«Қаржы нарығы және делдалдар» пәні бойынша негізгі дәріс материалдары Астана 2008


Тақырып 8 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі



бет5/8
Дата23.08.2017
өлшемі2,33 Mb.
#25734
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырып 8 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі.



1.Жаңа зейнетақы жүйесіне көшудің себебі неде?1

Кеңестік дәуірден мұра болып қалған зейнетақы тағайындау жүйесі қысқа уақыт ішіндегі соңғы жалақыға негізделетін, бұл еңбек қызметінің бүкіл кезеңіндегі жалақы туралы толық деректерге қол жеткізудің шектеулілігін білдіреді. Еңбек еткен бағзы жылдардағы табысын қалпына келтіру бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырудың неғұрлым күрделі мәселелерінің біреуі болып табылады. Бұл мәселенің қиындығы осы жұмыстың күрделілігі мен ең бастысы, растаушы нақты фактілерді алу мүмкіндігінің болмауымен байланысты. Сондықтан мұндай жағдайларда, мәселені шешудің неғұрлым жеңілдеу жолдарын қолдану жиі ұсынылады. Бұл универсалдық база бойынша (республикалық орташа жалақы немесе “бұрынғы” зейнетақы мөлшерін “кейінгі” зейнетақы мөлшерлерімен салғастыру жолымен) өткен кезеңдерді “несиелеу” нысанында берілуі мүмкін, тбұның да белгілі бір кемшіліктері бар. Мәселе мынада, бұл әдіс бойынша біреулер ұтқанымен, басқа біреулер өз мүдделеріне қысым жасалды деп есептеуі мүмкін. Өткен кезең деректерін қалпына келтіру және оларды тану туралы ереже тағы бір жаңа әділетсіздіктерге жол бермеуінің маңызы зор.

Зейнетақы төлемдері процесінде, зейнетақымен қамсыздандырудың қажетті деңгейі есепке алынуы тиіс, зейнетақыны индекстеу секілді маңызды факторды ескеру қажет. Ең оңтайлы индекстеу қандай болуы керек? Бұған қатысты әртүрлі пікір айлылып жүр. Кейбіреулер зейнетақыларды тұтыну бағаларының деңгейіне қарай индекстеу және олардың нақты құнын осылайша қолдау жеткілікті деп есептейді. Енді біреулер, зейнеткерлердің әл-ауқаты оның нақты табысына ғана емес, бұл табыстардың қоғамда қабылданған өлшемдеріне қатыстылығына да тәуелді деп көрсетеді. Өмір сүру стандарттары жедел өсіп келе жатқан біздің республикамыз үшін бұл мәселе қай кездегіден де өткір болып отыр.

Жоғары айтқанымыздай, әр зейнеткердің өткен уақыттардағы табыстары туралы толық нақты фактілер алу өте қиын. Бұл жағдайда зейнетақы мөлшерін арттыру үшін зейнетақының осы кезеңге қалыптасқан және заңнамамен бекітілген мөлшерлері негіз болуы мүмкін. Бұл ретте “бұрынғы” зейнетақыларды жаңадан тағайындалатын зейнетақыларға жеткізудің мүмкін жолы қалыптасқан зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін индекстеудің сараланған тәсілі болуы ықтимал. Бұндай жағдайда оның мөлшер сәйкестігінің өлшемін ғана назарда ұстап қоймай, қалыптасқан фактілерді де ескеру қажет.



Зейнетақымен қамтамасыз етудің жолдары қандай?

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету реформасы зейнетақымен қамтамасыз етудің сферасында негізгі субъектісі ретінде мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларын, зейнетақы активтерін басқару компаниялары және кастодиан – банктерінің пайда болуына, дамуына жағдай жасады.

Зейнетақы реформасын жүргізілген 1-2 жыл ішінде, жинақтау зейнетақы қорларының, қажетті талаптары мен мемлекеттік реттеудің деңгейіне байланысты экономикаға қажетті инвестициямен қамтамасыз етуіне мүмкіншілігі бар екенін көрсетті.

Зейнетақы реформасының мақсатты бағыты біреу-ақ қарттарды әлеуметтік қорғау және экономикалық дамуға әсер ету.

Осы уақытқа дейінгі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қарттарды, жұмыс істемейтін халықты қамтамсыз етуге мүмкіншілігі болмады.

Қазақстан Республикасында зейнетақы реформасының Үкімет қабылдаған концепциясы үш деңгейлі зейнетақы жүйесінің даму қажеттігін айқындайды. Оның ішінде мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі де бар: ол банкі және сақтандыру жүйесінің қызметтері арқылы, - мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары халықтың қартайған шағында, жұмысқа қабілеті жойылған кезде материалдық негізін қалауға қажетті қаражатты жинауға мұқтаждығын қамтамасыз етеді.

Зейнетақы қорларының активтері кәсіпорындар мено ұйымдардың міндетті зейнетақылық жарналарынан, азаматтардың жеке жарналарынан және де осы төлемдерді инвестициялаудан түсетін табыстардан құралады.

Зейнетақы жарналарының ерекшелігі – иұзақ мерзімнен кийінгі көп жылдар есебі бойынша төленеді, сондықтан жарнаның төлену мерзімі мен жиналған соманың төлену мерзімі айтарлықтай үлкен. Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің жинақтау мерзімін ұзаққа болжамдау осы факторға байланысты. Сондықтан, қаражатты инфляциядан қорғау мақсатында олар қысқа мерзімді қаржы инструменттерін қолданып, ұзақ мерзімді активтерге немесе инвестициялық бағдарламаларға да салуға болады.

Жинақтау зейнетақы қорлары қызметінің ерекшелігіне байланысты ұзақ мерзімді инвестициялық концепцияларды қолдану қажет, жинақтау зейнетақы қорлары қаржы нарығының ұзақ мерзімінің секторының қатысушысы болып табылады.

Нарық экономикасы дамыған мемлекеттерде зейнетақы қорлары ең қуатты, сенімді және тұрақты жұмыс жасайтын әлеуметтік - қаржы институттары болып табылады. Ұзақ мерзімде қызмет атқаратын зейнетақы қорларының активтерінің мөлшері де салмақты. Мысалы, Европа мемлекеттері одағының жинақтау зейнетақы қорларының активтері 1993 жылы 1.2 трлн доллардан асқан, ал ООН қызметкерлерінің жинақтау қоры 1995 жылы 12.6 млрд доллар сомасында бағаланған.

Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының инвестор ретіндегі қаржы нарығындағы үлес салмағына байланысты, активтердің қарқынды өсуіне кейбір мемлекеттерде мемлекеттік емес зейнетақы қорларына салық салудан жеңілдік беріледі:



  • ол енгізілген активтерге қалай әсер етсе, инвестициялаудан түскен табысқа да солай әсер етеді. Бұны түсіну үшін қосымша зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі дамыған болуы керек, ол мемлекеттік ауыртпашылықты төмендетуге жол береді;

  • ел экономикасына мемлекеттік емес зенетақы қорларының қаражаттарын қатыстыру қордың өсуіне және күнделікті тұтынудың азайуын қамтамасыз етеді.

Дамыған елдерде мемлекеттік емес зейнетақы қорларының инвестициялық шегі 40-60 жыл. Ал басқа инвестициялардың, мысалы, банктер ғана емес, және де әртүрлі инвестициялармен қаржы корпорацияларының ұзақ мерзімді инвестициялары 12-15 жылға дейін ғана жоспарланады.

Мемлекуеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының активтері ұзақ мерзімді болып табылады да қаржы инструменттеріне инвестицияланады және күнделікті айналымнан алынып тасталынады. Зейнетақы қорларының активтері елдің қаржы жүйесінің өзгене стабилизаторы болып табылады.

Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: зейнетақы қорлары қаржыны жинақтауға және біздің елімізде оны реттеугежағдай жасай алады. Ұзақ мерзімді айналымды дамытуға арналғанмемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтері Қазақстан экономикасына ең қажетті ұзақ мерзімді инвестицияны тартуға және де Қазақстанның қор нарығының стабилизаторы бола алады.

Осы күйдегі зейнетақы жүйесі ары қарай осындай жағдайда қала берсе, онда ол дағдарыстың шиеленісуіне және күйреуіне әсер етеді. Бұл жайсыз жағдайдан айналып өту үшін 1997 жылы 20 маусымда “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған, сонымен бірге, 1998 жылдың 1 қантарында нарық экономикасының барлық талаптарына сай жаңа зейнетақы жүйесі енгізілген.

Зейнетақы қорларының ары қарай дамуы үшін осы жүйеге қатысушылардың жұмысын қадағалап, зейнетақы көлемі мен оған түскен ақшаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын бекітті.

Зейнетақы жүйесінің тағы бір ерекшілігі зейнетақының жинақталуы тек қана жарна берушінің есебінен ғана емес және әртүрлі инвестициялардан алынатын табысынан да құралады.

Зейнетақылық төлемдерді бағалы қағаздарға инвестициялауға зейнетақы активтерін басқару компаниялары жүзеге асырады. Бұл компаниялардың қызметін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясы реттейді. Қазіргі кезде зейнетақы жарналарын жинақтау және зейнетақыларды төлеуді іске асыруға заңмен бекітілген тәртіп бойынша 1 мемлекеттік, 15 мемлекеттік емес зейнетақы қорларына лицензия берілді.

Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қоры жабық акционерлік қоғам нысанында құрылады. Және де ашық немесе корпоративті болуы мүмкін. Ашық зейнетақы қорларының құрылтайшылары – заңды және тұлғалар бола алады.

Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының қызметін реттеуші комиссия қорлардың әрбір түріне жарғылық қордың төменгі мөлшерін, лицензия беру, реттеу және бақылау қызметі арқылы зейнетақы жинақтарының мүлтіксіз сақталуын және қайтарылуын қорғайды. Ұлттық зейнетақы агенттігінің талаптарына сәйкесәр қор зейнетақы тәртібін бекітуі қажет. Тікелей қызметі бойынша зейнетақы жарналарынан 1% және инвестициялық табыстан 10% мөлшерінде шығындарын қамтамасыз етуге комиссиондық алым алуға болады.

Зейнетақы активтерін басқару компаниясы жабық акционерлік қоғам нысанында құрылады, құрылтайшылары резидент және резидент емес заңды және жеке тұлғалар бола алады.

Мемлекеттік емес зейнетақы қоры – коммерциялық ұйым, оның қызметі кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың ерікті мақсатты жарналарын жинауға, оларды зейнетақы активтерін басқару компаниялары арқылы инвестициялау және зейнетақы жүйесінің қатысушыларына зейнетақылық төлемді беруді қамтамасыз етуді жүзеге асыруға бағытталған.

Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қорынан мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорының айырмашылығы – мемлекет зейнетақы төлемдерінің сақталуын қорғайды: зейнетақы активтерін тәуекелділігі аз және біршама табысы аз тетіктерге инвестициялайды.

Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының активтерінің негізгі бөлігі активтерді басқару компаниялары арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарға және банкі депозитттеріне инвестициялай арқылы жұмсайды. Қалған бөлігі Қазақстан қор биржасының А листингі бар қазақстандық кәсіпорындардың акцияларын алу арқылы отандық кәсіпорыдардың даму инвестициясы жұмсалады. А листингі бар кәсіпорындарға халықаралық аудит станедартына өткеніне 2 жылдан асқан кәсіпорындар жатады.

Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорлары мемлекеттік жинақтау қорларына қарағанда инвестициялық табыстан жоғары процент мөлшерінде табыс беріп отыр.

Мемлекеттік емес зейнетақы қорларында зейнетақы жинағының сақталуы Үкіметпен қабылданған бірқатар шаралар арқылы қамтамасыз етіледі.

Ең маңызды сақтау деңгейі зейнетақы активтерін бөлек заңды тұлға – зейнетақы активтерін басқару компанияларының инвестициялауды жүзеге асыруын айтуға болады. Одан басқа, барлық инвестициялау операциялары арнайы лицензиясы бар кастодиан-банктер арқылы өтеді.

Ал өз кезінде кастодиан – банктер және зейнетақы активтерін басқару компанияларының қызметін бақылауға жүзеге асыратындар. Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің жинақтау зейнетақы қорларының қызметін реттеу комитеті. Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі зейнетақы төлемдерінің ең жоғарғы деңгейде сақталуын қаматамасыз етеді.

Бірақ, сонымен қатар жинақтау зейнетақы жүйесінде проблемалар да жоқ емес.

Бірінші проблема - халықтың қорларға сенімінің бірден қалыптасуы. 2000 жылдан бастап қана жинақтау зейнетақы жүйесінің қатысушылары көбейе бастады. 2000 жылдың 1 шілдесінде салушылардың саны 3359 мыңға дейңн жетті. Бұл көрсеткіш 1999 жылмен салыстырғанда 12,2%–ке көп. Ерікті зейнетақы жарналарын салушылардың да санының өсуі байқалады: 10 мың жеке тұлға және 43 заңды тұлға.

Жалпы зейнетақы жарналарының сомасы 77,7 млрд теңге болды, соның ішінде 2000 жылдың 1- жартысында 21,1 млрд теңге салынды.

Қазақстанның 2030 жылға даму стратегиясына сәйкес жинақтау зейнетақы жүйесі зейнетақы активтерінің айналымын артттыру, халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес зейнетақы қорларымен қолданылатын мадақтау және зейнетақы қорларына жоғары сапалы шетел қаржы активтеріне инвестициялауды еркіне беру арқылы нығайтылады.

Зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару компанияларының қызметін дамыту үшін ішкі нарықта оларға зейнетақы активтерін инвестициялайтын қаржы инструменттерінің тізімін ұлғайтуға қажет.

Жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін зерттеу оның ерекшеліктері мен маңызды белгілерін айқындауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда жинақтау зейнетақы қорларының қаржы нарығының жеткіліксіз дамуы, инвестициялаудың жоғары деңгейдегі тәуеклділігі және заңдылық базасының жетілмегендігінен инвестициялық қызметінің мүмкіншілігі шектелген.

Жалпы жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі инфляция жағдайында салушылардың қаражатын сақтауға бағытталған. Осыған байланысты инвестициялау инструметтерін таңдау олардың сенімділігіне байланысты жүргізіледі. Қаражатты сақтау мақсатында төмен тәуекелді, өзі табысты инструменттерге салуға ұмтылады.

Жәнеде, зейнетақы қорлдарының инвестициялық мүмкіншілігінің дамуына әсер ететін тағы бір жағдай - қаржы нарығындағы мемлекеттің тұрақсыз саясатына бағынуы. Мұндай жағдайда инвестицияның қандай инструменттеріне немесе мерзіміне қарамастан тәуекелділігі жоғарылайды.

Қазіргі кезде мұндай жағдайдан шығу үшін портфель құрылымын тез өзгерту қажет. Бірақ, бұл қазір қиынға түседі – зейнетақы қорларының активтері өз бетімен таратылмайды, ол активтерді басқару компанияларына қаражат жіберу арқылы жүзеге асырылады және компания инвесторларды инвестициялау процесіне қатыстырмауына да болады. Портфельдік инвестициялауды дамыту қазір орынды және инвестициялық саясатты басқару компаниясымен бірлесіп істеу нысанын және оның қызметін бақылау мерзімімен қайта –қайта қарастырылуы қажет.

Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып , мемлекет тарапынан зейнетақы қорларының қаражатын ел зкономикасы үшін өте маңызды инвестициялық бағдарламаларға орналастырған орынды болар еді. Зейнетақымен қаматамасыз ету жүйесінің қызметін реттейтін нормативтік құжаттардың зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің дамуына ешқандай жағдай жасамағанын көрсетеді. Мұндай жүйенің артықшылығы ретінде инвестициялық қызметке салық салудан жеңілдік беру немесе инвестициялық тәуекелділіктен сақтандыруды қарастыруға болады.

Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының сенімділігін көрсететін негізгі және шындыққа негізделген тәсілдердің арасынан, қазіргі кезде әлеутеттік – экономикалық жағдайға байланысты мына факторларды бөліп көрсетуге болады:


  • әртүрлі жағдайлардан салушылардың қаражаттарын сақтандыру

  • мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының жылжымайтын мүлік және зейнетақы төлемдерін сақтандыру

  • өзіндік резервтік өорларды құрып, оларды жарғылық қормен байланыстыру


Тақырып 10 Инвестициялық компаниялар және қорлар
1 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың қүрылуы мен қызметі

2 Инвестициялық процестегі компаниялар мен қорлардың ролі

3 Түрақты және өзгермелі бағалы қағаздар портфелі

Инвестициялық компаниялар мен қорлардың қызметтері қандай?

Инвестициялдық компания - өз қолына шағын салымдарды шоғырландырумен айналысады. Ол қаржы өндірісті дамытуға бағытталады. Сондай-ақ бұл компания құнды қағаздар шығару, оны тарату, құнды қағаздарға қаржы жұмсау, өз атынан және өз есебінен құнды қағаздарды сатады, сатып алады. Компанияның ресурстары құрылтайшылардың меншікті қаражатынан, меншігіндегі құнды қағаздар эмиссиясынан құралады.

Инвестициялдық қор инвесторлар ақша қаражатын жинақтау мақсатында акциялар шығарудың және қор атынан ол қаражатты құнды қағаздарға аударуды жүзеге асырады. Бұл қор ашық және жабық нысанда болады. Жабық тұрпаттағы қор өз акцияларын инвесторлардың белгілі тобы үшін таратады, қор жиналған капиталды көлемі жағынан ұлғайтуға не оны акциялар есебінен азайта алмайды. Ал ашық қор құнды қағаздарды қайта сатып алуға құқылы, ол акцияларды өз қалауынша шығара алады, сондықтан ашық қор ауыспалы капитал деп те аталады.

Холдингтік компания басқа бір компаниядағы акцияларды бақылауға құқылы компания. Осы құқығы арқылы холдингтік компания бірлестікке енетін кәсіпорындарды басқарады, бақылайды.

Қолдағы құнды қағаздардан кіріс түрліше тәртіппен:


  • белгіленген пайыздық ретпен

  • пайыздық ставканы сатылап қолдану

  • құнды қағаздардың құны көрсетілген индексі бойынша

  • ұтыс заемдарын тарату арқылы

  • дивидендтерді пайдалану, тағы басқа да тәсілдер негізінде алынады.

Демек, құнды қағаздар иесі биржалардағы осы қағаздардың қозғалысын зерттеп, қадағалап отыруға тиіс.

Практикада, құнды қағаздармен байланысты істерде тәуекелділік жағдайы да жиі ұшырасады. Олардың қатарына тәуекелділіктің мынадай түрлерін атауға болады:



  • ұдайы кездесетін тәуекел. Бұл тұтастай алғанда құнды қағаздар нарқы дағдарысына қатысты тәуекел:

  • Ұдайы емес тәуекел. Ол құнды қағаздың нақтылы түрімен байланысты;

  • селективтік тәуекел. Бұл портфел қорын қалыптастыру кезінде басқадай қағаздармен салыстырғанда инвестициялауға арналған бағалы қағаздарды дұрыс іріктеп алмасу салдарынан болатын тәуекел;

  • уақытша тәуекел. Құнды қағаздарды сату және сатып алу мерзімін дұрыс анықтамай, шығынға ұшырататын тәуекел;

  • құнсыздану әрекетінен болатын тәуекел. Бұл инвесторлардың құнды қағаздардан алатын кірісінің мейлінше құнсыздануға ұшырататын тәуекел.

  • құнды қағаздардың бағаларының өзгеруі салдарынан болатын тәуекел.

Сөз жоқ, бұл тәуекелділік құнды қағаздар рыногының дамуына үлкен кедергі жасайды. Халықтың да, кәсіпорындардың да өз қаржысы қорын сақтауына зиян келтіреді. Сондықтан менеджерлер күнделікті экономикалық өріс құбылыстарын, ақша нарығының деңгейін талдап, орынсыз тәуекелділікке ұшырмауды реттеп отырады. Менеджер қызметіндегі шешуші мәселелердің бірі де осы.

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрлері қандай?

Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарқы" заңында бұл саладағы кәсіби қызмет түрлері атап көрсетілген. Республикамыздың қаржыгерлері мен менджерлері сол қызмет түрлері мен олардың міндеттерін жете білуге тиіс.

Ол қызметтер – брокерлер, дилерлік, депозитарлық, кастандиандық және :


  • құнды қағаздар портфелін басқару;

  • құнды қағаздармен операциялар бойынша өзара талаптар мен міндеттемелерді айқындау;

  • құнды қағаздар ұстаушыларының тізімін жүргізу;

  • өкілетті органның белгілеуі бойынша кәсіби қызметін басқа да түрлері;

Аталмыш Заңда құнды қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу негіздері талап көрсетілген.

Олар – ең алдымен құнды қағаздардың мемлекеттік тіркеуден өткізілетіндігі:



  • құнды қағаздар субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік актілер шығару;

  • эмиссиялық құнды қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

  • құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылар қызметін лицензиялау;

  • биржадан тыс нарық айналысындағы құнды қағаздардың бағасын белгілеуді және оның саудасын технологиялық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын қор биржалары мен ұйымдардың қызметін лицензиялау;

  • құнды қағаздар нарқында инвесторлардың құқықытарын эмитенттер мен құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылардың сақтауына бақылау жасау;

  • құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылар қызметіне бақылау жасау және құнды қағаздар нарқын реттейтін заңдарды бұзғаны үшін тиісті санкцияларды қолдау;

  • құнды қағаздар нарқында заңдарды бұзатын адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту жөніндегі шараларды қодау;

  • құнды қағаздар нарқына қатысушылардың кәсіптік және білім деңгейін арттыру жөніндегі жүйелерді ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады деп, басты-басты міндеттер көрсетілген;

Құнды қағаздар нарқы саласында басты қызметпен шұғылданушы мамандар қатарында :

Брокер –комиссияның немесе тапсырыс негізінде клиенттің тапсырмасы бойынша , соның есебінен құнды қағаздарды сату-сатып алу ісімен шұғылданатын қаржылық делдал.Олар атқаратын қызметіне қарай тіркелген, тәуелсіз, сауда залында атқарушы , несиемен айналысатын брокерлер деп аталады.

Дилер – құнды қағаздар нарқына қатысушы, өз есебінен және тапсырма бойынша құнды қағаздарды сатушылар.

Сонымен, құнды қағаздар түрлері өзінің түрліше әрекетімен қаржы қорын молайту, оны әр салада ұтымды пайдалануға елеулі үлес қосатын құралдар.

Қазіргі кезеңде техникалық өркениеттің дамыған жағдайында қағаздар нарқа тиімділігін арттыру, ол істі мейлінше жүйелі жүргізу мақсатымен нақ заманы компьютерлер мен телекоммуникация желілерін қолдану өте-мөте жақсы. Мұның өзі осы құнды қағаздар рыногына байланысты ақпаратты қолма-қол алып, нарық жағдайындағы өзгермелі әрекетін анықтап, іске тезірек өріс беретін ілкемді шаралар белгілеуге көмектеседі. Компьютерлердің көмегімен биржалық, биржадан тыс құнды қағаздар нарқы ауданындағы істі білуге, сауда қызметінің деңгейі мен ерекшілігін анықтауға, құнды қағаздар түрлері, бағалар, басқа да шешуші бағдарламаларды біліп, нарықты тиімді ұйымдастыруға негіз қолайлы.

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Заңында құнды қағаздардың бір түрі – вексельді пайдаланудың тәртібі талдап көрсетілген. Вексельдің түрлері, индоссамент, аваль туралы заңдық тұрғыдағы міндеттер нақты баяндалған. Осыған байланысты аталған құнды қағазға сәйкес ерекшелікті атаған жөн. Айталық, аударым векселі және жай вексельдің жасалуы мен нысаны дәлме-дәл көрсетілген. Бұл заңда аударым векселінде қандай белгілер болатыны түсіндірілген. Мысалы мынадай талаптар белгіленген:



  • құжат мәтінінің өзіне енгізілген және осы құжат жасалған тілде айтылған вексель атауы.

  • белгілі бір ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бұйрық;

  • төлем төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы;

  • төлем мерзімін көрсету;

  • төлем жасалуға тиіс орынды көрсеті;

  • кімге немесе кімнің бұйырығымен төлем төленуге тиіс тұлғаның атауы;

  • вексель шығарыатыны уақыты, оны қай ұйымда шығарылатынын көрсету;

  • вексель беретін тұлғаның (вексель берушінің) қолы болуға тиіа.

Ал жай вексель мыналардан тұрады:

  • мәтіннің мазмұнына енгізілген және сол құжат жасалған тілдегі вексель атауы;

  • белгілі бір ақша сомасын төлеуге қатысты мәселелер мен шарттастырылған уәде;

  • төлем мерзімінің көрсетілуі;

  • төлемді жүргізген орынның көрсетіуі;

  • кімге немесе кімнің бұйрығымен төлемнің орындауға тиіс тұлғаның атауы;

  • вексельдің шығарылған күні мен орнын көрсету;

  • құжатты берушінің (вексель берушінің) қойған қолы болады.

Заңда Республикада вексель айналысының тәртібі айтылған. Мысалы, Қазақстанда вексель айналысы жай және аударым коммерциялдық вексельдерін шығаруды, ол бойынша тап ету құқығын беруді, оған байланысты вексель міндеттемелері мен операцияларын орындауды, есеп-қисап кеңселерінде вексельдермен операциялар жүргізуді қамтиды. Вексельдік міндеттеме –вексель берушінің тиісті дәрежеде рәсімделген вексельді заңды түрде берген мерзімнен бастап пайда болады. Сол сияқты Республикада заңды және жеке тұлғалар өзара есеп айырысуларды жай және аударым вексельдерін пайдалануға құқылы.

Ал индоссамент деген не ? Ол вексельдің сыртқы бетіндегі табыстау жазбасы, бұл жазба осы вексельді иелену құқығының басқа тұлғаға берілгенін куәландыратын ұғымды білдіреді.

Егер индоссамент бланктік индоссамент болса, онда вексельге иелік етуші:


  • өз кезегінде вексельді бланк арқылы немесе қандай да басқа бір тұлғаның атына индоссациялай алады.

Вексельді бланк толтырмастан және индоссамент жасамастан үшінші тұлғаға бере алады.

Менеджерлер вексельге байланысты аваль деген терминнің мәнін білгені жөн. Аваль дегеніміз вексель кепілдігі. Аваль беруші тұлға вексель жөніндегі міндеттемені басқа тұлғалардың осы аталған міндеттемелерді орындауы үшін жауапты болады. Сондықтан Заңда авальдің кімнің есебінен беріліп отырғанын көрсету ескертілген. Ал вксель төлеміне берілетін жазбаша келісімді акцепт арқылы аударым векселін мерзімінде төлеуге өзіне тиісінше міндеттеме қабылдай алады. Акцепті пайдалануға байланысты ережелерді Заңдағы талаптарға сәйкес жүйелеп алып, сол бойынша іс-қимыл жасау ерекшілігін акцепке қатысты қызмет атқаратын мамандар жете білуге, осы негізде іс жүргізуге тиіс.

Соңғы жылдары Қазақстанда құнды қағаздар шығару ісі қолға алынды. Бұл мәселемен көбінесе жекешелендірілген кәсіпорындар айрықша шұғылданып отыр. Мысалы, 1997 жылдың тек бес айы ішінде ғана Қазақстанда жалпы сомасы 22 миллиард сома мөлшерінде құнды қағаздар шығарылды. Негізінен олар – акциялар , облигациялар. Тәуелсіздік алған Қазақстан өзінің нарықтық өркендетуге, ең алдымен, қаржы фукнцияларының ықпалын нығайтуға күш салды. Сөйтіп , Республика дағдарысқа тап болған экономикаға жаңа бағыт-бағдар берді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан үкіметі шетелдерден инвестициялдар тартты. Шетелдік инвесторлардың қаржысын тарту есебінен бір қатар өндіріс ошақтарын ортақтаса пайдалануды ұйыдастырды. Әрине, бұл шараларды іске асыру оп-оңай болған жоқ. Үкіметтің табанды іскерлік- қимылы арқасында республика экономикасы ілгері басып отыр.

Әдетте, қолдағы қаржы қорын молайтудың жолдары сан алуан. Ақшаны тікелей өндірісте пайдалану, тауарлар шығаруды еселеп молайтып, оны сату есебінен қою жинақтау сияқты ұтымды әдістер дамыды, керісінше жетілдіріп отырылды.

Қаржы нарқын құрып, оны дамытуға да айрықша көңіл бөлінді. Бұл салада құнды қағаздар шығару аса тиімді болды. Ол үшін үкіметтің "Құнды қағаздар туралы" арнай заңының маңызы зор. Құнды қағаздар мен жұмыс істейтін қор биржасы құрылды. Осы заңға сәйкес қор биржасының фукнциялары белгіленді. Ол мынадай бағытта:


  • биржа өз клиенттеріне құнды қағаздарға байланысты жұмыс атқаруға қажетті сауда алаңын беру;

  • құнды қағаздармен сауданы ұйымдастыру;

  • құнды қағаздарға арнап баға белгілеуді жүзеге асыру;

  • биржа өз тарапынан өз мүшелеріне қызмет көрсету;

  • биржа өз қызметіне сәйкес талдамалық мақсатта зерттеулер жүргізу;

  • құнды қағаздар нарқында субъектілер арасында құқықтық қатынастар негізінде есеп айырысуды жүргізу;

Бираның басқару органдары да құрылды . Ол органдар:

  • биржаның жоғарғы басқару органы – акционерлердің - жалпы жиналысы;

  • байқаушы орган – биржа кеңесі (байқаушы кеңес);

  • орындаушы орган – басқарма ;

  • бақылаушы орган - түгендеу комиссиясы.

Қор биржаның бүкіл ұйымдық шаралары заңда белгіленген ережелерге сәйкес жүргізілуде. Мысалы, құнды қағаздар бойынша сауда ұйымдастыру ауыкциондық нысанда атқарыларды. Дүние жүзінде аукциондар ұйымдастырудың бірнеше нысандары қалыптасқан. Айталық, қарпайым аукцион – сұраныс пен ұсыныстың шағын көлемі жағдайында ұйымдастырылады. Мұнда құнды қағаздарды сатушы мен сатып алушылар өздеріне пайдалы ұсыныстарды анықтау үшін ынталы болады.

Ағылшындық аукционда бәсекелестік жағдайда сатып алушы бағаны әдейі арттыра беруге ынталы, сол арқылы ол бастапқы бағаны жоғары деңгейге өзгерте береді.

Голландық аукционда - сату өрісінде ең алдымен ағымдағы баға орнына ең жоғарыбаға аталады. Егер сол баға бойынша алушы болмаса, онда оны біртіндеп кемітуге мәжбүр болады.

Сырттай өткізілетін аукционда сатып алушылар бағалық мөлшерлемені бірмезгілде атайды, кейін саудаласу кезінде құнды қағаздар бір тоқтамға келген баға бойынша сатылады.

Тәжірибеде, қарапайым аукцтонда бәсекені сатушылар, әйтпесе сатып алушылар ұсынады. Бұл шара дамыған қаржы нарқында аса тиімділікке қол жеткізбейді. Сондықтан қарапайым аукцион баға бағамының өрісіне қарай қосарландырыла ұйымдастырылатын аукциондық әдіске көшіріледі. Бірақ бұл әдіс нарық жағдайына әрқашан тиімді бола бермейді. Сауда өрісін қалайда ұтымдылыққа қол жеткізу үшін түрліше әдістер қолданылады. Мысалы, нарық жүйесінде бір дүркінді немесе талап етушілік деп аталатын аукцион түрі бар. Бұл әдіс саудада өтімділік төмендеген кезде қолданылады. Сол сияқты үздіксіз ұйымдастырылатын аукцион кезінде ұсыныстар тіркелетін кітаптағы мәліметтер пайдаланылады.

Қор биржасы құнды қағаздармен көтерме сауда жүргізетін буын болғандықтан, Қазақстанда биржаның экономикалық қатынастарда тиімділікті күшейту бағыты ұстанған. Қазір Қазсқатанда құнды қағаздардың қарыздық құнды қағаздар, таратылатын құнды қағаздар, үлесті құнды қағаздар, туынды құнды қағаздар сияқты түрлері бар. Қазсқатанда құнды қағаздар нарқы біртіндеп дамытылуда.

Дүние жүзінде құнды қағаздар акцияларның нарқы жүйесінде бірінші орында АҚШ тұр. Мұнда осы нарық 1939 ж. құрылғын. Нарықта реттеушілік, бақылаушылық тәртіп нығайтылған. АҚШ-та коммерциялық банктердің құнды қағаздар бойынша сауда жүргізуіне аранай актімен шек қойылған. Өйткені бұрынғы шығарылған, қосымша шығарылған акцийялардың беделі, рөлі бірдей болады.

Ұлыбританияда акциялар жөніндегі нарық АҚШ пен Жапониядан кейін үшінші орында. XIX ғасыр басында Еуропада өнеркәсіп төңкерісінен кейінгі дәуірден бері қалыптасқан акционерлік қоғамдардың Англияда ұзақ тарихы бар. Соның өзінде ағылшындардың тек 5 пайызға жуығының ғана акция алады екен. Керісінше, қор сақтық компанияларының, жеке меншікті зейнеткерлік қорлардың, қор басқарушы топтардың үлесінде. Ұлыбританияда акциялар үшін екінші деңгейдегі нарық әрекет етуде. Бұл нарық "Баламалы инвестициялық нарық" (АІМ) деп аталады.

Жапония акциялармен сауда – саттық жөнінде әлемде екінші орында. Мұнда аса ірі биржалар Токио, Осака қалаларына орналасқан. Осы екі биржа арасында бәсекелестік өте-мөте күшті. Жапония құнды қағаздар жөнінде дүние жүзінде ең ірі фирмалары бар ел ретінде мақтана алады. Токио қор биржасының "Екінші секция" деп аталатын екінші деңгейдегі нарық жүйесі бар. Жапония өз акцияларын шетелдерге шығармайды. Сондықтан шетелдік инвесторлар өз акцияларын Жапон сейфтерінде сақтауға келісім жасасады.

Германияда акциялық нарық соңғы жылдары өріс ала бастағанына қарамастан мүмкіндігі әлі шамалы. Неміс инвесторлары акциялардың тәуекелділік сипатынан гөрі, қарыз қағаздарға сенісділігі жоғары.

Ресейде қазіргі кезеңде жекешелендірілген кәсіпорындардың акциялары екінші орында. Ал мемлекеттік құнды қағаздар нарықта жетекші үлеске ие болған.

Әлемнің ірі елдерінде акциялар нарқының ерекшеліктері осындай.

Құнды қағаздар түріндегі инвестиция, бұл қаржылық инвестицияның өзіндік бір түрі. Бұл қосымша ақша табуды көздеген жәй. Ал құнды қағаздар бойынша алынатын кіріс дидвидент (үлес) және бағамдық құнның өсімі арқылы қалыптасады. Осыған қатысты қағаздардың кірістілігі, яғни пайда келтірушілік рөлі де белгілі болады. Құнды қағаздардың кірісін нақты пайымдау үшін нақты мысал келтірейік.

Купонмен шығарылған құнды қағаздар өз иелеріне тиісінше кіріс келтіреді. Ол кіріс құнды қағаздың тіркелген кезіндегі құнының тиісті пайызы түрінде алынады. Мұндай жағдайда кіріс купондар бойынша төленеді. Егер құнды қағаздың купондық мөлшерлемесі белгілі жағдайда, кірісті төмендегіше есептеп шығаруға болады.

Кіріс осы есептеу нәтижесіне орай төленеді.

Әдетте, құнды қағаздар әрқашан купонымен бірге шығарыла бермейді. Егер құнды қағаздар купонсыз шығарылса, олардың бағасы алғашқы таратылуында нақты құнынан төмен деңгейде белгіленеді. Сонан эмитент құнды қағазды бастапқы құны бойынша сатады. Сондықтан құнды қағаздың сатылған бағасы мен алғашқы инвестор сатып алған бағалар арасында айырма қалыптасады. Осы айырма дисконт деп аталады, бұл инвестордың кірісін құрайды.

Акциялар бойынша кіріс дивидент түрінде төленеді.

Тек тиімділіктің әрекет жөнінен айтқанда құнды қағаздар мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жоюға үлкен үлес қосты. Сондықтан да менеджерлер нарықтық экономикада шаруашылық жүргізудің жаңа тұрпатты әдістерін қарқынды дамытып отырған жекешелендірілген кәсіпорындардың қаржы саласындағы, оның тиімділігін арттыру ісіндегі тәжірибелерін зерттеп, менеджменттік практикада сол игілікті шараның кең өріс алуын белсенді түрде ұйымдастырушылары болуға тиіс



Қаржы нарығының делдалдары.
Қаржы нарығындағы делдалдардың қызметі қандай?

Бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды жүзеге асыру негізгі міндеттеріне кіретін инвестиция инстстуттары, сондай – ақ мемлекеттік атқару органдары қор биржасына мүше бола алады. Олардың тапсыруы бойынша құнды қағаздарды сатып алу және сатуды делдалдар мен дилер атқарады.



Делдалдар қанша түрге бөлінеді?

Қаржы нарығындағы делдалдар 2-ге бөлінеді. Брокерлер мен дилерлер.



Брокер – мәліме жасау барысындағы тапсырма бойынша белгілі бір төлем ала отырып, жұмыс істеді. Қазіргі жағдайда делдалдық операцияларды банктермен тығыз байланысы бар делдалдық фирмалар жүргізеді.

Дилер – құнды қағазды сатып алу және сатумен өз атынан және өз есебінен айналысатын делдал, бұлар жеке фирмалар, банк, жеке адамдар, қор биржасы мүшелері.

Бұған дейін көрсетілгендей, өндірушілер өінің өнімдерін клиенттер типіне және өнімнің түріне байланысты өздері жеткізеді немесе өткізуді ішінара не тұтастай делдал – дистербьюторларға сеніп тапсырады.



Делдал – дистербьюторлардың қажетілігіне не туады?

  • клиенттер ауқымына және мұқтаждықтарына қатысты әр түрлі: ауқымды мұқтаждығы бар ірі клиенттер және мұқтаждығы әр түрлі кішігірім, орташа клиенттер ( автокөлігіне жабдықтар өндірушілер: аккумуляторлық батареялар, шамдар, тіркегіштер, тежегіштер, стартерлер) бірінші жинақтау нарығында ірі клиенттермен және жөндеу рыногінде (гараждар, механикалық цехтар, бөлшек сауда) көптеген кішігірім клиенттермен жұмыс істейді;

  • айқын жағрапиялық шоғырландырылған саларда: (қара металлургия) санамағанда клиенттер, жалпы, мемлекет аймағында шашылып жатады және өндірушілер тарапынан тікелей тауар өткізудің шығындары мұндай өткізуге мұрша бермейді;

  • өндірістік тауарларды стандарттауға, олардың көбін қарапайымдылауға беталыс күшейіп келеді. Ал мұндай жағдайда алушыны баға, жеткізудің шапшаңдығы және жеңілдігі, жөндеу мүмкіндігі өте қызықтырады; кейбір тапсырыстардың даралық сипаты және азғантай көлемі, егер оларды делдалдарсыз орындау көзделсе, өндірушіге керемет қымбатқа түскен болар еді;

  • өнеркәсіптік сатып алушы көбіне – көп ілеспе қызметтер тілейді, кей уақыттарда өнеркәсіпте оларды тура саудалық делдалға ұсыну жеңіл болады.

Өнеркәсіп жағдайларда делдалдар қандай пробемелерына кезігіп отыр?

Көптеген тұтынушылар өздерінің өндірісіне және жөндеуге қажет мыңдаған бөлшектерді, құралдарды т.с.с. өз бетінше табуға және қоймаға жеткізуге әлсіз. Өндірістік бірлестіктер саны шашырынды рынок және әр сипатты рынок құрады, себебі машина жасау, металл өңдеу, химимя салаларында бір түрлілік болмақ емес. Өнеркәсіптегі жабдықтардың күрделі мәселе екеніне сену үшін жүздеген мың, жазбалардағы тауарларға немесе осы тауарлардың өнеркәсіптік тұтынушыларына көз жүгіртсек болғаны. Өнеркәсіпке арналған тауарлардың номенкулатурасын айтарлықтай кеңірек, олардың көздері аса көбірек, ал өнеркәсіптік нарықтың құрылымы, олар көпшілік тұтыну тауарлары нарығында қаншалықты өлшем салса, сонша әр түрлі және шашаырынды.



Делдалдарды қалай басқару болады?

Делдалдар еншілес кәсіпорынның қызметкерлері ме, әлде олар әбден тәуелсіз бе, басқару бұған байланыссыз. Тауар қозғалту каналы дұрыс таңдалды деп жорамалдай отырып, оларды басқарудың мақсаты:



  • сауда делдалдарында ( дистрибьютор ) өз фирмасына деген шеттестік сезімін тәрбиелеу;

  • олардың лайықты мараппатталуын іске асыру;

  • дистрбьюторларды және оларды персоналдарын таңдау және дайындау;

  • қызметтеудің стандарттарын анықтау;

  • қызметтеудің қабылданған стандарттарға сәйкестігін анықтау;

  • делдалдардың әрқайсысымен байланыстың тиімді жүйесен қолдау.

Делдалдардың ниеттестік сезімін тәрбиелеу қалай жүреді?

Делдал жағынан оның фирмамен байланысы уақытша деген сезім тууына жол беруге болмайды. Бұл тұста маркетші қоғамдастықпен байланыстар жасау үшін жұмыстар жүргізу принциптерін бетке ұстауы керек. Мәселен, фирманың бөлімдеріне делдалдар мен олардың отбасы адамдары келіп – кетуді оларда аталмыш фирманың мүшесіміз деген сезімді күшейте түседі. Басқа да өздерін жақсы жағынан танытқан және пайдалы әдістер:



  • көзге түскендерге бәйгелер, ескерткіш металдар, құрметті белгілер және ақшалай сыйлықтар беру мақсаты – басқаруларды ынталандыру;

  • жоғары әкімшілік өкілдерінің және отау компанияның басқарма мүшелерінің дистрбьюторлерімен өз елдерінде кездесулер ұйымдастыруды; ал келушілер болса, әрбір регионның мәдени ерекшеліктері туралы жақсы хабардар етуі керек.

Делдалдарға сыйақы не үшін және қандай мөлшерде беріледі?

Делдалдардың қызметіне жалақы төлеу, сыйақы оларды тиімді жұмыс істеуге ынталандыратындай етіп іске асырылуы керек. Әлдебір тауарды өткізу дәстүрге айналған елдерде әдетте сыйақы қалыптасқан және ол табиғи құбылыс ретінде қабылданады. Тауар жаңа түскен рыноктарда қиышылықтар болып тұрады. Әдетте сыйақы сомасына комиссионалдықтар, өткізуді ынталандыруға бөлістер, сыйлықтар және басқа сомаслар кіреді, бұлар деладалдардың жақсы жұмысын көтермелейді. Сыйақы мөлшерінің максимум және минимум арасында алтын кіндік табу қажет.

Делдалды және олардың штатын оқыту және дайындау. Белгілі қызметкерлер жұмысты тиімді орындайды, бұл нарықта өткізу көлемін өсіреді де молырақ пайда түсіреді. Оқытудың қолайлы бағдарламасы, мейлі оқу орталығында мейлі басқа жерде өтсін дистрибьюторларға және олардың персоналына жұмыстарының тиімділігін көтеруге көмектесумен қатар, олардың ниеттестігінің дамуына да себеп болады. Бұлдан тысқары, осындай курстар қарым – қатынас орны болады да, пікір, әдістері, практика алмасуға мүмкіндік жасайды.

Негізгі терминдер


  1. Брокерлер;

  2. Дилерлер;

  3. Клиенттер;

  4. Дистрибьютор;

  5. Фирма;

  6. Сыйақы;

  7. Ынталандыру;

  8. Делдалдар;

  9. Инвестиция.



Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет