Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі



бет5/5
Дата30.11.2016
өлшемі0,96 Mb.
#2855
1   2   3   4   5

Тақырып 10 : Озық педагогикадық тәжірибені зерттеу және жинақтау.

Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация

Педагогикалық тәжірибе

Озат педагогикалық тәжірибе белгілері

Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату

Оқыту, білім беру, тәрбие практикасы

Қоғам сұранысына сәйкестігі

Тұрақты, жақсы нәтиже

Күш, құралдардың орнымен жұмсалуы

Жаңалығы

Негізгі бағыттары

Кезеңдері

Жолдары

Формалары

Педагогикалық тәжірибені зерттеу

Педагогикалық проблемаларды зерттеу

Оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру және басшылық

Педагогикалық мәдениетті жетілдіру

Педагогикалық практиканың мақсат – міндеттерін зерттеу

Педагогикалық тәжірибеден деректер жинау

Деректерді талдап, практиканы жетілдіруге ғылыми ұсыныстар жазу


Ұсынбаларды енгізу

Қорытындылар мен таныстыру

Жаңа әдіске мұғалімдерді үйрету

Нәтижелердің енгізілуін бақылау

Ғылыми – практикалық конференциялар

Мұғалімдердің біліктілігін көтеру

Мұғалімдерді кәсіптік оқу орындарында оқыту


Мақсаты: Озат педагогикалық тәжірибеге нені жатқызатынын, оған қойылатын талаптармен таныстырып, инновация ұғымы жайлы жалпы ақпар беру.

Жоспар:


  1. Озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым.

  2. Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар.

  3. Инновация.

1. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогика ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.

Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибиесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі бір принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.

Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс – тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте – бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс – тәжірибесін жан – жақты талдап, қорытындылап тарату керек.

2. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелігінің деңгейі.

Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:


  • оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;

  • өз беттерімен білім ала білуі;

  • білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;

  • оқушылардың жалпы дамуы.

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс - әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс - әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез – құлқынан, жүріс – тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі – оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қоысмша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.

Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.

Педагогикалық озат тәжірибе оқу – тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір жолдары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс – тәжірибелерін зерттеу және жинақтау, жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу – тәрбие процесіне енгізу, педагогикалық ғылыми – зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие саласындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс – тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ және тәрбиелік іс – шаралар арқылы байқалады. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамыту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.

Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып, сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік – тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.


ИННОВАЦИЯ

Ұғым


Түрлері

Топтары

Кезеңдері

Модификациялық

Комбинаторлық

Білім мазмұнындағы инновация

Түбірлі

Оқу – тәрбие процесінің формаларындағы инновация

Әдістеріндегі инновация

Құралдарындағы инновация

Мектепті басқарудағы инновация

Инновация түрлерін анықтау

Жаңалықты жобалау

Жаңа жобаны іске асыру

3.Инновация – педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету.

Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 – жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.

70 – 80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс – тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Инновациялық мектептердің мақсаты – жеке тұлғаны жан – жақты дамыту.

Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:

- білім мазмұнындағы инновация;

- оқу – тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;

- оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;

- мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.

Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:


  • жеке, бір – бірімен байланысы жоқ;

  • модульдық (бір – бірімен байланысты): бір – біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу – тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;

  • жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.

Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.

Модификациялық инновация – педагогикадағы әдіс – тәсілдерді жетілдіру. Мысалы. А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды.

Комбинаторлық инновация – белгілі әдістердің элементтерін бір – біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда.

Түбірлі – мектепке білімнің мемлекеттік стандарттарының енгізілуі.

Инновациялық іс - әрекет – қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс - әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу – тәрбие жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс - әрекетін саналы түрде өзгертеді.

Инновациялық процестің кезеңдері:



  • инновацияның себептері;

  • жаңалықты жобалау;

  • жаңалықты жүзеге асыру.

Инновациялық іс - әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата – аналарды қызықтыра білген жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:

  • мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір – бірімен өзара әрекеті және қарым – қатынасы.

  • Инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;

  • Бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі.

  • Әлеуметтік – экономикалық жағдай;

  • Инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

1. Озат педагогикалық тәжірибе деп нені атаймыз?

2.Озат педагогикалық тәжірибеге қойылатын талаптар?

3. Инновация ұғымы мен түрлер.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. . Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.-№3 1999ж

2. Методологические и теоритические проблемы изучения,обобщения и использования передового педагогического опыта. – М.,1978.

3. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992.

4. Введение в научные исследования (Под ред.В.И.Журавлева). – М.,1988..


3 ТӘЖІРБИЕЛІК САБАҚТАР
Тақырып 1. Ғылыми іс-әрекет(ғылыми процесс ретінде).

Сабақтың мазмұны: Ғылым дегеніміз не, ғылыми процесс деп нені айтатынымызды, анықтау, студенттердің негізгі ғылыми - зерттеу жұмыстарына сипаттама беру.



Практикалық сабақты оқуда қарастырылатын сұрақтар:

  • Ғылыми шығармашылық.

  • Педагог тұлғасының қалыптасуы мен дамуындағы зерттеу іс-әрекетінің рөлі

  • Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерін даярлау жүйесіндегі студенттің ғылыми зерттеу жұмысы

  • Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы – курстық және дипломдық жұмыстарды орындаудың негізі

  • Студенттердің ғылыми жұмыстарының негізгі нәтижелері:студенттердің ғылыми конференцияларындағы баяндамалары, курстық және диплом жұмыстары, мерзімді басылымдардағы мақалалар, ғылыми еңбектер жинақтарындағы мақалалар.

Негізгі қолданатын әдебиеттер:

1.Бабаев Б. Жалпы педагогика. – Алматы, 2006.

2. Педагогика және психология сөздігі. – Алматы, 1995

3. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.

4. Герасимов И.Г.Структура научного исследования. – М.,1985.

5. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. Под ред.С.А.Смирнова. 3-еизд. – М.: «Академия», 1999.

6. Қоянбаев Р.М,Қыяқбаев Ұ.Қ.бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесінен диплом жұмысы. – А., 2004.
Тақырып 2. Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау.

Сабақтың мазмұны: ғылыми әдебиетпен, жұмыс істеуді, ғылыми мәтіндерді құрастыру, библографиялық деректермен жұмыс істеуді үйрету.

Практикалық сабақты оқуда қарастырылатын сұрақтар:


  • Ғылыми әдебиетпен жұмыс

  • Әдеби көздердің түрлері

  • Библиографиялық деректер оларды құрастыру талаптары.

  • Библиографиялық ізденіс, каталогтармен жұмыс.

  • Ғылыми мәтіндер құрастыру (рецензия, анотация, цитата, конспект, көшірме, тезис)

  • Ғылыми терминология

  • Ғылым және тәжірибе деректерін жинау

Негізгі қолданатын әдебиеттер:



  1. 1.Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері. Алматы, 1997

  2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1 том. 369 бет. Алматы, 1998

  3. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.

  4. Усачева И.В.Курс эффективного чтения учебного и научного текста. – М.,1993.

  5. Краевский В.В.Методология педагогического исследования. – Самара 1994

  6. Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005.



Тақырып 3. Ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері

Сабақтың мазмұны: ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерімен таныстыру.

Практикалық сабақты оқуда студентер мынандай сұрақтарды қарастыра алады:


  • Зерттеу әдістерін іріктеу кезеңі

  • Зерттеу әдістерін топтастыру.

  • Зерттеу әдістері және олардың жіктелуі..

  • Зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы.

  • Эксперимент әдісі және оны жүргізу принциптері.

Негізгі қолданатын әдебиеттер:

1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.

2. Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005.

3. Загвязинский В.И,Поташник М.М.Как учителью подготовить и провести эксперимент. – М.,2004.

4. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992.

5. Беспалько.В.П.Слагаемые педагогической технологии-М.,Педагогика 1989ж


Тақырып 4. Эмпирикалық зерттеу әдістері.

Сабақтың мазмұны: Эмпирикалық зерттеу әдістерінің тобына сипаттама беру.

Практикалық сабақта студенттер мынадай сұрақтарды қараструы тиіс:


  • Бақылау әдісі.

  • Педагогикалық эксперимент.

  • Сұрақ – жауап әдістері.

  • Мұғалімдердің, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін зерттеу.

  • Педагогикалық құжаттарды зерттеу

Негізгі қолданатын әдебиеттер:

1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.

2. Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005.

3. Загвязинский В.И,Поташник М.М.Как учителью подготовить и провести эксперимент. – М.,2004.

4. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992.

5. Беспалько.В.П.Слагаемые педагогической технологии-М.,Педагогика 1989ж




Тақырып 5. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау.
Сабақтың мазмұны: Озық педагогикалық тәжірибе дегеніміз не, мысалдары, озық педагогикалық тәжірибеге қойылатын талаптарды талдау.

  • Озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым.

  • Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар.

  • Инновация.

Негізгі қолданатын әдебиеттер:

1. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.-№3 1999ж

2. Методологические и теоритические проблемы изучения,обобщения и использования передового педагогического опыта. – М.,1978.

3. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992.

4. Введение в научные исследования (Под ред.В.И.Журавлева). – М.,1988..



5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

5.1 Студенттердің өздік жұмыстарының ұйымдастырылуына әдістемелік нұсқаулық
Студент «Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет.

СОӨЖ №1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау жүйесіндегі

студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары.

Мақсаты:студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарымен таныстыру.

Өткізілу формасы:Конспект.
СОӨЖ №2. Ғылыми – педагогикалық зерттеудің нақты-әдіснамалық

принциптері.

Мақсаты: ғылыми – педагогикалық зерттеудің әдіснамасымен таныстыру.

Өткізілу формасы: реферат
СОӨЖ №3. Қазіргі заманғы педагогикалық зерттеулердің мәселелері.

Мақсаты: Қазіргі таңдағы көкейкесті педагогикалық мәселелерді талдай білу.

Өткізілу формасы: конспект.
СОӨЖ №4. Зерттеу тақырыбын негіздеу

Мақсаты: Зерттеу тақырыбын негіздеуді үйрену. .

Өткізілу формасы:баяндама
СОӨЖ №5. Библиографиялық ізденіс,түрлі каталогтармен жұмыс істеу

Мақсаты: библиографиялық ізденіс жұмыстарын жүргізуді, каталогтармен

жұмыс істеуді оқып үйрену.
СОӨЖ №6. Зерттелетін процестер мен құбылыстардың жайы мен

мүмкіндіктерінің дамуын диагностикалау

Мақсаты: Зерттелетін құбылыстар мен процестердің дамуының диагностикасын

жүргізуді оқып үйрену. .

Өткізілу формасы: коллоквиум


СОӨЖ №7. Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістерін топтап бөлу.

Мақсаты: ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін таптап бөлуді меңгеру және

оларды іс – тәжірибеде қолдануды үйрену.

Өткізілу формасы: реферат


СОӨЖ №8. Зерттеудің эмпирикалық әдісінің педагогика ғылымындағы рөлі.

Мақсаты: Эмпирикалық әдістің педагогикадағы рөлін білу, оның құрамындағы

әдістерді ажырата білу.

Өткізілу формасы: бақылау сұрақтары.


СОӨЖ №9. Тестілердің типтері мен формалары.

Мақсаты: Тестілерді құруды үйрену, әр типтегі тестілерді құрудың талаптарын

меңгеру, бұл әдісті іс – тәжірибеде қолдану үлгілерін талдау.

Өткізілу формасы: конспект, тест үлгілері


СОӨЖ №10. Педагогикалық тәжірибенің түрлері,оларды топтап бөлу.

Мақсаты: педагогикалық тәжірибе дегеніміз не, озат педагогикалық тәжірибенің

ерекшелігі неде, оның белгілірен талдай білу.

Өткізілу формасы: реферат.



Бөлім 6. "Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі" пәнінен бақылау сұрақтары


  1. Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама?

  2. Ғылыми шығармашылық деп ненін түсінеміз, оның ерекшеліктері?

  3. Ғылыми жұмыстың мақсаты қандай?

  4. Теориялық, аналитикалық және эмпирикалық ғылым деген ұғымдарға анқтама беріңіз.

  5. Курстық жұмыстың мәні?

  6. Дипломдық жұмыс дегеніміз не, оның құрылымы, мақсаты?

  7. Ғылыми әдіснама дегеніміз не және оның түрлері?

  8. Педагогика ғылымының жалпы әдіснамасы дегеніміз не?

  9. Педагогика саласындағы зерттеулерге не жатады?

  10. Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер қалай жіктеледі?

  11. Зерттеу бағдарламасының құрылымы қандай?

  12. Зерттеудің негізгі кезеңдерін атаңыздар.

  13. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің маңызы неде?

  14. Зерттеу жұмысының нәтижелі болуының шарттары?

  15. Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар?

  16. Проблеманы қою және дамыту мәселелері?

  17. Ғылыми әдебиетпен жұмыс кезеңінің мазмұны?

  18. Библиографиялық тізімнің құрылымы қандай?

  19. Әдебиет көздерін сипаттау үлгілерін келтіріңіздер.

  20. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережелерін атаңыз.

  21. Ғылыми мәтіндерге не жатады.

  22. Аннотация дегеніміз не?

  23. Рецензия дегеніміз не?

  24. Зерттеу пәнін қалай анықтаймыз?

  25. Шартты түрде ғылыми зерттеудің кезеңдерін ата ?

  26. Эмпирикалық кезеңді сипаттаңыз?

  27. Теориялық кезеңнің қызметі?

  28. Студенттер үшін ғылыми зерттеу жұмыстар жүргізу маңызы?

  29. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын сипаттаңыз.

  30. Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері дегеніміз не?

  31. Бақылау әдісі, оның түрлері, жүргізілуреті қандай?

  32. Эксперимент дегеніміз не, оның міндеті, мақсаты, түрлері?

  33. Эксперименттік бағдарлама құрлымы қандай?

  34. Эксперименттің негізгі сатыларын сипаттаңыз.

  35. Теориялық талдау дегеніміз не?

  36. Индуктивті және дидуктивті әдістерді сипаттаңыз.

  37. Теориялық деңгей әдістеріне қай әдістерді жатқызамыз?

  38. Абстракциялау дегеніміз не?

  39. Анализ және синтезді талдаңыз.

  40. Эпирикалық зерттеу әдістерінің тобына қандай әдістер жатады.

  41. Бақылау әдісінің ерекшеліктері.

  42. Педагогикалық құжаттарды зерттеу қалай жүргізіледі?

  43. Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесімен танысу дегеніміз не?

  44. Сұхбатқа қойылатын талаптар?

  45. Озат педагогикалық тәжірибе деп нені атаймыз?

  46. Озат педагогикалық тәжірибеге қойылатын талаптар?

  47. Инновация ұғымы мен түрлері.





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет