Арқалық қаласындағы білім жүйесінің әлеуметтік-психологиялық



бет1/6
Дата27.08.2017
өлшемі1,82 Mb.
#29795
  1   2   3   4   5   6
«Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Арқалық қаласындағы білім жүйесінің

әлеуметтік-психологиялық

қызметі туралы

Ереже



ӘЛЕУМЕТТІК – ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ ҚЫЗМЕТІНІҢ

МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімі мекемелерінің әлеуметтік-психологиялық қызметінің негізгі мақсаты – балалар мен жастардың психологиялық денсаулығына және білімге деген қызығушылығына мүмкіндік туғызу.

Психологиялық деннің саулығы жеке тұлғаны өз-өзінен жеткілікті қылады. Әлеуметтік-психологиялық қызметті ұйымдастырушылар мәдени, әлеуметтік, экономикалық және қоршаған әлемнің экологиялық шындық жағдайында оның қоршаған адамдармен қарым-қатынас контекстіндегі мектеп оқушыларын оның жас мөлшеріне сәйкес


  • өздігінен түсіну

  • өздігінен қабылдау

  • өздігінен даму құралдарымен қамтамасыз етуі тиіс.

Осыған байланысты әлеуметтік-психологиялық қызметтің негізгі міндеттері елеулі кеңейеді. Баланың ішкі әлемімен толықтырылады: оның сезіміне және күйінуіне, құмарлығына және қызығушылығына, қабілетіне және біліміне, оның өзіне, құрбыларына, үлкендерге, қоршаған ортаға, жанұялық және қоғамдық оқиғаларға, өмірге көз қарасына байланысты психологиялық дамуды қамтамасыз ететін жағдай құру.

Даму бағыты білімдегі әлеуметтік-психологиялық қызметтің негізгі міндеттерін анықтайды:



  • балалармен жұмыс кезінде әр жастың даму қорының мүмкіншілігін жүзеге асыру;

  • балалардың жеке қабілеттерін, олардың қызығушылықтарын, қабілеттерін, сезімдерін, көзқарастарын, құмарлықтарын, өмірлік жоспарларын дамыту;

  • баланы дамыту үшін, ата-анасымен, құрбыларымен жақсы қарым-қатынаста болуы үшін психологиялық кеңістік жасау;

  • баланың жеке тұлғалық әлеуметттілігін, оның жетіктілігін дамыту;

  • балалармен қатар ата-аналарына, тәрбиешілерге, мұғалімдерге мезгілінде психологиялық көмек беру.

Білім ұйымындағы психологиялық қызмет негізгі үш бағыттан тұратын бүтін жүйе түрінде жұмыс істейді:

  • ғылыми, қазіргі мектеп жағдайындағы психологиялық-педагогикалық білімнің тәсілін, құралын және әдістерін кәсіби түрде қолдану мақсатында баланың психикалық даму және жеке тұлғалық қалыптасуының заңдылығын зерттейді;

  • қолданбалы, оқу бағдарламасын, әлеуметтік-психологиялық негізіндегі дидактикалық және әдістемелік барлық оқу және тәрбие барысын әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді, мұғалімдерге әлеуметтік-психологиялық көмекті, ата-аналамен қарым-қатынасты жүзеге асырады;

  • практикалық, нақты міндеттердің комплекстік шешімі мақсатында білім мекемелерін тиісті жұмыстармен қамтамасыз ету:

  • оқушыға қатысты;

  • мұғалімге қатысты;

  • ата-анаға қатысты;

  • социумға қатысты.

Бұл міндеттер жаңа білім ортасын жобалауға қатысу үшін, жеке тұлға арасындағы қарым-қатынас бойынша оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға, әкімшілікке кеңес беру жұмыстарымен шұғылданатын түрлі мамандар үшін қатынастық кеңістік құру, баланың дамуына, жаңашыл жобалар жасауға, әдістемеліктермен қамтамасыз етуге және түйінді мәселелерді бөліп қарауға мүмкіншілік туғызады.

БІЛІМДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

Педагогика мен психологияның түпкі ережесінің зерттелуі негізгі концепция бола алады, ал жеке тұлға – бұл қоғамдық түсінік пен мінез-құлықтың түрін меңгеру негізінде адамның өміріндегі бүтіндей психологиялық құрылым. Баланың психикалық дамуы және жеке тұлғалық қалыптасуы өзінен үлкендермен қарым-қатынасында, соның ішінде қызметіндегі осы онтогенез кезеңінде жетекшісі болады. Бұл концепцияның ұсынары, барлық денсаулықтары мықты балалардың дамуына мүмкіншіліктер бар. Әр баланың түрлі бағыттағы білімі мен қызметтік қабілетін дамытқанда ғана, мектепте білім берудің мәні болады.

Білім жүйесіндегі әлеуметтік-психологиялық қызметтің жаңа технологиялары педагогтар мен психологтардың практикалық қызметінің тәжірибелік талдауы негізінде түрлі педагогикалық және психологиялық бағыттағы жаңа табыстарға жету негізінде жұмыс істейді.


ПЕДАГОГ – ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ
а) Психологиялық ағарту – педагогтар мен ата–аналардың психологиялық мәдениетін арттыру, психологиялық қызметте психологиялық мәселелер бойынша ақпараттармен қамтамасыз ету жағдайларын қалыптастыру.

Келесі түрде жүзеге асырылады: лекциялар, психологиялық әдебиеттердің тематикалық көрмелері, әңгімелер, семинарлар, ата-аналар жиналысы және т.б.

б) Психологиялық алдын алу – психологтың педагогтармен және тәрбиешілермен мақсатты бағыттағы жүйелі біріккен жұмысы, олар:

  • әр сынып оқушыларының әлеуметтік-психологиялық және психологиялық мәселелерін ескерту бойынша;

  • мектеп ережесін – ондағы азаматтардың ары мен намысын құрметтеу негізінде жасап, педагогтар мен оқушылар ұжымындағы қолайлы эмоционалды-психологиялық кеңістік құру бойынша;

  • тәуекел тобындағы балаларды табу бойынша (түрлі негіздер бойынша).

Психопрофилактикалық диагностика - тәуекел тобындағы балаларды тауып (әлеуметтік-психологиялық және интелектуалдық негізінде) және олармен түзету жұмыстарын жүргізу керектігі туралы тұжырым жасау мақсатында эксперттік баға әдісін қолдану арқылы балаларды тексеру түрінде жүзеге асырылады.

Мектеп оқушыларының жеке тұлғалық дамуының түрлі мәселесін ескерту бойынша жүйелік жұмысын психолог психологиялық тренинг арқылы, саралы түрде оқушының жас мөлшеріне және түйінді мәселесіне байланысты, немесе тұрақты бір жастағы оқушылардың психологиялық мәселесіндегі жұмысының білімі, біліктілігі және дағдысының мазмұнындағы психология сабағында жүзеге асырады. Сонымен қатар психолог басқа да мектептегі пәндердің мазмұнындағы берілген тематиканы қоса отырып әдістемелермен қамтамасыз етеді.



в) Психологиялық диагностика – оқушылардың жеке тұлғалық психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін білу мақсатында:

  • оқу және даму мәселесіндегі пайда болған себептерді табу;

  • түзету жұмысы барысында сүйенуге болатын жеке тұлғаның күшті жағын, оның қосымша мүмкіншілігін анықтау;

  • ертедегі мамандақ және танымал ынталарын табу;

  • танымал жұмысының жеке стилін анықтау және т.б.

Оқушылар, мұғалімдер және мектеп әкімшілігінің сұранысы бойынша диагностика және жоспарлы диагностика түрінде жүзеге асырылады, жекеше және топтық кеңестің қажетті дайындақ кезеңдері, психологиялық-педагогикалық консилиум, пед. кеңес ретінде қаралады.

Мұғалімнің мамандық мінез-құлқының психологиялық диагностикасы не олардың өздеріне тиісті кәсіби қызметінің стратегиясының жұмысы шеңберінде, не әкімшілік жағынанан немесе мұғалімнің өзінің сұранысы бойынша психологпен жүзеге асырылады.



г) Психологиялық түзету – тәуекел тобына жататын балалармен осы балаларға ерекше көмектің бағыты бойынша психологтың жүйелі, мақсатты бағытты жұмысы.

Психолог білім мекемесі жағдайында ОЖЖ зақымдалуы салдарынан мінез-құлқында өзгерістері жоқ, немесе жүйке ауруымен ауырмайтын науқас емес балалармен ғана өздігінен жұмыс істеуге құқығы бар. Психолог мектеп ержесін бұзған балаларға тиісті әкімшілік-тәрбиелік қызметінің міндетін орындауға міндетті емес. Сонымен бірге ол оқу мекемесіндегі ереже бұзушыларға санкция қою және адал баға қою барысын әдістемеліктермен қамтамасыз ете алады.



Түзету жұмысы жеке және топтық оқу түрінде түзету және дамыту бойынша, сонымен қатар мінез-құлықтарында ұқсастық бар балалар үшін жасалған тематикалық психологиялық тренинг түрінде жүзеге асырылады.

д) Психологиялық кеңес беру – үлкендер мен балалардың қиыншылықтарын түсіну, өмірдегі, жанұядағы қарым-қатынаспен, достар арасында, мектепте кездесетін жағдайлармен байланысты психологиялық мәселелерін шешіп және талдауда нақты көмек көрсету, жаңа қойылған және шешілген өзіндік шешімдерді қалыптастыруға көмек беру. Кеңес жекеше және топтық түрде жүзеге асырылады.
БІЛІМДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС
Барлық білім мекемелерінің қызметкерлері үшін маңызды этикалық принциптермен және нормалармен бірге, психолог міндетті:

  • өзінің беретін жеке ақпаратын құпия ұстауға;

  • оқу үдерісіне қатынасушылардың намысына тимей, процедураларды және техникаларды қолдауға;

  • барлық оқу үдерісіне қатынасушыларға кез келген кезеңінде жұмыстан бас тартуға мүмкіншілік беруге;

  • адамның таңдау еркіндігін кеңейту үшін өзінің жұмыс істейтін құралдарын қолдануға;

  • адам өзінің жетістіктерінің себебі өзі екенін түсінуге әрқашан мүмкіндік туғызуға;

  • нақты адамның ақиқатқа сәйкес техникаларын қолдануға;

  • оқу-тәрбие үдерісінің барлық қатысушыларына деген көзқарастың әділеттілігін сақтауға.


ПСИХОЛОГТЫҢ БІЛІМДЕГІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
Басқа да қызмет түрлерін өз жұмысына сәйкестете отырып, педагог-психолог өз алдына түрлі мақсаттар қояды және мектептегі болып жатқан жағдайларға байланысты түрлі позицияларда болады. Мектептегі педагог-психологтардың қызметтері түрлі үлгілерден құралады. Таңдап алынған үлгі психологтың біліктілігімен анықталып қана қоймайды (бір үлгі шеңберінде маманның біліктілігіннің түрлі деңгейлері болуы мүмкін), оның мамандық позициясы бір жағынан, сұраныстар мен әкімшіліктің позизиясы - екінші жағынан.

Бірінші үлгі. Психолог өзінің кабинетінің «территориясында» жұмыс істейді және оқушылармен, олардың ата-аналарымен және мұғалімдермен, олардың тілек білдірулері бойынша кеңес жүргізеді. Психолог мектепте болып жатқан оқиғалардың түріне, мазмұнына әсер етуге міндет қоймайды. Психологтың позициясы – бұл баланың құқығы мен қызығушылығын құптайтын маманның позициясы.

Екінші үлгі. Жоғарыдағы қызметтерге қосылады: білім мекемелер әкімшіліктерінің және жеке мұғалімдердің сұраныстары бойынша әр жастағы балалардың диагностикалық мінез-құлқы, нақты балалармен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар жасау мақсатында мұғалімдердің өтініштері бойынша сабақтарға қатысады. Жоғары білікті психолог педагогикалық консилиумнің, жеке оқушылардың үлгірім мәселесін қарайтын, басты мүшесі болады.

Үшінші үлгі. Өзіне оқушылармен және мұғалімдермен бірге семинар және тренингтерді өткізетіндердің мінез-құлқының міндетті бір бөлігі ретінде алады. Психолог оқушының мұғалімдермен қарым-қатынасын ұйымдастырудағы жағымсыз мінез-құлықтарын, тәсілдерін және түрлерін өзгертуге міндет қояды. Топтық жұмыстарда психолог балалармен және жастармен олардың жас шамаларына сәйкес әлеуметтік таным қалыптастырады, анық бір жас шамасындағы оқушылар мінездеріне сәйкес мәселелерді қарайды, мәселелерді табысты шешуге мүмкіншілік туғызатын құралдар береді, «шұңқырдан шығару» емес, «Алда шұңқыр бар, абайла!» дегенге акцент жасайды.

Төртінші үлгі. Бұл үлгі өзіне педагог-психологтың жұмысын мұғалімнің мамандық қызметінің мазмұны мен тәсілдерін қатар қояды. Оның мақсаты болып педагогикалық позицияның бүтін қалыптасу бағытындағы білім мекемелерінің мұғалімдері мен әкімшіліктерінің кәсіптік ойлау әсері (мақсаттар, бағалы заттар, міндеттер, мазмұны және оны нақты технологияда жүзеге асыру тәсілдері), сонымен қатар оқу үдерісіндегі психологиялық көмек жатады. Жоғары білікті педагог-психолог, осы үлгі шеңберінде жұмыс істейтін, мектептегі барлық идеяларды өткізу, әр оқушының жеке тұлғалық дамуына бағытталған ашық жүйедегі әр міндетінің ары мен намысын құрметтеу идеясын мектеп Ережесіне енгізу трансформациясы болады.

Бесінші үлгі. Түрлі практикалық-болжамалы зерттеу типтері. Төртінші үлгі бойынша педагог-психологтың міндетінің бір бөлігі болады, бірақ өзіндік мәртебесі де болады. Мақсат және міндеттерге сәйкес, сонымен қатар осы үдерісте баламен не болатынының бәрі және бүтіндей оқу-тәрбие үдерісі зерттеу объектісі болады. Қызмет бағыты және мамандық мақсаты, жоғарыда айтылған жағдайлар, оны толық көлемде атқару білім жүйесінде жұмыс істейтін психологқа міндет қоймайды.

Функционалдық міндеттер, сағат бойынша жұмыс тәртібі және қатысқан күндер саны ҚР «Білім туралы», «Еңбек туралы», ҚР Үкіметінің қаулыларымен, берілген «Ережелерді» есепке ала отырып, білім мекемелерінің әкімшілігімен психологтың арасындағы келісім бойынша анықталады.

Келісім типтік хат шартында белгіленеді.

БІЛІМДЕГІ МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Нағыз нұсқау білімдегі педагог-психологтың жұмысының өкілеттілігін және тәртібін анықтайды.

  2. Педагоаг-психологтың қызметі бекітілген табыс төлемінің қоры ішінде «Білім мекемесіне психолог қызметін енгізу туралы» ҚР БжҒМ нұсқаулық хаты негізінде қосылады.

  3. Білім педагог-психологтың төлемге қатысты разряды, демалысы, зейнеткерлік кепілдемесі педагогикалық қызметкерлермен тең, жоғары білімді маман болады.

  4. Білім педагог-психологтары екі жаққа бағынады:

  • әкімшілік бойынша (мектеп басшысына бағынады);

  • мамандығы бойынша (психологиядан мамандық білім бар және өкілеттік сәйкестігі бар қалалық ББ маманына бағынады).

  1. Мектеп психологы өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының Ата Заңын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін және білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу бойынша барлық деңгейдегі білім мекемелерінің сұрақтарын; еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау, сонымен қатар Жарғыны және мектеп шеңберіндегі құқықтық актілерін (сондай-ақ ішкі еңбек тәртібінің Ережелерін, директордың бұйрықтарын және байқауын, осы нұсқауды), еңбек келісімін (шартын) басшылыққа алады. Педагог - психолог «Бала құқығы туралы» конвенцияны қадағалайды.

  2. Түрлі бағдардағы білім мекемелерінің педагог-психолог жұмысын базалық психологиялық білімі бар маман істей алады, сонымен қатар практикалық психология, психологиялық қызмет білімінің қайта даярлау факультеттері мен курстарда арнаулы қайда даярлаудан өткен адам істей алады.

  3. Әр білім ұйымдарындағы педагог-психологтың қазметі сынып санына тиісті (сынып-комплект), мектепке дейінгі дайындық сыныбын қоса алып, келесі тұрғыда белгіленеді:

6 сыныпқа дейін – жинақтар – 0,5 мөлшерлемеде

6-дан 20 дейін – 1 мөлшерлемеде

21-ден 29 дейін – 1,5 мөлшерлемеде

30-дан көп – 2 мөлшерлемеде.



  1. Педагог-психологтың жұмыс тәртібі мақсат, міндет және қабылданған бағдарлама бойынша білім бөлімінің жалпы жұмыс тәртібіне сәйкес анықталады және білім бөлімінің директорымен бекітіледі. Жұмыс уақыты түрлі жастағы балалармен және түрлі санаттағы ересектермен практикалық жұмыстың нормасын есепке ала отырып анықталады. (болжамды нормалар картасы)

  2. Педагог-психолог оқу бөлімі базасында психолог кабинетінде диагностика, түзету және қажетті құралдармен жабдықталған жеке бөлмеде оқушылармен және педагогикалық ұжым мүшелерімен жұмыс істейді. Кабинетті басқаруды педагог-психолог жүзеге асырады. Педагог-психологқа кабинетті безендіргені және мазмұндағаны үшін қойылған педагог-психолог нормаларына сәйкес жалақы төленеді.

  3. Мектеп психологы өз жұмысының жағдайына және нәтижесіне өзі жауап береді. Нағыз Нұсқауда көрсетілмеген қызметтік міндеттерді оған қоюға болмайды.




  1. ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІ.

  1. Тәрбиелеу және оқыту үдерісіндегі балалардың, жастардың психикалық соматикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартуды сақтауға бағытталған мамандақ қызметін жүзеге асырады.

  2. «Бала құқығы туралы» Конвенциясына және ҚР заң шығарушылығына сәйкес жеке тұлғаның құқығын қорғауға көмектеседі.

2.3. Өмірдегі түрлі жағдайлар және мамандық таңдаудағы бағдарлауға бейімделуді дамытуға көмектеседі.

  1. Әлеуметтік өрістің үйлесуіне мүмкіндік туғызады және әлеуметтік бейімсіздіктің пайда болуының алдын алуы жөнінде превентивтік шараларды жүзеге асыруға жағдай жасайды.

  2. Жеке тұлғаның дамуына кедергі жасайтын факторларды анықтайды және түрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қолданады (психологиялық түзету, ақтау, кеңес беру).

  3. Нақты мәселені шешуде оқушыларға, ата-аналарға, немесе оларды орнындағы адамдарға, педагогтарға және мектеп әкімшілігіне білікті көмек көрсетеді.

  4. Өзінің мамандық жетіктілігі және қызметтік міндеті шегіндегі сұрақтарды қарап, шешім қабылдайды.

  5. Бүтіндей психологиялық ғылымның, сонымен қатар әлеуметтік, практикалық, жас аралық және педагогикалық психологияның қазіргі жетістіктерін біледі. Диагностикалық, әлеуметтік-психологиялық даму, түзету, алдын алу жұмыстарының қазіргі ғылыми негіздегі әдістерін қолданады.

  6. Әрқашан өзінің мамандық біліктілігін көтереді.

  7. Мамандық құпияланды сақтайды; егер онымен танысқанда балаға немесе қоршаған ортаға зияны тиетін болса, сонымен қатар сыналушыға зерттеу нәтижесінің құпиялылығы туралы кепілдеме берілген болса диагностикалық және кеңесу жұмысы нәтижесінде алынған мәліметтерді ешқайда жария етпейді

  8. Жасайды және жүргізеді: бекітілген түр бойынша жұмыс жоспары және есептер; тексерістен өткен немесе кеңес алған адамдарды есепке алу журналдары мен қиықшалары; тренинг бағдарламалары, семинарлар және т.б.

  9. Бекітілген есеп түріне сәйкес әкімшілік және мамандық бойынша есеп береді.


3. ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ҚҰҚЫҒЫ.

  1. Білім мекемелерінің қажеттілігін және білім басқармаларының ұсыныстарын есепке ала отырып қажетті қызмет бағытын таңдайды.

  2. Оларға қызметтік міндетін орындау үшін қажетті ақпараттарды қойылған тәртіп бойынша алады.

  3. Кәсіби міндеттерді шешу жолдары және құралдарын өздігінен анықтап, әртүрлі жұмыс түрлерін өткізу кезегін қояды.

  4. Топпен және жекеше психологиялық тексеріс өткізеді. Осы алаңда аймақтық әлеуметтік, ұлттық, мәдениеттік және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып психологиялық тестілеуді қолданады және түзетуді құрайды.

  5. Жеке компьютер және принтермен жабдықталған, арнаулы, жеке жұмыс орны болу керек.

  6. Әкімшіліктің келісімі бойынша, білім мекемелерінің мамандықтары бойынша мезгілінде басылымдарды қосып, қажетті ғылыми және әдістемелік материалдарға ие болуы керек.

  7. Алынған құпия ақпараттарды өзінің жетіктілік шеңберінде қолдану бойынша шешім қабылдайды.

  8. Мамандық мінеттерді орындаумен байланысқан пәндер бойынша біліктілік арттыру және жаңашаландыру жүйесінде мерзімінде дайындықтан (қайда даярлаудан) өтеді.

  9. Психологиялық жұмыс бойынша тәжірибе алмасу мақсатында мамандық қарым-қатынасты әрқашан ұстайды.

  10. Өз қалауы негізінде біліктілік санатына сәйкес аттестацияланады және аттестацияны табысты өткен жағдайда оны алады.

  11. Жылына 315 сағатқа дейінгі көлемде оқу және факультативтік жүктемесі болады.


4. ЖАУАПКЕРШІЛІК .

4.1. Мектеп психологы психологиялық тұжырымның дұрыстығына, диагностикалық және түзету әдістерін тиімді қолдануға, берілетін ұсыныстардың негізділігіне жауапты.

  1. Мектеп психологы психологиялық әдістемелерді шексіз таратпауға, олардың мазмұны мен талдау әдістерін рұқсаты жоқ адамдарға жария етпеуге жауапты.

  2. Мектеп психологы мамандық-этикалық норманы қадағалауға, жұртшылық алдында сөз сөйлегенде тартымды және ұстамды болуға, бақылаудағылар туралы ақпаратты сақтауды кепілдейтін құпиялылыққа жауапты.

  3. Мектеп психологы алғашқы ақпаратты сақтауға(тексеріс хаттамалары, жеке кеңестер және т.б.); білім мекемелеріндегі бекітілген тәртіпке сай құжаттар жүргізуге жауапты.

  4. Мектеп психологы оған қойылған нағыз қызметтік міндетін сапалы және мезгілінде орындауға жауапты.


5. ӨЗАРА ҚАТЫНАС. ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША БАЙЛАНЫС.

5.1. Мектеп директорымен бекітілген, жұмыс аптасының 36 сағатынан құрылған, график бойынша жұмыс істейді. Жеке және топтық жұмысқа дайындалуға, алынған мәліметтерді талдауға, жалпылауға, түсіндіруге және есеп беру құжаттарын толтыруға, сонымен қатар педагог-психологтың мамандық жетіктілігін арттыруға аптасына 12 сағат жұмсалады, демек білім мекемелерінде мектеп психологының міндетті түрде болуы талап емес.

  1. Әр оқу жылына және әр тоқсанға өз жұмысын өзі жоспарлайды. Жұмыс жоспары жоспарланған кезеңнің басталуына бес күндей қалған уақыттан кеш қалдырмай мектеп директорымен бекітіледі.

  2. Оқу жылының аяқталуына дейін 5 күн ішінде, мектеп директорына өзінің жұмысы туралы көлемі бес беттік жазбаша есеп береді.

  3. Мектеп директорынан және оның орынбасарларынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастру-әдістемелік ақпараттар алады, тиісті құжаттармен қол қою арқылы танысады.

  4. Мұғалімдермен, ата-аналармен және оларды ауыстыратын адамдармен тығыз жұмыс істейді; мектеп әкімшілігімен және педагогикалық қызметкерлермен, оның қызмет бабына қатысты сұрақтар бойынша жүйелі түрде ақпарат алмасады.


МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУІН ЕСЕПКЕ АЛУ ТҮРІ.
Білім мекемелерінде жұмыс істейтін педагог - психолог өткізген жұмысына есеп беруін келесі түр бойынша жүргізеді:

  1. Мектеп психологының болашақ жұмыс жоспары (№1 түр).

  2. Психолог жұмысының циклограммасы (№2 түр).

  3. Мектеп психологының кеңес беру журналы (№3 түр).

  4. Топтық түрдегі жұмысты есепке алу журналы (№4 түр).

  5. Мектеп психологының жұмысы туралы аналитикалық есеп ( №5 түр).


Есеп берудің (есепке алудың) құжаттары


Жұмыс (есепке алу)

Есеп беру

Мақсаты: психолог қызметін тіркеу

Мақсаты: психолог қызметінің мазмұнын көрсету

  • Бір жылдық жұмыс жоспары

        • аналитико-статистикалық жылдық есеп, оқу тоқсанының есебі (стандарттау түрі бойынша);

  • оқу тоқсанына арналған жұмыс жоспары

        • істелінген жұмыс туралы аналитикалық анықтама;

  • жұмыс графигі (циклограмма)

        • зеттелетін істің жағдайы, мәселесі туралы жылдам ақпараттық жолдамалар;

  • психологиялық жеңілдік кабинетінің жұмысының циклограммасы

        • Әлеуметтік-психололгиялық жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру бойынша талаптар (әкімшілікке жолданған және т.б.)

  • жұмыс түрлерін есепке алу журналы (тіркеу)

        • басқа адамдардың қолдануы үшін психодиагностикалық нәтиже (актілер, карталар, психологиялық портреттер, тексеру хаттамасы, тұжырым, құрама таблицасы, ұсыныстар);

  • оқушылармен, педагогикалық кабинеттермен, ата-аналармен өткізілетін жұмыс жоспарлары мен бағдарламалары (қызмет бағыты бойынша: дамыту, түзету, алдын алу)

  • өздігінен жетілу мамандақ жоспары



  • мектеп үшін маңызды тақырып ӘЖҰ бағдарламасы



№1 түр.

Мектеп психологының жұмысының болашақ жоспарына қойылатын талаптар.

Барлық жұмыс көлемін жоспарлау ҚР білім жүйесіндегі практикалық психология қызметінің мақсаты мен міндеттері, осы білім мекемесінің (БМ) түрімен және әкімшіліктің тапсырысымен психологтың өзі анықтайды.

Жылдық жұмыс жоспары БМ әкімшілігімен келісілуі және бекітілуі тиіс.

Жылдық жоспардың сызбасы қызмет түрі бойынша негізгі шараларға бөлініп ұсынылуы мүмкін.





Қызмет түрлері

Жоспарланатын

іс-шаралар

Мерзімдері

Ескерту

1.

Диагностика










2.

Дамыту және түзету жұмыстары










3.

Кеңес беру










4.

Ағарту жұмыстары










5.

Эксперттік жұмыстар










6.

Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар









№2 түр.


Психолог жұмысының циклограммасы

Циклограмма ғылыми ұйымдастыру еңбекті (ҒҰЕ) және барлық бағыттағы, түрдегі қызметтерді қамту үшін бір айға құрастырылады.


График (кесте) _________________ айға


Ай

Апта күндері

Уақыты және орны белгіленген жоспарлы іс-шаралар

Ескерту



1

апта

Дүйсенбі







Сейсенбі







Сәрсенбі







Бейсенбі







Жұма







Сенбі







2 апта









График айдың аяғында келесі мерзімге құрастырылуы жөн.


Педагог-психолог жұмысының циклограммасының үлгісі.




Психолог қызметінің бағыты

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

Дүйсенбі

Ағарту және ұйымдастыру-әдістемелік

Әкімшілік түзету кеңестеріне және жалпы мектеп жиналысына қатынасу.

Педкеңестерге қатынасу.



Ата-аналар үшін психологиялық мектеп



Пед.ұжым үшін әдістемелік семинарлар

Оқушылардың, мұғалімдердің ОҒҰ басқаруы. Психологтың ӘЖҰ



Әкімшіліктің кеңес беруі


Сейсенбі

диагностикалық

и эксперттік кеңес беру


Ата-аналар мен мамандардың скриннингтік және жеке тексеруі.

Ата-аналарға жеке кеңес беру.



Педагаогтардың скриннингтік және жеке тексеруі.

Педагогтарға жеке кеңес беру.



Педагогикалық

консилиум.

Балалар мен жастарға жеке кеңес беру.


Балалар мен жастарды скриннингтік және жеке тексеру.

Ортаңғы және жоғары буындағы мектеп оқушыларымен мамандық кеңес өткізу.



Сәрсенбі

Түзету-дамыту және оқу-тәрбие



Балалармен сабақ. (бастауыш буын)


Балалармен және жастармен сабақ. (орта буын)

Балалармен және жастармен сабақ. (жоғары буын)

Психологтың жобалау қызметі.



БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Бейсенбі

Әдістемелік күн



Кітапханада жұмыс (өздік білім)
КЕҢЕС БЕРУ

Қалалық (аудандық) психологтардың ӘБ
ҒЫЛЫМИ

Ақпараттық базалық мәліметтермен жұмыс

ОРТАЛЫҚТАРДА

Облыстық психололгтар ӘБ Жеке сынақ іс.

Жұма

Түзету-дамыту және алдын алу


«Сенiм» сенім телефоны


Педагогтар үшін тренинг семинар



Жалпы мектеп психологиялық және зиятгерлік сайыстар және ойындар

Мектептің орта және жоғары буындары үшін психологиялық клуб

Сенбі

Әлеуметтік- диспетчерлік



ПСИХОЛОЛГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІНІҢ БІЛІМДЕГІ БАСҚА ДА БУЫНДАРЫМЕН ӘДІСТІ-ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ.

ЖОЛДАМА ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ


№3 түр.

Мектеп психологының кеңес беру журналы.
Жеке кеңес беру

________________оқу тоқсанында

Күні

уақыты

Аты-жөні, жасы, басқа да мәліметтер

Жолығу себебі

Код

Кеңіс беру мінездемесі, тематикасы

Ескерту

1

2

3

4

5

6













































































































Жеке кеңес берудің саны

______________________оқу тоқсанында


Барлық

жеке кеңес





Балалар




Ата-аналар




Мамандар





























Кеңес мінездемесі – бұл бірінші, екінші және т.б.

Анонимдік жолыққан жағдайда ақпаратты код арқылы қолдану жөн.



Ескертуде қажетті белгілер жасалып, басқа тиісті маманға жіберілуі мүмкін.
Топтық кеңес беру

______________ оқу тоқсанында


Өтетін уақыты

Топтық кеңес беру/семинарлар тақырыбы

Қатысушылардың санаттары

Қатынасушылар саны

Ескерту

1

2

3

4

5































Топтық кеңес беру/семинарлар саны

________________________________ оқу тоқсанында


Жалпы саны




Балалар үшін




Ата-аналар үшін




Мамандар үшін





























№ 4 түр.

Топтық түрдегі жұмысты есепке алу журналы.


Сынып/

Оқушылар саны



Тақырып немесе тренинг атауы

Кездесу

уақыты


Қатысу туралы

баға


Ескерту

I

2

3

4

5















Мектеп психологының топтық жұмыс түріне мыналарды жатқызуға болады:



  • балалармен немесе ересектермен тренинг (педагогтармен, ата-аналармен)

  • нақты бір бағдарлама бойынша балалармен түзету немесе дамыту сабақтары

  • педагогтармен семинарлар, дәрістер, әдістемелік сабақтар.


№5 түр.

Мектеп психологының жұмысы туралы аналитикалық есеп беру.

  1. Негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырудың жалпылама талдауы:

  • психопрофилактикалық жұмыстар;

  • психодидактикалық жұмыстар;

  • даму және түзету жұмыстары;

  • кеңес беру жұмысы.

  1. Әкімшілік, педагогтар сұранысы бойынша өткізілген психологиялық мониторинг нәтижесінің талдауы.

  2. Мәселені табу: жағдай және олардың алғашқы пайда болуы, міндеттер және оларды шешу әдістері.

  3. Есеп беру құрылымы:

  • Титул беті

  • Орындаушы

  • Негізгі мазмұндық бөлімі

  • Тұжырым

  • Ескерту


Каталог: uploads -> doc -> 059f
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
059f -> Сабақтың аты §48-49. Электр тогының химиялық әрекеті. Электролиз заңы Сілтеме Жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет