Ақпараттық және құжаттарды қолдану



бет1/4
Дата05.11.2016
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4


АЛҒЫ СӨЗ
Ақмола облысы мемлекеттік мұрағаты Ақмола облысындағы атаулы оқиғалардың және өлкенің тарихи деректердің тарихына қатысты 2016 жылға арналған атаулы және есте қаларлық күндер күнтізбесін дайындады.

2016 жылда болатын ерекше күндердің бірі: Қазақстан ұлт-азаттық көтерлісіне 100 жыл, Мәскеу түбіндегі ұрысқа 75 жыл, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы, сонымен бірге танымал тұлғалар - халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы, Қазақ КСР білім беру министрі Балахметов Қожахмет Балахметовичтің туғанына 90 –жыл, ҚР ауылшаруашылығы ғылымының академигі Госсен Эрвин Францевичтің туғанына 85 жыл және т.б.

Басылым мұрағат қызметкерлеріне, өлкетанушыларға, тарихшы, зерттеушілерге арналған. Бұл мақалаларды, лекция және басқа да ақпараттық жұмыстарға пайдалану үшін ынғайлы.

Күнтізбені құрастыруда Ақмола облысы мемлекеттік мұрағатының қор құжаттары, өлкетану әдебиеттері, энциклопедия, құжаттар жинағы, газет және журнал жарияланымдары пайдаланылды. Иллюстративтік материал ретінде мұрағаттық фото суреттер орналастырылды.

Басылымның құрлымы мынандай: алғы сөз, негізгі бөлім, екі бөлімнен тұратын – 2016 жылға арналған оқиғалардың хронологиялық жүйесі бойынша күн мен айы, оқиғалар тізбесі, ерекше оқиғаларға тоқталып өткен мақалалар-аннотациясының хронологиялық жүйесі.

Күнтізбені құрастыруда дерек көздері болып алынған мұрағат құжаттарының пайдаланылған тізбелері және басылым баспасы, интернет-жарияланымдары «Қосымша» бөлімге енгізілген. Күнтізбеге қысқартылған сөздер құрастырылды.

Басылым атаулы және есте қаларлық күндер әдістемелік Нұсқаулығымен және Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 9 СТӘК хаттамасымен келісілді.

Ақпараттық және құжаттарды қолдану

бөлімінің бастығы О. Полёткина
07.08.2015
2016 ЖЫЛДЫҢ АТАУЛЫ ЖӘНЕ ЕСТЕ ҚАЛАРЛЫҚ

КҮНДЕР КҮНТІЗБЕСІ
21 қаңтар Көкшетау уездік ревкомы жанынан құрылған заң уездік

бюросының құрылғанына 95 жыл (1921)

____________________________________

АОММ. Қ. 1353. Тіз. 1. Іс 108. Б. 5-6; Қ. 1392. Тіз. 1; Қ. 1348. Тіз. 1; Қ.1445. Тіз. 2. Іс 45. Л. 9



29 қаңтар Социалистік Еңбек Ері, Зеренді ауданы «Чаглинка» совхозының шабаны Алькибаев Мантай Сарсеновичтің туғанына 80 жыл (1936)

________________________

АОММ. Қ. 1190. Тіз. 1.Іс 1

3 ақпан Кеңес Одағының Батыры, Ақмола қаласының тумасы Рапущкин Александр Михайловичтің туғанына 110 жыл толар еді (1906-10.05.1958).

________________________________________

АОММ. Қ. 51-П. Тіз. 1. Іс. 180. Б. 68

14 ақпан 60 жыл бұрын (1956) КСРО Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды (ВНИИЗХ)

________________________________



АОММ. Қ. 1031. Тіз. 1. Іс. 46. Б. 1. Іс 222. Б. 2

15 ақпан Кеңес, партия қызметкері, соғыс жылдарында Көкшетау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Қаңтарбаев Ташкенбай Қаңтарбаевичтің туғанына 100 жыл толар еді. (1906 – 25.02.1983)

___________________________

АОММ. Қ. П-3260. Тіз. 5. Іс. 330; П-Қ. 3265. Тіз. 1-п. Іс 45


20 наурыз Кеңес Одағының Батыры Миловидов Владимир Сергеевичтің туғанына 90 жыл толар еді (1926-01.12.2001). Ол тың игеру жылдары келіп, Целиноград ауданында тұрып, қызмет атқарды.

_________________________________

АОММ. Қ. 258. Тіз. 9. Іс.250. Б.37-38; Қ. П-51. Тіз. 1. Іс 180. Б. 60

ақпан-наурыз 95 жыл бұрын (1921) облыста кеңес билігіне қарсы ірі шаруалар көтерлісі болды. Бұл оқиға кеңес тарихында «құлақ көтерлісі» деген атпен қалды.

____________________________________

АОММ. Қ. 1527. Тіз. 1. Іс.124
01 сәуір 65 жыл бұрын (1951) Ақмола облысы халыққа беру бөлімінде мұғалімдердің білімін жетілдіру институты құрылды. __________________________________

АОММ. Қ. 1017. Тіз. 1; Қ. 1075. Тіз. 1



07 сәуір Әйгілі халық палуаны, Ақмола облысы Қараөткел ауылының тумасы Қажымұхан Мұнайтпасовтың туғанына 145 жыл (1871-1948)

_______________________________

«Ақмола» энциклопедиясы, «Атамұра» баспасы, Алматы, 1995, 386-387 беттер

22 сәуір Социалистік Еңбек Ері, ауылшаруашылығы өнімдерін ұйымдастырушы Школа Иосиф Кирилловичтің туғанына 110 жыл толар еді. (1906-1974)

_____________________________________

АОММ. Қ. 1190. Тіз. 1. Іс 69; Қ. 51-П. Тіз. 1. Іс. 81. Б. 95-98
25 сәуір 95 жыл бұрынт назад (1921-1928) орталығы Петропавл қаласы болып Ақмола губерниясы құрылды, оның құрамына Ақмола, Атбасар; Көкшетау және Петропавл уездері кірді.

_____________________________________

АОММ.Қ. 1534. Тіз. 1. Іс. 48, Б. 5-7;

28 сәуір 80 жыл бұрын КСРО Кеңестік халық коммисариаты 1936 жылы «УКСР –нан 15000 польяк және неміс шаруашылығын Қарағанды облысна қоныстандыру туралы» Қаулысы шықты.

__________________________________________

«Из истории поляков в Казахстане». Құжаттар жинағы. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасы. Алматы, 200, стр. 19

АОММ. Қ. 258. Тіз. 9. Іс. 706. Б. 19-20



10 мамыр 65 жыл бұрын (1951 год) Ерментау жұмысшы поселкесі құрылды, оның құрамына Социал, Ерментау станциясы және Ескі Ерментау мекен-жай пунктары енді.

_______________________________

АОММ. Қ. 258. Тіз. 9. Іс. 705. Б. 7
20 маусым Кеңес, партия және қоғам қайраткері, еңбек ардагері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Әбуов Қасқырбай Әбуовичтің туғанына 80 жыл (1936)

____________________________

АОММ. Жеке текті қор (Ф. 1573);

26 маусым Мемлекет қайраткері, Қазақ КСР білім Министрі, алғашқы еңбек қадамын біздің өлкедегі мектептерден бастаған Балахметов Кожахмет Балахметовичтің туғанына 90 жыл (1926).

____________________



Жеке текті қор (Ф. 1325);

26 маусым Даңқ орденінің толық кавалері Велижанцев Александр Федоровичтің туғанына 95 жыл (1921 - 2010), 1960 жылдан бастап Шортанды ауданы Дамса ауылында тұрып, жұмыс істеді.

________________________________



«Ақмолалықтар – Кеңес Одағының батырлары. Халық Қаһармандары. Үш дәрежелі Даңқ Орденінің иегерлері». Ақмола облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының баспасы, Көкшетау, 2015, б. 100, 101;
Түсірілім фотожурналист В.Холиннің жеке мұрағатынан алынды.

Каталог: sites
sites -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
sites -> Өмірбаяндық деректеме
sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет