Қарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы мен жағдайы туралы баяндама Кіріспе


Тұрақты даму, адами ресурстардың дамуы мен халық тұрмысының сапасын арттыру



бет3/10
Дата08.07.2017
өлшемі1,75 Mb.
#20788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тұрақты даму, адами ресурстардың дамуы мен халық тұрмысының сапасын арттыру

  1. Демография және көші-қон

2006 жылдың 1 қаңтарына Қарағанды облысы халқының саны 1334.4 мың адамды, ал 2007 жылдың 1 қаңтарына – 1339.2 мың адамды құрады. Бір жылда халықтың жалпы өсімі 4,8 мың адамды құрады.

Облыс халқының көші-қон өсуі 2006 жылы 1535 адамды құрады, оның ішінде халықаралық көші-қон 1238 адамды және республикалық көші-қон сальдосы – 297 адамды құрады.

Көші-қон ауысуыларына облыс ішінде 2006 жылы 18448 адам қатысты.

2006 жыл шамасында облыс аумағында 2077 оралмандар отбасы, 5771 адам келді.

2007 жылдың 1 қаңтарына облыста 9514 оралмандар отбасы тұрады, барлығы 35794 адам, оның ішінде 18583 адам еңбек ету жасында, оның ішіндегі 14721 оралманның тұрақты жұмысы бар және өздерін жұмыспен қамтыған, бұл 79.2 пайызды құрайды.

2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста жұмысқа орналастыру мәселесімен келген 968 оралманның 829 жұмысқа орналастырылған, бұл 85.6 пайызды құрайды.

2006 жыл шамасында жұмыссыздар ішінен кәсіптік оқыту мен біліктілігін артыруға – 90 адам жіберілген, қоғамдық жұмыстарға оралмандар ішінен 301 адам қатысқан.





      1. Еңбек ресурстары

2006 жылы орташа республикалықпен салыстырғанда экономикалық ынталылық біраз жоғары – 70,1 пайыз (республика бойынша 69,7). 2006 жылы экономикалық ынталы халық саны 3,4 мың адамға артты және 740,7 мың адамды құрады (2005 жылы – 737,3 мың адам).

2006 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,9 пайыз шегінде болды, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен. Республика облыстарының ішінде бұл ең төмен.

Жұмыссыз халық санының ақырындап азайғаны байқалады. 2006 жылы бұл көрсеткіш 0,3 мың адамға төмендеген және 51,1 мың адамды құрады (2005 жылы – 51,4 мың адам).

Облыс экономикасында 689,6 мың адам жұмыс істейді, бұл 2005 жылғы – 685,9 мың адамнан 0,5 пайызға көп. Облыстың еңбек ресурстары көбіне жалдамалы еңбекпен жұмыс істеушілерде. Осылайша, 2006 жылы жұмыс істеушілер саны үлесінен 73,4 пайызды (505,6 мың адамды) құрады, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа көп. Қалған бөлігі 26,7 пайыз (184,0 мың адам) өздерін-өздері жұмыспен қамтушылар, олардың үлесі жұмыс істеушілер санынан 0,2 пайыздық тармаққа азайған (2005 жылы 26,9 пайыз).

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылған халық құрылымы 2006 жылы қызмет көрсету салаларының көбірек алуымен сипатталады (сауда, автомобиль жөндеу, тұрмыстық заттар мен бұйымдар; мейманханалар мен ресторандар; көлік және байланыс және басқа қызмет көрсету түрлері) – 53,6 пайыз. Құрылыс саласында жұмыс істеушілердің 2,5 пайызға көбейгені байқалады және олардың саны 2006 жылы 28,7 мың адамды құраған (2005 жылы 28 мың адам). Ауылдық, ормандық және балық шаруашлыығындағы жұмыс істеушілер саны 2005 жылмен салыстырғанда 1,1 пайыздық тармаққа төмендеген және 2006 жылы 26,8 мың адамды құраған. Өнеркәсіпте жұмыс істеушілердің үлес салмағы 2006 жылы 26,1 пайызды құрады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға төмен. Облыстың еңбек нарығында көрсеткіштердің жақсаруына Халықты жұмыспен қамту облыстық бағдарламасын іске асыру көп ықпал еткен.

Осылайша, облыс бойынша тіркелген жұмыссыздар саны үлесінің азаю тенденциясы байқалады. 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 39,7 пайызға азайған және 3292 адамды құраған (2005 жылы – 5466 адам). Тіркелген жұмыссыздардың 70,4 пайызын әйелдер құрайды, 22,3 пайызын ауыл тұрғындар, 11,4 – жастар құрайды.

2005 жылыдң осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда белгіленген жұмыссыздар деңгейі 0,3 пайыздық тармаққа төмендеген және 0,4 пайызды құраған.

Облыста 21,1 мың жаңа жұмыс орны немесе жоспарда қарастырылғаннан 128,9 пайыз. Жаңа жұмыс орындарына орналасқандар 12,3 мың жұмыссыз немесе 58,6 пайыз, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 1,3 пайыздық тармаққа жоғары.

2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жұмыс берушілер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне 4132 бос жұмыс орнына тапсырыс берген.

Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2006 жылы 37,5 мың жұмыссызды жұмысқа орналастырған. 2006 жылы жұмыспен қамту мәселесі бойынша келген азаматтар санынан жұмысқа орналасқан жұмыссыздар үлесі 90,8 пайызды құрады, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 3,1 тармаққа жоғары (88,1 пайыз).

2006 жылы кәсіптік оқыту мен қайта дайындауға 4144 жұмыссыз жіберілген. 2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 4106 адам оқуын бітірген, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 4013 жұмыссыз немесе 97,7 пайызы жұмысқа орналасқан. Оқуларын аяқтаған соң жұмысқа орналасушылар үлесі 3 пайыздық тармаққа 2005 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда – 94,8 пайыз артқаны байқалады.

Қоғамдық жұмыстарға 13,1 мың жұмыссыз қатысқан, оның ішінде 3287 адам селолық жерлерде тұратын адамдар, бұл қоғамдық жұмысқа қатысушылардың жалпы санынан 25,1 пайызды құрайды. Облыста қоғамдық жұмысқа қатысқаннан кейін жұмысқа орналастыру мониторингі өткізіледі. 2006 жылы жұмыспен қамту органдары қоғамдық жұмыстан кейін жұмысқа 8,8 мың немесе 67,7 пайыз жұмыссызды орналастырған. 2005 жылы қоғамдық жұмыстан кейін жұмысқа орналасқандардың үлесі 55,7 пайызды құрады.

Жастар мен оралмандарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. 2006 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері 16 дан 29 жасқа дейінгі 17,4 мың жас адамды жұмысқа орналастырған, бұл өтінішпен келген жастардың 92,9 пайызын құрайды. Қоғамдық жұмыстарға 4,2 мың адам қатысты, кәсіптік оқытуға 2,8 мың адам жіберілді, өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтуға 206 жас адам материалдық көмек алған.

2006 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келген оралмандар саны 968 адамды құрады (2005 жылы -793 адам). Жұмысқа 829 адам немесе өтінішпен келген адамдардың 85,7 пайызы орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 301 адам қатысты, кәсіптік оқытуға 90 адам жіберілді, өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтуға 70 оралман материалдық көмек алды.

Жұмыспен қамту саласында халықты әлеуметтік қорғау бойынша қосымша іс-шаралар көрсетілуде. Өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтуға 772 жұмыссызға материалдық көмек берілді. Нысаналы топтардан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін 268 әлеуметтік жұмыс орны құрылды.

Еңбектің ішкі нарығын қорғауды реттеу үшін департамент шет ел жұмыс күшін әкелуге рұқсат береді. 2006 жылы 339 шет ел мамандарын Қарағанды облысына әкелуге 33 рұқсат берілген. 01.01.2007 жылғы жағдай бойынша облыс аумағында 24 ұйымда 84 шет ел маманы өз еңбектерін іске асырды. Шет ел жұмыс күшін әкелетін ұйымдарда 49528 қазақстан азаматтары жұмыс істейді, қазақстан азаматтары үшін 554 қосымша жұмыс орны құрылды, 138 қазақстандық жұмыскер қайта оқытылды.

Мамандарға сұранысты анықтау және болжамдау мәселелерін қарау үшін облыста Үйлестіру кеңесі құрылды, оның құрамына атқарушы органдар өкілдері, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың өкілдері кіреді.

01.01.07 жылғы жағдай бойынша 965 ұйыммен ұжымдық шартқа отырылды, 951 кәсіподақтық ұйым әрекет етеді. 2005 жылмен салыстырғанда ұжымдық шартқа отыру 20 артқан, бұл жағдайда 14 шартқа кәсіптык одақ құрылмай еңбек ұжымдары қол қойған.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын игеру 223,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде қоғамдық жұмыстарға – 178,9 млн. теңге, жұмыссыз азаматтарды оқыту мен қайта оқытуға 16,6 млн. теңге, жұмыспен қамту саласында халықты әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларға – 27,8 млн. теңге жіберілген.

2007 жылдың 1 тоқсанында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 7414 жұмыссыз адам жұмысқа орналасқан, жұмысқа орналастыру мәселесімен келген адамнан 89,7 пайыз. Қоғамдық жұмыстарға 2734 жұмыссыз қатысқан, оның ішінде тұрақты жұмысқа 911 адам немесе 33,3 пайызы орналасқан. Жыл басынан бері кәсіптік оқыту мен қайта оқытуға 655 жұмыссыз азамат жіберілген. 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша оның ішінде 368 адам оқуын аяқтаған, 366 немесе 99,5 пайызы жұмысқа орналасқан.

Нысаналы топтардан шыққан жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін облыстың жұмыс берушілері 145 әлеуметтік жұмыс орнын құрған.

Өз істерін ашуға және өздерін-өздері жұмыспен қамтулары үшін 30 жұмыссызға, оның ішінде 22 әйел мен 29 жасқа дейінгі 6 жұмыссыз адамға материалдық көмек берілді.

Жастар арасынан 3655 адам немесе өтінішпен барған жастардың 91,7 пайызы, оралмандардың – 140 немесе өтінішпен барғандардың 97,9 пайызы жұмысқа орналастырылған.

Жалпы облыс бойынша белгіленген жұмыссыздық деңгейі экономикалық ынталы халықтың 0,5 пайызын құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 0,6 пайыздық тармаққа төмен (2006 жылдың 1 сәуіріне – 1,1 пайыз).



      1. Гендерлік даму

1.Қоғамдық-саяси өмірде гендерлік теңдікке жету мақсатында:

2006 жылдың маусым айында облыс әкімінің өкімімен Қарағанды облысы әкімінің жанындағы отбасы мен әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссия Қарағанды облысы әкімінің жанындағы отбасы ісі мен гендерлік саясат жөніндегі облыстық комиссия болып қайта құрылған. Біржола комиссияның жаңа құрамы бекітілді;

Облыс әкімдігінің 26.12.2006 жылғы «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын» Қарағанды облысында іске асыру бойынша2007-20008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» № 28/04 қаулысы әзірленген және бекітілген;

Барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыруға жауапты қызметкерлер анықталған;

«Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері» заңының жобасын жалпылай талқылау ұйымдастырылған, сонымен қатар оны аймақта қоғамдық және ҰСҰ қатысуымен талқылауға бірқатар дөңгелек үстелдер өткізілген;

сайлау лауазымдарына үміткерлерді жылжытуға гендерлік жүйені ендіру мәселесі бойынша «Нұр-Отан» саяси партиясының активтерімен кездесу өткізілген. Қазір «Нұр-Отан» партиясының қатарын облыстың 52 пайыз әйелдері құрайды.

қалалар мен аудандар әкімдеріне облыстың 30 аудандары мен қалаларында әкімдерді сайлауға хат жіберілді. Әкімдерге алдағы болатын сайлауға қатысқылары келетін әйелдерді қолдауға ұсыныс берілді;

облыстық әйелдер көшбасшысы жүйесі құрылды, оған 7 қолданыстағы орталық пен мектептердің жұмысын құрайтын 6 ҰСҰ кіреді, оның ішінде 3 Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларының халықаралық ұйымдарына ықпал етумен құрайды.


  1. Экономикада гендерлік теңдікке жету мақсатында :

ЮНИФЕМ қолдауымен «Status» ОО бірлесіп «Гендерлік бюджетке қоғамдық кеңес» жобасы іске асырылды, оның төңірегінде 3 күндік бағдарлама әкімшілері – облыстық департаменттер, «әлеуметтік мекемелер, ҰСҰ басшылары, мәслихат депутаттары ҚР Президентінің жанындағы отбасы мен гендерлік саясат істері жөніндегі Ұлттық комиссия Хатшысы меңгерушісінің орынбасары Р.Наутбекованың қатысуымен (әрі қарай – Ұлттық комиссия) семинар-тренинг өткізілді. Астана қаласында республикалық семинардың қорытындысы бойынша кедейшілікпен күресу Аймақтық бағдарламасын іске асыру бойынша Қарағанды облысының есеп беруі тыңдалды;

«Селодағы өзін-өзі басқарудағы - әйелдер басшылығының әдеттері» тақырыбы бойынша Осакаров, Нұра, Ақтоғай, Шет аудандарында семинар-тренинг өткізілді. Семинардың қорытындысы бойынша 8 әйелдердің ынталы тобы құрылды, олардың қызметтері құқықтарын іске асыруға, жастар мен әйелдердің жұмысқа орналасуы мен әлеуметтік қорғалу проблемаларын шешуге бағытталған. ҰСҰ селолық жерлерде құру үшін бұл ынталы топқа «Облыстық шағын кредиттік орталық» ШКҰ ОФ арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс төңірегінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі арқылы гранттар берілді;

«Әйелдер және адам құқығы» жобасының төңірегінде «Сарыарқа әйелдері» ОО арқылы Европа комиссиясының қаржылық қолдауымен облыстың 9 ауылдық жерлерінде цикл семинарлар өткізілді.

Облыстық «Ақниет» акциясының төңірегінде Қаражал қаласында «Кәсіпкерлік қызметтердің құқықтық-экономикалық мәселелері» тақырыбына көшпелі оқыту семинары ұйымдастырылды.

Қарағандыда «Селоны дамытуға әйелдер бастамасы» республикалық конференциясын өткізу қамтамасыз етілді.

Халықтың әлеуметтік- қиын санаттарынан шыққан әйелдерді қолдауға 459 (барлығы 772) шағын кредиттер 14,2 млн. теңге сомасына берілді.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 8 әйелге өз істерін ашуға 78,1 млн. теңгеге кредит берді.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мониторингі өткізіледі, онда бизнеспен айналысатын әйелдер туралы мәлімет базасын құруға, кәсіпкер-әйелдердің көбірек белсенділігін экономика саласында анықтауға, даму ерекшеліктері мәселелеріне ықпал етеді.

Бизнес саласындағы әйелдер саны 2000 жылдан бастап салыстырғанда 5 есе өсті. Қазіргі күні облыста 8650 шағын және орта бизнес кәсіпорындары қызмет етеді, бұл шағын кәсіпкерлік субъектілерінде тіркелгендердің (37800) жалпы санынан 22 пайызды құрайды. Ауылдық жерлердегі кәсіпкер-әйелдер саны артуда (селолық кәсіпкерлердің жалпы санынан 22,7 пайыз);

Әйелдер үлесі облыс халқының жалпы санының 52,9 пайызын құрайды. Экономикалық ынталы әйелдер саны – халықтың экономикалық ынталы жалпы санынан 50,8 пайыз. Олардың экономикалық ынталы деңгейі 2006 жылы 74,8 пайыз ерлерге қарағанда 65,9 пайызды құрады.

Қазақстанның іскер әйелдері Ассоциациясының филиалымен бірлесіп облыстардың 31 өкілдері-әйелдер делегациясы Қазақстан іскер әйелдерінің Евразиялық Самитімен, облыс кәсіподағы Федерациясымен бірлесіп - Қазақстанның еңбеккер әйелдер Конгрессінде 25 әйел бар.




  1. Гендерлік білімді, құқықты және гендерлік сауат ашуды іске асыру мақсатында:

Стратегияның барлық бағыттары бойынша облыста жағдайға талдау әзірленген. «Қарағанды облысында 2000-2005 жылдарға арналған гендерлік статистиканың кейбір көрсеткіштері» жинағы шығарылды және барлық қалалар мен аудандарға жіберілді, «Қарағанды облысының ерлері мен әйелдер -2006» жинағын шығару жоспарлануда.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ гендерлік саясаты іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілер мен педагог қызметкерлер үшін оқыту бағдарламасы әзірленді.

Ұлттықкомиссия Хатшылығының сарапшысы Н.Мойсееваны шақырып «Гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру қарсаңындағы тең құқылық мен бостандық» облыстық конференциясы өткізілді.

Халықтың гендерлік сауатын ашу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұған масс-медиа көп көмек көрсетуде. Облыстық теледидар каналдарында «Іскер әйел», «Әйел ақиқаты», «Мама, сенің атың» ақпараттық бағдарламалар, «Сіз бен біз», «Свободный микрофон» ток-шоулары, «Орталық Қазақстан» газеті беттеріндегі «Сұлушаш» деген, «Индустриальная Караганда» газетіндегі «Гендерлік саясат» деген айдарлармен үнемі басылатын мақалалар.

Жыл қорытындысы бойынша «Новый вестник» газетінің бас редакторы В.Краус облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.



  1. Ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулықтарын нығайту мақсатында:

«Ана қауіпсіздігі және неотаналды күтім» және «Бала жасындағы сырқаттарға шоғырлану кіріспе» ВОЗ халықаралық бағдарламасы тиісті облыстың барлық мекемелеріне енгізілді;

2006 жылы денсаулық сақтаудың 7 жаңа объектісі енгізілді, оның ішінде «Облыстық перзентхана үйі» КМКК жанындағы 20 кереуеттік перинаталды бөлімше.

Облыс бойынша жалпы сырқаттардың тұрақтылығы байқалады (100 мың халыққа 57 500,0, ҚР бойынша – 57 865,2 ). Сәбилер өлімі 1000 тірі туған балаға 12,0 құрады (ҚР бойынша – 15,1). Аналар өлімі 38,5 құрады (ҚР бойынша – 44,3) .

Балаларды емшек сүтімен емізуді насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді.

Облыс бойынша барлығы 81 іс-шара өткізілді: жалпы 2390 адамды қамтыған ерлер мен әйелдер денсаулығын қорғау мәселелері бойынша тренинг-семинарлар, конференциялар өткізілді.

БАҚ репродуктивті денсаулық мәселелері, репродуктивті органдар сырқаттарының алдын-алу мәселелері жарияланды.
5.Жыныс белгісі бойынша қоғамдағы зорлықтың алдын алу мақсатында:
Тоқсан сайын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы іс әрекеттерді болдырмау, ондай адамдарды анықтау бойынша «Тұрмыс» оперативтік-пофилактикалық іс-шара өткізіледі.

БАҚ арқылы жұмыстар ұйымдастырылды. Осылайша, 2006 жылы әйелдерді зорлықтан қорғау мәселелері бойынша құықтық тақырыппен 934 баяндамалар ұйымдастырылды, оның ішінде 403 оқу орындарында, облыстың ұйымдары мен кәсіпорындарында – 446, БАҚ – 18 радио бойынша, 51 баспасөзде, 16 теледидар бойынша.

Қарағанды қаласында «Гендерлік ақпараттық-талдау орталығы» ОО базасында қамқорлыққа алу Кризис орталығы, Жезқазған, Теміртау қалаларында Кризистік қызметтері жұмыс істейді, олардың әрекеттері әйелдерді зорлықтан қорғауға бағытталған.

Балалар мен әйелдерге қарсы зорлықтың алдын-алуды ұйымдастыру мақсатында Облыстың ІІД әйелдерді қорғау бойынша 19 инспектор жұмыс істейді;

Облыс бойынша ҰСҰ бірлесіп 2006 жылы жалпы 2587 адамды қамтыған семинар-тренинг өткізілді, оның ішінде шет ел әлеуметтік жұмыстары тәжірибесі бойынша полиция қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
6.Отбасындағы гендерлік теңдікке жету, отбасын нығайту және отбасындағы тәрбие рөлін арттыруға жету мақсатында:

ҚР білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау жөніндегі Комитет өкілін шақырып балалар құқығын қорғау жөніндегі жұмыстарды жетілдіру мәселелері бойынша облыстық конференция өтті.

Отбасы рөлін арттыру бойынша жұмыстар мақсатты жолға қойылған: Халықаралық отбасы күніне облыстық комиссияның (03.05.06 ж. №9-9/150) ұсынысына сәйкес «Әлеуметтік және мәдени артықшылықтарды қамтамасыз ететін отбасы институтын нығайту» тақырыбы бойынша облыстық комиссия мүшелерінің, әділет бөлімдері, денсаулық сақтау, білім беру басшыларының, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған қалаларының, Осакаров ауданының ата-ана қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен 4 «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды.

Қарағанды қаласының Осакаров ауданында «ХХІ ғасырдағы отбасы» Форумы өткізілді. Көп балалы үлгілі отбасылары, оның ішінде 17 алыс селолық округтардан да құрмет көрсетулері өткізілді.

Сәтпаев қаласының Жезқазған кентінде «Мерей» балалар үйі мен Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері үшін «Жалғас» жасөспірімдер үйі ашылды.

Облыстың барлық спорт ұйымдарында «Әкем, шешем және мен – спортшылар отбасымыз» деген жарысу, «Біздің отбасы» суреттерінің көрмесі өткізілді. Бұл шараларды өткізу облыстың электрондық және БАҚ басылымдарында кеңінен жарияланды.

Бірқатар дәстүрлі іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне, Балаларды қорғау күніне, «Мектепке жол», «Ақ ниет», акциялары, зорлықтан қорғау Халықаралық күніне арналған іс-шаралар. Ослайша, Қаражал қаласында «Ақ ниет» қайырымдылық акциясының төңірегінде 30 аз қамтылған отбасына киім түрінде атаулы көмек көрсетілді, №1 ОМ сыйлық ретінде 10 компьютер тапсырылды, аз қамтылған отбасылар оқушыларына – оқу озаттарына қысқы каникул мерзімінде «Березка» санаторийіне; «Салют» туберкулезге қарсы балалар санаторийіне; тірек қимыл аппараттарында кемшіліктері бар балаларға, ақл-есі кем балаларға «Үміт» оңалту орталығына жолдама берілді. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ жеңілдік санатында оқитын Қаражал қаласының 4 студентіне оқуларына төлеуге көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп түлектері үшін «Лингва» тілдер мен аударма институтында 1 орын және институт колледжінде тегін оқуға 1 орын бөлінді.
7. Гендерді түсіну қоғамдық сананы дамыту мақсатында:

2006 жылға арналған НПО әлеуметтік-маңызы бар жобаларды орындау бойынша қызмет көрсетулерді сатып алуға ашық конкурс өткізу кезінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, ауылдық жерлердегі әйелдердің азаматтық бастамасын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға облыстық бюджеттен 1,8 млн. теңге қаражат бөлінді.

ҚР Президентінің жанындағы отбасы мен гендерлік саясат істері жөніндегі Ұлттық комиссия мен «Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестік ұйымдастырған, «Гендерлік – сезім басшысы» қоғамдық конкурсына аудандар мен қалалар әкімдері, департаменттер, басқармалар, ЖОО, ұйымдар мен мекемелер басшыларының белсенді қатысуы қамтамасыз етілді. Конкурстың қорытындысы бойынша облыстан 20 өкіл, оның ішінде: аудандар мен қалалардың 3 әкімі, облыстық департаменттердің, ЖОО, кәсіпорындардың 6 басшысы 2006 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласына «Гендерлік бал» қорытындысына шақырылды. ҚарМУ ректоры Е.К.Көбеев «ЖОО гендерді түсінетін басшысы» номинациясының жеңімпазы атанды.



      1. Жастар саясаты

Облыстағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру облыстық Мәслихаттың 2004 жылғы 11 желтоқсандағы Х сессиясының шешімімен бекітілген «Қарағанды облысының 2005-2007 жылдардағы жастары» аумақтық бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) төңірегінде іске асырылуда . 2005 жылы бөлінген қаражат көлемі 17000, 0 мың теңгені, 2006 жылы – 31991,0 мың теңгені құрады (барлығы 48991,0 мың теңге).

Бұл Бағдарлама жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдайды қамтамасыз етеді, әлеуметтік құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге ықпал етеді, білім, ғылым қолдау саласындағы өзекті мәселелерді шешуді қарастырады. Бағдарламаны іске асыру мемлекеттік құрылымдардың жастардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара әрекет механизмін және жаңа сапалысын әзірлеуді қалыптастырады. Бағдарламаның іс-шаралар Жоспарын іске асыру төңірегінде 2007 жылы 120 мың адамды қамтыған және 34516,0 мың теңге қаржыландыру көлемімен 43 іс-шараны өткізуді қарастырады.

Көрсетілген іс-шаралар жастар ұйымдарының қызметтерін үйлестіреді және мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың жаңа механизмін әзірлеуге ықпал ететін болады.

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін жастарды әлеуметтік қорғауды құрудың облыстағы негізгі оңтайлы қорытындылары ретінде мыналарды атауға болады:

- Жас азаматтарды табысты социализациялау үшін және мемлекеттік тұрмыс қызметіне олардың жауапты қатысуларына жағдай құру;

- Әлеуметтік жағдайды жақсарту және жастардың әлеуметтік әлсіз бөлігіне тікелей көмек көрсету, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдай жасау;

- мемлекеттік басқару, балалар және жастардың коммерциялық емес ұйымдарын олардың әлеуметтік маңызы рухани-жақсы, ой өрісті және творчествалық потенциалын көтеру, жастардың әлеуметтік-тұрмыстық және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, құқық бұзушылық пен жастар ортасында девианттық және асоциалдық таралуларының алдын-алу, салауатты өмір салты, жастарды батырлыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу проблемаларын шешуге біріктіру.

- Еңбек пен жұмыспен қамтуға кепілдік;

- Талантты жастарды қолдау;

- Жас отбасыларын қолдау.


      1. Тұрғын үй саласы

Қоғамның тұрғын үй қажеттілік сұранысын қанағаттандыру тауардың осы түріне үнемі сұраныстың болуы табылады. Халықтың әр түрлі бөлігіне арналған қазіргі заманғы тұрғын үй салу, инвестициалық сұраныс құрудың кепілденген табыс көзіне қызмет етеді және халық пен кәсіпорындардың қаражатын пайдалану есебінен экономиканың өндірістік циклін қолдауға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа!» деген жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту мемлеекеттік бағдарламасы туралы» №1388 Жарлығына сәйкес «Қарағанды облысындағы 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы Аймақтық бағдарламасы» әзірленді және Қарағанды облыстық Мәслихатының 2004 жылғы 1 шілдедегі VІІІ сессиясының №110 шешімен бекітілген.

Аймақтық бағдарламаның негізгі бағыттары болып тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты іске асыру, республикалық бюджеттен қайтарылған кредит есебінен тұрғын үй салу жолымен халықтың көптеген бөлігі үшін тұрғын үй қол жетімді болуды қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік-қорғалатын бөлігі үшін республикалық бюджет есебінен коммуналдық тұрғын үй салу мен ипотекалық кредиттеу жүйесі бойынша іске асыру үшін тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі арқылы халық қаражатын тарту, тұрғын үй құнын арзандату, тиімді құрылыс материалдары өндірісін дамыту және жаңа технология енгізу.

Халықтың көптеген бөлігінің тұрғын үйге қол жетімді болуын қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысының жаңа саясатын іске асыру үш жылдық тұрғын үй құрылысы бағдарламасын екі жылда орындауға ықпал етті. 2005-2006 жылдары барлық қаржыландыру көздерінен 16775,3 млн. теңге, үш жылдағы 464.3 мың шаршы метр болғанда 555 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді, немесе 119.5%, оның ішінде :


  • 2005 жылы – 240, 8 мың шаршы метр (2004 жылға 156,2% );

  • 2006 жылы – 314, 2 мың шаршы метр (2005 жылға 130,5%).

Республикалық қаражат есебінен екі жылда мемлекеттік коммуналдық 33,2 мың шаршы метр енгізілген, халықтың әлеуметтік-қорғалатын бөлігінен 415 отбасы жаңа тұрғын үй алды, кредит қаражаты есебінен 38,6 мың шаршы метр ипотекалық тұрғын үй енгізілді, бұл 433 пәтерді құрады.

Облыс бойынша 2006 жылы қаржыландыру табыс көздері есебінен 9250,6 млн. теңге инвестиция салынған, 2005 жылғы деңгейге өсу 123% (7524,7 млн. теңге) құрады. Облыстағы енгізілген тұрғын үйдің жартысынан көбін жеке құрылысшылар салған. Енгізілген тұрғын үй құрылымында үлкен үлес салмағы Қарағанды қаласына 44%, Теміртау қаласына – 24% келеді.

2006 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден көп қабатты және жеке құрылысты әрі қарай дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға 1469,4 млн. теңге бөлінді. Бөлінген ақша толық көлемде игерілді, 11,3 км су жабдықтау жүйесі салынды , 17,6 км – электрмен жабдықтау, 4,4 – кәріз, 4,3 жылу жүйесі және 3,1 км подъезді автожолдар. 2007 жылға арналған инженерлік коммуникациясының құрылысына республикалық бюджеттен 1345 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы барлық қаржыландыру табыс көздері есебінен 316 мың шаршы метр тұрғын енгізу жоспарлануда.



      1. Каталог: files program
        files program -> Образовательная программа тренировочного сбора для старшеклассников «Молодые управленцы жкх» Приоритетное направление
        files program -> Основная образовательная программа образовательного учреждения Основная школа Казань Общие положения
        files program -> Бағдарламасы Қарағанды облысының 2007-2009 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау Бағдарламасының
        files program -> Бекітілген оәжҒК отырысында
        files program -> Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, Қарағанды облысының азаматтарын құқықтық
        files program -> Международная конференция Автоматизация и управление
        files program -> «2011-2015 жылдарға арналған Зайсан аудандық білім беру жүйесінің дамыту бағдарламасының» 2014 жылдың І жарты жылдығында орындалуы туралы
        files program -> Презентация ҚР мемлекеттік мейрамдарымен таныстыру Мемлекет қайраткерлері туралы Сұрақ жауап Сөзжұмбақ
        files program -> Ұйымдастыру шаралар
        files program -> БАҒдарламасы шемонаиха қ. 2010 жыл Паспорт 3 2


        Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет