Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет6/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   188
Өмірзақ Айтбайұлы, 
аза стан  Республикасы  лтты   Ғылым 
Академиясыны  
академигі, 
филология 
ғылымдарыны  докторы, профессор  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
9
К
ІРІСПЕ
 
 
 
Кез-келген  мекеме  мен  кəсіпорында  құжаттардың,  құжат 
айналымы  жүйесін  дұрыс  ұйымдастырудың  маңызы  аса  зор. 
Құжаттардың  негізінде  басқару  шешімдері  қабылданады,  даулы 
мəселелер  шешіледі.  Қандай  ұйымда  болмасын,  сауатты  жасалып, 
заңды күшке ие болған құжат қана табысты жұмыстың кепілі болады.  
 
Ұйымда  құжат  айналымының  талапқа  сай  ұйымдастырылмауы 
құнды  құжаттардың  жоғалуына,  кəсіпорын  жұмысының  жүйесіздігіне 
алып  келеді.  Мұның  өз  кезегінде  түрлі  қиыншылықтар  мен  даулы 
оқиғаларға  соқтыратыны  айтпаса  да  түсінікті.  Бұлардың  барлығы  да 
Қазақстанның    іс  қағаздарын  жүргізу  саласында  қолданылып  жүрген 
заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерінде тиісінше көрініс тапқан.  
 
Іс  қағаздарын  жүргізудің  негіздеріне  арналып  отырған  бұл  оқу-
қолданбалы  құралы  еліміздегі  түрлі  нысандағы  кəсіпорындардың,  іс 
қағаздарын жүргізумен айналысушы мамандардың қызмет барысында 
пайдалануына арналған.   
 
Іс  қағаздарын  жүргізу  мекемелер  мен  кəсіпорынды  құру 
сатысында-ақ басталып кетеді десе де болады. Ол болашақ ұйымның 
құрылтай құжаттарын дайындаудан бастап, оны мемлекеттік тіркеуден 
өткізу  аралығын  қамтиды.  Белгілі-бір  ұйым  нақты  тіркеуден  өткеннен 
кейін  заңды  тұлға  мəртебесіне  ие  болады.  Міне,  осы  сəттен  бастап 
ұйымда  құжат  айналымы  жүйесін  қалыптастыру  қажеттігі  туындайды. 
Көбінесе, 
шағын 
кəсіпорындарда 
іс 
қағаздарын 
жүргізумен 
айналысатын  жеке  құрылымдық  бөлімше  болмайды.  Бұл  функцияны, 
əдетте,  хатшы-референт  немесе  кəсіпорын  басшысының  көмекшісі 
атқарады. Кейде ол кадр ісін де қоса алып жүреді. Мұның барлығының 
да  кəсіпорындар  мен  ұйымдардың  аяғынан  тұрып  кетуі  үшін  қолға 
алынып  отырған  қадамдар  екендігінде  сөз  жоқ.  Дегенмен,  іс 
қағаздарын  жүргізумен  тұрақты  айналысатын  арнайы  маманның  не 
құрылымдық  бөлімшенің  болмауы  құжаттамалық  қамтамасыз  ету 
саласының  айтарлықтай  нашарлауына  алып  келетінін  жоққа  шығара 
алмаймыз.  
 
Осындай  ерекшеліктерді  ескере  келе,  біз  бұл  кітапқа  іс 
қағаздарын жүргізу бойынша барынша қажет болар-ау деген маңызды 
ережелер  мен  нормалар  түсіндірмелерін,  жиі  кездесетін  құжаттардың 
үлгілерін топтастыруға тырыстық. Кітаптың елеулі бөлігі іс қағаздарын 
жүргізудің  құқықтық  негіздеріне,  мекемелердегі,  кəсіпорындардағы 
басшы  мен  қызметкерлер  арасындағы  еңбек  қатынастарын  ресімдеу 
мəселесіне  арналған.  Мекемеде  құжат  айналымын  ұйымдастыру 
бойынша  нақты  ұсыныстар  берілді.  Оқу-тəжірибелік  құрал  көптеген 
мемлекеттік 
жəне 
коммерциялық 
кəсіпорындардың 
нақты 
тəжірибелерін, авторлардың қызмет барысында жинаған тəжірибелері 


 
10
мен пайымдауларын қорыту негізінде жазылды. Əсіресе, соңғы кездегі 
ақпараттық  технологиялардың  қол  жеткізген  жетістіктеріне  орай 
электронды  құжат  айналымына,  электрондық сандық  қол  қою  арқылы 
құжаттарды 
ресімдеуге, 
ведомостволық 
электронды 
мұрағат 
ұйымдастыру  мəселесіне  ерекше  көңіл  бөлінді.  Бұл  орайда,  көптеген 
компаниялар табысты пайдаланып жүрген бағдарламалық қамтамасыз 
етулерге де тиісінше тоқталдық.  
 
Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізудің  негіздеріне  арналып 
отырған бұл еңбек Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 
7  ақпандағы  №  550  Жарлығымен  бекітілген  «Тілдерді  қолдану  мен 
дамытудың 
2001-2010 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасы»,  «Қазақстан  Республикасындағы  тілдер  туралы»  1997 
жылғы  11  шілдедегі  №  151-1  Заңы  аясындағы  міндеттерді  іске  асыру 
мақсатында жазылып отыр.  
 
Ұйымдар  мен  кəсіпорындардың,  мемлекеттік  мекемелердің  іс 
қағаздарын  жүргізу  міндетін  атқару  жүктелген  мамандары,  кəсіпорын 
басшылары, кадр бөлімінің қызметкерлері, жеке өз ісін ашқысы келетін 
жандар, сол секілді құжаттарды сауатты толтыру негіздерін меңгергісі 
келетін  жалпы  жұртшылық  бұл  кітаптан  өз  керегін  қиналмай  таба 
алады деп үміттенеміз.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   188




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет