Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы Ә. Бөкейханов атындағы мектеп- лицей Бастауыш сынып мұғалімі Когабекова Асель Тургинбаевна



Дата08.06.2018
өлшемі106,89 Kb.
#41624
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы

Ә.Бөкейханов атындағы мектеп- лицей

Бастауыш сынып мұғалімі


Когабекова Асель Тургинбаевна



Мен –жаңа форматтағы педагогпын

XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процесті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор рөл атқарады. Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту. Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Бүгінгі сіздермен бөліспек ойым «Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін» Қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажеттілігі туралы болмақ. Әлемнің көптеген елдері білім беру жүйесінің келесі сатыларының мықты іргетасы болуы үшін бастауыш мектепке ерекше мән береді. Ұстаз – шәкіртін адалдыққа баулушы, өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы. «Сындарлы оқытудың» негізінде мүлдем жаңа білім мен өнерді өз ұштастығымен, жігері мен қайратын қанаттануымен сыни ойлана алатын жалынды жастарды мына біздер тәрбиелеген, еліміздің мәңгі маздар алауы болмақ екенін бір сәтке де естен шығармауымыз керек, естен шығармауға тиіспіз. Менің ойымша, қазіргі заман мұғалімі – рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман болу керек. Ал шығармашыл ұстаздың алдына қойған үлкен міндет- оқушыларымызға заман талабына сай тәлім –тәрбие беру болып табылады. Алайда өзімді, бүгінгі таңда, « керемет ұстазбын» деп айту астамшылық болар деп ойлаймын. «Ұстаз» деген ұлы атаққа ие болу үшін әлі талай маңдай тер төгіп, үздіксіз еңбектеніп, талай –талай белестерді бағындыру керектігін мойындаймын. Ал, мен –заман ағысына сай біліммен қауланған, ой-өрісім жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып, қалыптасып келе жатқан қатардағы мұғаліммін. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар ішінде егемен еліміз дамудың, жаңарудың даңғыл жолына түсті. Болашаққанық сеніммен қарайтын болдық. Қарап тұрсаң, өзгеріп жатқан дүние шаш етектен. Тек қана сол өзгеріске тез бейімделіп, артта «шаң қуып қалмаудың» амалын істеп бақ. Сондай өзгеріс білім беру саласына да бей –жай қалдырмаған.

Атап айтсақ, Кембридж тәсілінің теориялық негіздері арқылы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің үш айлық біліктілікті арттыру курстары мұғалімдер қауымы үшін үлкен жаңалық,өзгеріс, жаңа бастау десек те болады. Курсқа келгенше кезекті , бұрынғы қатысып жүрген біліктілікті арттыру курстарынан артықшылығы бола қояр ма екен деген үмітімнен күдігім басым болып келген едім. Мен бекер күдіктенген екенмін.Бұл курс барысында менің дәстүрлі педагогикадан қасаң болып қалған стереотиптерім күйрей сынды. Мен жасқанбай,қателігімді бетіме басар –ау,жерден алып-жерге салар адам жоғын біліп еркін ой айттым,еркін дәлелдедім, мәселенің түйінін тереңінен түсіндім.Шығармашылыққа негізделген шыңдалған ой айту үшін өзіңнің өреңнің биік болуы қажет екенін пайымдадым. Жаңа дүниені жатсынбай қабылдадым.

«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан маған жаңаша жұмыс істеуге, оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруыма тура келді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымыз бен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалағандай. Десек те, өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енді. Ол- жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылық, түпкі нәтижеге деген сенімділік, өз ісімнен қанағат табу. Екінші жетістігім - өзімді шыдамдылыққа үйреттім. Мен бұрын баладан жауап алғанша асықсам, қазір оқушының керегінше ойлануын бірінші орынға қоятын болдым.





Бағдарламаның жеті модулін қолдана отырып, әдебиеттік оқу пәнінен сабақтар өткіздім. Бағдарламаның әр модулі мен ондағы стратегиялар бір- бірімен байланысып, шебер үйлескен. Бірінен- бірін ажырату мүмкін емес. Мысалы, «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулінің , «Диалог негізінде оқыту оқу» тәсілі оқушылардың өзіндік ой- пікірінің дамуына септігін тигіссе, «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын жетілдірсе, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі оқушыларды алға ынталандырып, бірін- бірі бағалауға үлкен қадам жасауға жетелейді. Диалог негізінде оқыту және оқу (Мерсер,1995, Александр, 2008;Выготский , 1978) «Диалог негізінде оқыту және оқу» тәсілін өз оқыту тәжірибесінде қолдану өте тиімді, сұрақ қою арқылы оқушыларды ойландыру, талдау, қайтадан ойлау, қабілетін жетілдіруге тиімді іс-әрекет. Әр сабағымда сандық технологияны, АКТ-ны қолдандым. Сабағымда «Топқа бөліну», «ЖИГСО» стратегиясы, «Ментальді карта», «Рөлдік ойын», «Венн» диаграммасы, «Семантикалық карта» т.б. жиі қолдандым. 4 топқа әр-түрлі деңгейдегі шығармашылық тапсырмалар бердім. Бұл тапсырманы берген себебім: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануын дамыту еді. 1-топ болжау кестесін құрды. 2-топ аңыздағы кейіпкерлерді сипаттап, олардың ортақ қасиеті туралы жазды. 3-топ өлең жолдарындағы жасырын сөзді аңыз мазмұнының желісі бойынша тауып жазып берді. 4- топ аңызды сахналық қойылым етіп дайындап көрсетті. Бірінші топ мүшелері берілген кестені өзара келісіп, толтырды. Осы кезеңде оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасы жақсарып, ынтымақтастық пайда болды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер оқушыларды дүниетаным кеңейтетініне, шығармашылыққа баулитынына көзім жетті. Ал А есімді оқушым болса болжау кестесін топ алдында шығып оқыды. Бұл оқушының тілі қазақшаға жетік емес, бірақ үнемі берілген тапсырмаларды орындауға тырысады. Үшінші топтан Ә есімді оқушым өлеңдегі жасырын сөзді аңыз мазмұнының желісі бойынша жақсы оқыды. Бұл жүргізілген жұмыстан топтың аңызды толық меңгергендерін және сыни тұрғыдан ойлауға бейімделгендерін байқадым. Мұғалім- ұйымдастырушы, бағыт беруші екенін әсте еш естен шығармай, оқушыларға тек бағыт- бағдар беріп, жөн сілтеумен болдым. Мұғалімнен гөрі оқушыларым үшін жанашыр дос кейпіне ауыса бастадым. Өзімнен де өзгеше сабаққа деген құлшынысты сездім. Сыныбымдағы сабақта үнемі үнсіз отыратын, өзіндік пікір айтудан қалыс қалатын Бауыржаным ашыла сөйлеп, өзінің пікірін дәлелдеп, қатарынан қалмай, бұрынғы тұйықтығынан арылып, ашыла түскенін байқадым. Сыныбымыздың белсендісі Сабина болса, бар істің алдында жүрді. Топпен жұмыс барысында оқушылар арасында бір- біріне деген ерекше құрмет, сыйласымдық,тыңдай білу мәдениеті, өзгенің пікірімен санасу, үлкен жауапкершілік т.б. қасиеттер толық көрінді. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» деген данышпан А.Эйнштейн сөзін еш ұмытпай, сабақта оқу іс- әрекетін ұйымдастырып, бағыт пен түрлі идеяларды жорамалдадым.

Ойымды қорыта келгенде, мен нені, қалай өзгерттім дегенде, біріншіден өзімнің көзқарасымды, екіншіден сабақ жоспарым мен сабақ өткізудің тәсілін, үшіншіден бала еркіндігін шектемеу, төртіншіден оқушылардың сабаққа ынтасын ояттым, бесіншіден бағалауды өзгерттім және әріптестеріме де ықпалым болды.



«Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек»- демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау сияқты қасиеттер тоғыса келе , олар мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана біз діттеген мақсат - мүддемізге жетіп, «ұлы ұстаз» деген ардақты атаудың шын иегері болатынымызға кәміл сенемін.


 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет