Қарағанды облысы


Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы



бет2/3
Дата06.11.2016
өлшемі496,5 Kb.
#1176
1   2   3

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы
Теміртау қ., Металлургтар даңғ., 28/4 тел: 8 (7213) 93-30-07
e-mail: topmarine@rambler.ru
Мұражай 1972 жылы ашылған. Жалпы ауданы 1200 ш.м. Мұражайда10 экспозициондық зал, көрме залдары, шығармашылық салон бар. Қорда 19 367 жәдігер сақталған. Бөлімдері: «Палеонтология», «Археология», «туған өлке табиғаты», «Нумизматика» және т.б.

Балқаш тарихи-өлкетану мұражайы
Балқаш қ., Ш. Уәлиханов К.,12 тел: 8 (71036) 6-59-70, 6-59-30
e-mail: musey@mail.ru
Мұражайдың жалпы ауданы 1443,3 ш.м. Мұражай 1970 жылы ашылған. Мұражай тіркеу-сақтау, жинақтау, ғылыми-зерттеу, экспозициялық және ағарту жұмыстарымен айналысады. Мұражай қорында 41 284 астам жәдігер сақталған.

«Саяси қуғын-сүргін құрбандары рухына арналған Долинка селосындағы» мұражай
Долинка с., Школьная к.,15 тел: 8 (72156) 5-82-22
e-mail: museumdolinka@mail.ru
Қарлаг (Қарағанды еңбекпен түзеті лагері) один из крупнейших исправительно-трудовых лагерей в 1931-1959 жылдары КСРО –ның НКВД ГУЛАГ-ының қоластына қараған ең ірі еңбекпен түзету лагерлерінің бірі. 1940 жылы Карлаг территориясының аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 300 шм, шығысынан батысына дейін 200 шм. құраған.
Мұражай Президенттің тапсырмасымен 2002 жылы Карлагтың бұрынғы «Ерікті жалдамалы жұмысшылары емханасы базасы аумағында құрылған. 2006 жылы мұражай балансына бас басқарма ғимараты қолданысқа берілді. Ғимараттың жалпы аумағы 166,9 ш.м. құрайды. « Саяси қуғын-сүргін құрбандары рухына бағышталған» мұражайдың мақсаты мен міндет»: – зерттеу, жүйеге келтіру, Карлаг тарихындағы ескерткіштерді зерттеу және сақтау. 

Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайы
Қарқаралы қ., Ленин к., 34 тел: 8 (72146) 3-22-29,
e-mail: karkarmusei@rambler.ru
Мұражай 1974 жылы ашылған. Жалпы ауданы – 590 ш.м. Қазіргі уақытта мұражай қорында 7 923астам жәдігер сақталған. Олардың ішінде атақты адамадар туралы тарихи материалдырдың түпнұсқалары – Қарқаралы ауданынан тумалары Мәди Бапиұлы, Н. Нұрмақов және т.б . бар. Мұражайдың екі бөлімшесі бар: Егіндібұлақ селосындағы өлкетану мұражайы мен М.Мамыраев атындағы шаруа қожалығындағы К.Қуанышбаев атындағы мұражай.

Қарағанды облысының мәдени нысандары

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры

Қарағанды қ.,Бұқар жырау даңғ., 27

Халықтар достығы мемлекеттік ордені иегері С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры өз жылнамасын 1932 жылы жұмысшы жастар театры болып бастады. Қазіргі кезде Қазақстанның жетекші ұжымдарының бірі, көптеген театр фестивальдарының жеңімпазы, әлемнің Каир (Египет), Трабзон (Түркия), Минск (Беларусь)қалаларында өткен Халықаралық театр фестивальдарына қатысып қайтқан. Театрдың алғашқы қарлығаштары белгілі актерлер: КСРО Қазақстан Халық әртістері Ж.Шашкина, Р.Қойшибаева, М.Сұртұбаев, А.Молдабеков, А.Мұсабекова, К.Сатаев, А.Абылаева, еңбек сіңірген әртістер З.Жақыпов, К.Әлімбаева, М.Әбдыкәрімов, А.Ыбраев, А.Шаймерденов, З.Көшкімбаев, У.Асылбеков, Т.Жабаев, әртістер Б.Шалов, Н.Жабаев, К.Байбеков, Х.Манабаев және т. б. Олардың жолын қазіргі уақытта Е.Жүнүсбеков, Қазақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты К.Жұмабеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері К.Кемалов, әтрістер Н.Жансүгірова, М.Қисықов, Г.Рашқалиева, С.Жұмағали, А.Ахметқалиева, М.Садықанов, Ш.Нүкина, Б.Кемалов, К.Жырымбаева, Б.Киікбаев, Б.Сүлейменов, А.Қырықбаев, Д.Жайлаубай, Қазақстан Жастары Одағы сыйлығының лауреаттары Б.Максұтова, Д.Еспаев. Қойылымдар қоюға талантты режиссерлер ерен еңбек сіңірді: Б. Атабаев, М. Бекхожин, М. Байсеркенұлы, А. Дүйсебаев, Ж. Есенбеков, М. Қамбаров, М. Қосыбаев, А. Құлданов, А. Мамбетов, Е. Обаев, Г. Оганесян, Ж. Омаров, А. Оразбеков, А. Сәлімбаев, Е. Тапенов, А. Тоқпанов, Т. Тұңгышбаев. Сол адамдардың кәсібилігінің арқасында отандық және шет ел драматургиясының шығармалары сахналанды: М. Әуезовтің, Қ. Аманжоловтың, Т. Ахтановтың, С. Балғабаевтың, К. Бекхожиннің, С. Жүнісовтің, Иран-Ғайыптың, Д. Исабековтың, Б. Майлиннің, С. Мұқановтың, Ғ. Мүсреповтің, Т. Нұрмаганбетовтің, С. Сейфуллиннің, Ә. Таразидің, Ш. Айтматовтың, Ж. Ануйдің, Н. Гогольдің, У. Гаджибековтің, К. Гальдоннің, Г. Грибоедовтің , Еврипида, О. Иоселиани,» М. Карима,» Лопе де Вега, А.Островскийдің, Н. Хикметтің, У.Шекспирдің, Ф. Шиллердің және т.б. Әр түрлі конкурстар мен фестивальдарда театр талай мәрте жоғары марапаттарға ие болды. Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арналған Республикалық Фестивальда (Жезқазған, 1996), А. Оразбековың «Бір түп алма ағашы» қойылымы жүлделі орынды жеңіп алды. Г. Гориннің «Забыть Герострат...» қойылымы Алтыншы Республикалық Фестивальда Бас жүлдені иеленді (Қарағанды, 1999). Экспериментальді театрлардың Халықаралық Фестивалінде М. Гаппаров пен Г. Гаппарованың « Киотоға жол» атты пьесасы Египет Мәдениет Министрлігінің арнайы сыйлығына ие болды (Каир, 2000). Театрлардың Республикалық фестивалінде Ш. Мұртазаның «Домалақ ана» қойылымы жүлделі орыннан көрінді (Петропавл, 2001). Республикалық Фестивальда Ш. Айтматовтың «Ана –Жер Ана» қойылымы «Тарихи тақырыпты ашудағы жаңашылдық» номинациясы сыйлығына ие болды (Астана, 2006). Біржан Салдың 175 жылдығына арналған Республикалық Фестивальда М .Әуезовтің «Абай» спектаклі Гран-При сыйлығын жеңіп алды (Қараганды, 2009 ), Жиырма үшінші Халықаралық фестивалінде Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ түн» шығармасының желісінде қойылған «Мәңгүрттер..» атты спектаклі «Халықаралық сертификатқа» ие болды(Египет, 2010). 2011 жылы Ялта қаласында өткен «Театр. Чехов. Ялта» (Крым. Украина) атты халықаралық фестиваліне қатысып, «Аңыз бен мифті жарқын бейнелегені үшін» номинациясының лауреаты атанды. Сондай-ақ ұжым Түркияның Трабзон, Белорустің Минск қалаларында өткен халықаралық театр фестиваліне қатысқан.

К.С.Станиславский атындағы Мемлекеттік орыс драма театры

Қарағанды қ. , Бейбітшілік Бульвары , 19

Театр тарихы 1930 жылдан бастау алады, Семейде өзінше әрекетті үгіт бригадасы негізінде үгіт және мәдени-бұқаралық жұмыспен айналысатын «Живая газета» жылжымалы театры ашылғанда, 1932 жылы өзгертілген жылжымалы театр Түрксіб саясипоезінің құрамында болды. Алғашқы директор, шығармашылық директор және «қосымша қызметтегі» театр драматургы, кейіннен Қаз ССР еңбек сіңірген қайраткері - В. Портнов болды. Үш вогонмен саяхаттаған театр ұжымы сол кісінің скетч, қойылымдарын қойған, вогондардың бірі актерлер тұрағы, ал қалған екі вогонда реквизит сақталып, қойылымға дайындық жұмыстары жүргізілген. 1938 жылы ұжым Қарағанды облыстық орыс драма театры деген атауға ие болып, Балқашжанықұрылысқа қараған. 1937 жылы театр директоры бола отырып В. Портнов шығармашылық жетекшілікті Ленинградтан жіберілген К. Раушқа тапсырады. Ол кісінің арқасында ұжымның кәсіби шеберлгі артып, репертуар байи түсті. 1940 жылы театр ұжымы Қарағанды қаласына көшіп келді. Ұжым өзінің бірінші мерейтойын «Гамлет» қойылымымен атап өтті. Ұлы Отан Соғысының алғашқы күні-ақ театрдың 20 қызметкері ерікті түрде майданға аттанған. Театрда Прибалтика майданы жауынгерлеріне арналған концерттік бригада ұйымдастырылған. Қарағандыға Москва мен Киевтен театрлар көшіріліп, қайтадан ұжымды 1951 жылға дейін Кеншілер сарайы салынып біткенше Балқашқа көшірілді.Ұжым баяғыша «дөңгелекті театр» деген атаумен белгілі болды. 1962 жылы Бейбітшілік бульварында ұжым жаңа қоныс тойын тойлады. 1963 жылы ҚазССР Министірлігі Кеңесінің қаулысымен театрға жемісті еңбегі үшін К.С. Сланиславскийдің аты берілді. 60 – 70-ші жылдары тетрдың шығармашылық басшылығында КазССР –ің еңбек сіңірген әртісі режиссерлер А. Подобед, Г. Жезмер, республиканың халық әртісі Р. Андриасян, М. Зильбермалар тұрды. Бұл уақытта театр қойылымдары бірнеше рет ресбуликалық конкурстардың лауреаттары атанып үлгерген болатын.Театрдың қашан да байлығы талантты актерлер болған. Қарағандының сахынасында әр жылдары ҚазССР-дің халық әртістері В. Караваев, А. Демидова, В. Корниенко, В. Борисов, республиканың еңбек сіңірген әртістері К. Рауш, З. Горева, Г. Подзолкин, Н. Белкин, И. Калачанов, И. Кошелев, Т.Зеленин, Т. Давыдова, В. Макуш, Д. Белов, Л. Спасский, А. Зимарева,А. Григоров,РФ халық әртісі А. Булдаков, Ресей халық әртіс Н. Микрюковалар жұмыс жасады. ҚР еңбек сіңірген әртісі Н. Штоколова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері В. Злобин, жетекші актерлер Т. Федоренко, И. Немцев, И. Городкова, Л. Пекушева, Г. Турчина, О.Цветковалар қазіргі театрдың бетке ұстар актерлері. Театр тарихында республиканың халық әртісі В. Борисовтың есімі ерекше орын алады, ол кісі 1961 – 1997 жылдары театр директоры болған, театрдың дамуына үлкен үлес қосқан азамат еді. Театрда көптеген талантты суретшілер қызмет жасады: КазССР-дің еңбек сіңірген әртістері Н. Белкин, А. Алмазов, Д. Крейн, А. Щербина, В. Вильчинский, Ю. Назаров, П. Томиловский, О. Писаренко. Соңғы жылдары театр Қазақстанның және Ресейдің атақты режиссерлерімен жемісті жұмыс жасайды, олар: ҚР еңбек сіңірген қайраткері А. Оразбеков және И. Гонопольский, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері Д. Горнико және т.б.

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры

Қарағанды қ.. Бұқар жырау даңғ., 32/2

1973 жылы құрылған Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры облыс теартрлары арасында ерекше орынға ие республика бойынша жалғыз театр болып табылады. Театр бастауы болып сахынаның қас шеберлері, театрда ширек ғасыр бойы жұмыс жасаған: Ресей халық әртісі И.Войнаровский, ҚР халық әртісі және РФ еңбек сіңірген әртісі Н.Симоновалар болды. Б.Каркач, В.Злыгарев, И.Трунов, В.Воробьев, Е.Моканова сынды ҚР еңбек сіңірген әртістері театрдың өркендеуі мен дамуына зор үлестерін қосты. Құрылғанына 40 жылға тақаған театрдың репертуарында 195 астам қойылымдар бар, олардың ішінде дуниежүзілік калссикалық опереттаның інжу маржандары, заманауи қойылымдар: И. Кальманның «Баядера», «Сильва» және «Марицасы»; И.Штраустың «Цыған барон» мен «Жарқанаты»; Ф.Легардің «Көңілдісі»; Г.Гладковтың «Проделки Ханумы»; «Собака на сене» және т.б. бар. Театрдың репертуары тек қана классикалық опереттаның інжу-маржандарынан тұрмайды, театр заманауи тенденцияларға сай мюзилдардың да қойылымдарын жасап жүр. Театрдың жанында «Буратино» атты бойшаң қуыршақтар театры жұмыс жасайды. ҚР еңбек сіңірген қайраткері , халықаралық конкурстардың лауреаты А.Ибраев, ҚР еңбек сіңірген әртісі В.Сухов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Н.Мельникова, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері Е.Ломоносова, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының иегері және халықаралық конкурстарадың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Е.Филинкова сынды сахна саңлақтары топқа жетекшілік етеді.

С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры

Жезқазған қ, Сатпаев к., 1

1972 жылы құрылған С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының репертуарында 100 ден астам қойылым бар. Сахнасында ҚР халық әртісі Д.Жанботаев, ҚР еңбек сіңірген әртістері Т.Рахишева, С.Булгакбаев, әртістер А.Шоманов, З.Абдрасилова, Р.Ибраева, Д.Кенжеев сынды талантты актерлер өнер көрсеткен. Театр Каир қаласында өткен I Дүниежүзі театрлары фестиваліне қатысқан (1993ж.), Үш рет республикалық театрлар фестивалінің Гран При жүлдесін жеңіп алған. Ұжым жаңашылдықтан қорықпайды, сонымен қоса, бағзыдан келе жатқан дәстүрді жоғалтпай сақтап келе жатқан өз қолтаңбасы бар өзгелерден ерекше орынға ие театр.

Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры

Теміртау қ., Республика даңғ., 138

1989 жылы неміс театрының Алматы қаласына көшуіне байланысты сол театрдың базасы ғимаратында құрылған. Ертеректе бұл ғимаратта Теміртау қаласының Металлургтары мәдениет үйі болған, Темиртау Академиялық музыкалық театры Қарағанды қаласына көшпей тұрып осында орналасты, одан соң Неміс драма театры болды, кейінннен 1989 жылдан бастап Теміртау балалар мен жасөспірімдердің театры болдып бекітілді. Театрдың ашылу мақсаты Теміртау қаласының театрлық мәдениетін сақтау болды, театр Қарағанды обысының жас көрермендеріне арналып ашылған. Ең алғашқы театр маусымы 1990 жылы 24 қарашасында О.Петрушевскийдің «Чемодан чепухи» атты спектаклімен ашылды. Алғашқы театр маусымында келесі спектакльдер көрсетілді: «Чемодан чепухи», «Ай, да братец кролик», «Без вины виноватые», «Птица горлица», «Маленькие трагедии». Театр бастауында: Авраменко В.М., Иванцев С.В., Корастелева Н.А., Каширина Н.Г., Кашуро А.С., Мальцева Н.В., Маскалюк М.Н., Немирович-Данченко Б.Г., Сытина Н.К., Саканцев И.П., Шор Н.Я., Кругель А.А.сынды актерлер тұрды. Театрдың аяққа тұруына зор еңбек жасаған: Корастылев В.Н. – 1989-1993ж.ж.(театр директоры ); Юн С.П. – 1995-2004ж.ж.( театр директоры) ;Синин Ю. – 1989-1994ж.ж.;(бас режиссёр) Соколова Е.А. (бас режиссердің м.а.) – 2002-2004ж.ж, Долиненко М.М (бас режиссёр 2004- 2009 ж.ж.) Бас суретшілер:1989 – 1991 ж. Осипенко А.И., 1991 – 1993 ж. - Синицина Л.А., 1994ж.бастап осы кезге дейін Скокова Л.П 1991 - 2011жылдар аралығында театрда 120 астам спектакль қойылған. Театрдың ағымдық репертуарында 24 спектакль бар. Қойылымдар балалар, классикалық, заманауи, шет ел және қазақ драматургиясы негізіндегі шығармалар. Жылына театр 220 спектакль береді. Театр құрылғалы бері Республикалық және шет елге гастрольмен, талай фестивальдарға қатысып қайтқан. Театрдың жетістіктері мен жеңістері: Бірінші Республикалық комедиялық блиц-фестиваль 2001ж. (Алматы қ.) – үшінші орын және «Сахна өнеріне деген іңкәрлік пен батылдығы үшін» арнайы сыйлығы, VII Халықаралық фестивалінде «Бүгінгі классика» 2008ж. (Украина, Днепродзержинск қ.) – А. Куприннің повесі бойынша «Ор» қойылымы үшін «Әйелдер актерлік ансамбінің толымдылығы үшін» фестиваль әділ қазы алқасының арнайы сыйлығы. Специальный диплом жюри VIII «Бүгінгі классика» Халықаралық театрлар фестивалінің әділ қазы алқасының арнайы «Үдемелі шығармашылық өсу мен көрермендерге жаксы көңіл күй сыйлағаны үшін» дипломымен 2011 жылы по пьесе Ж.Б.Мольердің «Тартюф» пьесасы бойынша қойылған спектаклі марапатталды. В 2007 жылы театр 15 Республикалық театрлар фестивалінде М.Н. Маскалюктің «Бирюзовое колечко» атты қойылымы үшін ҚР театр қайраткерлері кеңесінің арнайы сыйлығымен марапатталған.

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік

Қарағанды циркі ғимараты

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік 1938 жылы құрылған Қарағанды мемлекеттік филармониясы базасы негізінде ашылған. В 1990жылы филармонияға Қазақ ССР әртісі, атақты орындаушы Қ. Байжановтың аты берілді. П.Яновицкий, Я.Симоновский сияқты жетекші мамандар филармония атын шығару үшін талай шығармашылық күш-жігер мен талантын жұмсады. 72 жыл шығармашылық еңбек жолында ұжым республика деңгейіндегі аса ірі және атақты концерттік бірлестік болып қалыптасты. Көп жылдар бойы бірлестікте ҚР еңбек сіңірген қайраткері З.Мейрамбеков жетекшілік етті. Концерттік бірлестікте: Тәттімбет атындағы қазақ ұлттық аспаптар академиялық оркестрі, симфониялық оркестр, джаз оркестрі, «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі, «Аққу» фольклорлы-хореграфиялық ансамблі, «Әуен», «Мерей», «Арай» жеке орындаушылар ансамблдері сияқты ұжымдар жұмыс жасайды. Бұл ұжымдардың әртістері тек қана көрермен ықыласына ие болып қана қойған жоқ, олар бірнеше рет республикалық және халықаралық конкурстар марапатына да ие болған. Тәттімбет атындағы қазақ ұлттық аспаптар академиялық оркестрі 1988жылы құрылды. Г.Болтаева сияқты ҚР еңбек сіңірген әртісі, П.Ташимов, Б.Смагулов, М.Ибраева, К.Габделов, А.Оспанханов, Ж.Касымова, К.Бакраев, С.Рахимгалиева сияқты рспубликалық конкурстар лауреаттары жұмыс жасайды. 1992 - 2005 жылдар аралығында СССР-дің халық әртісі ,ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Шамғон Сағадинұлы Қажығалиев басшылық етті. Қазіргі кезде шығармашылық жетекші және бас дирижер болып Ерлан Бахтыгерей жұмыс жасайды. В репертуаре оркестра бОркестр репертуарында 700 астам қазақ халық композиторларының, орыс және әлем классикасы, заманауи авторлардың шығармалары бар. Оркестр АҚШ, Чехия мен Словакияға, Иран, Ирак, Түркия, Оңтүстік Корей, Швейцария жән ТМд-ның көптеген елдеріне сәтті өнерсапармен барып қайтты. 2000 жылы оркестірге «академиялық» деген атақ берілді. Симфониялық оркестр 1983жылы құрылды. Әр жылдары ұжым шеберлігін Н.Клинов, В.Норец, С.Ферулев Т.Абдрашевтай атақты дирижерлер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері К.Ахметов шыңдай түсті. Қазіргі кезде оркестірдің жетекшісі БүкілРесейлік конкурстардың лауреаты, талантты дирижер П.Грибанов. Талай жылда оркетр репертуары ғана емес, құрам сапасы да өзгерді.Симфониялық оркестр базасында «Шындауыл» атты шекті квартет пен ұрмалы аспаптар ансамблі сәтті жұмыс жасауда. 1994 жылы құрылған джаз оркестрі халықаралық джаздық музыка фестивальдарының лауреаты. 2002 жылдың мамыр айында Лисаковск қаласында оркестр халақаралық конкурста Гран При жүлдесін жеңіп алды. Ұжымның шығармашылық жетекшісі және дирижері – И.Андрейченко. «Акку»фольклорлық-хореографиялық ансамблі 1993 жылы құрылды, ансамбль республикалық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Фрибург қаласында өткен XXXI Халықаралық фестиваліне қатысқан (Швейцария), ұжым біреше рет өнерсапармен Франция, Германия, Австрия, Оңтүстік Корей, Ирак елдерінде өнер көрсетіп қайтқан. «Ауен» и «Мерей» ансамбльдерінің құрамында концерттік бірлестіктің жеке орындаушылары – Ш.Қалдаяқов атындағы халқаралық әншілер конкурсының лауреаты,Қазақстан жастары кеңесінің сыйлығының лауреаты Ж.Кемалов, республикалық конкурстардың лауреаты С.Мұсайын, Ж. Елебеков атындағы республикалық конкурсының лауреаты Д.Аркенов, «Шабыт»халықаралық жастар фестивалінің лауреаты Гульмира Жукупбаева, Республикалық конкурс лауреаттары Е.Хасанғалиев, Е.Найманбай және Г.Серікова, Монғол Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның өнер қайраткері Меруеш Башай жұмыс жасайды.

Цирк

Қарағанды қ., Комисаров к., 45

Қарағанды циркі алғаш рет көрермендеріне 1983 жылдың 14 ақпанында есігін айқара ашты. Бірақ, оның құрылысы ертерек 1975 жылы басталған. Толықтай мәрмар тастан салуға жеті жыл уақыт кеткен. 2982 жылдың қарашасында ғана ғимарат пайдалануға берілді. Цирк жергілікті архитектор Александра Георгиевич Бойковтың жобасы негізінде дүниеге келді. Цирктің бір есте қаларлық дүниесі – цирк шатырына 2004 жылы орналастырылған 4 метірлік «шар үстіндегі қыз бала» скульптурасы.

«Шалқыма» концерттік залы

Қарағанды қ., Костенко к., 7

Архитектура және қалақұрылысы ескерткіші. «Шалқыма » концерттік залынан 1939 жылы Қарағандыда жасақталған әскери бөлімшелер майданға аттанған. Архитекторлары: Калмыков пен Ритт

Кеншілер мәдениет сарайы

Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғ., 32

Кеншілер мәдениет сарайы – Қарағандының басты құндылықтарының бірі. 1940 жылы салынып бітіп, 1952 жылы пайдалануға берілген. Бұнда барлық маңызды мерекелер тойланады. Сарай үш көлемнен тұратын симметриялық композициядан тұрады. Орталық аудан театр кешенінен — 1000 орындық көрермен залы , вестибюль, жоғарғы және төменгі фойе, төменгі және жоғарғы бүйір кулуарлардан тұрады. Сарайдың негізгі кіре берісі үшсызықтық симметриялық композициядан тұрады. Антаблемент алты скульптурамен безендірілген: шахтёр, құрылысшы, қозы ұстаған қойшы, бидай масақтарын ұстаған колхозшы, домбыра ұстаған ақын және жауынгар бейнелері бой түзеген.

КГКП Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы»

Қарағанды қ, Алаш к., 3

1973 жылы құрылған Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы көрермендерін талантымен қуантып, шығармашылық жұмыспен айналысатын ҚР еңбек сіңірген әртісі Г. Мухамедин жетекшілік ететін «Ән көңілдің ажары», ҚР еңбек сіңірген әртісі Б.Кушенов жетекшілік ететін - «Жез киік» , ҚР еңбек сіңірген әртісі С. Оспанова жетекшілік ететін «Жез әуен», Байбосыновтар отбасылық ансамблі ұжымдары жұмыс жасайды. Бұл ұжымдар белсенді шығармашылық жұмыспен айналысады,шалғай ауыл тұрғындары арасында және қалалы жерлерде өз бағдарламалық концерттерін беріп тұрады.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы

Қарағанды қ., Ерубаев к., 44

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы 1934 жылы облыстық деген статус алған қалалық кітапхана базасы негізінде 1938 жылы ашылды. Кітапхананың құрылуы мен дамуы Қарағанды көмір бассейні мен Қарағанды қаласының ашылуы мен дамуымен аса тығыз байланысты. Облыс пен қаланың социалды-экономикалық инфраструктурасының дамуы кітапхананың да дамуына ықпалын тигізді. Диссертациялық авторефераттар мен өлкетану және периодикалық басылымдар қызметімен қалалық деңгейдегі кітапхана облыстық деңгейге жетті.Қазіргі кезде кітапхана оқырмандарына кітапхананың 12 құрамдық бөлімшелері қызмет көрсетеді.Кітапханада қазақ тілін оқыту орталығы, құқықтық ақпарат орталығы, Америкалық ақпараттық-ресурстық орталық, оқу орталығы, «Жыр-Жауһар»поэтикалық клубы, «Литературная Гостиная», «Вива, Лингва!»ағылшын тілінің ауыз екі сөйлеу орталықтары және т. б. клубтық бірлестіктер жұмыс жасайды. 1997жылдан бастап кітапхана ісінің барлық бағыттары бойынша жаңа ақпараттық технологиялар енгізілген: автоматтандырылған кітапты тіркеу және штрихкод бойынша кітап беру енгізілген, пайдаланушыларға виртуальді қызметтер көрсетіледі. АБИС форматы барлықбасты кітапханалық процестерді автоматтандыруға жағдай жасайды, сараптау, берілген ақпаратты электронды форматта сақтауға жағдай жасайды. Кітапхананың ең негізгі ақпараттық ресурсы болып Электронды каталог болып табылады. Электронды берілгендер базасы 270,6 мыңнан астам библиогрфиялық жазбалардан тұрады. (БЖ). Цифрлық ресурстар интеграциясы мен оларға еркін қол жетімді болуы - «Қарағанды: адамдар, оқиғалар, фактілер» атты толықмәтіндік базасы негізінде жасалған «Сарыарқа» электорнды кітапханасының негізіне енген. Электронды кітапханада Қарағанды қаласы мен облысының тарихын айғақтайтын материалдар, атаулы оқиғалар, әр жылдары облыс аумағында болған оқиғалар, облыс пен қала дамуына орасан үлес қосқан азаматтар жайлы материалдар жинақталған.Қазіргі уақытта электронды кітапханада 6000 тарта pdf- кітап пен мақала тіркелген. 2008 жылдан бастап кітапхана « Мемлекеттік электронды кітапхана қоры – Қазақ Ұлттық электорндық кітапхана» жобасына қатысушы. Цифровая коллекция «Сарыарка»цифрлық коллекциясы Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасының құрамдас бөлңгңне айналды. Қазіргі кезде Қарағанды облысы бойынша 38 толықмәтінді өлкетану басылымдары көрмеге қойылған. Кітапхана әр түрлі жобалар мен бағдарламалар жасап енгізіп отырады, соның ішінде : «Модельді ауыл кітапханасы»жобасы бар.Ұжым «Ауыл кітапханашылары форумы», «Оқуды қолдау конгресі», «Астанадағы кітапханашылар салюті!» Республикалық фестивалі, жас кітапханашылар форумы және т.б. ірі шығармашылық жобалардың ұйытқысы болып табылады. Кәсіби байланыстар даму үстінде. Кітапхана – Қазақстан кітапханалары ақпараттқ консорциумының, Қазақстанның корпоративтік каталогизациясы орталығының, ҚР Кітапханалық Ассоциациясының мүшесі. Кітапхана қызметкерлері «Қазақстанның кітапханалық астанасы»атты барлық республикалық және халықаралық конференциялар мен семинарларының қатысушысы: Бас конференциялар ИФЛА (Пекин,1996), (Берлин, 2003), Сеул (2006), Милан (2009), Халықаралық Қырым конференциясы (1998, 2005, 2007, 2008, 2010) Халықаралық конференция «LIBCOM-2005», «Электронды кітапханалар» Халықаралық семинары (Түркия,2004, Тунис,2007), Халықаралық конференциялар «Ыстық көл – 2003,2007,2011)», АҚШ-ның, (2000, 2006,2012), Германияның(2003, 2004) және Францияның (2003, 2004, 2005) аса ірі кітапханалары мәдени бағдарламалар шеңберінде қызықталды.

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды жасөспірімдер кітапханасы

Қарағанды қ., Ержанов к., 8а

Облыстық жасөспірімдер кітапханасы 1976 жылы Қарағанды қалалық халық депутаттары атқарушы комитетінің шешімімен жастарға рухани тәрбие беру мақсатында құрылды. 2001 жылы кітапханаға Жайық Қагенұлы Бектұровтың аты берілді. Ж. Бектұровтың мұражайы кітапханаға ерекше мән береді. 12 декабря 2001жылдың 12 желтоқсанында жазушының мемориалдық кабинет-мұражайының ашылу салтанаты болды, онда «Жұмыс кабинеті» атты экспозициясы мен толықтай жазушының жеке кітапханасынан тұратын оқу залы бар. Кітапхана өз бағдарламасымен жұмыс жасайды. 1998 жылдан бастап электронды каталог жасалған. Ақпараттық ресурс орталығы пайдаланушыларына «Достық» ақпараттық-анықтамалық қоры, ақпараттық-құқықтық жүйе «Параграф», «Заң» берілгендер базасы , дәстүрлі емес ақпарат тасымалдаушылар қоры(СD-romов), досье-папкалар,сондай-ақ Интернет арқылы электронды ақпараттық ресурстарға қолжетімділік. 1996 жылдан бастап кітапханада облыс бойынша жалғыз жастардың «БОТА» зияткерлік орталығы жұмыс жасайды, оның мақсаты жастардың бос уақытын зияткерлікпен қамтуды ұйымдастыру және соған үгіттеу болып табылады.Орталық шеңберінде «Жас азамат» дискуссиялық клубы жұмыс жасайды, әдеби салон «Қазына» (2008 ж. on-line бойынша жұмыс жасайды), зияткерлік ойындар жүйесі. Кездесулер, дискуссиялар, талқылаулар, on-line бойынша конкурстар жастар арасында дәстүрлі жұмыс жасау формасына және кітапхананың өзіндік ерекшелігіне айналды. Кітапхана: халықаралық (Ресей Федерациясы, Украина, АҚШ), республикалық (мысалы, Қазақстан кітапханаларымен интернет-акциясы«Тәуелсіздік шыңдары» - (2011ж.)конференцияларға қатысты, областық (Балхаш қ.), аудандық (Қарқаралы) видео-интернет-конференцияларды өткізуге мұрындық болды. 2010 жылдан бастап «Қазақстан-Қарағанды»телеканалынан кітапхана мен телеарнаның бірлескен жобасы «Жаңғырық»атты жастарға арналған зияткерлік ойын- сайыс бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ойынға Қарағанды облысы мен қаласының жоғары сынып оқушылары мен білім беретін мекемелердің студенттері қатыса алады. Эфирга 20 дан астам әр түрлі оқиға-даталарға қатысты, Қазақстанның бүгіні мен өткенініне қатысты ойын шығып үлгерген.

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы

Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғ., 30

Кітапхана 1953 жылы қалалық балалар кітапханасы базасында ұйымдастырылып, №1орта мектептің кішкене ғана бөлмесінде орналасты. 1954 жылы кітапханаға қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың аты берілді. Когда библиотека начинала свою деятельность было всего Кітапхана өз жұмысын енді бастағанда небары 6 мың оқырман, 13 мың дана кітап болған.Алғаш ашылған күннен бастап кітапхана Қарағанды балаларының сүйікті орнына айналды. Қазіргі кезде оқырман саны 17 мыңнан астам, кітап беру 357 мың, кітап қоры 200 мың дана. Кітапхана тәжірибесінде маңызды болып жаңа ақпараттық технологиялар мен кітапхана-библиографиялық үдерісіндегі автоматтандыру жүйесінің енгізілуі болып табылады. Оқырмандарды тарту мақсатында кітапханада клуб пен үйірмелер: 0-4 сынып оқушыларына арналған «Ақылды кітап, қағаз бен қарындаш» ; өнерге қызығушылықтары барларға «Өнер мен Өрлеу»; қазақ тілін үйренем деушілерге «Кел, қазақша сөйлесейік» жұмыс жасайды. Абай шығармашылыған дамыту мен шығармаларын зерттеу мақсатында «Абайға жол» атты клуб жұмыс жасайды. Кітапхана балалр үйлері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Жыл бойы кітапхана балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мақсатында және басқа да оқырмандарды тарту мақсатында әр түрлі танымдық, ойын формасындағы, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ісшаралар өткізіп тұрады. Бұл шаралар оқырмандарды қоғамда өзін өзі ұстай білуге, араласу ортасының кеңеюіне, жаңа достар табуына үлкен әсер тигізеді.

Каталог: files -> chinovnik
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
chinovnik -> Конкурс по избранию членов рабочей группы по формированию Общественного совета города Шахтинска
chinovnik -> Северо-Западный кентін 2015 жылы әлеуметтік – экономикалық дамытуды
chinovnik -> Хит парад новинок за ivквартал 2015 год Мінез-құлық әліппесі
chinovnik -> Бейбітшілік көшесі, 19 үй
chinovnik -> Қазақстан Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі
chinovnik -> Қоскөл ауылдық округінің әкімі А. С. Бекетовтың 2016-жылы атқарылған жұмыстары бойынша қорытынды есебі Құрметті ауыл тұрғындары! Слайд 1
chinovnik -> Құрметті, Хамит Нұрланұлы, жиынға қатысушы қонақтар, ауыл тұрғындары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет