АҚПаратты хат құрметті әріптестер!



Дата21.05.2018
өлшемі66,36 Kb.
#40561

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Алматы технологиялық университеті 27-28 қазан 2016 жылы өтетін «Тамақ өнеркәсібінің инновациялық дамуы: идеядан өндіріске» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысуға шақырады.

Конференцияға қатысуға ғалымдар мен мамандар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, бейіндік бизнес құрылымдары мен Қазақстан республикасы, ТМД және алыс-жақын шет елдердің БАҚ өкілдері шақырылады. Конференция 2016 жылдың 27-28 қазанында Алматы қаласы, Төле би көшесі 100, Алматы технологиялық университетінде өтеді.


Конференция жұмысын келесі бағыттар бойынша өткізу жоспарланады:

  1. Ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеудегі және тағам өнімдерін өндірудегі инновациялар;

  2. Тағам өнеркәсібінің технологиялық үдерістері мен жабдықтары;

  3. Тағам өнімдерінің биотехнологиялық, химиялық және экологиялық аспектілері;

  4. Емдік-профилактикалық бағыттағы жаңа дәуір тағам өнімдерін жасаудың инновациялық технологиясы;

  5. Туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесінің технологиясы;

  6. Қаржы тұрақсыздығы жағдайында агроөнеркәсіптік кластерді перспективті әдістерімен басқару;

  7. Білім берудегі инновациялық технологиялар.

Конференцияға қатысу түрлері

Конференция материалдары бойынша жинақ шығарылады. Жинаққа Халықаралық ISBN индексі беріледі.


Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.
Баяндамаларды ұсыну:
Баяндамалар мен хабарламалар толық 3 беттен аспайтын (графикалық материалды қосқанда) көлемде, интерактивті формада ұсынылады. Баяндамаларды жіберу үшін төмендегі сілтеме бойынша http://reg.atu.kz/conference  online жүйесінде электронды тіркелу қажет.

Баяндама тіркеу формасына жеке файл болып тіркеледі. Файлдың аты – бірінші автордың аты. Мәтінді теру шрифті Times New Roman, Times New Roman KK EK, Формат: MS Word 95/97/2000/XP, кітаптық, шрифт өлшемі – 14, сөйлемаралық интервал – біртекті, шеттері жан-жағынан – 20 мм.

Ұйымдастыру комитеті баяндама қабылданған және тіркелгеннен кейін, 5 күн ішінде авторға баяндаманың қабылданғандығы туралы хабарлама жібереді. Автор қатысу жарнасын төлегендігі туралы құжаттың сканерленген көшірмесін 2016 жылдың 8 қазанға дейін conference@atu.kz электронды адресіне жібереді.

Баяндама конференция жұмысы басталғанға дейін «Конференцияның ғылыми еңбектер жинағында» және www.atu.kz сайтында жарияланады.

Конференцияға келу және материалдарды жіберуге байланысты шығындар қатысушылар есебінен жүргізіледі.

Баяндаманы ұсыну уақыты 2016 жылдың 30 қыркүйегіне (қосымша) дейін. Ұйымдастыру комитеті баяндаманың рәсімделуі, орындалуы талапқа сай келмесе, конференция тақырыбымен сәйкес келмесе немесе 2016 жылдың 30 қыркүйегінен кейін тапсырылса баяндаманы қайтаруға құқылы.



Баяндама мәтіні келесі схема бойынша толтырылады: Құжаттың басында сол жақ жоғарғы бұрышында ӘОЖ индексі көрсетіледі, келесі жолдың ортасынан, баспа әріптерімен – баяндама аталуы, келесі жолда авторлар фамилиясы мен инициалы және ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, қаласы, мемлекеті, электронды адресі және келесі жолдан баяндама мәтіні жазылады. Баяндама соңында әдебиеттер тізімі беріледі. Мәтін түпнұсқа болып есептеледі және өзгертілмейді.

Ұйымдастыру сұрақтары

Конференцияға қатысу жарнасы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 3000 теңге, басқа мемлекет азаматтары үшін 30 АҚШ долларын құрайды. Докторанттар, аспиранттар мен магистранттар үшін қатысу жарнасы 2000 теңге және 20 АҚШ долларын құрайды.

Ұйымдастыру жарнасы, аты-жөні және «Конференция – октябрь 2016» белгіленуі көрсетілген, банк шотына қабылданады.
Төлем реквизиттері:
АО «Алматы Технологиялық Университеті», АО «Банк Центр Кредит», БИН 990840000359, БИК KCJBKZKX, КБЕ 17.
Есеп шоты:

Теңгемен есептесу үшін:

ИИК KZ 878560000000011134



Ресей рублімен есептесу үшін:

ИИК KZ978560000000396723



USD-мен есептесу үшін (доллар)

ИИК KZ978560000000396723


Материалдардың ғылыми мазмұны мен жазылуына автор жауапты. Баяндаманың рәсімделуі, орындалуы талаптарға сәйкес болмаса және конференция тақырыбымен сәйкес келмесе немесе 2016 жылдың 30 қыркүйегінен кейін тапсырылса баяндама қарастырылмайды және қайтарылмайды.


Конференцияның негізгі мерзімдері


Сайтта тіркелу және баяндама ұсыну- 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін;

Конференцияға қатысушыларға баяндамасының бағдарламаға қосылғандығы туралы хабарлама беру - 2016 жылдың 6 қазанына дейін;

Ұйымдастырушылық жарнасын төлеу – 2016 жылдың 8 қазанына дейін;
Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:

050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ, Төле би көшесі, 100

Алматы технологиялық университеті

Бас оқу ғимараты, 6 қабат, 617каб.



тел. +(727) 293-53-10 (ішкі 178), факс +(727)293-52-92,

E-mail: conference@atu.kz
Каталог: downloads -> materials
materials -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
materials -> Татарстан республикасы
materials -> Татарстан республикасы
materials -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақстан республикасының Ұлттық инженерлік академиясы
materials -> На конференцию приглашаются ученые, специалисты, государственные и общественные деятели, представители профильных бизнес структур и сми республики Казахстан, стран СНГ и дальнего зарубежья
materials -> Астана қаласы №48 мектеп-лицей АҚпарат хат қадірлі әріптестер!
materials -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Хабаршысы» журналының ғылыми мақалаларды қабылдау ережесі гуманитарлық сала «Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы»
materials -> Ташкент химия-технология институты
materials -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Хабаршысы» журналының ғылыми мақалаларды қабылдау ережесі гуманитарлық сала «Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы»
materials -> Мамырханова Жамила Темірғалиқызы «6D020500 – Филология»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет