Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Қайырлы күн құрметті қонақтар!



Дата14.02.2018
өлшемі66,85 Kb.
#37682
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!

Қайырлы күн құрметті қонақтар!
1 - Желтоқсан Тұңғыш Президентіне арналған мерекемізді ашық деп жариялаймыз!

Қ. Р. Мемлекеттік Әнұраны орындалады

Мұғалім: 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы» бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.

«1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні!» оқитын 9 сынып оқушысы Инженер Нұрлан.

Баяндама.

Мұғалім:


Атыңнан айналайын Егемен ел

Тәуелсіз күнің туды кеңеле бер

Мерейің құтты болсын Нұр аға

Ғасырдың тойы болшы келе бер


Ел үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік

Елбасының кұрметіне жиылған! Демекші алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Батталов Қ.М беріледі.


Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президент күні мерекесіне байланыс құттықтау сөз Мадьрова М.Д.

1-2 3 сынып орындауында ән, би «Қара жорға»
Болашағы Қазақстанның алдағы

Орындалсын қазағымның арманы

Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан

Халқымыздың таңдап алған таңдауы



Тұнғыш Президент күні мерекесіне байланысты келесі сөзді Даутова А,Н 4 сынып

Шығарма, көрініс.


Отан дейміз от жаққан жерімізді

Отан дейміз туған жер елімізді

Отан дейміз туған жер ,атамекен

Биік тау,орман,тоғай көлімізді



Келесі сөзді Қарағызова А.М.

5-6 сынып орындауында ән, би.
Туды ұстап тура жолға түсіріп

Жас Отанның өмірін де түсініп

Елім,жерім деп ұрандап тайсалмай

Бір керемет жасады – ау кісілік



Келесі құттықтау сөзді Жакишева Т.М.

7 сынып оқушыларының орындауында өлең «қазақша би.
Жыр жазам деп талпынады жас балаң

Тәй тәй басып келе жатқан жас қалам

Жүрегінің түкпірінен шығарады
9 сынып оқушысы Инженер Нұрлан өзі шығарған өленің
Бір басында кемеңгерлік, даналық,

Елін сүйген елі үшін жаралып

Сол кісідей болса – болсын әр алып

Адамдықтың аласармас үлгісі

Бір өзіңнен жатқаны шын таралып

Бүгін Тұңғыш Президенттінің күніне

Әсем әнді шырқата бір салалық

Би 9 сынып. Өлең «Алға Қазақстан» 9 сынып
Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды болсын!
Осымен Тұңғыш Президенттінің күніне арналған концерттік бағдарламамыз аяқталды

Баяндама


1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке - шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын - туыс түрлі есімдерді тұс - тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта - ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын - туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан - тәнімен кірісті. Сабақты ұйып тыңдайды, оқу бағдарламасынан тыс сұрақтар да қояды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді. Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып отыратын». Нұрсұлтан мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты.

1958-1960 жылдары Днепродзержинск техникалық училищесін,1976 жылы Қарағнады металлургия комбинаты жанындағы жоғарғы техникалық оқу орнын бітірген.

Нұрсұлтан Әбішұлы еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Қазметаллургқұрылыс» тресінде жұмысшы болып бастады. 1969 жылдан партиялық қызметке ауысып,Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы,қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісі.Н.Ә.Назарбаев 1991 жылдың желтоқсан айының Қазақстан Республикасының Президенті.

Президент болып сайланғаннан кейін оның алдында күрделі міндеттер тұрды:Қазақстан эканомикасының біржақты шикізаттық-өндірушілік бағыты,соның әсеріннен өзгелерге тәуелділігі,өнеркәсіпті қалалардағы эканомиканың негізгі тұтқаларына ие болып отырған топтардың қысымы,нарық қатынастары тудырып отырған қиындық т.б. Президент ұлтаралық араздықтың алдын алуға бар жігерін жұмсады.Ол Қазақстан халықтары Ассамблеясының,Дүниежүзі қазақтарының ассоциациясының төрағасы.

Президенттің шешімімен еліміз жаңа ғасырға қадам басар тұста астананың Алатау баурайынан байырғы Сарыарқа өңіріне көшірілуі теңдессіз тарихи оқиға болды.Қазір бұл шешімнің өміршеңдігі күн өткен сайын дәлелдене түсуде.

20-дан астам еңбектің авторы.

Елбасымыздың ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.Биылдан бастап барша қазақстандықтар шын мәніндегі халықтық мереке – Президент күнін атап өтпекші. Президент күні ретінде 1-желтоқсан таңдалып алынды. Бұған дейін де заманауи қазақстанның жылнамасына алтын әріптермен жазылып үлгерген бұл күн ендігі жерде айтулы мереке ретінде халқымыздың жүрегіне отаншылдық, патриоттық сезім ұялатып, кең ауқымда тойланып отыратын болады. Жылдың 365 күнінің ішінен дәл осы күннің «Президент күні» ретінде таңдалып алуының өзіндік себебі бар. Еліміз үшін ең тағдырлы кезең болған 1991 жылдың 1-желтоқсанында Қазақстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен еліміздің негізін қалаушы ақ маңдай асыл ұлы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ мемлекетінің тұңғыш президенті атанғаны белгілі. Сол күні сайлауға қатысқан дауыс беру құқығы бар барша азаматтарды 98,78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс беру арқылы өздерінің тарихи таңдауын жасаған еді.Бұл жеңіс қазақ мемлекеттігінің мейлінше қиын қалыптасу кезеңінде халық сынынан сүрінбей өткен перзентіне ел тағдырын сеніп тапсырған Қазақстан халқының аса жауапты таңдауы ғана емес, сол перзентінің иығына артылған мың батпан сенімі мен жауапкершілігі болатын. Бұл таңдау бір жағынан жаңа саяси жүйенің ең басты лауазымы – Қазақстан Республикасының Президенті қызметінің зор беделінің де көрінісі іспетті болды.Қалай болғанда да 1-желтоқсан сонау 1991 жылдан бастап

заманауи қазақ шежіресінің алтын жолдары ретінде жылнамаға жазылды.Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді.Елім деп еңіреп, «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өтті.Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас - тартыспен тәуелсіздікке ұмтылды.

.

Ал желтоқсанның алғашқы күні – Президент күні аталып өтеді.


Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Назарбаев десе - Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады.

Қазақстан бақытты ел, Президенті танымды, досы көп.

Ел тарихын тұлғалар жасайды.Тұлға – елдің тұғыры

Тұлға – елдің тұтқасы.

Біздің Президантіміз Н.Ә.Назарбаев осындай тұлға

Болашағы Қазақстаннның алдағы,

Орындалсын қазағымның арманы



Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан

Халқымыздың таңдап алған таңдауы.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет