Ақсеңгір ауылындағы орта мектеп Көкдала бастауыш мектебімен



бет3/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,79 Mb.
#27262
түріСабақ
1   2   3

Келесі кезеңде шығармашылық тапсырма А-дан Б-ға жетуге болатындай сандарды таңдады. Сандар қайталануы мүмкін.

Мен сабақ барысында оқушыларды әрбір орындаған тапсырмалары үшін «өте жақсы», «дұрыс» деген ынталандырушы сөздермен бағалап отырдым. Ең бастысы, оқушыларға бүгінгі сабақ түсінікті, қолжетімді, әрі қызықты өтті.



Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алдым. Менің ойымша бүгінгі сабақ балаларға ұнады.

Сабақ соңында интербелсенді тақтадағы көңіл күйін көрсетуі бойынша өздерінің сабақтан алған әсерін жазып тақтаға ілді, ондағы деңгейімізді анықтадық.





Сабақтан кері байланыс (рефлексия).

Сабақта мұғалім тек қана лидер емес, ол керісінше стратег бола білуі керек. Сабақтың әрбір бөлімі, қалай, қашан, қандай дәрежеде өтетіндігі мұғалім жоспарлаған стратегияларға, әдіс-тәсілдерге байланысты. Мен бұл сыныпта дарынды және көшбасшы балалардың бар екендігіне болашақта олардың сандарының артатынына және оқушылардың өздігінен ақпаратты іздеп, сыни тұрғыдан ойлай алатындығына сенімім мол. Әрбір сабағымда диалогтік оқытудың атқаратын маңызы зор деп ойлаймын, себебі, әрбір сабақ өткізу барысында сұраққа жауап беру, топтарда өзара бірлесіп жұмыс жасау, өз пікірлерін білдіріп ортаға салу, сол мақсатының қаншалықты деңгейде орындалатындығын анықтауда диалогті оқыту басты рөл атқарады.

Сабақтың сәтсіз тұстары: уақыттың жетпей қалуы.

Сабақтың сәтті тұстары: оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің қолданылуы, сергіту сәтінің оқушыларға өте қызықты болуы, топта талқылау, диалог, өзін-өзі бағалау, өздігінен материалдар іздеуі, сабақтың ең бастысы қолжетімді, сапалы өтуі.



Сабақ аяқталғаннан кейін бағалау ағашындағы стикерлерді оқығанымда, оқушылардың барлығына сабақтың өте жақсы ұнағандығына көзім жетті. Онда оқушылар «сабақ өте ұнады», «математика сабағы көбірек болса», «сабақ керемет» деген сияқты сөздерді көргенімде төбем көкке жеткендей болды. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын, белсенді оқушылар болса, онда оқушы үшін оқуда алға қадам басуға ұмтылады. Сабақты ақпараттық-комуникациялық технологияны қолдана отырып өткіздім. Мұғалім оқушыларда Чиксентмихан (2008) «өзіндік мақсат», басқаша айтқанда өзін-өзі ынталандыра алады. Сабағымдағы бұрынғы дәстүрлі тәсілдеріме қарағанда қазіргі сабақтарыма өзгеріс енгізу арқылы, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолданып әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізу арқылы  сабақтарымда қойған мақсатыма және оқушыларымның мынадай өзгерісін анықтадым: Оқушылар өз пікірлерін қысылмай айтып, кеңестер сұрап отырды. Сабақ соңында оқушылар өзін-өзі бағалады. Оқушылар бойында оң бәсекелестіктің қалыптасуына және әрбір оқушының өз білім деңгейін әділ бағалауына ықпал етті. Оқушылардың өзін-өзі реттеуі қалыптасты, жаңа тапсырманы сеніммен қолға алды, өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы айта алды. Диалог арқылы оқытуда дарынды балалар анықталды, сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасты. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылды, АҚТ-ны қолданды, тапсырманы орындаудың өз жолдарын іздеді. Оқушылар бір-бірінен үйренді. Әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтады. Бір-бірін және өзін-өзі бағалауды үйренді. Оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасты. Балалар топтық жұмыс кезінде өз идеясын алға тартуды үйренді, өз арасында талқылау арқылы сыни ойлауы дамыды. Ақпарат алу кезінде дереккөздерді табуға үйренді. Ал өзімнің өзгерісіме келетін болсам: Бұрынғы дәстүрлі сабаққа қарағанда Кембридж бағдарламасы негізіндегі әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтадым. Сабақты түрлендіріп оқытуда нәтиженің жоғары болатынын, оқушы қабілеттерін түрлі тәсілдер арқылы ашуға болатынын түсіндім. Оқушыны бағалауда басқа да бағалау тәсілдерін қолдануға болатынын білдім. Деңгейлеп әдісін қолдану арқылы оқушының ойлау-логикалық қабілетін дамыттым. Ойлауды дамыту үшін мәртебесі жоғары  сұрақтарды пайдаландым. Бұрынғы сабақтарымда менің рөлім басым болса, тиімді тәсілдерді үйреніп қолдану арқылы оқушылардың сабаққа араласуы олардың қызығушылығын оятатынын және жоғары нәтижеге қол жеткізетінін білдім.     Оқушыларға өз жұмысым арқылы және білім беруді білімді ұсыну емес, өзінің жеке білімін қалыптастыру үшін мүмкіндіктер беру керек және мұны  жүзеге асыру қажет ойладым. Сабақтың  қорытынды  нәтижесі: тақырып бойынша ойын өзектендіре алды, тақырыпты өз бетінше тәжірибелер жасай отырып,  зерттеулер жүргізе алды, өз ойын еркін жеткізе білді, сыныптастарымен қарым қатынас нығайды. Соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастырытын жиынтық, яғни бастан кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар мен  құндылықтар, амал- тәсілдер мен көзқарастар бейімділіктің кешенді үйлесімі  (Нұсқаулық, 16 бет) деп  ойлаймын.      

Алдағы уақытта нені өзгертуім керек: критериалды бағалауды әрбір сабаққа енгізу, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, уақытты тиімді әрі ұтымды пайдалану.
Каталог: uploads -> doc -> 08e7
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08e7 -> Сабақ жоспары сабақ: 7 Мектеп: Бабыр атындағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет