«Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» пәнінен



Дата12.03.2018
өлшемі100,82 Kb.
#38773
Талдықорған агро - техникалық колледжі







«Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» пәнінен

«Ақпаратты шифрлеу. Электронды кілттердің сипаттамасы мен мүмкіндіктері. Электронды қолтаңбаның құрылуы.»

тақырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі


Дайындаған:

Арнайы пәндер оқытушысы: Г.С. Токенова







Талдықорған 2017

Кіріспе

«Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәнінің мақсаты: Компьютерлік жүйелердегі және желілердегі тәжірибелік қолданудағы ақпаратты қорғау және теориялық негізін құруды үйрену болып табылады. Сонымен қатар, ақпартты қорғаудағы құру құрылғылары және жүйелендірілген мақсатты білімгерлерге оқыту, ақпараттық жүйедегі ақпаратты қорғаудың тәжірибелік талаптарын қанағаттандыру болып табылады. 

Криптографияның тарихы адамзат тілінің тарихымен жасты. Сонымен қатар, ежелгі қауымдастықтарда онымен тек қана таңдаулылар иемденгендіктен алғашқы жазу криптографиялық жүйемен тең болған. Оған мысал ретінде Ежелгі Мысыр, Ежелгі Үндістанның қасиетті кітаптары бола алады. Жазу-сызудың кең таралуына байланысты криптография жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады. Алғашқы криптожүйелер біздің эрамыздың басында кездеседі. Сондықтан Цезарь хат жазуда өзінің атымен аталған жүйелі шифрді пайдаланды. Криптографиялық жүйе бірінші және екінші дүниежүзілік соғыста қарқынды дами бастады.

 Электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) – бұл электрондық құжаттың деректемесі, жасанды көшірмеден осы электрондық құжатты қорғау үшін арналған. Электрондық сандық қолтаңба ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АҚҚҚ) пайдалануымен ақпаратты қайта жасау нәтижесінде қалыптасады және кілттің қол қою сертификатының иесін сәйкестендіруге, сондай – ақ электрондық құжатта ақпараттың бұрмалануының жоқ болуын белгілеуге рұқсат етеді.

.

Пән атауы: Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік



Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты шифрлеу. Электронды кілттердің сипаттамасы мен мүмкіндіктері. Электронды қолтаңбаның құрылуы.

Уақыты: 2 сағат Топ: 305 Күні:

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, талдау, сұрақ-жауап , (CLIL) пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту 

Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын, орыс, қазақ тілдері, тарих

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студенттердің ақпаратты шифрлеу, электронды кілттердің сипаттамасы мен мүмкіндіктері, құрылуы туралы түсініктерін кеңейту. Өткенді қайталап отырып, білімдерін бекіту, теориялық білімді тәжірбиеде қолдандыру.

Дамытушылық: Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) әдісін қолданып ағылшын, орыс, қазақ тілерінде күнделікті өмірде қолдануға, өз ойларын еркін баяндап жеткізу, ойлау қабілеттерімен ғылыми дүниетанымдықтарын кеңейту.

Тәрбиелік: Өз бетінше жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, өзіндік шығармашылық ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың жабдықталуы:

  1. Көрнекі құралдар: Презентациялық слайдтар, бейнероликтер, интернет желісі, е-үкімет сайты, мобильді қосымша

  2. Оқытудың техникалық құралы: ДК, интербелсенді тақта, мультимедиялық трибуна

  3. Сабақ өтетін орын: № 73 аудитория

  4. Әдебиеттер: Қ.С.Алдажаров «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері», www.youtube.com, pki. gov.kz сайттары

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру (сәлемдесу, студенттерді түгендеу, кабинеттің тазалығын тексеру, студенттердің сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару). 2 мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 40 мин

Үй тапсырмасын пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) әдісін қолданып студенттердің пәнге деген қызығушылығы мен белсенділіктерін арттыру мақсатында ұйымдастыру.

  1. Ақпараттық қауіпсіздік түсінігі

  2.  Компьютерлік вирустар және олардан қорғану

  3. Антивриустық бағдарламалардың шығу тарихтары туралы мәліметтер беру. (Студенттер үйге берген тапсырманы жұптасып үш тілде (қазақ, орыс, ағылышын) айту керек).

  4. Қазақстан Республикасының ақпаратты қорғау заңдары

(Студенттердің жазбаша және ауызша сөйлеу, оқуларын дамыту. Тақырып бойынша шағын мәтін берілген студенттер жұппен кезек кезек сол мәтінді қағазға түсіру қажет).

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: 15 мин


  1. Цезарь шифры  туралы мәлімет беру (ағылшын тілінде Цезарь шифрі туралы бейнеролик көрсетіледі, бейнероликтің астында орыс тілінде субтитр аудармасы бар, берілген мәліметті түсініп, қазақ тілінде айтып беру қажет)

  2. Электронды сандық қолтаңба (e. gov.kz сайтының көмегімен жаңа тақырыпты түсіндіру)


ІV. Сабақты бекіту 25 мин
1 кезең: Жаңа тақырып бойынша сұрақ – жауап

  1. Цезарь шифры қандай әдіс?

  2. Цезарь шифрының шығу тарихы

  3. Цезарь шифры қолдану тәсілі

  4. Электронды қолтаңба дегеніміз не?

  5. Электронды қолтаңбамен жұмыс істеу жолы

2 кезең: Глоссариймен жұмыс

қазақша

орысша

ағылшынша

Цезарь шифры 

Шифр Цезаря

Caesar cipher


Цезарь коды

Код Цезаря

Caesar code


Әліпби

Алфавит

Alphabet


шифрлеу

Шифрование

Encryption


монолитті шифрлер

Монолитные шифры


Monolithic ciphers

Математикалық моделі

Математическая модель

Mathematical model


Электрондық сандық қолтаңба

Электронно-цифровая подпись


Digital Signature

Ашық кілт

Открытый ключ

The public key


Жабық кілт

Закрытый ключ

The private key


Хэш функциясы

Хеш функция

hash function

4 кезең Сматрфон көмегімен жаңа тақырып бойынша тесттілеу


5 кезең Тәжірибелік тапсырма: E-үкіметі сайтына кіріп электронды сандық қолтаңбаға тапсырыс беру

V. Сабақты қорытындылау 5 мин
Бағалау
VІ. Үй тапсырмасы 3 мин


  1. Үйдегі компьютерлеріңізге ақпаратты қорғау жүйесін жасаңыздар

  2. FreePascal шифратор арқылы algebrageometryEnglish сөздерді шифрлаңыздар


Рефлексия

Сабақ мазмұны маған:

Пайдалы болды

Пайдасыз болды

Жеңіл болды

Қиын болды

Менің көңіл - күйім:

Жақсарды


Нашарлады

Өзгермеді



Қиындық келтірген мезгіл:
Оқытушы Г.С. Токенова
Каталог: uploads -> doc -> 06da
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06da -> Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш Сабақтың мақсаты: Білімділік
06da -> Сабақтың мақсаты : Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру. Сабақтың міндеті
06da -> Сабақтың тақырыбы : Шәкәрім Құ да йбер д іұ лы. «Бостандық таңы атты». Сабақтың мақсаты
06da -> Дене шынықтыруы сабағының ұйымдастырылған оқу әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары Даярлық топ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет