Қарастырылатын негізгі сұрақтар



бет1/4
Дата06.12.2016
өлшемі0,96 Mb.
#3344
  1   2   3   4
Дәріс 1. Өзін-өзі тану мәні
Қарастырылатын негізгі сұрақтар

Өзін –өзі тану пәніне жалпы сипаттама. Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты мен міндеттері. Өзін-өзі тану рухани – адамгершілік білім берудің негізі.


Қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойында әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, көптүрлі мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамытуға баса назар аударылып отыр. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағытталған. Соңғы онжылдықта оқытушылар, тәрбиешілер және ата-аналар алдында жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу міндетін мемлекеттік деңгейде еліміздің Бірінші ханымы – «Өзін-өзі тану» жобасының авторы С.А.Назарбаева ұсынды.

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты - жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың, студенттердің өзін дұрыс қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білімділік және сауықтыру орталығының (ҰҒПБСО) жетекшілігімен «Өзін-өзі тану» жаңа білімділік бағдарламасын бейімдеу іске асырылады.

«Өзін-өзі тану» пәні тұлғаның адамгершілік- рухани қалыптасуының білім беру маңызды пәні болып табылады. Пән мазмұны Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық, этномәдени және тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағдарланған. Осы құндылықтар адамның өзін толық іске асыруына, өмірдегі өз рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет етуіне мүмкіндік береді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мынадай жалпы мақсаттарға негізделеді:

- Әрбір студенттің өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету;

- Жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік-маңызы бар мынадай түйінді құзыреттерді мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету;

- Өзінің өмірлік позициясын анықтау;

- Әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті шешу;

- Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

- Адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;

- Өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі, іс-әрекеттеріне шынайы болу;

- Жасампаздық тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;

- Қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

Аталған мақсаттар күнделікті практикада оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау, студенттердің ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына ықпал ететін ақпараттық білім беру кеңістігін құру, жоғары мектеп пен отбасының әлеуметтік серіктестігі ынтымақтастығын дамыту арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қалыптасуы үшін жағымды алғышарттар жасауды құру жолдарымен жүзеге асырылуда.

Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді қамтиды:

- Адамның өзін-өзі тануы;

- Адам және қоғам;

- Адам және қоршаған орта;

- Адамзаттың рухани тәжірибесі.

Өзін-өзі тануды оқыту интерактивтік әдістеме негізінде білім беру процесіне әрбір қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Адамгершілік құндылықтар әрбір жасқа лайықты әлемді қабылдау арқылы меңгертіледі. Өзін, өзге адамдарды тану, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты түсіну адам өмірінің ең басты мәні тұрғысынан студент ойлана алатын, өзінің пікірін жеткізе білетін, таланты мен қабілеттерінің ашыла түсетін, формалды емес, сенімді жағдайда өтеді. Өзін-өзі тану сабақтарында оқытушымен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адамдардың өзара қарым- қатынас әлемі зерттеледі, өмірдік бақылаулары бойынша пікір алмасады, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады. Өзін-өзі тану ерекшелігін есепке ала отырып, денсаулық сақтау әлеуетіне ие әр түрлі стандартты емес сабақ түрлерері: ойын-сабақтар, ойлану-сабақтары, пікір-сайыс, театрландырылған сабақтар, шығармашылық сабақтар, экскурсия және концерт сабақтар т.б. түрлері пайдаланылады.

Өзін-өзі тану пәнінің міндеттері: 1. Өзін-өзі басқара алатын, мінез-құлқын түзете алатын, қоғамда қабылданған нормаларға – құндылықтарға сәйкес өзінің саналы талап-ойын жетекшілік ететін тұлғаны қалыптастыру.

2. Іс-әрекет пен мінез-құлқында өзін жүзеге асыру үшін студенттердің жеке қабілеттерін ашуға жағдай жасау.



         «Өзін-өзі тану» курсын оқытудың қағидалары:

  • тұлғалық белсенділікке ынталандыру қағидасы. Адамның жан дүниесінің дамуына жүгіну курстың басты қағидасы болып табылады. Адамның жаны — үйлесімді құрылған және мейірімнің, қайырымдылықтың, биязылықтың, жанашырлықтың, сүйіспеншіліктің нұрын төккен бастапқы құндылық.

  • «Зиян келтірме!» талабы ретінде анықталуы мүмкін гуманизм және педагогикалық оптимизм қағидасы. Тұлға өзіне тілектестікті, назарды, қамқорлықты талап етеді, сондықтан оқытушы оның жағымды негізіне, нәтижеге бағдарланып, рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуына ықпал етуі тиіс.

  • Психиканың, сананың және іс-әрекеттің даму қағидасы. Тұлғаның барлық психикалық ерекшеліктері қалыптасу процесінде болғандықтан, дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет дамудың негізгі шарты болып табылады деп тұжырымдайтын Л.С.Выготскийдің және оның мектебінің бағытымен негізделген. Сана бұл – жүйе, таным  негізі. Ойлау тұлға санасының орталығында орналасқан, қалған барлық психикалық процестер санадағы басым қызметтің ықпалында дамиды;

  • Кешенділік, жүйелілік қағидасы тұлғаның бірізді және біртұтас зерттелуіне бағарланады. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының шеңберіндегі оқыту тұлғаның жеке-дара өлшемдерінің дамуына ғана емес, сонымен қатар дамудың жалпы құрылымындағы тұтастай дамудың барысын болжауға да бағытталады.

  • Детерминизм қағидасы тұлға психикасының барлық көріністерінің тұлғаның оңтайлы әлеуетін жүзеге асыру үшін жағымды жағдай жасай отырып, мінез-құлқын, іс-әрекетін түсіндіру үшін анықталуы және түсіндірілуі тиіс бірқатар себептермен өзара байланысқан және өзара міндеттелген;

  • Л.С. Выготский негіздеген және Д.Б. Элькониннің, В.В. Давыдовтың және т.б. зерттеулерінде жалғасын тапқан дамытпалы оқыту және тәрбиелеу қағидасы. Жағдайдың мәні оқыту мен дамытудың арақатынасында анықталады. Оқыту дамудың алдында жүріп, жақын даму аймағына, яғни әрбір жас ерекшелік кезеңнің психологиялық жаңа құрылымдарын ескере келе, тұлғаның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс;

  • Жеке-дара және тұлғалық тұрғы қағидасы әр тұлғаның өзіне тән даму жолы болып, олардың әрқайсысы еркін де қайталанбайтын дамудың бір жолымен өтетіндігін тұжырымдауға мүмкіндік беретін психикалық дамудың жалпы онтогенетикалық заңының бар екендігін білдіреді. Ол Л.С Выготский және оның мектебінің, К. Бюллер мектебінің. В. Штерннің, Ж. Пиаженің және т.б. зерттеулерімен дәлелденді;

  • тілектестік, өзара көмектесу және ынтымақтастық ахуалын құруға негізделген оңтайлылық қағидасы;

  • жоғарғы құндылықтар: мейірім, жан тазалығы, денсаулық, тұлғаның ішкі жан дүниесінің байлығы, өмір мәнінің арасындағы байланысты орнататын руханилық қағидасы;

  • адамның қиын-қыстау жағдайлардың өзінде өзінің өмірлік ұстанымдарына және құнды бағдарларына берік болып, өмірлік стратегиясын сақтап қалу қабілетін сипаттайтын тұлғаның біртұтастылығы қағидасы;

  • шығармашылық мүмкіндіктердің, өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру қабілеттерінің іске қосылуын алдын ала жоспарлайтын тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы қағидасы;

  • объективтілік және ғылымилық қағидасы тұлғаның дербес заңдылықтарында кемелденген даму мүмкіндіктерін ашуды, даму психологиясы тұрғысында тұлға психикасының даму заңдылықтарын түсінуді болжайды; отбасылық-орталықтанған тұрғы бізді тұлғаның дамуын бағалауда жоғары оқу орындарындағы педагогтар мен отбасының өзара әрекеттестігіне, «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыруда тікелей отбасының қатыстырылуына бағыттайды;

Өзін-өзі тануға оқыту білім алушылардың мынадай деңгей бойынша қүтілетін нәтижелерге болжанып отыр: Күтілетін нәтижелер: өзін тануға, өзгелерді тануға, әлемді тануға, адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтижелердің көп деңгейлік жүйесі бір жағынан, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оқу және тәрбие мақсаттары түрінде көрінсе, екінші жағынан, білімгерлердің рухани-адамгершілік даму көрсеткіштері және олардың өзін-өзі танудың жалпы мақсаттарына қол жеткізуінің көрсеткіші болып табылады және студенттердің оқу жетістіктерін бақылауға мүмкіндік береді. Осы күтілетін нәтижелер міндетті түрде оқытылатын пәндер мазмұнының адамгершілік әлеуетін күшейту үшін бағдар және пәнаралық байланысты жүзеге асыратын құрал қызметін атқарады, әрбір пәннің құндылықтық мәнін ашуға бағдарланған, оқу процесін жобалауға жағдай тудырады.


Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Өзін-өзі тану дегеніміз не ?

  2. Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты мен міндеттерін атаңыз?

  3. Өзін-өзі тануды жетілдірудегі қоғамның орны қандай?.

  4. Өзін-өзі тану пәнін оқытуда қандай қағидаларды білісіз?

  5. Психология және өзін-өзі тану байланыстылығы неде? Өз пікіріңіз


Дәріс 2. Қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде
Қарастырылатын негізгі сұрақтар

Адамдар арасындағы қарым-қатынас процесі. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы. Қарым-қатынастың интерактивті жағы. Қарым- жатынастың перцептивті жағы. Вербальді және вербальді емес коммуникация. Қарым-қатынас барлық тірі жандыларға тән, бірақ өзіндік сана мен тілге тоқтала келе адам деңгейіне тән екендігі белгілі.
Адам тұлға ретінде топта қалыптасады. Топ- адамдар арасындағы қатынастарды тікелей көрсететін амалданған көрс еткіш. Тұлға үшін топтың маңыздылығы – белгілі бір әрекеттер жүйесі. Топтың өзі белгілі бір әрекет түрінің субъектісі болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың жүйесіне енеді. Әлеуметтік қатынастың екі негізгі түрі белгілі. Оның біріншісі - әрекет, яғни бұл адамның әлеммен қарым-қатынастарының динамикалық жүйесі. Осы қатынастар негізінде, объектіде психикалық бейне пайда болады. Бұл бейне іс-әрекеттің анықталған мақсаты түрінде болады. Екінші түріне қарым-қатынасты жатқызамыз. Қарым-қатынас пен әрекеттің арасында адамдар белсенділігі ретінде айырмашылық бар. Әрекет нәтижесі заттың идеалды және материалды негізін түсіндірсе, қарым-қатынас адамдардың бір-біріне деген ықпалдылығы, әсері. Қарым-қатынас төмендегідей бөлінеді: мазмұны, мақсаты, құралы, функциясы, формалары, түрлері.

Қарым-қатынас мазмұны – адамның өзара қатынас жасауы. Қарым-қатынас мазмұны адамның эмоционалды қалпы мен ішкі мотивациялық құрылымын білдіреді. Қарым-қатынас мазмұны адамдардың бір-бірімен мағлұмат алмасуын, әлем жөніндегі білімін жеткізе білетін, білім, іскерлік пен дағды арқылы анықталады. Қарым-қатынас мазмұны материалды, когнитивті, әрекетті, кондиционды, мотивациялы деп бес түрге бөлінеді.

Материалды қарым-қатынас мазмұны - субъектінің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыратын құрал ретінде қолданылады. Сонымен бірге, жекеленген әрекеттер, оның өнімінің алмасуы, негізгі мұқтаждықты қанағаттандыру құралы жатады.

Когнитивті қарым-қатынас мазмұны – біліммен алмасу.

Әрекетті түрі - әрекеттермен, дағдыларымен, іскерліктерімен алмасыуы. Оқу және танымдық әрекеттің әржақтары түрлерінің байланыстылығы.

Кондициялды түрі – физиологиялық және психикалық жағдайларымен алмасуы. Кондициялды қарым-қатынаста адамдар бір-біріне физиологиялық немесе психологиялық жағынан әсер етеді.

Мотивациялы – адамдардың қажеттіліктерімен, мотивтерімен, қызығушылықтарымен, мақсаттарымен алмасуы. Мотивациялы қарым-қатынас әрекетке бағытталған қажеттіліктен туындайды.

Қарым-қатынас мақсаты - белгілі әрекет үшін жасалатын адамның белсенділігі. Қарым-қатынас мақсатына әлем туралы объективті білім, оқыту мен тәрбие, адамдардың бірлескен әрекеттеріндегі шынайы шешімдер, жеке немесе іскерлік әрекеттерден қалыптастыру мен түсіну жатады. Қарым-қатынас арқылы адам өз мұқтаждықтарына қол жеткізе алады. Атап айтсақ, әлеуметтік, мәдени, танымдық, шығармашылық, эстетикалық, иннтелектуалды өсу қажеттілігі, адамгершілік дамуы т.б. Қарым-қатынас мақсатына қарай биологиялық және әлеуметтік қарым-қатынастар деп екіге бөлінеді.

Биологиялық қарым-қатынас дегеніміз – ағзаның қажеттіліктерін қанағатандырумен байланысты.

Әлеуметтік қарым-қатынас – жекедара қатынасты ұлғайту бекіту мақстаында жүзеге асады.

Биологиялық және әлеуметтік қарым-қатынастың өзіндік түрлері бар.

Біріншісі, іскерлік қарым-қатынас - адамдардың өнімді әрекеттері мен өздерінің біліктілігін арттыру мақсатындағы әрекет арасындағы өзара үйлесімділілкті көрсетеді. Іскерлік қарым-қатынас мазмұнына адамдардың мәселелері емес, олардың ішкі дүниесін атқаратын қызметі арқылы білдіретін әрекеттер жиынтығы құрайды.

Екіншісі, жекедаралық қарым-қатынас. Ікші мінездеме мәселелесінің психологиялық әлемі, адамның ішкі жан дүниесі, өзіндік өмірдегі анықталған қатынастың негіздері.

Үшіншісі, инструменталды қарым-қатынас. ӘРтүрлі жағдайға байланысты мұқтаждықты қанағаттандыруға арналған қатынас түрі.

Төртіншісі, тұтастық қарым-қатынас. Қарым-қатынастағы барлық жағдайға қарай икемделе араласатын қатынас.

Қарым-қатынас құралы – мағлұматты өңдеу, шешу қарым-қатынас процесінде жету. Қарым-қатынас құралының ең негізгісі – тіл. Сонымен бірге, белгі құрылымдары, әртүрдегі жазулы формалар, техникалық құралдар, магнитті, лазерлі, т.б.

Қарым-қатынас функцияларына – қарым-қатынас мазмұнымен сәйкестеніп айқындалады. Қарым-қатынас функциясы төрт түрге бөлінеді.



  1. Инструменталды функция әрекетті орындау барысында мағлұматты беру және басқарудың әлеуметтік механизмін мінездеп көрсетеді.

  2. Интегративті функция адамдарды біріктіру құралы ретінде жасалатын қарым-қатынас

  3. Өзін-өзіанықтау функциясы өзін-өзі түсінудегі психологиялық колнтекст негізінде жүзеге ас ады.

  4. Трансляциялы функция нақты әрекетті шешуде қолданылатын қатынас.

Қарым-қатынас формалары әртүрлілігімен ерекшеленеді.

Олардың жанама, тікелей емес, құралды қарым-қатынас деп үшке бөлінеді.

Одан әрі қарым-қатынас функциялары жекедаралық және бұқаралық қарым-қатынас деп екі үлкен топқа бөлінеді.

Қарым-қатынас түрлерінің маңыздылығына вербалды және вербалды емес қарым-қатынас жатады.

Вербалды емес қарым-қатынасқа – мимика, жест, пантомимика жатады. Вербалды емес қарым-қатынас құралы болып тілдік коммуникация, яғни оның табиғи тұлғааралық көрсеткіші жатады.

Вербалды қарым-қатынас тек адамға тән және тілді меңгеруді мінездейтін міндетті шешімнің сапасы.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қарым-қатынастың туралы түсінік.

  2. Қарым-қатынастың түрлеріне сипаттама беріңіз

  3. Қарым-қатынастың формаларын атаңыз

  4. Қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде. Сіздің пікіріңіз


Дәріс 3. Адам өміріндегі отбасы және туысқандық қатынастың ролі
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Отбасы әлеуметтік институт ретінде. Мінез-құлықтың дәстүрлі нормалары. Жұбайлық қатынастың мінездемесі. Балалар мен ата-ана арасындағы өзара қатынас. Отбасы типтері: дәстүрлі, эголитарлы, демократиялық (жасырын көшбасшы жұбымен), некесіз, толық емес және қүрдлі (екі некелескен жұбымен).
Қазіргі қоғамда отбасы және отбасына қатысты мәселелер, яғни, отбасында туындаған мәселелердің ішкі субъективті және объективті факторларын зерттеудің психология ғылымы үшін қажеттілігі әрқашан да зор.

Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған бүгінгі күні жан-жақты дамыған, жоғары азаматтарды тәрбиелеу, әсіресе балалардың отбасымен қарым-қатынасын дамыту ең өзекті бірі болып отыр. Бұның басты себебі: кеңестік дәуір кезінде ата-ана мен мектеп арасындағы сабақтастықтың босаңсуы, танымдық белсенділіктін назардан тыс қалуы. Практикалық психолог маманының баланың жеке тұлғаболып қалыптасуы, оның ата-анасы, ортамен қарым-қатынасының қалыпты жағдайда болуы үшін психопрофилактикалық жұмыстың үздіксізжәне жүйелі жүргізілуі маңызды орын алады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасында «Басты мақсатымыз - елімізді баянды ету мен қазақтардың ұлт болып өркендеуіне жол ашатын мәдениетінің құлаш жаюына мүмкіндік туғызу»,- деп атап көрсеткен болатын.  Бұл мақсатты іске асыру ұлтымыздың тарихи қалыптасуындағы тәлім-тәрбиесін, соның ішінде отбасылық тәрбие дәстүрлерін зерделеу мен оны бүгінгі күннің талаптарына сай оқыту және болашақ азаматтарды тәрбиелеуде пайдалану жолдарын қарастырумен шешілмек.

Отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуына қатысты тұжырымдар мен ой-пікірлер өте ертеден бастау алған. Осы орайда психологиялық-педагогикалық ой-пікіріне сай қалыптасқан отбасылық тәрбие дәстүрін оның өткен өмірімен, салт-санасымен, тұрмыс-тіршілігімен етене бірлікте, тығыз байланыста қарастырғанып, отбасының құрылымына тоқталғанды жөн көрдік.

Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты. Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.

Отбасының қызметі

Отбасының тәрбиелік қызметі

Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.



Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі

Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.



Отбасының эмоциональдық қызметі

Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.



Рухани қарым-қатынас қызметі

Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.



Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі

Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқұн өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.



Сексуалды-эротикалық қызметі

Сексуалды-эротикалық қызметі – отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық қажеттілігін қанағаттандыру. Қоғамның көзқарасымен қарағанда маңызды болып, отбасы, сонымен қатар, отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық мінез-құлығын реттеуді қоғамның биологиялық ұдайы өсуін қамтумен іске асырады. Отбасы қызметінің бұзылуы – бұл қиындық туғызатын немесе оның қызметін отбасымен бірге орындауға кедергі келтіретін тіршілік қарекетінің осындай ерекшелігі болып табылады. Өте кең шеңбердегі факторлар бұзылушылыққа мүмкіндік туғызады: оның мүшелерінің жеке ерекшеліктері, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы тіршілігінің анықталған жағдайы. Мысалы, отбасының тәрбиелік қызметінің бұзылу себебінен, оның ілгері басуы және ата-аналарының сәйкес білімі мен дағдысының болмауы, олармен қарым-қатынастың бұзылуы мүмкін (тәрбиелеу жөніндегі қақтығыстар, отбасының басқа мүшелері мен басқалар жағынан кедергі келтіруі). Ата-аналар мен балалар арасында қалыпты қарым-қатынас стилін ұстау „тең орта“ шама әдісін қолдануды керек етеді. Ол туралы ғұлама "Тең орта" шаманы табу алғаш қарағанда өте қиын болғандықтан, адам өзінің мінез - құлқын нормаға яғни бір қалыпқа келтіруге мүмкіндігінше жақындатуға бағытталған амалдарды пайдаланады дейді. Мысалы, мінез-құлықтың орташа шамасына жету үшін қолданылатын амалдар өзімізде дағдыға айналған мінез-құлықты қарастыру болып табылады, егер мінез - құлқымызға тән нәрсе артық кету болса, жетімсіз болудан түсетін әрекеттерге баулимыз, егер мінез- құлқымызға жетімсіздік тән болса, онда өзімізді артық кетуге сәйкес әрекеттерге баулимыз. Сонан соң, біз өзімізге қандай мінез-құлық қалыптасып шыққанын ойластырып қарастырамыз, - дейді.

Салауатты да татулығы жарасқан отбасыларында өнегелi ұрпақтың өсетiнi айқын. Оларды ата-ана өнегесiмен қатар ата-аналық парыздар негiзiнде кемелдендiре түсемiз. Бұл жөнiнде ислам шарттары ата-аналарға мынадай мiндеттердi (парыздарды) жүктейдi: өмiр есiгiн жаңа ашқан нәрестеге жақсы ат қою; балаға жақсы тәрбие беру; баланы еркелетiп сүю, оларға мейiрiмдi болу; солай бола тұрса да баланы шектен тыс еркелетпеу; қыз балаға жақсы тәрбие беру; баланың тәрбиесi мен бiлiм алуы үшiн мал-мүлiктi аямау; бала шыр етiп жарық дүниеге келген күннен бастап бiрiнен кейiн бiрi ретiмен келiп жататын үлкендi-кiшiлi той-томалақтар жасау; балалардың арасын бөліп алаламау, яғни бәрiне бiрдей қарап, әдiл болу; балаларын денi сау етiп өсiру, оның тәнi мен жан саулығын қорғау; балаларына арам нәрселердi жегiзбеу; балаларын оқытып, мамандық иесi етiп қалдыру; ата-ананың өз отбасын нығайта отырып, жасы жеткен балаларын үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзiрлеу.

Сонымен қатар, балалары тарапынан да тәрбие нәтижесі ретінде күтілетін қасиеттер: ата-анаға дауыс көтеріп сөйлемеу, ата-анасын атымен атамау, ата- анасының өтінішін мүлтіксіз орындау, ата-анасын ренжітпеу, қартайған ата- анасына көмектесіп тұру, ата-анасының достарын құрметтеу, ата-анасынан бұрын отырмау, олардың жолын кеспеу және т.б. болып табылады.


Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Адам өміріндегі отбасы және туыстық қатынастың ролі.

  2. Адам өміріндегі достықтың мәні

  3. Ата-ана мен бала қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері

  4. «Достық – адамгершіліктің жоғары сатысы ретінде». Сіздің пікіріңіз


Дәріс 4. Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты ретінде.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Сезім жекелік қасиет. Ішкі үйлесімділік жағдайы. «Мен» - жеке адам. Жеке адам теорияларына шолу (Фрейд, Юнг, Платонов). «Өзара танысу» тренингі.
Өмірдің мағынасы – ол адамның санасындағы субьективті ең маңызды құндылық және оның мінез-құлқының басты реттеушісіне айналған құндылық. Адам дамуының шыңы - осы процесте өз денсаулығының белгісі бойынша адам организімінің, құратын қатынастардың адамгершілік нормаларға сәйкестілік белгісі бойынша тұлғаның еңбектегі және қарым-қатынастағы, сондай-ақ қоршаған орта мен өзін-өзі танудағы сәттіліктер белгісі бойынша іс-әрекет субьектісі ретіндегі қабілеттерінің жететін ең жоғарғы көрсеткіші. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану.

«Өзін-өзі» тану курсы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады. Оның стратегиялық бағдары, тұлға болып қалыптасуы, дүние жүзілік көзқарасын кеңейту, әлеуметтік – экономикалық тапсырмаларды, күнделікті өмірдегі көкейкесті мәселелерді шешу, қарым-қатынас жасауға тағы басқа бағытталған.

Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.

1. Тұлғаның мотивациялық аумағы: мінез-құлықтың және іс-әрекеттің мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер.

2. Белсенділік аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі таныту.

3. Тұлғаның құндылықтық-мағыналық аумағы: құндылықтық бағдарлар, өмірдің мағынасы мен мақсаттары.

4. Тұлғаның этникалық өзіндік санасының аумағы – этникалық жаңсақ нанымдардың негізінде қалыптасатын этномәдени сәйкестілік .

Өзiн-өзi тану сияқты күрделi психологиялық феноменнiң мазмұнына қатысты әр-түрлi көзқарастар бар. Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы .

Р.С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:

1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б баланың іс-әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.

2. Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы.

3. Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.

С.В. Кондратьева бойынша өзiн-өзi тануды зерттеуде әртүрлi бағыттар, психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара байланыс ерекшелiгi және өзiн-өзi тануы жеткiлктi дәрежеде зерттелiнбеген. Өзге адамды түсiнуде және өзара байланыс механизмiн, мазмұнын айқындауы, мiнез-құлық рефлексивтi қасиетiн анықтауға жол ашады деп көрсетедi .

Л.Н. Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi, тануының арасындағы өзара байланысын зерттеуде, ең алдымен қоршаған адамдар ортасында қарым-қатынастың деңгейiн анықтау. Зерттеу мазмұнында тұлғаның қарым-қатынасы өзiнiң құрбыларымен, қарама-қарсы жынысты адамдар арасындағы қарым-қатынасы әсер етедi.

Ж. Маралов бойынша, «өзiн-өзi тану» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.

Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:

- өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.

- өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.

- өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады .

Классикалық психоанализде өзiн-өзi тану бейсанада ығыстыру ұғымымен сипатталынады. Австриялық психолог және психиатр З. Фрейд ығыстыруға агрессивтi және сексуалды тенденцияны жатқызады. Психоаналитиктiң мұндағы рөлi емделушіге (пациентке) арнайы психоанализ техникасын қолдана көмек беру.

З. Фрейд шәкiртi австриялық психиатр А. Адлер өзін-өзі танудың мән-мағынасын адамның өзінің алдына қойған шынайы мақсатын танудан көреді.

Гештальттерапияда өзін-өзі тану адамның тұлғалық кемелге жетудегі жетістік құралы ретінде қарастырылады. Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді.

1. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.

2. Жауапкершілікті өз мойнына алу.

3. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.

4. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару .

Гуманистік психологияда өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік даму жағдайымен, өзін-өзі жетілдірумен қарастырылады. Бұл бағыттың өкілі американдық ғалым К. Роджерс адам құрамын реалды «Мен» және идеалды «Мен» деп бөліп көрсетеді, ал адам өміріне әсерін тигізетін әлеуметтік ортаны қосымша етіп алады.

Реалды «Мен» - өзі туралы ой, сезімі, талпынысы тағы солсияқты елестету жүйесі.

Идеалды «Мен»- адам болашақта қандай болғысы келетiнi, терең ойлауы мен өзiнiң тәжiрибесi.

Әлеуметтік орта - бұл басқа адамдардың баға беруi (адамның құндылығы, көзқарасы, iс-әрекетi, нормасы тағы сол сияқты).

Реалды «мен» және идеалды мен өзара сәйкес келмеуi мазасыздықты, әрекеттiң бейiмделе алмауы, әртүрлi психологиялық мәселелер туындайды.

Сонымен, В.Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану - өзiндiк тәжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi.

Позитивтi мәнi – кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы.

Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi және әлсiз жақтарын мұттәйiм мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа.

Психологияда өзін-өзі тану саласын алғаш атап көрсеткен американдық психолог У. Джеймс. Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану абзал .

Өзiн-өзi тану аймағы мен саласы жайлы кең түрде Д. Лафта және Г. Интрома «Джогари терезесiн» көрсеттi.

Кесте 1.1.1 «Джогари терезесi»




Мен өзім жайлы жақсы білетінім

Өзім жайлы білмейтінім

Мен жайлы өзге адамдардың білуі

Арена

Соқыр дақ

Мен жайлы өзге адамдардың білмеуі

Жасырын аймақ

Белгісіз


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет