«Қарқаралы қ. БжЖО»кмм-сінде «Әлем таныған- Қазақстан» ашық тәрбие сағаты өтті



Дата21.11.2016
өлшемі3,13 Mb.
#2239
«Қарқаралы қ. БжЖО»КММ-сінде «Әлем таныған- Қазақстан»

ашық тәрбие сағаты өтті
Қарағанды облыстық білім басқармасының (бастығы Е.Н.Иманғалиев) нұсқауымен облысымыздың барлық мектептерінде 2012 жылдың күзгі демалысында «Тұлғанының ерен еңбегі» атты іс-шаралар өтткізу тапсырылаған еді. Аталмыш іс-шара Тәуелсіз Қазақстан Республикамыздың Тұңғыш Президентіміз күні мен Ү Президенттік олимпиадаға ұласады.

Аталмыш шараны Қарқаралы ауданының Білім дене шынықтыру және спорт бөлімі (бастығы Т.Сәдуақасов) жоғары жауапкершілік, шығармашылықпен ұйымдастырды.

Бұл шаралардың мақсаты балалар мен жасөспімдердің бос уақытын салауатты өткізумен қатар отансүйгіштік пен патриоттық тәрбие беру, оларға сабақ, мектептен тыс қосымша білім беріп, тұлғаны жан-жақты дамыту еді. Сөйтіп әр демалыс күндерге арнайы тақырыптар белгіленді.

5- қараша Тарихи далалар күні. Қарқаралы ауданының барлық бастауыш және негізгі орта мектеп оқушылары арасында Мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына, Қазақстан тарихына арналған «Еліміздің рәміздеріне менің көзқарасым», «Мемлекет және рәміздер», «Менің Отанымының рәміздері», «Мемлекеттік рәміздер тарихы», «Қазақстанның ұлттық валютасы» цикльді танымдық, тақырыптық конкурс, викториналар, мен әңгімелер өтті.

6-қараша күн Жас Ұлан күні. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалардың қоғамдық бірлестігінің Қарқаралы аудандағы ұйымының ұйымдасытруымен «Мектеп достары», «Біздің ардагерлер», «Әлем таныған- Қазақстан» атты кездесулер мен ашық тәрбие сағаттары жүргізілді. Осылайша 7-қараша «Отанымыздың елордасы- Астанамен танысамыз», 8-қараша «Қозғалыс күні», 9-қараша «Туған қаланың білгерлер күні», 10-қараша «Дүниежүзілік жастар күні», 12-қараша «Шығармашылық пен таланаттар» күні болып белгіленіп балалар мен жасөспірімдер арасында сан- алуан саяси маңызды мәдени- көпшілік шаралар ұйымдастырылды.

Аталмыш шаралар мектепішілік, қалалық, аудандық деңгейде атқарылды.

13- қараша күні Қарқаралы қаласында «Жас Ұлан» балалардың қоғамдық ұйымы (үйлестіруші- Күлке С. Ж), «Қарқаралы қаласының балалар және жасөспірімдер орталығы» КММ-сі (директоры Е.М.Аманбаев) «Әлем таныған- Қазақстан» ашық тәрбие сағатын өткізіп іс-шараны қорытындылады.

Шараға Қарқаралы қаласындағы №1,2,44 орта мектептерінің оқушылары, педагогтарымен бірге Қарағанды облысының білім басқармасының өкілі, «Сарыарқа» дарыны Аймақтық Әдістемелік орталығының директорының орынбасары Сабитова Райса Гайнутдиновна, Қарқаралы ауданының білімді дамыту орталығының директоры Толеубаева Гүлнария Аннасқызы, білім бөлімінің әдіскері Оспанова Гүлзада Жоламанқызы құрметті қонақ болып қатысты.

«Әлем таныған- Қазақстан» ашық тәрбие сағатында балалар мен жасөспірімдер еліміздің Тәуелсіздік алған жиырма бір жылда жеткен жетістіктерін слайд шоу, қысқа баяндама, өнерлерімен ортаға салды, маңызы зор тағлым алды.

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Ел- жұртынан айырылған жаман екен,

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді- деп тәуелсіздікке дейінгі азапты жылдар тарихына шолу жасап, Тәуелсіздік алған азатты жиырма бір жылда сарабдал саясаткер, ұлтымыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жеткен жетістіктерімізді паш етті.

Оқушы Қайролла Нұрлан «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы» атты баяндама жасап, оқушылар Рымбек Райхан, Махмут Анар «Жаса Қазақстан» әнімен көрермендерді бір желпіндіріп тастаса, келесі кезекте айбынды «Атамекен» әні шырқалды.



Ашық тәрбие сағатында балалар мен жасөспірімдер тәуелсіз жиырма бір жылда Қазақ елі, Қазақ ұлтын әлемге танытқан ұлт көшбасының сан-қырлы саясатының саяси, экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, Елбасының балалар мен жасөспірімдер, жастарға қамқорлығын түсіндіре білді. Ашық тәрбие сағатын Қарағанды облысының білім басқармасының өкілі, «Сарыарқа» дарыны Аймақтық Әдістемелік орталығының директорының орынбасары Сабитова Райса Гайнутдиновна қорытындылады.
Сонымен бірге аудан мектептерінде де осындай іс-шаралар өтті.



Серхан Малик,

Қазақстан Журналистер

Одағының мүшесі.

20.12.2012
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет