Қарындас,неге қидың қолаң шашты? Біртіндеп неге жұлдың қиғаш қасты?



Дата06.06.2020
өлшемі149,53 Kb.
#72514
Байланысты:
Документ Microsoft Word


Қарындас,неге қидың қолаң шашты?

Біртіндеп неге жұлдың қиғаш қасты?

Бетіңе бірінші сорт ұн сепсеңде.

Баяғы қара жүзің ағармас-ты.

Ернің де қан ішкендей кезеріпті,

Шашың да қып-қызыл боп өзгеріпті.

Боксқа қатыстың ба қарындасым,

Көзіңнің айналасы көгеріпті.

Қасыңда жүрсем,

Қадірім саған жоқ екен.

Қасыңнан кетсем,

Адамның нағыз қоры екем.

Қасыңда жүріп,

Күлетінім де сол екен,

Қасыңнан кетіп, жылайтыным да сол екен.

Қасыңда сенің,

Қағынып жүрген желөкпе,

Өзіңнен кетсе,

Өзгеге, сірә, керек пе?!

Мен деген, жаным,

Қадалған мәңгі бұтақпын,

Сен деген алып мың жүрегі бар терекке

Heгe де болса,

Сенімен бірге шыдаймын.

Негізім менің!

Неліктен сонша мұңайдың?!

Құласаң егер,

Құтқармақ болып мен сені,

Қадалып жерге,

Астыңа Сенің құлаймын!

Көтерілмей жүргенде еңсем менің,

Армандадым, біреуді көрсем дедім.

Біреу маған алыстан қолын созған,

Қолын созған қамқоршым, сол сен бе ёдің?

Танысып та, ашынып сезімдерім,

Ұзақ таңға ұйықтамай, көз ілмедім.

Сонда мені біреу кеп әлдилеген,

Әлдилеген сәбиін өзің бе едің?!

Сері күннен жалығып, кері күннен,

Жалғызсырап кей-кейде жерідім мен.

Біреу сонда жанымнан шықпайтұғын,

Жаны бірге менімен серігім бе ең?!

Қысылтаяң сәттерде саған келдім,

Жасырмай-ақ халімді жаман дедім.

Мүңым менен сырыма ортақ болған

Адам ба едің! Аяулы панам менің

Сен менің көтерілген еңсем бе едің?

Армандадым, өзіңді керсем дедім.

Бақыт іздеп жүр едім, сол сен бе едің?!

Арманым жоқ, алдыңда жүрсем сенің.

Сен менің жүрегімді жазалама

Шыдайды ол қуанышқа , қазаға да

Жүрек деген – сезім ол , сезіміме

Сезіммен кел , болмаса мазалама

Отан туралы.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: “Отан!” - деп сыбырлаған

Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!


Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен

Артық не бар жақсыға жар болудан

Арың барда жақсының ал қолынан

Бір момынын қазақтың алдап жүрме

Айырылып қалғасын ар жолынан

Күрсінбеші.

Тағдырыма тура келген серігім,

Мен бейбаққа сыйлады екен сені кім?!

Шар басымда, шаңырағым, сен тұрсың.

Басқалардың барлығынан жерідім.

Ауырлықтың көтердің-ау көбін сен,

Сенен келіп қуат алдым жеңілсем.

Сен — жер болдың, нөсер болып төгiлсем,

Шұғыласың, қара бұлт боп көрінсем.

Мен - түн болсам, сен - таң болдың жаңа атқан,

Мені — қола, сені — шойын жаратқан.

Мен — ашу да, сен - ақылсың нәрі аққан.

Сен — Адамсың, мен аждаһа зәр атқан.

Білемін ғой, білмейді деп жүрсің бе?

Түсінемін кеудеңдегi дүрсілге.

Оңашада, жұрт көзінен жасырын,

Күрсінбеші, жалынамын, күрсінбе!

Әлі екеуміз аттанамыз сан жылға,

Күрсінбеші, қуаныш көп алдыңда.

Күрсінбеші, жүрегімді тыңдашы,,

Талай-талай кереметтер бар мұнда!..





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет