Мектепішілік – білім ордасында бейін алды дайындықты оқушы іске асыруына арналған жеке оқу жоспарын құру және апробациялау.оқушылардың бейін алды дайындығы үшін таңдалынған курс бағдарламалары, оқыту әдістемелері, формалары мен мазмұны, моделдері жасалуы керек.

Егер сіз өлкелік – эксперименттік аймақ мәртебесін таңдасаңыз, онда эксперименттің проблемалық шешімдері өлкетану бағдарламасын дамытудағы білімге арналуға міндетті. Ал егер басқасын таңдасаңыз, қалалық – аудандық деңгейге сай бағдарлама құрасыз.

Белгілі бір білім ордасында эксперименттік аймақ ашу үшін, басқару ұйымдары міндетті түрде ұсыныс жасаған авторлардың эксперименттік құжаттарына экспертиза жүргізу керек.Эксперименттік аймақ ашу үшін сұраныс жасалынып, таңдалынған эксперименттік жұмыс бойынша бағдарлама құрылуы керек.

Бұл екі құжатта эксперименттің толық мазмұны ашылып, негізгі сұрақтары алдын – ала өтетін экспертизаға ұсынылады.

Егер бұл документтердің біреуі жоқ болса немесе эксперименттік жұмыстың нәтижесімен болмысын толық деңгейде көрсете алмаса, онда эксперт материалдарды толықтыру үшін қайтарып тастауы мүмкін.

Автор эксперттік топтың құрамына ене алмайды. Сұраныстың және бағдарламаның алдын – ала экспертизасы – эксперименттік істің құндылығын болжайтын процесс. Сұраныс - бұл ұсынылып отырған эксперименттік жұмыстың жарнамасы,сондықтан ол сұраныс берушілердің ойынан шығуы тиіс.Ұсыныс жасаушы автордың жобасын іске асыру үшін, нақты уақыт берілуі керек және материалдық - техникалық қамсыздандыру керек, экспериментке дейінгі жағдайымен салыстырылып отыруы керек.

Экспертиза жүргізуші маманның міндеті:

- жобаның ерекшілігі

- белгілі технологиялардың ұсынылуы

- жобаның жаңалығы

- ұсынылатын мониторингі

- бағалау механизмі

- жобаның болжамы

- жобаның нәтижесі

Эксперттерге нақты сараптама жасау үшін төмендегі сұраныс және бағдарлама мәтінін төмендегі ұсынытарға бағыттай отырып жасауға болады:

Сұраныс ережесінің мазмұны

· білім жүйесін дамыту үшін эксперименттің маңыздылығы

· экспериментке келісім берген нақты білім ордасы туралы мәлімет / заңды және факты бойынша мекен – жайы, байланыс телефоны, электронды поштасы/

· автор туралы мәлімет / аты-жөні, қызметі, жұмыс орны, пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны, басқа да байланыстары/

Эксперименттік бағдарлама құрылымы:

· эксперименттік жұмыстың тақырыбы

· эксперименттік жұмыстың мақсаты

· негізгі идеялары

· гипотезасы

· экспериментті бастаудағы қажетті басқарушылық – ұйымдас-тырушылық, педагогикалық және басқа шарттар негіздері

· эксперименттік шығармашылықты қамтитын, оқу- методикалық жоспарлары, зерттеу жұмыстары, нәтижелерді қамтамасыз ететін бақылау әдіс-тәсілдері және эксперимент этаптары, олардың мазмұны мен мерзімі

· алдын-алу өнімі /эксперименттік жұмыстың нәтижесінде алынған ғылыми, оқу-методикалық және басқа өнімдер/

· эксперименттің идеясын таратуда, практикалык қорытындысында пайда болуы мүмкін жағымсыз жағдайлар және білімдегі кемшіліктер мүмкіндігі

· эксперимент нәтижелерін тарату мүмкіндіктері

· қажетті қаржыландыру көзі және материалды- техникалық , ғылыми, кадрлық есеп

Проблеманың қойылымы:

Сұраныстың кіріспе бөлімінде «Ұсыныстың қай негізге сүйенетіндігі», «Негізгі идеялары», «Эксперименттің концепциялық негізі» т.б, эксперименттің көкейкестілігі берілуі керек. Сіз осы жобаның көмегімен қандай нақты проблемены шешетініңізді ұсынасыз. Эксперименттік бағдарламаны іске асыру үшін проблеманы білу маңызды. Проблема Сіздің сұраныс берушілеріңіздің (білім алушылар) қажеттілігін шешу керек. Бірақ, егер сіздің кадрларыңыздың потенциалы, мектебіңіздің материалды – техникалық базасы жоқ болса, ол проблемаға жатпайды. Бұл эксперимент қандай жалпы педагогикалық проблеманы шешетінін нақтылау керек. Ол үшін статистикалық дәлелдер, үкімет органдарының өкілдерінің құжаттары (әсіресе локальды ), нақты қандай міндеттерді шешетіндігіңізді анықтаңыз.

Проблеманы суреттеу барысында:

· сіздің шешкелі отырған проблемаңызды сол оқу орнының міндеттерімен логикалық байланыстыру

· сіздің қолда бар ресурстарыңызбен нақтыланған мерзімде, барлық проблемаларды шешуге шамаңыз жететіндігіне сенімді болуыңыз керек

· қосымша материалдардың көмегімен проблемалардың санын нақтылайсыз: статистикалық мәліметтер, мониторингтер, мамандарды зерттеу т.б.

· проблемаға реалистік көзқараспен қарау: барлық проблеманы бірден 2-3 жылда шешіп тастаймын деп ойламаңыз.

Алдын – ала баға беру немесе сұранысқа экспертиза жасау

Бұл процесс барысында, сіз ұсынған проблеманың барысын болжау және анықтау жүргізіледі. Сіз эксперименттік жұмысты ұйымдастыруды жоспарлай отырып, белгілі бір өнім /продукт/ құрудың нәтижесін қарастырасыз.

Құжаттарды толтыру барысында мынадай ұсыныстар береміз:

- Сөйлемдері қысқа, және сол саладағы маман емес адамдарға түсінікті болу керек, ғылыми терминдерді пайдаланбау керек.

Эксперимент тақырыбын қалай таңдау керек немесе көкейкестілігі

Сіз экспериментті бастау үшін негіз болған проблемалар ортасын анықтадыңыз (мысалы ):

· ұсынылған эксперименттік тәжірбиелік жұмыстың қажеттілігі қандай сұраныстан туындайды

· дәстүрлі жолдан шығып жаңаша ізденуге мәжбүрлейтін қарама – қайшылықтар

Енді эксперимент тақырыбын құрастырамыз.Тақырып – эксперименттік зерттеудің бейнесі. Бір проблеманы эксперименттік жұмыста бірнеше тақырыппен көрсетуге болады. Сондықтан тақырыпты нақтылап алу керек.

Эксперименттің негізгі сатылары мен жобалау бағдарламасы

(сатылы бағдарлама, мониторинг)

1. Диалностикалық – экспериментті өткізу барысында проблеманы анықтау және сараптау;

2. Болжау – Экспериментальды жұмыстың мақсатын нақтылау, ЭЖ бағдарламасының жоспарын толықтыру, сараптаудың критерилерін көрсету (мониторинг бағдарламасы), нәтижесін болжау; жобаның ішкі және сыртқы сараптамасын жүргізу;

3. Ұйымдастыру – экспериментальдық жұмыстың мерзімдеріне түзетулер егізіп отыру,кадрларды дайындай, әдістемелік қамсыздандыру және қатысушылар арасындағы қызметтерін бөлу;

4. Практикалық - өзіндік экспериментік жұмыстың мониторингі (бастапқы, соңғы және ағымдағы өлшемдер)

5. Жалпылау - Алынған мәліметтерді талдау, сипаттау және басылымдарға шығару;

6. Енгізу (Внедренческий) – тәжірибе алмасу, құрылған технологияларды тарату.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

1. Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері дегеніміз не?

2. Бақылау әдісі, оның түрлері, жүргізілуреті қандай?

3. Эксперимент дегеніміз не, оның міндеті, мақсаты, түрлері?

4. Эксперименттік бағдарлама құрлымы қандай?

5. Эксперименттің негізгі сатыларын сипаттаңыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.

2. Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005.

3. Загвязинский В.И,Поташник М.М.Как учителью подготовить и провести эксперимент. – М.,2004.

4. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992.

5. Беспалько.В.П.Слагаемые педагогической технологии-М.,Педагогика 1989ж


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет