АҚпараттық хат қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ХІ республикалық пәндік олимпиадасы



Дата12.03.2018
өлшемі77,39 Kb.
#39046
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің

ХІ Республикалық пәндік олимпиадасы

5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
2017 жылдың 6-7 сәуірінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен кестесіне сәйкес 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ІХ Республикалық пәндік олимпиадасы мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізіледі.

Республикалық олимпиаданы өткізу тәртібі
Олимпиадаға 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын күндізгі оқу бөлімінің 3-4 курс студенттері қатыса алады. Олимпиадаға жоғары оқу орындарындағы ішкі олимпиада турларынан 1,2,3 орын алған командалар қатысады. Команда құрамы 3 қатысушыдан тұрады. Команданы жетекшісі бастап келеді.

Пәндік олимпиаданың жұмыс тілі: қазақша



Пәндік олимпиада теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын 3 тур бойынша өтеді.

1 тур. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша теориялық білімдері мен танымдық

деңгейлерін анықтау мақсатында арнайы даярланған тақырыптар топтамасының ішінен таңдалған тақырып бойынша эссе жазылады.

Эссені бағалауда студенттің теориялық білімі, тақырыпты аша алуы, ойын сауатты жүйелеуі, пікірінің жаңашылдығы, көзқарасының айқындылығы, ойын нақты жеткізе алуы, жасаған қорытындысын дәлелдермен бекітуі, ғылыми негізделген цитаталарды пайдалануы, стильдің сақталу мәдениеті, сауаттылығы т.б.мәселелер назарға алынады.

2-тур. Нақты берілген сұрақтар бойынша тіл теориясы мен әдеби-теориялық сұрақтарға және ағылшын тіліндегі тапсырмаларға (аударма жасау, түсінік айту, анықтама және ақпарат беру т.б.) жауап береді.

Белгілі бір көркем шығармадан берілген мәтінге, өлеңге және сөйлемдерге кешенді талдау жасалынады. Онда әдебиеттану мен қазіргі қазақ тілі салалары бойынша талдау түрлерінің толық қамтылуы, анықталған проблеманың талдаудың шартына сәйкестігі, талдау кезіндегі мәліметтердің жеткіліктілігі мен толықтығы, талдау тәсілінің жан-жақты түсіндірілуі, талдау кезеңдері мен мәліметтердің дұрыс жазылып толтырылуы ескеріліп бағаланады.



3-тур. Тест тапсырмаларына жауап беру.

Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту әдістемесі пәндері бойынша қатысушының теориялық білімі тест арқылы тексеріледі. Тест қорытындысы берілген дұрыс жауаптардың санына қарай анықталады.

Олимпиада топтық сынақ түрінде өтеді, сондай-ақ студенттердің жеке белсенділігі де ескеріледі.

Қорытынды олимпиаданың үш туры толық өткеннен кейін жасалады.




ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің

ІХ Республикалық пәндік олимпиадасы

5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша өткізілетін ІХ Республикалық пәндік олимпиадасы келешектегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін және студенттердің кәсіби-педагогикалық қызметіне қажетті білім деңгейін, біліктілігін анықтауға бағытталған.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша өткізілетін ІХ Республикалық пәндік олимпиадасы дарынды студент жастарды қолдап, олардың кәсіби құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік жасайды.


Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: студенттердің қазақ тілі мен әдебиеті (ағылшын тілі) пәндері бойынша теориялық және практикалық білім деңгейін анықтап, инттеллектуалдық, логикалық, аналитикалық ойлау қабілеттерін, мәселені жүйелі түрде саралай білуін, қоғамдық, кәсіби еңбекте бәсекеге қабілеттілік дағдыларын шыңдау және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

-студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қабілеттерін дамыту;

-студенттердің жеке кәсіби құзіреттілігін және шығармашылық қабілеттерін шыңдау;

-болашақ жас маманның теориялық білімін практикамен ұштастыра алу мүмкіндіктерін қалыптастыру;

-студенттердің толыққанды жеке тұлға ретіндегі азаматтық ұстанымын орнықтыру;

-бәсекеге қабілетті, жаңашыл, әлемдік білім беру үдерісін меңгерген білімді де білікті, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;

-еліміздегі үштілді білім беру бағдарламасын меңгерген мамандар даярлауды жандандыру.


Олимпиаданың бағдарламасы
2017 жылғы 6 сәуір - ІХ Республикалық пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты және олимпиаданың І-ІІ турын өткізу.

2017 жылғы 7 сәуір-Олимпиаданың ІІІ турын өткізу, қорытындысын шығару және ІХ Республикалық пәндік олимпиадасының салтанатты жабылуы. Командаларды шығарып салу.
Командаларды марапаттау
Республикалық олимпиаданың 1,2,3 орын алған жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, ерекше көзге түскен командалар мен жекелеген студенттер әр түрлі номинациялар бойынша марапатталады.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне құжаттарды тапсыру тәртібі:
- олимпиадаға қатысу үшін командалардың өтініші (ЖОО ректоры бекіткен);

- қатысушының жеке куәлігі;

- қатысушылардың студенттік билеті;

- іс-сапар куәлігі.


Олимпиадаға қатысушылардың өтінімі 2017 жылдың 31 наурызына дейін электронды нұсқада жіберілуі тиіс.
Іс-сапар шығыны (жол ақысы, тұратын орны және тамағы) топты жіберіп отырған ЖОО есебінен төленеді.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114-үй, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті, Қазақ әдебиеті кафедрасы, 1 оқу ғимараты.

Олимпиаданы өткізу сұрақтары бойынша координаторлар:

телефон: 8-(7272) 33-19-31



Юсуп Пархат Қорабайұлы: 8-707-664-31-29;

Балтабаева Наргиза Смаилқызы: 8 701-763-26-99

– электрондық пошта бойынша: balnargiza@mail.ru

Республикалық пән олимпиадасының бағдарламасымен univer.kazmkpu.kz сайтынан танысуға болады.

Өтінім
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өтетін ІХ Республикалық пәндік олимпиадасына қатысу туралы

(әр қатысушы толтырады)



Тіркеу қарточкасы

1. Қатысушының аты-жөні (толығымен) __________________________________________

2. Мамандық шифры, курсы, оқу тілі______________________________________________

3. ЖОО (толық аты)____________________________________________________________

4. Мекен-жайы_________________________________________________________________

5. Байланыс телефоны/факс, e-mail________________________________________________

6.Тұратын орын керек пе (иә,жоқ) ______

7. Келуі______________

8. Кетуі______________
9. Топтың жетекшісінің аты-жөні, қызметі және байланыс телефоны, факс, e-mail

_____________________________________________________________________________

10.Тұратын орны (иә, жоқ) ________________
ЖОО басшысының қолы Мөр Толтырылған күні

Қонақ үйде тұратын орынды алдын ала даярлау үшін топта қанша адам болатындығын ақпараттық хат алысымен нақты берулеріңізді сұраймыз.

Қазақ мемлекеттік қыздар



педагогикалық университетінің

олимпиаданы ұйымдастыру комитеті
Каталог: sites -> default -> files -> files -> nauka
files -> Программа на пароме (игровые комнаты для детей, дискотека, караоке, танцы, варьете и т д.) Ночлег на пароме. 3 День 22. 12. 14
files -> В гости к Санта-Клаусу и Снежной Королеве!
nauka -> «Дидахмет Әшімханұлы және қазіргі әдебиеттану ғылымы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясының Қарары
files -> Ереже модульдік білім беру бағдарламаларының жасалымы туралы
nauka -> Дипломдық ЖҰмысты орындау бойынша әдістемелік нұСҚаулық ШҚму әН 001-15 Екінші басылым


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет