Аралиева Рахила Турсыновна, Бегалиева Айша Кәріпжановна



Дата11.01.2017
өлшемі199,29 Kb.
#6600
Наралиева Рахила Турсыновна, Бегалиева Айша Кәріпжановна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы
Сөз өнерінің қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде алатын орны

мен тәрбиелік маңызы



Әдебиет – сөз өнері. Қазақ халқы - сөз өнерін, сөз бостандығын өте жоғары бағалаған халық. Бұған халқымыздың «өнер алды – қызыл тіл», «бас кеспек болса, тіл кеспек жоқ» деген қанатты сөздері-ақ айқын дәлел, нақты мысал бола алады. Әсіресе, көшпенді қазақ тұрмысында, сөз өнері өте үлкен, әлеуметтік маңызы зор қызмет атқарған. «Дүниенің есігін ашады өлеңменен, қара жерге де денең кірер өлеңменен» деп, парасатты да ұлы ақын Абай атамыз айтқандай, қазақтардың өмірі әдебиетпен, өзінің ауыз әдебиетімен тығыз байланыста болған. Адам баласы шыр етіп жарқ дүниеге келген сәттен бастап-ақ, қазақтар жас нәрестені (жаңа туылған сәбиді) өлең-жырға бөлейді. Жарық дүниемен қоштасып ана дүниелік болған адамды да қазақ халқы өлеңмен қара жердің қойнына аттандырып салады. Қазақтың ауыз әдебиетінен сіздер қазақтың дүниетанымын, философиялық ұғымын, көзқарасын, сонымен қатар тұрмысын, тіршілік тынысын, салт-дәстүрін біле аласыздар. Себебі, қазақ халқы өздерін өмірін де, дүниетанымын да, тұрмыс-тіршілігін де ән-жырмен өрген, арманы мақсат-мүддесін де сөз өнеріне сыйдырған, өлеңмен бейнелеген халық. Нәресте туылған күні «шілдехана» тойы өткізіледі. Жаңа адамның дүниеге келу құрметіне әрі жас сәбиді қара күштерден: жын-сайтандардан, әртүрлі жамандықтан қорғау үшін ауыл жастары жиналып, сауық құрады. «Шілдехана» тойы кеш батқаннан таң атқанша жалғасады. Той дастарханы жасалады. Дастарханды жағалай отырған жастар тойды өздерінің өнерімен қыздыра түседі яғни жайнатады: өлең-жырлар айтылады, әртүрлі қызықты ойындар ойналады. Шілдехана тойына тек ауыл жастары ғана жиналып қоймайды, үй иелерін үлкен қуанышымен құттықтап көрші ауылдың жастары да келеді. Байқадыңыздар ма, жастар, тек қана жастар жиналады, себебі қара күштерге қарсы тұруға дәрмені, күші жоқ жас босанған әлсіз ана мен қорғансыз жас сәбиді жамандықтан күнәсіз, рухы таза, денсаулықтары мықты жастар ғана қорғай алады. Нәресте қырқынан шыққан соң ата-анасы «бесік тойын» жасайды. «Бесік тойын» әркім өзінің шама-шарқына қарай жасайды. Көптен перзент, бала көрмей жүрген жандар болса, «бесік той» үлкен тойға ұласады. Сәбиді бесікке салады. Кейбір аналар сәбиін бесікке бір жұмадан, бір аптадан, қырқынан шыққаннан соң да сала береді. Жас сәбиін бесікке бөлеген ана сәбиін әнмен, бесік жырымен тербеп ұйықтатады. Музыка, классикалық музыка жас сәбиге ғана емес, жалпы адамға жақсы ықпал, адам жүйкесіне қолайлы әсер ететіндігін, айтпаса-ақ та, медицинада дәлелденгені бәріңізге де белгілі. Сонымен қатар жанға жайлы, құлаққа жағымды ән-жыр жас сәбидің маужырап ұйқыға кетуімен қатар, оқыс шыққан дыбыстан сәбидің шошып оянбауына да игі әсерін тигізеді. Сәби бір жасқа келгенде, «тұсаукесер» тойы өткізіледі. Тойға жиналған көпшілік қаум өлең-жырмен ақ тілеуін білдіреді, ауылдың құрметті ақсақалы сәбиге ақ жол тілеп, ақ батасын береді. Сәбидің тілі былдырлап жаңадан шығып келе жатқанда «тілашар» тойын жасайды. Ер бала 4-5 жасқа келгенде, тайға мінгізіп, ашамайға (балдырғандарға арналған арнайы ер-тұрманға) отырғызады және қазақ халқы мұсылмандық салтпен 3-9 жас аралығында ер баланы сүндетке отырғызады. Сүндетке отырғызу ер адамды әр түрлі ауру-сырқаудан сақтайды әрі ер адамның потенциясын, күш-қуатын арттыра түседі. Осыған орай «сүндеттой» өткізеді. Бұл той жас баланың ер-азаматтыққа қатысты алғашқы жоралғысы болғандықтан, тәтімен қатар ән мен жырдан шашу шашылады, ат шаптырып, көкпар беріп, тойдың арты үлкен думанға айналады. Ал қыз балаларға қатысты да халқымыздың өзіндік ұстанымы бар: қазақ халқы қыздардың құлағын тесіп, сырға салып жөн-жоралғысын жасайды. Кішкентай бала ата-анасына алғаш рет қолқабыс бергенде, үлкен шаруаға араласқанда, баланың кіндік шешесі немесе басқа ауыл әйелдері тана тағып жібереді. Тана тағу – жас баланың әжетке жарап, ұсақ-түйек шаруаны атқара алатындығына үлкендердің тарапынан балаға жауапкершілігі артқанын білдіретін ишара жора болса, баланың ата-анасына баласының жақсы азамат болып өсуіне тілеулес екендігін білдіретін үрдіс. Ата-анасы баласының қолқанат, көмекші болғанына және үлкендердің назарына ілінгеніне қуанып, той жасайды. Тойда тана жақ балаға бастан жаңа киім әпереді және тағы да басқа сый-сыралғы (қазіргі заманда көбінесе ұл бала болса – велосипед немесе жас шеберлерге арналған құрал-саймандар, ал қызға – тігін машинасы немесе тамақ пісіруге арналған ас үйге арналған аспаздыққа қажет ғажайып пеш секілді заттар сыйлайды) жасайды. Туыстары мен жора-жолдастарын шақырады. Әрине, той-думан гүлі – жастар еш тойдан тыс қалмайды, жастарсыз қазақ елінде той өтпейді десе болады. Тойларда жастар тек ән-жыр ғана айтумен шектелмейді, айтысады. Үлкен айтулы ақын болмаса да кез-келген қазақ айтылған әзіл-оспаққа табан астында бір-екі шумақ болса да өлең шығарып немесе қайым өлең айту арқылы тапқыр да ұтқыр жауап қайтара білуі керек. Дүние шыр етіп келген-ақ ән-жырға бөленіп өскен қазақ халқының арасында сөзге шорқақ, болбыр, ән-жыр айтпайтын адам сирек кездеседі. Егер араларында ондай адам болса, жолдастарының оның осы кемшілігін өзгелерге, әсіресе, қарсы жаққа байқатпауға тырысады, жарыса жабыла айтып кемшіліктерін көрсетпеуге ұмтылады. Қазақ өмірінде адамның жеке басына байланысты болатын тойлардың ішінде ең айтулысы – бұл «қыз ұзату» мен «үйлену тойы». «Қыз ұзату» тойында екі жақ: күйеу жақ пен қалыңдық жақтың жастарын өнер сайысын ұйымдастырады, айтысады, өнер сынасады. жастар жас жұбайларға арнап ақ тілктерін білдіріп, жат жерге ұзатылып бара жатқан қызға - қалыңдыққа жұбату айтып жар-жар айтады, ұзатылатын қыз туған жерімен, ата-анасымен, туған үйімен, жақындарымен, құрбы-құрдастарымен қош айтысып, «сыңсу» айтады. Ал қыз күйеу жігіттің, қайын-жұртының босағасын аттаған соң «үйлену тойында», ең алдымен «беташар» рәсімі жасалып, тойдың асабасы «беташар» жырын айтады. Содан соң мұсылмандық салт бойынша екі жастың некесі қиылады. «Үйлену тойында» жан-жақтан келген қонақтар өз өнерлерін ортаға салады. Қазақ халқының кез келген тойы шашу дәстүрі ашылып, «тойбастармен» басталады. «Тойбастар» - бұл ән мен жырдан шашуы.

«Алма кезек барлық осы ойындармен бірге хормен ән айтады, ақындар сайысы екі жігіттің немесе қыз бен жігіт арасында ән айту мен суырып салма ақындық өнері бойынша сайыс өткізіп, той-думанды қыздыра түседі.»

Бұдан қазақ халқы ән-жырды тек тойлардан ғана айтады деген ұғым қалыптаспауы керек: қой баққан қойшы да, жылқы баққан жылқышы да, кең даланы жырға бөлеп, ән сала береді. Үйдің ұсақ тірлігін, шаруасын істеп жүрген жан да даусын қатты шығармай ыңылдап жүріп ән салып жүріп, өз шаруасын атқара береді. Жазда жайлаудың мақпал кештерінде де ойын-сауықтан тыс жай күндері де, үлкендер жастарға ғибратқа толы аңыз-әңгімелер айтады. «жақсыдан үйренсін, жаманнан жиренсін» деген қағиданы басшылық етіп ұстаған қазақ әңгімелері, өлең-жырлары, ертегілері аз емес.

Қазақ халқы үйіне қонақ келсе де, қонақты жай ғана күтіп, шығарып салмайды. Қазақ халқының қонақ күту дәстүрі - өз алдына бөлек әңгіме етуге тұратын үлкен де маңызды дәстүр. Дегенмен де біздің айтатынымыз бұл туралы емес, сонда да айта кететін бір жайт, қонақ тоқтаған үйге ауылдың басқа да тұрғындары да жиналып, қонақтан жаңалық сұрайды. Ауылдықтар «ауылдың алты ауызын» айтады, ал өз кезегінде мейманнан «қонақ кәде» сұрайды. Осы туралы орыс география қоғамының негізін қалаушылардың бірі – Левшин Алексей : «Қазақ даласында шыққан сөздің желдей жылдам тарайтынына ешбір почта ілесе алмайды. Ауылға сырттан қонақ келсе, бәрі жиналып соны тыңдайды, берген тамағына ешкім әңгімеден басқа ақы сұрамайды. ...қазақ үшін меймандостық – қастерлі заңдай.» деп жазған. Еуропаның көрнекті ғалымдарының бірі Армений Вамбери өзінің «Путешествие по Средней Азии» атты еңбегінде қазақ халықы туралы былай деп жазған: «...Ежелгі Түркістан тайпаларының кемшілігі мен жетістігі араласа сақталған дәстүрлердің айқын көрінісі осы ұлтта сақталған.

Бізді аса таңқалдырғаны – бір жағынан, олардың музыка мен поэзияға зор бейімділігін, екінші жағынан, ақсүйектік текшілдігін байқағанымыз. Екі қазақ жолықса, міндетті түрде алғашқы сұрауы: «жеті атаң кім?! – деп келеді, ал екіншісі, тіпті, сегіз жасар бала болса да, жауапқа мүдірмейді, олай болмаған күнде жетесіздігін көрсетеді.(182-183 б.) – десе. Ал Э.С.Вульфсон, - Тап қазақтай бүкіл өмірінде әнді қастерлеп өтетін халықты табудың өзі неғайбыл. Олар , тіпті, оқуды да әуенмен үйренеді: әуелі жекелеген әріптерді, одан әрі тұтас сөзді белгілі мақамен әуездете оқиды. Кең жазирада жүйрігіміен жүйткіп келе жатқан қазақ бір ауылға таяғанда, өзінің келгенін ән арқылы білдіреді. Қазақтың қуаныш, қайғысының бәрі әнмен өріледі. Қыз айттырып, құда түсу, беташар, үйлену, шілдехана – соның бәрі өлеңсіз өтпейді, тіпті науқастың көңілін сұрау, (қазаны - өлімді) естірту, жоқтау, ас беру – бәрінде де өлеңнің орны айрықша және де әр жағдайдың өзіне лайық өлеңі бар немесе қолма-қол табан астында шығарылады. Қазақтар өлеңге шебер болумен бірге әншілерін де жоғары бағалайды. Ерлерден әйелдер де қалыспайды.

Қазақ өлеңді домбыраның сүйемелдеуімен айтады. әнді көбінесе біреу, өте сирек жағдайларда бірнеше - әрі кеткенде 4-5 адам қосылып айтады. Қазақтар әннің әуенімен қатар сөзіне де терең мән беріп тыңдайды; олардың сөз мағынасын ұғуға қиындық келтіретін хормен өлең айтуды ұната бермеуі де сол себептен.

Жақсы әншінің үні әдемі болумен бірге ән сөзін ұйқасымен қолма-қол шығаратын суырып салма болуы да шарт, - деп, ой қорытады.

Шынында қазақ халқы сөз өнеріне айрықша мән беретін халық. Сөз өнері қазіргі заманда да өз маңызын жоғалтпаған. Әсіресе ауылдық жерлерде басқосуларда, жиын-тойларда ән мен жырдан шашу шашылып, сөз маржаны төгіліп жатады. Тойларда той асабасы тойға келген қонақтар мен той иелері дәстүрге сай, жолына қарай сөз береді. Сөз сөйлеуші той иелеріне деген ақ тілегін ғана білдіріп қоймай, тостан соң өз өнерін ортаға салады. Ән салады, би билейді, өнер көрсетеді немесе күлдіргі әңгіме айтып көпшіліктің көңілін бір желпіндіріп тастайды. Қазақ халқы өздерінің дәстүрлі Наурыз тойынан басқа да той-жиындарын өткізу салтын ұмытпаған. Мысалы, «соғымбасы» «қымызмұрындық» «уызкөже», «мизамтой», сеілді тағы да басқа кәделі жиындарын өткізіп тұрады. Қыстыгүні қазақтар бірін-бірі «соғымбасыға» шақырады. Үлкен астан кейін шай дастарқаны жайылады. Дастарқан басында да, дастарқан жиналған соң да әңгіме-дүкен аяқталмайды. Үлкендер жағы шежіре айтады, жастарға ғибраты мол әңгімелер айтады. Ара-арасында ән мен жырға да орын беріледі. Термелер мен, толғаулар айтылады. Жыр-қиссалардан, поэмалардан үзінділер оқылады.

«...Қазақтар балаларын үлкенді сыйлауға кішкентайынан үйретеді. Қарттардың үлкен құрметке ие болатыны сонша – үй ішінде бір мәселе төңірегінде кеңес өтсе, бәрі де қарттың сөзіне тоқтауға мәжбүр. Қазақ балаға: «Егер қарттарды сыйласаң, құдай сені сыйлайды», - деген нақылды титтейінен миына құйып өсіреді. Егер үйге ақсақал кіріп келсе, барлық жас түрегеліп бас иеді және әзіл-қалжың да кілт тыйылады. (Э.Вульфсон).

Қорыта айтқанда, қазақ халқында сөз өнерінің ұлттық тұрмыс-тіршілікте алатын орны ерекше.








Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет