«Қаржы нарығы және делдалдар» пәні бойынша негізгі дәріс материалдары Астана 2008


Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі



бет4/8
Дата23.08.2017
өлшемі2,33 Mb.
#25734
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі


1 Қаржы нарығы инфрақұрылымындағы банктердің ролі.

2 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар бойынша операциялары



3 Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында эмитенттер және инвесторлар ретінде.
. Коммерциялық банк дегенiмiз не және оның мiндетi қандай?

Коммерциялық банк нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi буыны.Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету,өнеркәсiп мекемелерiн,мемлекет пен халықты несиелеу,халық шаруашылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады.



Қазiргi коммерциялық банк – бұл тiкелей кәсiп орындарға,ұйымдарға,сондай ақ халыққа қызмет ететiн банiктердi бiлдiредi.

Коммерциялық банк деп – бұл жерде Қазақстан республикасындағы екiншi деңгейдегi банктер туралы айтылып отыр.

. Коммерциялық банк қандай белгiлерiне байланысты жiктеледi?

Коммерциялық банктер мынандай белгiлерiне байланысты жiктеледi



1 Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

  • мемлекеттiк

  • акционерлiк

  • жеке

  • пай қосу арқылы жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк

  • аралас, шетел капиталының қатысуымен.



  1. Операцияларының түрлерiне қарай:

- әмбебап, яғни экономиканың балық салаларына бiрдей және кең көлемде банктiк қызмет көрсететiн банктер

  • Маманданған, яғни бiр ғана салаға қызмет көрсететiн банiктер.

  1. Аумақтық белгiсiне қарай:

  • халықаралық

  • мемелекетаралық

  • ұлттық

  • аймақтық

  1. Салалық белгiсiне қарай:

  • өнеркәсiптiк банктер

  • сауда банiктерi

  • ауылшаруашылық банiктерi

  • құрылыс банктерi

  • басқа да банiктер

  1. Филиалдар санына қарай:

  • филиалсыз

  • көп филиалды.

. Коммерциялық банк қызмет қалай ұйымдастырылады?.

Коммерциялық банiктiң ұйымдастырылу құрылымы банктi басқару құрылымына және оның функциянолдық бөлiмшелерi мен әртүрлi қызметтерiнiң құрылымына бөлiнедi.

Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктердiң қызметiне тиiмдi жетекшiлiк етудi қамтамасыз етедi. Банктiң құрылтайшылары басқару органына тiкелей қатысады.





  1. Коммерциялық банктер қандай операциялар жұргізеді?

Пассивтiк операциялар негiзiнде банктiң ресурстары жинақталады. Сондыктан да пассивтiк операцилардың коммерциялық банктердiң қызметiндегi ролi жоғары.

Банк ресурстары пассивтiк операциялар нәтижесiнде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс, қаржы және несие сөздiгiнде пассивтiк операциялар бұл несиелiк және активтiк операцияларды жүзеге асыруға арналған банктiң өз ресурсын құру операциялары делiнедi.

Пассивтiк операциялар көмегiмен банктер нарықтан несиелiк ресурстарды сатып алады.

Пассивтiк операциялардың мынандай формалары болады



  • коммерциялық банктердiң бағалы қағазды алғашқы эмиссиялауы.

  • Банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту немесе құру

  • басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу

  • депозиттiк операциялар.

Сонымен банктiң ресурстары 2 топқа бөлiнедi

1. Банктiң меншiктi қаражаттары

2.Банктiң тартылған қаражаттары
Банктiң меншiктi қаражаттары - бұл ұзақ мерзiмдi активтерге жұмсалымдардың басты көзi болып табылады

Банктiң меншiктi қаражаттары банктiң экономикалық дербестiгiн және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететiн әртүрлi қорлар/ капиталдар/ мен бөлiнбеген пайда жиынтығы.

Банктiң меншiктi қаражатына жататындар:


  • Банктiң жарғылық капиталы

  • Банктiң резервтiк капиталы

  • қосымша капиталы және пайда есебiнен құрылған басқа қорлары.

  • Сақтандыру резервтерi

  • Бөлiнбеген пайдасы

Банк жарғылық капиталы – банктiң заңды тұлға ретiнде мiндеттi түрде құрылуын және өмiр сүруiнiң экономика негiзiн құрайды.

Резервтiк қор – банк қызметiнде пайда болуы мүмкiн зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.

Қосымша капитал – негiзгi құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебiнен және белгiлi мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесiнде құрылады.

Арнайы қорлар болса – негiзгi қорларды қайта бағалау негiзiнде,

Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесiнде құрылады.

Бөлiнбеген пайда – акциялар бойынша дивидендтi төлегеннен кейiн және резервтiк қорға аударғаннан қалған пайданың бөлiгi.
Банктiң тартылған қаражаттары - активтiк операциялар, оның iшiнде, несиелiк операциялардың 90 пайызға жуықтай ресурстарға деген қажетiн қанағаттандырады. Олардың ролi бiршама жоғары тұрады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысы мен қатар халықтың тұтыну қажетiн қанағаттандырады.

Әлемдiк банктiк тәжiрибеден барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсiлдерге байланысты үлкен 2 топқа бөледi

1 - топ депозиттер;

2 - топ депозиттiк емес тартылған қаражат.

Тартылған қаражаттар iшiнде ең көп бөлiгiн депозиттер құрайды.Депозиттер банк үшiн бiрден – бiр арзан ресурс көзi болып табылады.

Депозит – бұл клиенттердiң, жеке және заңды тұлғаларды, банктегi белгiлi бiр шотқа салған және өздерi пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттiк емес тартылған қаражат - бұл банктiң қарыз түрiнде немесе өз меншiктi қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Активтiк операциялар – бұл операциялардың көмегiмен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшiн және тде өздерiнiң өтемпаздығын қолдануды қамтамасыз ету үшiн орналастырады.


  • шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге әртүрлi қажеттерiн қанағаттандыру үшiн, қысқа, орта, ұзақ мерзiмдi несие беру.

  • Халыққа тұтынушылық несие беру, үй құрылысын жүргiзу, пәтер, үй және басқа да ұзақ мерзiмде пайдалануға, мүлiк сатып алу.

  • құнды қағаздар сатып алуға несие беру

  • Лизингiлiк операцияға несие беру

  • Факторингiлiк операцияларға несие беру

  • Басқа банктерге несие беру, банк аралық несие


7. Коммерциялық банктердiң басқа да қаржылық қызметтерi

Лизингтiк операциялар, «лизинг» ағылшын тiлiнен аударғаннннда жалға беру деген ұғымды бiлдiредi, лизингтiк операция деп - ұзақ мерзiмде пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль,компьютерлердi) жалға берудi айтады.

Лиззинг бiрнеше қызмет атқарады

1. Ол келесi қорларға ақша жұмсау, яғни қаржылардың формасы;

2. Бұл өндiрiстi жаңа құрал - жабдықпен, алдыңғы техниикамен материалды - техникалық қамтамасыз етудiң анағұрлым прогресивтi формасы.

Лизингтiк мәмiледе 3 қатысушы болады: Олардың өзра қатынастары мәмiлемен реттеледi:

1. қатысушы мүлiк иесi ( лизинг берушi)

2. мүлiктi пайдаланушы (лизинг алушы)

3. Мүлiктi сатушы. Коммерциялық банкткрдiң басқа да қаржылық қызметтерi

8. Лизинг түрлерi.

Жедел лизинг - анағұрлым қысқа мерзiмге берiледi.

Оның объектiсi болып моральдiк тозу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал жабдықтар табылады



Каржылық лизинг – анағұрлым ұзақ мерзiмге берiледi. Ол мерзiм машиналар мен құрал жабдықтардың амортизациялық тозу мерзiмiмен сәйкес келедi. Бұл жерде мәмiле аяқталмай, күшiн тоқтата алмайды, онда мүлiктi лизинг алушы мен сатып алушы мүмкiндiгi көрсетiлген.

Қалдық құны бойынша лизинг – пайдалануда болған құрал жабдықтарды жалға беру,сондықтан лизинг объектiсi бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланған.

Лизингтiк бизнестiң дамуы үшiн лизингке берiлетiн арнайы лизингтiк компаниялар құрылады, олардың негiзгi қаражат көзiне құрал жабдықтарды сатып алу үшiн берiлетiн банктiк несиелер жатады.



Факторингтiк операциялар – клиентпен төленбеген қарыздың талаптар, счет факторлар, векселдер, бойынша төлемдi талап ету құқын басқа банкiге беру.

Факторинг мәнi – банктер өз клиенттерiнен төлем – құжаттарды, олардың дебиторлардың қарызын, пайыздық сыйақы үшiн сатып алу.



9.Коммерциялық банк ресурстарының ұғымы және құрылымы.

Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстардың құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік кпиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асығаны үшін алынған тауарлы – материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшелігіне қарай ерекшеленеді.

Банк ресурсының құрылымына мыналар жатады:



      1. Банктің меншікті капиталы;

      2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

Банк ресурсының құрылымындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 % - ға жуық бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.


10.Коммерциялық банктің меншікті капиталы:көздері мен қызметтері.

Коммерциялық банктің меншікті кпиталының рөлі мен шамасы басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банктік қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимараттар, құрал – жабдықтар, жалақыға жұмсалған және т.б. жабылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық Банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активті шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі.



Банктің меншікті капиталы - бұл банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптардан тұрады:



  • жарғылық капитал,

  • меншікті капитал, қосымша капитал,

  • банк операциялары бойынша тәуекелдікті төмендету мақсатында құрған қорлар (резервтер),

  • бөлінбеген банк пайдасы.



11. Банктің тартылған қаражаттары.

Банк ресурсының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:


  • депозиттік қаражаттар;

  • депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері падалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тартылған қаражаттары.

Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды, екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туады.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Бақылау сұрақтары

1. Коммерциялық банк туралы не білесіз?

2 Коммерциялық банк дегенiмiз не және оның мiндетi қандай?

3 Коммерциялық банк қандай белгiлерiне байланысты жiктеледi?

4 Коммерциялық банк қызметiн ұйымдастыру.

5Коммерциялық банктердiң операциялары - банктiң пассивтiк операциялары.

6 Банктердiң активтiк операцияларына не жатады?

7 Коммерциялық банктердiң басқа да қаржылық қызметтерi қандай?

8 Лизинг түрлерi қандай?

9 Коммерциялық банк ресурстарының ұғымы және құрылымы туралы не айтала аласыз?

10 Коммерциялық банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері.

11 Банктің тартылған қаражаттарына не жатады?




Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет