Армысыздар «Педвестник» газетінің ұжымы



бет1/3
Дата26.08.2017
өлшемі1,69 Mb.
#29133
  1   2   3
Армысыздар «Педвестник» газетінің ұжымы.
Өзіміздің мектепте үш деңгейлік курстан өткен мұғалімдерге арналып өткен аудандық семинар туралы мақаламды газет бетінен көрсем деген үмітпен жариялап отырмын. 11-ақпан күні де курс туралы Сіздерге мақала жібердім. Мүмкін болса екеуін газеттің екі номеріне салсаңыздар. Үлкен алғысымды білдіремін.
Еңбекшілдер ауданы

Макин орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Абжанова М.С.

Жеті модуль негізінде заманауи білім беру

«Қазіргі заманда жастарға жаңа технология негізінде әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының педагогтарына арналған 3 деңгейлік біліктілікті арттыру курстары жүргізіліп жатқаны баршамызға мәлім. Соның негізінде әр аудан мектептерінен ұстаздар жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді үйреніп, қажетті сертификаттарын алып, өз мектептерінде тәжірибелерін шыңдауда. Біздің аудан мен мектеп те бұл жаңалықтардан қалыс емес.

2014-жылдың 7-ақпанында Еңбекшілдер ауданы Макин орта мектебінде аудандық білім бөлімінің әдіскері, курс жетекшісі Оразова Н.А басшылығымен үш деңгейлік курстан өткен мұғалімдерге арналған «Жеті модуль негізінде заманауи білім беру» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: деңгейлік курсты аяқтаған мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету. Әрине, осы бағдарлама бойынша ауданда өткізіліп тұрған бірінші семинар болғандықтан, мектеп директоры Бейсембаева К.О. және ұстаздар ұжымы іс-шараның сапалы өтуі үшін үлкен жауапкершілікпен қарады. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, аудан мектептерінен 17 мұғалім және аудандық білім бөлімінен әдіскерлер Есімсейітова Р.А, Оразова Н.А. келді. Мектеп әкімшілігі семинардың өткізілуі жөнінде бағдарламаға сай әріптестерімізді қарсы алып, мектеп және мектеп мұражайы туралы ақпараттар берді. Тарих пәнінің мұғалімі Гостик В.В. мұражайдағы қызықты мәліметтермен таныстырды. Одан соң семинарға қатысушылар мектеп мұғалімдерінің жаңа технология негізінде көрсетілмек қазақ тілі орыс сыныбында, Еркибаева Н.О, «Мұражайлар» 9-сынып. Дүниетану сабағы орыс сыныбында, Максимова А.Г «Растениеводство» 2- сынып. Қазақ әдебиеті қазақ сыныбында, Абжанова М.С Б.Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» 6-сынып. Физика сабағы орыс сыныбында, Кенжебаева А.Т «Решение задач» 7- сыныптың ашық сабақтарына барды.

Сабақтар өткізілгеннен кейін мектеп оқушыларының қонақтарға арналған шағын концерті болды. Онда 2-3 сынып оқушылары «Көбелек», «Туған жер», апалы-сіңлілі Абжанова Махаббат пен Меруерт «Қарлығаш», оқушылар хоры, Курусь Диана қазақша «Көкшетау» әндерін нақышына келтіріп орындады. 0-1 сынып ұлдарының орындауындағы «Жігіттер» биі барлық көрерменнің көңілінен шықты. Концертте тек қана оқушылар ғана емес, сонымен қатар мұғалімдер де ат салысып, өнерлерін көрсетті. Усанин И.Н, Гоменюк Е.Б, Абжанова М.С. әсем әндерімен қошеметке бөленді.

Түстен кейінгі уақытта барлық мұғалімдер осы күннің қорытындысын шығару мақсатында дөңгелек үстелге жиналды. Мектеп директоры Бейсембаева К.О. курстан өткен мұғалімдер туралы мәліметтер айтты. Мектеп психологы Ботаева А.Н. келген барлық мұғалімдер бір-бірімен танысулары үшін парақшалар тарату арқылы «Таныстыру» тренингін өткізді. Әрбір мұғалім өзі, жұмысы, ермегі, отбасы жайлы біраз мағлұматтар берді.

Білім бөлімінің әдіскері Есімсейітова Р.А да мұғалімдерге шығармашылық табыстар тілей отыра қатысқан сабақтары туралы пікірін ортаға салды. Әр сабақтың жалпы мазмұнына тоқтала отыра, жақсы жақтары мен әлі де болса көңіл бөлетін тұстарын айтып өтті.

Әдіскер Оразова Н.А. аудан бойынша осы курстан барлығы- 63 , оның ішінде бірінші деңгейден-4, екінші деңгейден-5, үшінші деңгейден-54 мұғалім өткендігін мәлімдеп, мұғалімдерге қажетті ақпараттарды айтып, өз ойымен бөлісті. Модульдер негізінде мұғалімдерді топтастыру арқылы сұрақтар қойылып, топтық жұмыстар жасалып, қатысқан сабақтарды талқылап, талдау жүргізілді. Сабақтар бойынша Қойшыбай Е, Нартова Е.Д, Абужүсіпов Ж.О, Нуралина Б.А, Буркутова А.К. өз ойларымен бөлісіп, оқушылар жұптық, топтық, жеке жұмыстарға бейімделгенін, берілген тапсырмаларды орындау кезінде ашық, ұялмай сөйлейтінін атап, барлық сабақтарда жеті модуль толық қамтылғанын айтып, әр мұғалім ұнаған сабақтарға тоқталып өтті. Өздерінің ұсыныстары мен тілектерін білдірді. Денешынықтыру мұғалімі Усанин И.Н әртүрлі дене жаттығуларын жасату арқылы бойымыздағы шаршағандықты жеңе білді.

Мұғалімдердің қазіргі уақытта критериалды бағалауға ерекше назар аударулары керек екендігін айта келе Мамай орта мектебінің мұғалімі Қойшыбай Ермұраттың өз тәжірибесінен критериалды бағалау туралы баяндамасы тыңдалды. Сұрақтар қойылып, қажетті жауаптар алынды. Сонымен бірге, қазіргі күрделі мәселелердің бірі орта мерзімді жоспар екендігін басшылыққа алып Степняк қаласындағы №1 мектептің химия пәнінің мұғалімі Кабдуллина Э.Б өзінің орта мерзімді жоспарын таныстырып, соған байланысты мұғалімдермен пікір алмасты. Бастауыш сынып мұғалімі Гольцер Г.В «Күншуақ» тренингін өткізу арқылы мұғалімдердің бәріне алғыс - тілектер жазғызды, сонда керемет күн сәулесі шығып, көңіліміз көтерілді. Жетекшіміз Назира Аметовна 3 айлық курсқа байланысты қажетті әдістемелік материалдар таратты. Семинар соңында директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Еркибаева Н.О рефлексия арқылы мектепке жиналған мұғалімдердің семинар туралы пікірлерін және көңіл-күйлерін білді. Әдіскерлер мен семинарға қатысушылар осы іс-шара ұнағаны туралы жазып, біздің мектеп ұжымына үлкен алғыстарын білдірді.



Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. (К.Д.Ушинский). Сондықтан да өз еңбегіміздің сапалы да нәтижелі жемісін көрейік десек, әрқашан да білімімізді шыңдап, ізденіс үстінде болайық, ұстаздар қауымы!






Каталог: uploads -> doc -> 0364
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0364 -> Пәні: қазақ тілі Мектеп: А. Науаи атындағы №17 жалпы орта Күні: Мұғалімнің есімі
0364 -> Сабақ жоспары. Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Қазіргі сабақ басты құзырлықтың қалыптасуы мен дамуына себеп болатын орта»
0364 -> Дидактикалық ойындар диплом жұмысы
0364 -> Сабақ :№1 Мектеп: «№15 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм күні: 13. 10. 2016 ж


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет