АрманғА ҚУҒан жетер



бет7/9
Дата12.11.2016
өлшемі2,98 Mb.
#1591
1   2   3   4   5   6   7   8   9

10-1129

129


Дорогой Нуртас!

У казахов есть народная поговорка “Амандьщ ағадан”. По этой прнчине до этого времени я Вам и не писал.

Вчера один мой товарищ, который приехал от панфиловцев, привез письмо Баурджана Момышулы, адресованное Вам. Баурджан просил меня переслать данное письмо Вам. Я вполне согласен вопросами, поставленными Баурджаном в данном письме. Содержанием этого письма прошу ознакомить т.т.Муканова Сабита, Ауэзова Мухтара и Мусрепова Габита.

Ском. приветом уважающий Вас, МаликГабдуллин 30.05. 43 г.

Адрес Баурджана: Полевая почта 16627 Б

Момышулы Баурджану.

Мой адрес: Полевая почта 21475 К М. Габдуллин.

Товаршцу Н.Ундасынову

Являясь участником, руководителем и наблюдателем более ста боев, я пережил горечи неудач и радости побед, радости боевого подвига своих лично и солдат наших.

Еще в феврале месяце 1942 года я попытался обобщить результаты личных переживаний, наблюдений за другими, действий отдельного солдата оружия, по видам боев и другим психологическим особенностям в общую тему “Мысли о воспитании боевых качеств” - мне удалось немного изложить свои соображения на бумаге, но за неимением времени до сих пор не представляется возможным закончить начатое, и эти мысли неотступно преследуют меня,'как только освобожусь на несколько минут от непосредственной работы.

Я убедился на опыте своем, что в воспитании боевых качеств бойца имеет колоссальное значение военное прошлое народа и национальные традиции.

Одну из ненаписанных глав своей рукописи в плане я назвал “Благородные традиции казахского народа, воспитывающие боевые качества в джигите”, в этом личном письме к Вам, как со старшим братом хочу поделиться с Вами набросками этой главы.


  • Өдет жөне әдеп.

“Үяда не көрсе, ұпщанда соны алады”.

“Үлың өссе ұлы жаксымен, кызьщ өссе, кызы жақсымен ауылдас болғьш”.

“Тексізден - тезек артьщ”.

“Арсыздан - айуан артьщ”.

“Жаным арымнан садақа”.

“Өлімнен - ұят күшті”.

“Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді”.

Хочу изложить корень и значение этих поговорок. В вьгаодах сказать, что воспитанность (өдеп) должна быть внедренной в сознание и привита (әдет) вместе с молоком матери. Уважение к старшим, сознание долга и чести, как святыни, безукоризненное соблюдение общественного порядка, безмолвную покорность законам, человека ставить превьппе всего - воспитывают положительные качества, которые носят название благородства, любви к родине, народу, семье, человеку, жизни. Человек, получивший благородное воспитание, владеет основой боевых качеств - преданностью, честностью, дисциплинированностью.



  • Игра в альчики (асық), чилики (жасырынбак), жарыс (бег) - воспитывают в юноше сноровку, ловкость, увертливость, меткость, упорство и прочие военные (боевые) качества, необходимые солдату в бою как воздух.

Опыт убедил меня в том, что казахское выражение “өдіссіздік - өлсіздік, ептілікте - ерлік” отражает истину.

  • “Сөз тапқанга қолқа жоқ”.

“Бөдікте, тойда айтыс” - есть состязание быстрого мышления и остроумия. Нигде, как в айтысах, не застают человека врасплох многогранные неожиданности. Айтысы вырабатывали у юношей и девушек импровизаторские способности, любовь к устной литературе и музыке, расширяли их кругозор, они приобретали остроумие и смекалку.

Бой полон неожиданностей. Смекалка и сообра- зительность - постоянные спутники солдата, обеспе- чивающие победу в условиях, кажущихся иногда безнадежными.



  • Кокпар, байге, аударыспак, саис - традиционные национальные спортивные игры, вырабатывающие смелость, ловкость, физическую закалку, азарт, способность к риску с расчетом, даже способность к самопожертвованию ради

  • чести и славы своей. Эти игры в оспитывают благороднейшие рыцарские качества в джигите, столь необходимые для солдата Красной Армии.

  • Вот краткий перечень этой ненаписанной главы.

  • Нашими “шокынганами” пренебрегались эти благородные традиции воспитания боевых качеств нашего народа, как “отжившее”, даже преследовались до сих пор людьми негосударственного ума, сидящими за председательскими столами, в общем потоке “бунтарства” против прошлого. Это было безусловно неумно, здесь будет сказана кстати старая казахская поговорка “шала молда дін бұзар”.

  • Вследствие такой оплошности в воспитании некоторая участь молодежи растет неузнаваемо развязной, легкомысленной, хилой, мешковатой, попадаются даже трусгапки, малодушные, шкурники. Некоторые не умеют ездить верхом, боятся лошади - просто стыдно называть таких казахами - лепечут какую-то ерунду по-казахски, похожую на неотработанный язык иностранца.

  • Я только перечисляю кажущиеся мне недостатки в воспитании молодежи, убежденно преклоняясь до сырой земли перед положительной стороной воспитательной работы благородных качеств джигита, системой воспитания нашего времени. Все хорошее в прошлом казахского народа должно восторжествовать в настоящее время, и золотая казна народной мудрости должна стать нашим достоянием, обогатить наши знания и опыт и оказать услуги делам нашим.

  • Подвиги славных казахских джигитов Эдиге, Кобланды, Бекет, Исатая, Махамбета, Амангельды, Алпамыс и др. должны стать традицией современных джигитов - как жаль, что молодежь их мало знает!

  • Долг службы и совесть воспитателя джигитов - солдат обязывают меня обратиться к Вам с этим личным письмом, так как, по моему личному мнению, возрождение благородных традиций нашего народа, обогащающих кладом своим систему воспитания молодежи, немыслимо без вмешательства таких государственных мужей, как Вы.

  • Извините, что отнял у Вас столько времени этим письмом.

  • Гвардии подіюлковникБ. М.

  • 18.04.43 г.

  • Жаумен теке-тіреске түсіп, өз өмірі ажал аузында түрған Бауыржанға хат жазгызып отырган кандай күш. Ол күш - казак халкының болашағы, үлттың намысы. Ал, хатты нак Ондасыновка жазуында не сыр бар? Қазакстанның экономикасы мен саясатьш жүргізіп отырған жалғыз басшы Ондасынов емес қой! Иө, Бауыржан батыр бүл жерде Оңдасыновтың сез парқын түсінер халіне, білім-парасаты жететін өресіне, үлттық намыстың барлығына сенген, сенген сон жазған еді.

  • Біздің бүл жорамалымызды әдебиетші-ғалым Шериаздан Елеукенов растай түседі:

  • міне, осы Айыртау етегіндегі Шымқора ауылында республика Үкіметінің бастығы Нүртас Оңдасынов озат шопандардың жиналысын өткізеді екен деген хабар дүңк ете түсті. Тағы да бір аты Үлан МТС-і аталатын Шымкора біздің ауылымыздан 12 километр жерде. Соған жаяу- жалпылап, Оңдасыновты кореміз деп, бір-екі бала жетпейміз бе аптығып. Жиналыс МТС-тің шеберханасында өтті. Ішіндегі машина жабдықтарын алып тастағанда онсыз да үлкен үй тіпті, кеңейіп, үзарып кетіпті. Кектем кезі. Ертіс өңірінде бүл маусым күрт басталады. Наурыздың жиырма екі, жиырма үштерінде бір керемет жылы жел күндіз-түні соғады да, кыс бойы жентектелген, соқталанған, жолсыз жерінің қай түстарында ат қүлағы көрінбейтін қалың күртік қардың көбесін лезде согіп жіберді. Осыншама ылғалға кенелген шоп тез каулап өсіп, сөуір аяқтала тізеден асып кетеді. Сол шөпті жаңағы жиналыс өтетін үзыннан- үзақ залдың еденіне қалың етіп жайып тастапты. Балаң жігіт біздерге орындық тимеген соң, дәл мінбенің қасына келіп малдас күрып, кек шопке отыра кеттім.

  • Нүрекең мінбеде сөйлеп түр. Үстіне соғыс кезінің рәсімімен жартылай әскери киім киінген.Шөптің жасыл- сары нәліне үқсас түсті гимнастерка, белін жалпақ қайыс белбеумен буынған. Кең кеудесінің сол жағында Ленин ордені жарқырайды. Қою қара шашын оң жақ шекесіне қайырған, келбетті, көруге коз керек кісі екен. Таза қазақ тілінде жөймен, баппен сөйлеп түрды. Әлдебір бастьщтардай, қорқытып, ежіреңдеп зөре-қүтыңды алмайды. Өзіңнің бір ескі танысың өңгіме айтып түрғандай, сенімен ақылдасып, кеңесетіндей өсер береді.

  • 1944 жылы сол кездің олшемінде республикамыз үлкен қуанышқа боленді. Қазақстан мал шаруашылығын

  • өркендетудегі үздік табыстары үшін СССР Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің Ауыспалы Қызыл туын жеңіп алыпты. Шешен жиналғандарды алдымен осы тарихи оқиғамен күттыктады. Алдында озат шопандар сөйлеп, сол кездің тілімен айтканда, тәжірибе алмаскан. Нүрекеңе бүл өңір жаксы таныс. 1938 жылы осында облаткомның председателі болған. Уай дегенің, өзі де кашаннан шопан таяғын үстағандай ағытылды-ай кеп.

  • Нүрекеңдей кайраткерлердің алғырлығы, тереңдігі ел бағын жандырайын, көркіне көрік косайын деген сүлу ой- пікір, жаркын ниеттерінен туындайды екен. Соған тағы да көзім жетті. Ол сөзінде үлттык көсібімізден бірте-бірте, табиғи түрде үлттык мөдениетімізғе, өдет-ғүрпымызға ауысты. “Көт сүйеғі өсіп кеткен” кей казак жігіттерін мыскылдай келе, ойын-тойларда үмытылып бара жаткан хальщ ойындарын жаңғырту мөселесін койды. Енді ойлап отырсам, үлтжандылыкты кас пен көздің арасында үлтшылдыкка айнаЛдырып жібергіш, сан миллион “хальщ жаулары” кездері жылтырап түрмеде, айдауда сарсылған заманда дөл сондай сөз сөйлеу үлкен жүректілік, төуекелшілдік екен.

  • Бүл сөздің өсері сондай, майданнан жаралы болып оралған бір жас жігіт үйленгенде қазактың той-томалақ өткізетін үлттьщ рөсімімен түщъші рет танысып, аузымызды ашып, көзімізді жүмдық. Бір жылдан соң үлы Абайдың жүз жылдық юбилейі мейрамдалғанда ат шабу, кәкпар тарту, аударыспак ойнау, палуан күрестерін алғаш тамашаладьщ.” Ел басшысы Оңдасыновтың халык дәстүріне, үлт үрдісіне деген мүндай жанашырлығын көптеп айта беруге болады, өрине. Соның ішінде мына бір факті көңіл аудартады. Өуелі, мына хаттың мазмүнына назар аударайықшы.

  • ҚазССР Халкомкеңесінің Төрағасы

  • Н.Оңдасынов жолдасқа

  • Талантты бала Хакімжан Наурызбаевты даярлау жөніндегі Сіздің маған тапсырмаңыз орындалғанын, ол Мөскеуде окуын 1/ХІ бастайтынын хабарлаймын.

  • Ея.7ті мен де сонда болып, жол-жоба керсетіп, кеңес беремін, Мөскеудің белгілі шеберлерінің шеберханаларын аралаймын. Украинаға қайтып бара жатып, Сізғе алғысымды айтамын, сіздерде болған уақытымнан алған

өсерім өте жақсы - шөкіртім. Сіздің сеніміңізді актаганына куаныштымьш, оньщ мүсінші ретінде де, архитектор ретінде де шын шебер болып шығатынына көміл сенемін.

Мен онымен хат алысып, ылғи да кеңесімді беріп отырамын. Өз басым Сізге Суретшілер одағынан алған мінездемемнің көшірмесін жіберіп отырмын жөне бітпеген жүмыстарды аяктау үшін алып кеткенімді, біткен соң жіберетінімді хабарлаймын. Мен өз бетіммен Дина Нүрпейісованың екінші портретін бастадым, оны фотографияға карап отырып аяктаймьш.



Мусінші О. Кудрявцева

Сөйтсек, бүл хаттың сыры былай екен. Соғыстың жүріп жаткан кезі. Қашанда халықка жакын барып, жагдайын өз көзімен көруді үнататын Оңдасынов іс-сапармен Қостанай облысының Үзынкөл ауданына келеді. Аудандық атқару комитетінің терезесі алдында саздан салынған қой, ешкі, жылқы бейнесін Үкімет басшысының көзі шалып қалады. Сүрастыра келсе, оны жасап жүрген осындагы атбағар бала Хакімжан екен. Нүртас Оңдасынов дереу баланы шақыртып өңгімелеседі, оқуға жүр дейді. Оған Хакімжан: “үйде бас көтеретін ешкім жок, анамды, жас бауырларымды тастап қалай кетемін” деп, оқуга бара алмайтынын айтады.

Үлы атанар адамның ісі де, өрекеті де осындай үлағатты істерден басталатын болар, Алматыға келген соң да Оңдасыновтың есінен өлгі бала кетпейді. Ақыры, бала Хакімжанның отбасына мемлекет тарапынан көмек көрсетіп, өзін Алматыга оқуға алғызады.

Жоғарыдағы хатты жазып отырған соғыс жылдарында Украинадан келген мүсінші Ольга Николаевна Кудрявңева бала Хакімжанньщ, қазақтьщ болашақ түңғыш мүсіншісі Наурызбаевтың алғашқы үстазы. Бүл орайда Наурызбаевтың өзі былай дейді:



  • ...Кейіннен білдім, сөйтсем, үстазым Ольга Николаевна әр кез Нүрекеңе мен туралы баяндап отырады екен. Сондай бір сощы баяндауында үстазым: “Наурызбаев өте талапкер, ізденімпаз, еңбеккор. Алдағы уақытта оны Мөскеуге жіберіп оқыту керек...” деп жазыпты.

Осыдан кейін көп үзамай бізді Нүрекең өзіне, кабинетіне шақыртты. Амандық-саулықтан соң Нүрекең кабинетіне көмекшісі мен тағы бір кісіні шақыртты. Сөйтіп:

  • Танысып қойыңыздар, мынау алдарыңда түрған қазак

  • халқының тұңғыш мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев. Мөскеуге оқуға жүрмекші. Сондықтан дүрыстап киіндіру керек, - деді.

  • Не керек бір жүманың ішінде Ольга Николаевна да, мен де иненің көзінен өткен судай жаңа, өрі өдемі киімге оранып шыға келдік.

  • 1944 жылы Мәскеу Сурет училищесіне оқуға түстім...” Жоғарыдағы хаттың сыры енді ашылғандай.

  • Қазақстанның өкілдігіне Хакімжанды шақыртып, жағдайын біліп түрған. Қазақстанның сондағы тұрақты өкілі Исағали Шариповке таныстырып, Үкімет тарапынан түрақты түрде қаржы да бергізген. Училищені бітірген соң, Харьков көркемсурет институтьша түсіп, оны 1951 жылы аяқтап елге - Алматыға оралады.

  • Қазіргі өсем Алматыға көрік беріп түрған Үлы Абай бейнесін сомдаған, қазақтың түңғыш мүсіншісі сол Хакімжан Наурызбаев еді. Міне, бүл да Оңдасынов өмірінен тағылым алар, ғибрат тұтар түсымыз.

  • ГУРЬЕВТЕ ӨТКЕН ЖЕТІ ЖЫЛ

  • 1951 жылы табан астынан Нүртас Оңдасынов Қазақ ССР Министрлер Кеңесі төрағалығынан босатылып, Мәскеуге, Жоғары партия мектебіне, “саяси сауатын көтеру қажет” деген “дәлелмен” оқуға жіберіледі.

  • “Адамньщ жасы ұлғайған кезде оқу, көңілге бір нөрсені тоқу өте қиьш болады екен. Мен Жоғары партия мектебінде жас үлғайғандықтың зардабын шектім. Жас кездегі айтқанды сол сөтте құйып алатын қүйма құлақ қабілетім жойылып, ақпа қүлақ болмасам да, соған жақындап қалғанымдьі сездім. Күндіз-түні Ленин атындағы кітапханадан шықпай, ізденуімнің арқасында абыроймен бітіріп шықтым...” - дегені бар болатын Оңдасыновтың бірде бізге.

  • Мөскеудегі оқуы бітер-бітпестен Оңдасыновты қайта Қазақстанға өуелі Пономаренко шақырды, артьшша оның орнына келген Брежнев те қолқа салып, ақыры 1954 жылдың наурызында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағалығына сайланды. Алайда, бір жылдан кейін қалың бүқараға жақынырақ жерге сүранып, бүл қызметтен өз тілегімен босанады.

  • Қараңыз, бұқараға жақын барғысы келген. Неге? Әлде

  • билік басындағы бей-берекетсіздік көңіліне конбады ма, кім білсін? Қалай болғанда да алдына келген заң-зүкінге кол койып, жан тыныштығьш ойлап, отыра беруіне болушы еді ғой. Жок, Ондасынов өйтпеді. Өмір бойы өз мүддесінен халык, ел-жүрт мүддесін биік санайтын ол сол позициясын тағы да танытты. Үш облыстың басшылығын катар үсынып, таңдауды өзіне калдырғанда шалғайдағы Гурьевті калаған екен. Бүл да тарихи шындық.

  • Гурьевке Нүртас Дөндібайүлы Оңдасынов табан аудармай он үш жыл Үкімет басқарып, тәжірибесі әбден толысқан 51 жасында келді. Өуелі, 1955 жылдың мамыр айынан атқару комитетінің төрағасы, ал, 1957 жылдың каңтарынан партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.

  • Істің басын Оңдасынов облысты аралаудан бастады. Ол кезде Маңғыстау түбегі Гурьев облысының бір ауданы ғана болатын. Сонау мың шақырымнан астам жерде, Маңғыстау түбегінде жатқан малшыларды аралап, олардың түрмыс- жағдайын өз көзімен көріп қайтады.

  • Сол сапардан бір қызық жәйт. Малшылар ауылын аралап жүргенде бірнеше шопанның үйінен шай күятын шөйнекті темір сыммен қүрсаулап қойғандарын байкап қалады да, “неге олай?” деп сүрайды Ондасынов қасында еріп жүрген облыстық сауда бөлімінің бастығынан. Ол: “... бізде кесе-шөйнек жетіспейді, сондықтан сынғандарын осылай сыммен қүрсаулап пайдалана береді” деп, күмілжиді. “Сонда сендер енді кесе-шөйнекпен де халыкты қамтамасыз ете алмайсыңдар ма, онда неге бастық болып отырсыңдар?” - дейді дауыс көтермей, бірак мың батпан салмақпен, онсыз да бейнеті бес батпан шопандардың үсак-түйек түрмыстық мөселелерін шешіп бере алмағандарьша ренжіп.

  • Гурьевке келісімен Мөскеуге, Микоянға телефон соғып, көп үзамай бір вагон ыдыс-аяқ келіп, облыс халқы, әсіресе, шопан мен егіншілер, мүнайшылар қарық болады да қалады.

  • Содан бүкіл облысты аралап, барлық шаруашылықпен танысып шыққан соң, Қазақстан Орталық партия комитеті мен Министрлер Кеңесінің алдына Гурьев облысының экономикасы жөне халықтың мәдениетін, хал-түрмысын көтеруге көмек көрсету жөнінде мөселе қояды. Ол - ең бірінші халықтың түрмысын, мәдениетін көтеру, ауыл шаруашылығын өркендету, мал басын көбейту, суармалы

  • егістік көлемін көбейтіп, көкөніс-бакша егуді колга алу, Каспий теңізі жагалауында мұнай-газ барлау жұмыстарын жандандыру, жаңа кен орындарын іздеу... мөселелері болатын. Осы мәселе бойынша 1956 жылдьщ бас кезінде Л.И.Брежнев пен Д.А.Қонаев кол койган каулы кабылданады.

  • Қаулымен бірге қаражат та келіп жатты. Айналасы бір- екі жылда облыста суармалы егістіктің көлемін арттырып, бау-бақша, көкөніс, жүгері, жоңьшща егуді дамытты. Тіптен көкөніс пен пиязды көрші облыстарга сататын дөрежеге жетті. Мал басы күрт өсті.

  • Каспий теңізі жагалауында мүнай-газ барлау жүмыстары ерекше қарқынмен жүргізілді. Ірі барлау экспедициялары, трестер қүрылды. Гурьевте 1959 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының көшпелі сессиясы өтті. Оган Кеңестер Одағынан ірі ғалымдар мен көсіби мүнайшылар шақырылды. Академиктер Қ.Сөтбаев пен А.Яншин мүнай іздестіру аясын кеңейтіп, ашылмаған тереңдіктерді қамту жөнінде пікірлер айтты. Осы сессияда сөз сөйлеген Ондасьшов Ембі мен Маңғыстаудың мүнайы мен газын іздестіруді жедел жүргізу қажеттігін ғалымдар мен мамандар алдына міндет, мақсат етіп қойды.

  • Ғалымдар Жайықтың оң жағында, Маңғыстау түбегінде мүнай мен газдың мол қорлары бар екенін ғылыми дөлелдеп берді. Бүл Маңғыстауда үлкен көлемде барлау жүмысын үйымдастыруды талап етті. Ол үпгін Ембі мүнай бірлестігінің қарамағьшан барлау бөлімін алып, оны Қазақ ССР Геология министрлігіне беру керек болды. Осы жөнінде Гурьев облыстық партия комитеті республика Үкіметі алдына үсыныс жасады. Оңдасынов үсынысы қабылданды. Ғылым Академиясы Гурьевтен Мүнай жөне табиғи түздар ғылыми- зерттеу институтын ашты. Ол барлауды ғылыми жодмен жүргізуге мүмкіндік берді.

  • Ол кездің ақиқатын “Совнархоз” Төрағасы болған Сафи Өтебаев айтады:

  • “- Гурьевтен мың шақырымда жатқан Маңғыстау өндірісін басқару қиын болғандықтан, Нүртас Оңдасынов Одақтағы министр Н.К.Байбаковпен келісе отырып, Ақтау қаласынан “Мангышлакнефтегазразведка” тресін қүрдық. Ембі мүнайшыларының қажырлы еңбегінің арқасында 1961 жылы Жетібай - Өзенде үлкен мүнай фонтаны атқылады.

  • Маңғыстауда мұнайды игеруге арналған өндіріс орындары, кұрылыстар салынып, жаңа скважиналар ашылып, тез арада бұл өңір үлкен өндіріс алаңына айналды. Үзын күлактан естуімізше Хрущевтың: “Сібірде мүнай жетеді, Қазакстанды отставить!” - деген каһарына карамастан, корыкпастан Оңдасьшов республиканьщ Батыс өлкесін мүнайлы өңірге айналдырды. Өндірістің осылай өркендеуінің нәтижесінде кейіннен (1970 ж.) Гурьевтен жеке облыс болып Маңғыстау бөлініп шыкты. Орталығы Актау каласы болды”.

  • Қазір дүние жүзінің назарын өзіне аударып, колы жеткеннің коржьшын толтырып, жетпегеннің “жетсем-ау” деп, аңсарын аударып, өуесін келтіріп отырған - Атыраудың мол мұнайы, алаулаған газы. Ал, сол мол мүнайдың көзін табу, халық игілігіне жүмсауға күш салған, мұнай өнеркөсібінің негізін калаға азаматтар катарында - С.Шакабаев, М.Исенов, С.Өтебаев, Ж.Досмұхамбетов, Ө.Балғымбаев, Р.Өтесінов, Т.Жұмағалиевтар бар. Олардың бәрі де бүл саладағы Оңдасынов еңбегіне, ұйымдастырушылык іскерлігіне куәгерлер.

  • Сондай куөгерлердің бірі, ел есебін, халык есесін есеп- шотка салып, кімнің үлесі артык, кімнің үлесі кем екенін қырағы кыранша Ортальщта - “Госпланда” таразыға салып отырған экономист Ғ.Сағымбаев мәліметіне қарасак, ол былай:

  • “... 1913 жылы - 118 мың, 1940 жылы - 697 мың, 1950 жылы - 1.059 мың тонна мұнай өндірген Атырау 1966 жылы - 3.105 мың тонна өнім берді. Нүрекең баскарған жылдары мүнай өндіру 3 еседен артык, газ ендіру 6,5 есе (7,4 миллионнан 46,1 миллион текше метрге дейін) өсуі еліміздің табысы мен байльнъша Оңдасынов коскан үлес деп түсінген орынды”.

  • Облыста осындай қаркынмен мал басы да өсіп, жаксы нөтижеге жетті. Тағы да осы орайда біздің назарымызды маман сөзі аударады:

  • Мамандьным экономист болғандыктан, айтар созімді нақтылы цифрлармен дөлелдеп отыратьш өдетім бар, - дейді, республикаға үздік экономист ретінде танымал болған Ғарай Сағымбаев өз естелігінде, - 1961 жылдың басында облыста 126 мың ірі кара, 1.135 мың қой мен ешкі, 53 мың жылкы, 27 мың түйе, 2 мың шошка болды. Басқаша айтқанда, Нұрекең басқарған уақытта мал басы 4 еседен артык өсті.

  • Жылына 22 мың тонна ет өндіріліп, 100 мың қаракөл елтірісі мемлекетке тапсырылатын. Осыдан келіп, Атырау облысында мал басының қалай күрт өскенін көруге болады”.

  • Бар жоғы бес-алты жыл іптінде адам сенгісіз мал басының өсуінде не сыр жатыр? Ол мынадан көрінеді.

  • Біріншіден, Оңдасынов мақсат-міндет, сосын талап қоя білді.

  • Екіншіден, ғылыми-зерттеу институты тапқан жаңалықтарды мал басын көбейтуге пайдалана білді, өмірге енгізді. Малдың жазғы жайылымын, қысқы қыстағын кеңейтті.

  • Үшіншіден, қаржы-қаражаттан қағажу көрмеді. Қайта артығымен сүрап ала алды.

  • Төртіншіден, облысқа жаңа техника - машина, трактор, комбайн,.. көптен әкелінді.

  • Бесіншіден, бәлкім ең бастысы болар, бүған дейін республика басқарып, ел-жүртты соғыстан аман алып, одан кейін қүлдыраған шаруашылықты қалпына келтіруде жинақтаған мол төжірибесін Оңдасынов артта қалған Гурьевті көтеруге аямай жүмсады.

  • Не керек, Нүртас Оңдасыновтың есімімен, өзімен бірге Атырау, Маңғыстау өңіріне ерекше бір ыстық леп, жаңару келді. Елдің еңсесі көтеріліп, алдарынан үміт оты алаулай бастады. Бүл пікір менен емес атыраулықтардың өзінен шыққан сөз.

  • Нүрекең пайдалы бастаманы, жақсы жаңалықты іздеп жүретін. Егер біреуден озық ойды, елге-жүртқа пайдасы тиетін жаңалық болса болды, тез арада өмірге енгізіп, кең таратып өкететін. Ел аралауға жиі шығатынбыз, сонда баладан - өнер, білім, ал, қарттан - даналық сүраудан жалықпайтын. Жақсы ой, бастама болса көмекшілеріне түртіп алыңыздар деп белгі беретін. Осы өдетін өзіме де*өдет еттім.

  • Нүрекең өте таза адам еді, оның ақтығы мен пәктігі жөнінде Атырауда небір аңыз әңгімелер бар, - дейді, отызға жетер-жетпесінде ең үлкен Жылой ауданының бірінші хатшысы болған Саламат Мүқашев. Оңдасынов ондағы қабілет-қарымды дүрыс болжаған екен, кейіннен шәкірті Саламат Мүқашев Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағалығына дейін көтеріледі.

  • Қазақ арасында мал жайылымы мен суат үпгін талас, дау- дамай қай кездерде де болып түрган. Осындай бір дауды

  • Оңдасыновтың айкай-шусыз, дау-дамайсыз шешкенін аңыздайғып маңғыстаулық ақсақал Есембай Шолтанов айтады:

  • “Мен ол кезде Самсы ауданында орта мектептің директоры болатынмын. Бір жылы Ақтөбе облысы мен маңғыстаулық малшылар арасында жер дауы басталып, іс насырға шабатын болган соң облыстың бірінші хатшысы Ондасынов келді. Екі облыстың өкілдерін шақырып алқалы жиын өткізді. Екі жақты тыңдап алган Оңдасынов:

  • — Ата-бабамыз шекара сызып ешкімге жер бөліп берген жоқ, бәрі де бір қазақтың: “Аттың жалы, түйенің қомында” жүріп қоргаган жері гой. Қазақта сөз бар: “Ыдыстан ауызы жақын ішеді” деген, сонау мың шақырымдық қашықтықта жатып, іргеде отырган агайынға жер бермеймін деу агаттық. Мал да өз өрісін аңсайды.., - деп, байсалды-байыппен, сүқ саусагын шошайтып ешкімді қорқытып-үркітпей-ақ, нақтылы жагдайды түсіндіре отырып, ақылды сөзбен алқалы топты тоқтатқан. Осы жиынның қорытындысын алып, аудан басшысы Қағазов Төлегенді ертіп Мөскеуге барып, Косыгинге кіріп, бекіттіріп келді. Осымен екі облыстың арасьшда талай жылдардан келе жатқан дау да доғарылған”.

  • Үкімет басында отырғанда Жезқазған өңірінде дөл осыған үқсас жер, жайылым дауы болып, арыз түсіп болмаған соң, өзі барып, қазылық айтып, айтысты тоқтатқанын Ондасыновтың өзінен естігеніміз де бар.

  • Нүртас Оңдасынов Гурьевте өндіріс пен ауыл шаруашылығына ғана көңіл бөліп, мөдениет, өнер, өлеуметтік саланы үмытқан екен деген ой тумаса керек.

  • Өсіресе, ол келе салысымен түрған үйлерді көптеп салғызды. Мектептер, мөдениет сарайлары мен клубтар, сауда орталықтары бірінен кейін бірі бой көтерді. Педагогика институты, облыстық драмтеатр, баспахана, кітапханалар, тарихи-өлкетану мүражайы, Сарайшықтағы қарттар мен мүгедектер үйін жаңарту - қысқасы, Оңдасынов түсында қала мен дала келбеті өзгере түсті.

  • 1959 жылы Қаратабан көлінің шипалы балшығымен емдейтін бальнеологиялық санаторийдің ашылуы үлкен жетістік болды.

  • Малшылардың киіз үйлерін жаңартуды мәселе етіп қойды. Оларға ыңғайлы ас ішетін дөңгелек столдар мен аласа отырғыштар жасатқызып, таратты.

  • Гурьевті көгалдандыруды, ағаш отырғызуды өзі болып бастады. “Тұзды жерге ағаш өспейді, бос шығын...” деп, карсы болғандарға орман шаруашылығы техникумында алған теориялык білімін іспен дөлелдеп шыкты. Сол ағанггар бұл күнде үлкен бәйтерекке айналған. Бәйтерек касьшда Иманғали отырғызған жас талдар да көкке мойнын созып өсіп келеді. Атырау кұлпыруда...

  • Астрахань облысьшдағы Құрманғазы зиратьш таптырып басына күлпытас, сәулетті мазар түрғызуды алғаш айтып, кейіннен іске асырткан сол Ондасьшов екенін қазір біреу біліп, біреу білмейді. Білетіндер - Гарай Сағымбаев, Сағидолла Қүбашев, Саламат Мұқашев. Олар мазардың ашылуына Оңдасынов облыстык атқару комитетінің төрағасы Арынғазы Қайсақановты бір топ мөдениет қызметкерлерімен жібергеніне куө болғандықтарьш айтып та, жазып та жүр. “Дина мен Қүрмангазы елінде үлт аспаптар оркестрінің болмауы үят” - деп Алматыдан жас маман, ерлі-зайыпты Сейілхан мен Раушан Қүсайьшовтарды арнайы шақыртып, жағдайларын жасап, оркестр құрғызған да сол басшы.

  • Оларды бір күні Нұртас Оңдасынов өзіне шақырып:

  • - Адамға тамақ кандай керек болса, рухани азық - өн, жыр, күй, терме де сондай керек. Облыста соның бір мерекесін ұйымдастырсақ қалай болады, - деді. - Баяғыда, жас кезімде ауылдастарым кешке жиналып, маған жыр- дастандарды окытатын. Қанша шаршап, күні бойғы ауыр, қара, жұмыстан белдері қайысып отырса да тарамай, түннің бір уағына дейін жыр-дастан тыңдайтын. Оның сырын мен енді ұғып жүрмін, тәннің шаршауын жан лөззатымен басады екен ғой... Қазір де түрмыс оңай емес. Бір серпілтіп тастайық халықты. “Ел іші - өнер кеніші” - дейді халық, қаншама өнерпаз жол таппай, бүйығып жатыр ауылда, соларға бұлақтың көзін ашу керек.., - деді.

  • Бұл идея жанданып, алғаш рет облыста 1957 жылы көркемөнерпаздар фестивалі өтті. Бұған дейін арнайы ауыл- ауылда, мектептерде көркемөнерпаздар байқауын өткізіп, бұл соның қорытынды конңерті іспетті болды. Облыс орталығьшдағы стадионда 500 домбырашы катысқан ұлт аспаптар оркестрі ойнағанда, күмбірлеген күй өр жүректі тербеп, жиналған жұртшылықтың көңілі шарықтап, рухы көтеріліп-ақ қалған.

  • Қаламен іргелес жатқан “Теңдік” совхозьшда ұлттык

  • өнер мерекесі жалғаскан. Сол сәттід көрінісін көзімен көрген, көріп кана коймай өнерпаз больш қатыскан, Ңазақстанның халық жазушысы Өбіш Кекілбайұлы былайша баяндайды:

  • “1956 жылы күзде Гурьевте Маңғыстау ауданы өнерпаздарының шығармашылык есебі болды. Оған мектептің соңғы сыныбында оқып жүрғен мен де бардым.

  • Маңғыстау өнерпаздарына облыс басшылары ресми кабылдау жасады. Облыстьщ комитеттің мөжіліс залында бүл кездесуді сол кездеғі бірінші хатшы - Сейітжан Полымбетов жүрғізіп отьфды. Ол кісіні бүрьшнан білетінбіз. Біздің көзіміз - оның қасындағы сары өңді кісіде. Өйткені, ол Алматьщан келген, бүрьшғы Үкімет басшысы Нүртас Дөндібайүлы Оңдасынов жолдас. Күнде кәріп жүрғен қарапайым кісілердей айтылып жатқан өңғімелерді мүкият тыңдап, жайбарақат отыр.

  • Келесі көктемде Гурьевке тағы барғанбыз. Сол жылы Мөскеуде өтетін Дүниежүзлік Жастар фестивалі қарсаңьшда аудандарда, облыстарда фестивальдар өтті. Бүл кезде Нүртас ағай бірінші хатшы болды. Өнер мерекесіне келген аудандардың делеғациялары орналасқан жерлерді аралап шықты. Бөрінің де койған конңерттеріне барды. Фестивальде маңғыстаульщтар бас жүлдеғе ие болды. Олар облыс орталығының ірғесінен қаздай тізілғен ақ үйлер тігіп, үлттық қол ©нерінің, үлттық дөстүрдің көрмесін жасады. Қала халқы ағылып жатты. Ертелі-кеш дастаркан жиылмады. Қазандар мен самауырлар оттан түспеді. Қызыл- жасыл киінген жастар күндіз де, түнде де ашық сахнадан түспей өнер көрсетіп бақты. Бүл - ол кездегі мерекелерде бүрын-соңды кездесе коймаған үрдіс-ті. Ол Нүртас ағаға қатты үнады. Қорытынды ат ойындары да сол арада өткізілді.

  • Үлкен қызметтегі басшылардың үлттық дөстүрге мүншальщты зор ықылас көрсетіп, мақтаныш еткенін алғаш рет көруіміз еді...”.

  • Жиырмасыншы ғасырдағы Қазақстан тарихьшда елеулі орны бар абзал азаматтың тек осы бір қылығының ©зі-ақ оның ел болашағына, жастар тағдырына қаншалықты нөзік карағандығынан хабар бере алғандай.

  • Ал, оның үлттық руханиатымызға шын жанашыр болып, оған өз үлесін қосып өткенін бүкіл ел біледі ғой”.

  • Ойланып қарасаңыз, бүл - халқьшың дөстүрі, салты, бет- бейнесі жоғалмасьш дейтін нағыз жанашыр басшының ғана

  • колынан келеді. Қандай керемет! Өзгеге еліктемей, жан- жағыңа жалтактамай, ұлтшыл атанармын деп корыкпай, өз ұлтыңньщ үрдісін жалтактамай, ұлтшыл атанармын деп корьщпай, өз ұлтыңның ұрдісін өзгертпей, көкке көтеру, дәріптеу халкыңды шын сүюден туындайтын болар, сірө да!

  • Сол жылы Дина Нүрпейісова атындагы ұлт-аспаптар оркестрі Мөскеуде өткен Дүниежүзілік Жастар фестиваліне катысып, дипломант атанса, 1958 жылы Қазакстан өнері мен мөдениеті күндерінін II декадасына катысуының өзі облысты мактанышка, үлкен мерейге бөледі. Осындай өнер мерекесінен рух алған талай жас өнерпаздар кейіннен Атыраудан арман куып Алматыға үшкан...

  • Осы фестивальден кейін Гурьевтің өз басында жөне аудан орталыктарынан музыка мектептері көптен ашыла бастады. Небір жалынды жас өнерпаздарды көрген Оңдасынов оны кажет деп тапты.

  • Бар шаруаны Оңдасыновтың бір өзі аткарғандай, бар жетістікке бір өзі жеткендей пікір калыптаспас үпгін, онымен әріптес, қызметтес болғандарға сөз берелік.

  • Қарацулов Ахметп Қосымбащлы:

  • “- Бірде нүсқаушыларды жинап, ©зінің Алматыдағы бір ескі досымен телефон арқылы керісіп қалғанын айтты. Сөйтсе, досының бір інісі біздің облыста жыл жарымдай басшы жұмыста жүр екен. Енді оны Алматыға ауыстыруды сүраған. Себебі - Гурьев ауасының нашарлығы.

  • “Мен сіздермен жүмыс бабында таныспын. Сендерде болашақ бар екенін сезем. Тек жоғары білімдерің жоқ. Оның үстіне ағаларың да жок екен... Мен сендерге аға болайьш, оқып, білімдеріңді көтеріңдер” - деді бірде бізді жинап отырып. '

  • Біз қайда окимыз, калада педагогика институтынан баска жоғары оқу орнының жоқтығын айттык. Ол, ондай орын табуға уөде берді. Басқа калаларда оқимын дегендеріңе де көмектесемін”, - деді.

  • Содан кейін Гурьевтен, мүнай техникумьшың жанынан Мөскеудің Губкин атындағы мұнай институтының филиалын ашуға көп әрекеттенді, таныс-беделін салды. Ақыры аптылды. Бүл үлкен жетістік болды. Содан, көптеген жастар жоғары білім алып, мүнай өндірісін дамытуға үлес қосты.

  • Нүрекеңнің бүл сөзі мені Астраханьдағы техникалық

  • институтқа түсіп, оны бітіріп, “Ихтиолог — балық өсіруші” мамандығын алып, ніирек гасыр балық өндірісінде жүмыс жасауыма себепкер болды.

  • 1960 жылдың жазында обкомның бюросы мені облаткомның үйымдастыру бөлімінің меңгерушісі етіп тагайындады. Бюрода Нүрекең: “Онда жүмыс көп, бірақ окуыңды тастамайсың, егер окуга жібермейтін жагдай болса маган айт” - деді. Бүндай жагдай болды. Бірақ Маңгыстау ауданьшда жүрген Сагидолла Қүбашев рүқсат етті.

  • Мүндай қамқорлықты қалай үмытарсьщ. Өмірден өтер, үзілер сәтте де көз алдыңда түрар-ау, Нүрекең!..

  • Бүгінде балаларыма, немерелеріме осындай, Оңдасыновтай басшы өткен, дана өткен, гүлама өткен деп айтып отырамын. Мақсатым - жақсыга үмтылсын, көкіректерінде қалсын деген ой.

  • Бір жылы советтердің жүмысьш жақсарту мақсатында соңиалистік жарыс үйымдастырып, жеңімпаздарга 3 сыйлық белгіледік. Советтердің төрагаларьш жина, олармен кездескім келеді деді. Бүган олар қуанышпен келіп, оздерінің проблемаларын жырлады.

  • Нүрекең ауылдардың коркі, көгалдандыру, клуб мөселелері жоніндегі талаптарьш қойды. Соңиалистік жарыс жеңімпаздарына қазір мотоңикл берілсе, енді жеңіл машина беруге жөрдемдесетінін ескертті. Бөрі де риза болды. Бүдан мен Нүрекеңнің жақсы бастамаларды қолдайтын, терең ойлы бастық екенінаңгардым. Бірақ “под колпаком Мюллера” - дегендей Нүрекеңнің мені де сынап жүргенін білмеппін...

  • Жогарыда айтылгандар көздің көргені болса, енді қүлақтың естігенін айтайын. Бүны маган Нүрекеңнің шофері, өзі қазақшаны жақсы білетін Николай Захаров айтқан еді.

  • Бірде Нүрекең Маңгыстауды аралап жүріп бір койшьшьщ үйіне қонады. Өлгі шопан екеуі түнімен Николай түсінбейтін бір тілдерде сөйлесіп шыгады. Қазақша білемін деп малданып жүрген шофер олардың не айтып жатқанын үқпай, бірақ екеуінің - қойшы мен хатшының осыншама тіл табысып кеткеніне таңқалады. Таңертең Нүрекең Николайга: “мьша шопанның білігі менен артык екен, біз түнімен араб, парсы, түрік, озбек тілдерінде сойлестік. Біз оқымысты адамдарды қаладан іздейтін едік, ол кате болды. Нагыз оқымыстылар далада екен” - депті, Нүрекең.

  • Мен Николай сөзіне нанбап едім, кейін Нүрекеңнің “Бү

  • Каталог: uploads -> files
    files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
    files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
    files -> Шахмардан есенов
    files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
    files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
    files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
    files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
    files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет