Қарағанды облысы мәслихаттың 2015 жылы 11 желтоқсандағы ХL сессиясының №453 шешімімен бекітілген



бет4/18
Дата22.05.2018
өлшемі6,37 Mb.
#40584
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
2.1.1.2.3.1. Өңдеу өнеркәсібі

Әлеуметтік –экономикалық мәні

Қарағанды облысының еліміздің өңдеу өнеркәсібіне ішкі жалпы өнім үлесі бойынша 2014 жылы 1 орын алды, үлесі 19%. Аталған қызметтегі жоғары индекс (2,43) өңдеу өнеркәсібінің аймақтың әлеуметтік –экономикалық жағдайында құрылым құрушы әсерін көрсетіп отыр:



  • Қарағанды облысының ЖӨӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібі секторына неғұрлым үлкен үлес келеді 66,8% (789 859,70 млн. теңге );

  • Өңдеу өнеркәсібі облыстағы негізгі инвестицияны тұтынушы болып саналады 26% (108 355,27 млн. теңге ) негізгі капитал инвестициясы;

  • Өңдеу өнеркәсібінде 14,2% (98,47 мың адам) жұмыс істейді ол барлық облыстағы экономикалық белсенді тұрғын санынан алғанда немесе 18,1% жергілікті қала тұрғындары айырмашылығында ұқсас көрсеткішпен алғанда.

Бастаушы саладағы негізгі кәсіпорындар мыналар:

  • Әлемдегі бірінші құрыш өндіретін ірі металлургия трансұлттық компания ArcelorMittal (АҚ «АрселорМиттал Темиртау»), ол Қарағанды облысындағы шахта бассайндері мен толығымен металлургиялық циклдағы кәсіпорындарға ие, ЖЭО, өндірістік қосалқы және қызмет көрсетуші инфрақұрылымдары;

  • Көппрофильді таукен-металлургиялық кәсіпорын ЖШС «Корпорация «Қазақмыс», аяқталған өндіріс циклын көрсетеді және бірнеше зауыттар мене кеніштерді және энергия нысандарын біріктіреді.

Динамика

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемінің динамикасы 2013 жылдан 2014 жылы тұрақты болған жоқ (5 кесте қараңыз).

Кесте 5

Қарағанды облысының өңдеу өнеркәсібінің негізгі экономикалық көрсеткіштері


Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2013ж.

2014ж.

Қаңтар -қыркүйек 2015 ж.

Өңдеу өнеркәсібі өндіріс көлемі

млрд. теңге

953,5

956,8

700,5

Өңдеу өнеркәсібінің өнімінің нақты көлем индексі, алдыңғы жылғы

%

99,7

96,2

112,8

Өндірістің жалпы көлеміндегі шығарудың үлес салмағы

%

72,0

66,3

73,5

Жұмыспен қамтылғандар саны

мың адам

119,5

98,5

98,3

Еңбек өнімділігі

мың АҚШ долл.

95,5

82,5

39,3*

* - мәлімет қаңтар-маусым 2015 жыл бойынша

Құрылым

Өңдеу өнеркәсібінің негізін мыналар құрап отыр: металлургия өндірісі (68,3%), машинажасау (6,8%) және басқа да металл емес өнім (4%).



Кесте 6.

Өңдеу өнеркісібінің негізгі өнім түрлерін өндіру



Салаішілік сала атауы

Өлшем бірлігі

2013ж.

2014ж.

Қаңтар қыркүйек 2015ж.

Металлургия өндірісі

млн. теңге

677 841

653 330

493 863,5

Машинажасау

млн. теңге

55 717

64 795

42 214,0

Басқа да металл емес минералды өнім өндірісі

млн. теңге

39 469

37 592

19 086,3

Химиялық өнім өндіру

млн. теңге

21 731

34 104

27 712,2

Дайын металл құралдарын өндіру машина мен құралдардан басқа

млн. теңге

25 789

26 119

20 579,9

Резеңке және пластмасс құралдарды өндіру

млн. теңге

16 398

14 749

7 163,4

Кокс және мұнай өнімдерін өндіру

млн. теңге

8 818

7 878

4 979,1

Жеңіл өнеркәсіп

млн. теңге

4 008

4 305

3 387,1

Ағаш және тығын құралдарын өндіру, жиһаздан басқа; соломадан және тоқуға арналғңан материалдар өндіру

млн. теңге

2 631

4 120

2 993,4

Жиһаз өндіру

млн. теңге

2 422

2 321

1 256,7

Жазылған материалдарды басып шығару және шығару

млн. теңге

1 486

1 741

1 061,3

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

млн. теңге

1 282

1 297

1 167,5

Негізгі фармацевтикалық өнімді өндіру

млн. теңге

527

635

551,0

Басқа да дайын өнімдер өндіру

млн. теңге

835

605

289,8

Барлығы

млн. теңге

953 510

956 759

700 542,1

2013-2014 жылдары аралығында салада аздаған өзгерістер болды:

  • металлургия өндірісі үлесі 71,1% ден 68,3% қысқарды,

  • машинажасау үлесі артты 5,8% ден 6,8% дейін, химиялық өндіріс артты 2,3% ден 3,6% дейін.

Металлургия өндірісі

Металлургия саласы негізін қара металлургия, негізгі бағалы және түсті металл өңдеу және метал құю құрап отыр (7 кесте қараңыз).



Кесте 7.

Қарағанды облысының металлургия өндірісінің негізгі экономикалық көрсеткіштері



Салаішілік сала атауы

Өлшем бірлігі

2013ж.

2014ж.

Қаңтар -қыркүйек

2015 ж.

Өнім өндірісі көлемі

млн. теңге

677 841

653 330

493 864

Қара металлургия

млн. теңге

282 301

351 474

226 487

Негізгі бағалы және түсті металл өндірісі

млн. теңге

393 694

300 849

266 623

Металл құю

млн. теңге

1 846

1 007

753,1

НКИ

%

94,5

93,8

122,0

Қара металлургия

%

101,9

112,1

98,4

Негізгі бағалы және түсті металл өндірісі

%

89,2

78,4

152,5

Металл құю

%

120,8

124,9

64,3

Өңдеу өнеркәсібіндегі жалпы көлемдегі шығарудың үлес салмағы

%

71,1

68,3

70,5

Металлургия өндірісііндегі еңбек өнімділігі

мың АҚШ долл.

166

144,3

68,4*

Қара металлургияны экспорттау көлемі

мың АҚШ долл.

1 237,4

1 418,9

958,2**

Түсті металлургияны экспорттау көлемі

мың АҚШ долл.

2 242,0

1 325,9

828,8**

* - мәлімет қаңтар-маусым 2015 жылғы

**- мәлімет қаңтар-тамыз 2015 жылғы

2013 жылдан 2014 жыл аралығында өндіріс динамикасының төмендеуі байқалды, ол әлемдегі бағалы және түсті металдар құнының түсуіне байланысты болды.



Кесте 8

Металлургия өндірісіндегі негізгі өнім түрлерін өндіру

Өнім атауы

Өлшем бірлігі

2013ж.

2014ж.

Қаңтар -қыркүйек 2015 ж.

Қара металлургия 

Рафинирленбеген құрыш

тонна

2 981 349

3 487 388

2 561 495

Ферробалқыту

тонна

23 549

18 688

14 943

Жалпақ илек

тонна

2 277 016

2 537 186

1 894 344

Құбыр және дәнекерленген құбырлар сыртқы диаметрі 406,4 мм, кем есес құрыш

тонна

88 640

92 147

64 919

Негізгі қымбат және түсті металл өндірісі

Аффинирленген күміс

кг

402 745

203 257

270 978

аффинирленген алтын

кг

3 528

3 422

3 043

рафинирленген, өңделмеген, елегирленбеген мыс

тонна

274 805

217 482

229 161

Мыс сым

тонна

12 335

11 087

4 824

Дайын металл өндірісі, машина мен құралдардан басқа

Құрылысқа арналған жиналатын металлоконструкциялар

тонна

28 003

23 276

23 134

Орталықтан жылу беруге арналған радиаторлар, электр қыздырусыз, қара металдан жасалған

тонна

1 593

2 635

1 116

Ыстық су өндірісіне арналған орталықтан жылу беру қазандықтары немесе қысымы төмен буға арналған қазандықтар

дана

325

455

373

Нәтижесінде 2014 жылы түсті металлургия өндірісі қуаты мамандандырылған кәсіпорындарда барлығы 40-60% әрекет етті. Бірнеше өндірісте жоғары немесе шекті жүктеме байқалды. Барлық қара металлургия түрі өндірісі 70% артық анықталған қуатын пайдаланды;

Мынаны айта кету керек, жыл бойы кәсіпорын шөген, алтын, рафинирленген мыс өндіріс қуатын арттырды. Басқа да түсті металл түрлері бойынша қуат көлемі өзгеріссіз қалып отыр.

Металлургиялық өндіріс көлемі бойынша Қарағанды облысы Орталық Шығыс макроаймақ бойынша алдыңғы қатарда.




Сурет 4. Орталық-Шығыс макроаймақтың металлургия өнімін салыстыра сараптау

Машинажасау

Машинажасау саласы Қарағанды облысында басымдықты қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі әлеуеті жоғары. Саланың өндіріс көлемі 2014 жылы аумақтағы жалпы өңдеу өндірісінің жалпы көлемінен 6,8% құрады және 64 795 млн. теңгені құрады, ол 2013 жылғы көлеммен салыстырғанда 17,5% көлемге артық. 2015 жылы өндірістің өсу қарқынының баяулауы көрсетілген.





Бап атауы

Өлшем бірлігі

2013ж.

2014ж.

Қаңтар қыркүйек 2015 ж.

Өнім өндірісі көлемі

млн. теңге

55 716,7

64 795,2

42 214,0

НКИ

%

92,9

115,0

98,6

Еңбек өнімділігі

мың долл. АҚШ

12,3

11,8

4,9*

Өңдеу өндірісінің үлес салмағы

%

5,8

6,8

6,0

Өндірілген машинажасау өнімі экспорты

мың долл. АҚШ

7198,2

5678,2

37 530,9**

* - мәлімет қаңтар-маусым 2015 жыл бойынша
Машинажасау өнімі құрылымында шығару үлесі негізінен жөндеу және машина жабдықтауына, құралды жөндеу және орнатуға келіп отыр (58,7%), электр құралы өндірісі 14,2%, компьютер, электрондық және оптикалық қнім өндірісі - 3,1%, автокөлік құралы өндірісі, трейлер және жыртылайприцептер өндірісі - 1,3%. Басқа да машина өндірісі және көлік құралдары өнімі 21,3% және 1,4%.

2014 жылы машинажасау саласы облыста 3 112 млн. теңгеге инвестицияланды , оның ішінде:



  • Машина жөндеу мен құрылғы салуға 1 660,6 млн.теңге (53,4%);

  • Электр құралдырын өндіруге – 573,5 млн.теңге (18,4%);

  • Автокөлік құралдарын, , трейлерлер мен жартылай прицептер (тіркемелер) өндіруге – 26,5 млн.теңге (0,8%);

  • Машина және құрал өндіруге, басқа санатқа кірмейтіндер өндірісі – 852,0 млн.теңге (27,4%);

  • Басқа да көлік құралдары өндірісі – 0,258 млн.теңге.

Инвестицияның көпшілік бөлігі жеке қаржы есебінен қамтамасыз етілген (85,9%), банк несиелері 3,9% және қарыз құралы - 10,1%. Инвестициялық салымның негізгі көлемі өңдеу саласындағы машинажасауға келіп отыр – 2,7%.

2013 және 2014 жылдары ҚИИДМБ (қарқындатылған индуст. инновац. мем. бағд.) жүзеге асыру аясында машинажасау саласында 5 жоба іске қосылды жалпы бағасы 2 182 млрд. теңге және 283 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Машинажасау саласындағы облыста әрекет етіп отырған негізгі кәсіпорындар: ЖШС «МашЗавод №1», ЖШС «Пархоменко атындағы Қарағанды машинажасау зауыты», «Қарағанды құю-машинажасау зауыты» - «Қазақмыс» корпорация филиалы, ЖШС «КарГорМаш», ЖШС«НПФ «Технология», ЖШС «Kazcentrelectroprovod», ЖШС«Кұрылысмет».

Облыста Қарағанды машинажасау консорциумы құрылған, ол таушахталық құралдарды дамытумен айналысады.


Жеңіл өнеркәсіп

Өңдеу өндірісіндегі жеңіл өнеркәсіп өнімі көлемі 1% (0,4% - 0,5%).

Жеңіл өнеркәсіп өнімі индексі 2014 жылы 112,2% құрады, ол 2013 жылғымен салыстырғанда сала ішілік сала мынаны құрады: мата өнімін өндіру – 194,7%, киім өндірісі – 94,2%, тері өнімдерін өндіру– 105,4%.

Өсу дайын мата құралын шығаруды арттыру есебінен қамтамасыз етіліп отыр, киімнен басқа (125%), сыртқы киім басқа да киімдер, трикотаждан басқа (918,4%), аяқ киім спорттықтан басқа қорғаныс және ортопедиялық (105,4%). Алайда 2015 жылдың басынан тамызға дейін жеңіл өнеркәсіптегі НКИ төмендеп, 94,7% құрады.

Барлығы кәсіпорындар 2014 жылы негізгі капиталған 581,9 млн. теңге инвестиция құйылды, оның ішінде:


  • Мата құралы өндірісіне 17,5 млн. теңге (НКИ – 31,4), оның ішінде киім өндірісі – 76,2 млн. теңге (НКИ – 77,1%.),

  • Тері және оған жататын өнім өндірісі 488,2 млн. теңге.

  • Бүгінгі күні негізгі өндірісті мемлекеттік тапсырыс бойынша шағын кәсіпорындар атқарып отыр және жеке фирмалар арнайы киім мен арнайы аяқ киім өндіру номенклатурасы бойынша тапсырыспен ақтарып отыр, ЖШС «Temirtauassociatesandancillaries», ЖШС «ЮтарияLtd», ЖШС «Саран тігін-трикотажды фабрикасы «GalexPlus», ЖШС «Азия-Тех».

Бөлшек саудада шұлық –нәски сегментінде ЖШС «Тэгам», ЖШС «Еско»,ЖШС «Руми-Эн» арнайы аяқ киім өндірісінде ЖШС «Қарағанды аяқ киім фабрикасы», ЖШС «PersInternational».
Химиялық өндіріс
2013 жылдан саланың нақты көлемі индексінің төмендеуі байқалып отыр, алайда 2015 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 9,6% құрады.

Кесте 10



Қарағанды облысының химия өндірісінің негізгі экономикалық көрсеткіштері


Баптың атауы

Өлшем бірлігі

2013ж.

2014ж.

Қаңтар -қыркүйек 2015 ж.

Өнім өндірісі көлемі

млн.теңге

21 731

34 104

27 712,2

Өндірістік өнімнің нақты көлем индексі аумақ бойынша, % өткен жылғыға

%

83,8

98,6

109,6

Еңбек өнімділігі

мың АҚШ доллары

18,5

21,6

9,7*

Өңдеу өндірісінің үлес салмағы

%

2,3

3,6

4,0

* - мәлімет қаңтар-маусым 2015 жыл бойынша
2013 жылы сала ішілік салада тауар өнімі 21 730,8 млн. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 83,8% болды. Төмендеудің негізгі себебі «Қазақмыс» және АҚ «АрселорМиттал Теміртау» корпарацияларының өндіріс бағдарламаларын кемітуі есебінен, олар диоксид көміртегін шығаруға мамандандырылған (НКИ 75,7%), күкірт қышқылы (НКИ-84,6%), одан басқа калций карбиді өндірісі қысқарған (НКИ -70,8%) ЖШС «ТЭМК» тапсырыс портфелінің азаюына байланысты.

2014 жылы аймақта кальций карбиді шығарудың артуы байқалды (НКИ – 122,4%) ЖШС «ТЭМК», азотты, минералды немесе химиялық тыңайтқыштар өнімі (122,7) АҚ «АрселорМиталл Теміртау».

Химиялық өндіріс өнімдері таукенөндірісі және металлургия өндірісіне арналған (қышқыл, газ, жарылғыш құралдары және басқалар).

Кесте 11



Негізгі химиялық өнім тұрлерін өндіру

Өнім атауы

Өлшем бірлігі

2013ж.

2014ж.

Қаңтар -қыркүйек 2015ж.

Күкірт қышқылы моногидратта

тонна

993 741

980 341

708 203

Анықталмаған және анықталған химиялық құрамдағы карбидтер

тонна

18 327

21 534

17 589

Полимер негізіндегі бояулар лактар

тонна

1 936

1 521

631

Химия өнімі түрлерін өндіру динамикасы 2013-2014 жылдары тұрақты емес болды. 2014 жылы анықталмаған және анықталған құрамдағы карбидтер шығару 22,3% болды, күкірт қышқылы моногидратта өндірісі 1,8%, полимер негізіндегі бояу мен лак өндірісі төмендегені байқалды 13,9%. НКИ қаңтар – қыркүйекте 2015 жылы 139,9% болды, 112,2% және 54,3%, тиісінше болды.

Химиялық өндірістің сала ішілік сала кәсіпорындары мыналар болып табылады: ЖШС «Теміртау электрометаллургиялық комбинат» (карбид, ферросиликомарганц өндіру), ЖШС «Трек» ( пластикалық май өндірісі), АҚ «Максам Қазақстан» (жарылғыш құралдар өндірісі), ЖШС «Эгофом» (пенополиуретана эластикалық (поролон) өндірісі).

Кальций карбиді өнімі технологиясы тиісті түрде жоюды қажет ететін кондициялық емес фракцияның түзілуін меңзейді, осыған байланысты рейнтирленген өнімді импорталмастырушы экспортталған өнім шығару жоспарлынып отыр: винилбутилді эфир, винилин, винипол, тұрмыстық химия өнімі, малеин ангидрид, байытылмаған полиэфир шайыры, болашақта синтетикалық кәушік. Осы жобаларды жүзеге асырудың мультипликативті тиімділігі бар аталған өнім химия, таукен-металлургия, құрылыс және басқа да салаларда пайдаланылады.

2014 жылы салаға 1,11 млрд. теңге сомасында инвестиция салынды, оның ішінде негізгі химикаттар өндірісіне, тыңайтқыштар өндірісіне және азоттық қоспалар өндірісіне, пластмасс және синтетикалық кәушік өндірісіне бірінші формада 1,03 млрд.теңге немесе 92% жалпы инвестиция сомасынан.

Фармацевтикалық өндіріс

Өңдеу өндірісі құрылымында фармацевтикалық өнім аз үлесті алып отыр– 0,1%.

Жалпы алғанда салада өндірістік физикалық көлемінің артуы байқалуда: Өсу дәрі шығаруды арттыру арқылы қамтамасыз етілген (123,9%) ЖШС «Медком - 2030» ЖШС «Фармация 2010». Облыста ЖШС «Қарағанды фармацевтикалық комплекс» әрекет етіп отыр, ол негізінен бірегей дәрілік препараттарды шығаруға мамандандырылған, өсімдік шикізатынан өндіреді және Қарағанды қ. маңында екі цехы бар.

2014 жылы фармацевтикалық салаға 4 167,9 млн. теңге инвестицияланған. Индустриализация Кратасы шегінде жоба жүзеге асырылуда, ЖШС «Қарағанды фармацевтикалық комплексте» - «Қарағанды фармацевтикалық кешенінің үшінші кезегін салу» (жоба бағасы 650 млн. теңге , 150 жаңа жұмыс орны).

Индустриализация Картасы аясында 2015 жылы Қарағанды қаласында Қарағанды фармацевтикалық кешенінің үшінші кезегін салу жалғасуда, жалпы бағасы 6 800 млн. теңге жобалық қуаты 4 млн. орама жылына.



Кесте 12.

Қарағанды облысының фармацевтикалық өндірісінің негізгі экономикалық көрсеткіштері



Бап атауы

Өлшем бірлігі

2013ж.

2014ж.

Қаңтар қыркүйек

2015 ж.

Өнім өндірісі көлемі

млн.теңге

527,5

635,2

551,0

Өндірістік өнімнің нақты көлемі индексі, % алдыңғы жылға

%

119,7

121,0

124,1

Еңбек өнімділігі

Мың АҚШ доллары

16,5

15,1

7,8*

Өңдеу өндірісінің үлес салмағы

%

0,06

0,07

0,08

* - мәлімет қаңтар –маусым 2015 жыл бойынша

Басқа да металл емес минералды өнім өндірісі

Басқа да металл емес минералды өнім өндірісі 2013 жылдан 2014 жыл аралығында 2015 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша төмендеді..



Кесте 13.

Қарағанды облысының басқа да меиталл емес минералды өнімді шығауының негізгі экономикалық көрсеткіштері

Бап атауы

Өлшем бірлігі

2013ж.

2014ж.

Қаңтар -қыркүйек 2015 ж.

Өнім өндіріс көлемі

млн.теңге

39 469

37 592

19 086,3

НКИ

%

123,7

105,2

92,3

Еңбек өнімділігі

мың АҚШ доллары

74,2

55,4

24,2*

Өңдеу өндірісінің үлес салмағы

%

4,1%

3,9%

2,7

* - мәлімет қаңтар –маусым 2015 жыл бойынша
2014 жылы салаға 4 821 млн.теңге инвестиция құйылды, ол жалпы капитал инвестициясының 2,2% құрап отыр:

  • Инвестицияның үлесі негізінен цемент өндіруге, әк пен штукатурка өндірісіне бағытталды (80,1%),

  • 11,7% - құрылыс мақсатындағы бетон құралын, цемент және гипс өндіру,

  • Басқа үлес абразивтік құралға және басқа да металл емес минералды өнім өндіруге келеді (7,4%) және тас өңдеу, әсемдеу және кесуге келеді (0,5%).

Индустриализация Картасы аясында бірнеше жобалар іске қосылды құрылыс саласына 2013 жылы 4 жоба іске қосылды, онда 182 жұмыс орны құрылды. 2014 жылы – 4 жоба іске қосылды жұмыс орны саны 260 адам:

2015 жылы брусчатка, құрылыс материалдарын және инертті шаң өндіру бойынша жобалар іске қосылды (Шахтинск қ.) компания ЖШС «Казстроймарт 2050» жалпы бағасы 490 млн. теңге. Жоспарланған жобалық қуаты 32 тонна, брусчатка жылына 118 жұмыс орны құрылады. Сонымен қатар, Теміртау қ. « Металл құралдарын шығаруға арналған цех салу» жобасы сомасы 302,1 млн.теңге, 20 жұмыс орны.

Сала қызметі сонымен қатар тоқтап тұрған қуаттың қосылуы арқылы да жандануы жоспарланып отыр. Атап айтқанда 2016 жылы тоқтап тұрған кәсіпорын «Теміртау кірпіш» ЖШС жандандыру жоспарланып отыр (Теміртау қ.) бос және жақбеттеуге кірпіш шығару қуаты жылына 35 млн.дана кірпіш.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет