АҚШ мемлекеттік негіздерін қалыптастырудағы Томас Джефферсонның рөлі



Дата26.06.2018
өлшемі99,13 Kb.
ӘОЖ 63.3 (0) 62
Г.Т.Мырзахмет

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының

2 курс магистранты

Алматы, Қазақстан; gulmaral_0494@mail.ru
АҚШ мемлекеттік негіздерін қалыптастырудағы Томас Джефферсонның рөлі
Аңдатпа. Мақалада Томас Джефферсонның қысқаша өмірбаянына тоқталып, шығармашылығы жайында баяндалады. Сонымен қатар АҚШ мемлекетінің әлеуметтік- экономикалық даму концепциясы жайлы Томас Джефферсонның ұсынған жобасы қарастырылған. Америка тарихының ең негізгі туындысы – Тәуелсіздік Декларациясын жазуды сеніп тапсырылды. Сонымен қатар Декларацияны жазу туралы жарияланғаннан кейін, Джефферсон Тәуелсіздіктің ең қасиетті түсінік екенідігін, сондай-ақ бүкіл Америка халқының оған жүгініп отырғанын, олардың тағдырын шешетін құжатты дайындау өзіне беріліп отырғанын зор толқыныспен түсінді. Конституция жазу барысындағы енгізген толықтырулары көрсетіледі. Томас Джефферсонның басты еңбегі – өз еліне жасаған қызметінде ғана емес, бүкіл халықаралық қауымдастыққа пайдасын тигізген қызметі мен идеяларында. Мақалада Томас Джеффорсонның адам құқығы және қоғамдық өмір жайлы жүйелі қозқарастары талданған.

Кілт сөздер: Тәуелсіздік, Тәуелсіздік үшін соғыс, мемлекет, декларация, конгресс, партия

Г.Т.Мырзахмет

Магистрант 2 курса

кафедры всемирной истории, историографии и источниковедения

Казахского национального университета им. аль-Фараби

Алматы, Казахстан; gulmaral_0494@mail.ru
Томас Джефферсон и его роль в становлении американской государственности
Аннотация. В статье рассматривается краткая биография и творческая деятельность Томаса Джефферсона. Так же рассматривается концепция социально-экономического развития США, которую разработал Джефферсон. Томасу Джефферсону было поручено написание главного документа всей американской истории — Декларации Независимости, в провозглашении Декларации Джефферсон видел нечто большее, чем независимость. Он видел в политической независимости не цель, а судьбу народа который надеется на него. Заслуга Томаса Джефферсона заключается в том, что он не только служил во благо и процветание своего Отечества, где его роль, безусловно, велика и значима, но и мирового сообщества в целом, так как его деятельность и его идеи имели большое значение. В статье проанализированы система взглядов Джефферсона о правах человека и общественной жизни..

Ключевые слова: Независимость, война за Независимость, государство, декларация, конгресс, партия.
G.T. Myrzakhmet

2 course master student

Department of World History, Historiography and Source

Al-Farabi Kazakh National University

Almaty, Kazakhstan; gulmaral_0494@mail.ru
Thomas Jefferson and his role in the development of American nationhood
Annotation. The article deals with a brief biography and creative activity of Thomas Jefferson. Also comsiders US concept of socio-economic development, which was developed by Jefferson. Thomas Jefferson was tasked with writing the main product of the whole of American history - the Declaration of Independence. Jefferson saw in the proclamation of the Declaration more than independence. Political independence is not a goal, but the fate of the people who trusts in him. The merit of Thomas Jefferson is that he did not only served for the benefit and prosperity of the Motherland, where its role is certainly great and significant, but also the international community as a whole, since his activities and his ideas were of great importance. The article analyzes the system of beliefs of Jefferson on human rights and public life.

Keywords: Independence, War of Independence, the State, the declaration, the Congress party.


Томас Джефферсон – Вирджиниядағы бай жер иеленушінің отбасында дүниеге келген. Бала кезінен ол жан- жақты білім алды да, жас кезінен бастап өзінің туған жерінде белгілі және біршама танымал адам болды. Томас Джефферсон 26 жасында Вирджиния заңнамалық ассамблеясының депутаты қызметіне тағайындалды, ол ассамблеяның құрамында шамамен 6 жыл (1769-1775 жж.) жұмыс атқарды. Көптеген ғалымдардың пікірінше, Джефферсонның беделі немесе абыройы оның «саясат саласындағы жазушы болуы, табиғаттанушы сонымен қатар ғалым және теоретик болуы» арқылы танылды [7, 96-б]. Ол үлкен мемлекет қайраткері және саясаткер ретінде, философ және гуманист, ағартушы, лингвист, географ, сәулетші болды, сондай-ақ антропология және палеонтология ғылымдарының тарихында да өз ізін қалдырды.

Томас Джефферсонның барлық болашақтағы қызметін түсіну үшін оның философиялық көзқарастарына көз жүгіртіп, сілтеме жасау қажет. Профессор Джулиан Бойдтың айтуынша, Джефферсон қазіргі заманғы батыс еуропалық және ежелгі әдебиеттегі либералдық дәстүрлердің барлық байлығын бойына сіңірген [6, 6-б]. Т.Джефферсон ежелгі дүние философтары Эпикур мен Демокриттің, адам бақыты оның философиядағы мақсаты және атомдық материализм, діни көзқарастың бұзылуы сияқты ілімдерге қызығушылық танытты. Оған сондай-ақ француз ағартушыларының және ағылшын философтарының үлкен ықпалы болды [4]. Оның әлеуметтік және саяси көзқарастарына сөзсіз Ж. Руссоның, Ш.Монтескьенің, Ж.А.Кондорсенің, Ф.Вольтердің, Ф.Бэконның және Дж.Локктын орасан әсерін анықтай аламыз. Олардың кейбіреулерімен ол жақын таныс болатын [5, 91-б]. Томас Джефферсонның көзқарасының қалыптасуына Джон Локтың «дәстүрлі құқық», «өмір, бас бостандығы, меншік» атты доктринасы ерекше ықпалын тигізді, соның негізінде үлкен әсерін революция идеясына негіздеді.

1774 жылы Джефферсон өзінің алғашқы кітапшасын (памфлет) жазды, бірақ ол жасырын түрде «Британдық Американың біріңғай құқықтық көзқарасы» (A SummaryView of the Rights of British America) деген атпен жарияланды. Бұл кітапшада Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларының өзін-өзі басқару құқықтары жайлы негіздеді. Ол отарларды метрополиядан бөліп тастау керек екендігін айтып, өзінің объективті ой пікірін білдірді. Т.Джефферсон: «Британ парламентінің біздің үстімізден билігін жүргізуге құқығы жоқ», – деп ашық түрде жазды [2, 221-б]. Бұл жерде оның атақты афоризмін естен шығару мүмкін емес: «Қарсылық – бұл патриотизмнің жоғары нысаны болып табылады»

Көп ұзамай соғыс басталғаннан кейін, 1775 жылы ол Екінші континенталдық конгрестің депутаты болып сайланды, кейінірек солтүстік американдық отарларды Англиядан бөлу туралы тарихи шешім қабылдануы­ның негізін салды. Шешендік өнерін иеленбесе де, Т.Джефферсон «үнсіз депутат» беделіне ие болды. Оның негізгі әшкерелеу құралы қалам мен сия болды. Американдық тарихшы Б.Мэйло тәуелсіздік үшін соғыстың ең басты батырлары жайлы қысқа да болса нұсқа мынадай сипаттама берген: Джордж Вашингтон – қылыш, ал Томас Джефферсон – американ революциясының қаламы [9, 37-б].

Американдардың тәуелсіздік жолындағы күресінің Томас Джефорсон жазған келесі негізгі құжаты – «Қаруға жүгінудің қажеттілігі мен себебі жайлы декларациясы» (The Declaration of the Causes and Necessity of Taking Up Arms). 1775 жылы 6 шілдеде Екінші континенталдық конгресс 13 отар неліктен қолдарына қару алып, метрополияға қарыс шыққандығын жариялады, бұл жарияланым жоғарыда аталған құжатқа негізделді. Қарулы күрестің мақсатын Т.Джефферсон американдардықтардың бірігуі, тәуелсіздікке қол жеткізу, тәуелсіз демократиялық мемлекет болып қалыптасу ретінде көрді. Оның түп негізі ретінде ешқай американдық отар өз бетінше, жалғыздан жалғыз күрессе, бұл еш нәтиже бермейтіндігі, тек бірлесіп қана бір дұрыс нәтижеге жетуге болатыны айтылды.

Екінші континенталдық конгресс Томас Джефферсонға Америка тарихының ең негізгі туындысы – Тәуелсіздік Декларациясын (United States Declaration of Independence) жазуды сеніп тапсырғандығы таңқаларлық нәрсе емес. Сонымен қатар Декларацияны жазу туралы жарияланғаннан кейін, Джефферсон Тәуелсіздіктің ең қасиетті түсінік екенідігін, сондай-ақ бүкіл Америка халқының оған жүгініп отырғанын, олардың тағдырын шешетін құжатты дайындау өзіне тапсырылып отырғанын зор толқыныспен түсінді [8, 235-б]. А.И.Уткин, Г.Н. Севостьянов сияқты тарихшылардың айтуы бойынша, «Тәуелсіздік Декларациясы ғасырлар бойы Джефферсонды ең беделді ағарту идеологтарының қатарына қосты» [3, 73-б]. Бұл пікірмен келіспеу мүмкін емес. Декларация биліктің негізі ретінде егемендік принципін бекіткен алғашқы ресми мемлекеттік құжат болды, оның айрықша прогрессивтік мәні осы еді.

Тәуелсіздік декларациясы көтеріліс бастаған адамдардың манифесі болды, «өмір сүруге, бостандықта және бақытқа» әрбір адамның құқығын жариялады. Джефферсон Дж. Локка тиесілі адам құқықтары жайлы белгілі дәстүрлі форманы «меншік» сөзін «бақытқа ұмтылу» деп ауыстырды. Бұл бақытқа ұмтылу құқығы құжаттың қасиетті, демократиялық және революциялық сипатта айқын болды деп жариялады [1, 134, 136-б]. Декларация Англия королін тиран, адамның негізгі құқықтарын бұзушы деп айыптап, бұдан былай әр отар «еркін және тәуелсіз штаттар» болатынын мәлімдеді. Осының негізінде «олар соғыс жариялауға, сауда жасауға, келісімшарттар жасауға, одақтарға кіруге, барлық іс- әрекеттерді жүзеге асыруға, барлық тәуелсіз мемлекеттірдің құқығындағы жұмыстармен айналысуға» құқылы болды [13, 432-б].

Тәуелсіздік үшін соғыстан кейін, Т.Джефферсон өзінің туған жері Вирджинияға оралды. Ол белсенді заңгер ретінде жұмыстар атқарды, және 1779 жылдан бастап губернатор болды. Осы уақыт кезеңінде ол туған штаты жайлы «Вирджиния штатының ескертпелері» (Notes on the State of Virginia) деген құжат жазумен айналысады. Бұл құжаттың жазылуы белгілі бір тарихи жағдаймен байланысты болатын. 1780 жылы Францияның Америкадағы диплома­тиялық миссиясының хатшысы Франсуа Маруба штат губернаторларына, табиғат, геграфия, экономика, әлеуметтік-саяси тәртіп жайлы сауалнама таратты. Француздар 1778 жылы одақ құрған мемлекет жайлы осы сауалнама арқылы жиналған мәлімет бойынша тереңірек білеміз деп үміттенді. Көптеген губернаторлар бұл өтініштерін назардан тыс қалдырды, тек Делавэр, Нью-Гэмпшир және Нью-Джерси қысқаша жауап қайтарды [14,  166-167-б.]. Сол себепті Марубаның сұрақтары тікелей Томас Джефферсонға бағытталды. Кейіннен ол «Өмірбаянында» көп жылдар бойы дәстүрлі және азаматтық тарих жайлы құжаттар жинағанын, көптеген жазба жұмыстарын жүргізгенін, оның барлығы шашыраңқы түрде болғанын айтады. Осыған орай Марубаның сұраулары, сауалнамасы қағаздарды ретке келтіруге бірден- бір себеп болды. Олардың ішінде география, экономика, антропология және тарих, американдық флора мен фауна туралы мол материалдар болды. Джефферсонның өмірбаянын жазушылардың бірі М.Петерсонның айтуы бойынша, «Джефферсонның еңбегі американдық мәдениет үшін, он сегізінші ғасырдың американдық әдеби философиялық ойлардың жетістігі» болып табылады [10, 61-б.]. Джефферсон «Вирджиния штатының ескертпелерінде» Құрама Штаттарында өзгерістер аяқталмағандығын, әлеуметтік жүйені одан әрі демократияландыру қажеттілігін атап өтті. Ол 1787 ж Конституциялық Конвент әзірлеген федералдық конституциясына адам құқығы жайлы қосымша тараулар енгізілгенін мақұлдайтынын білдірді. Джефферсон: Конституция – ол «жақсы жол», бірақ әлі де өзгертулерді қажет етеді, мысалы, бостандықты қамтамасыз ететін Билл құқықтарын қосу қажет, – деп қорытындылады [15, 442-б.].

Т.Джефферсонның заңнамалық бастамалары мынадай заңдардың қабылдануына әкелді: Вирджинияға жаңа құлдырдың әкелінуіне тыйым салу, үлкендік құқығын жою. Сонымен қатар ол адам өлтіру мен мемлекеттік опасыздықтан басқа барлық қылмыстық әрекеттерге өлім жазасын алып тастауға ұсынды, бірақ бір дауыс басым болып бұл заң қабылданбады. Ол үлкен мән берген, өмірінің үш маңызды ісінің бірін арнаған діни сенім бостандығын атап өту керек. Ол шіркеу мен догматизмның үстемдігін сынға алды, шіркеу мен мемлекеттің бөлінуін насихаттады, дін бостандығын құрметтеуге шақырды. Ол өзі әлемді Құдай жаратты, алайда адамдар мен табиғаттың өмірі мен істеріне Құдай одан әрі араласпайды деген деизм принциптерін ұстанды. Осыны ұстанып, кездейсоқтықтан арылтып, Исаның өмірін рационалды түрде зерттеп деизм рухында Тауратты жарыққа әкелді. Бұл жұмыс кейін «Джефферсонның киелі кітабы» деп танылды (The Jefferson Bible), ол кітап Исаның жерге табысталуымен ғана шектеледі – оның қайта тірілуі мен аспанға көтерілуі туралы ақпарат жоқ.

Губернатор лауазымынан кейін ол Францияға АҚШ елшісі болып тағайындалды және осы лауазымда 1785-1789 жж.жұмыс істеді. Еуропадан оралғаннан кейін ол 1789-1793 жж. президент Джордж Вашингтонның бірінші кабинетінде мемлекеттік хатшы ретінде тағайындалды. Саяси мансабының осы кезеңінде ол елдің жаңа астанасы Вашингтонның, Колумбия округіның құрылысына белсенді түрде қатысты. Ол ежелгі Рим архитектурасына сай монументалды ғимараттар ұсынды, бірақ олар империяның емес, республиканың билігін бейнелегенін қалады. Осы уақытта екі партиялық жүйенің алғышарттары пайда бола бастайды. Бірінші президент үкіметінде екі негізгі қызмет орнында болашақ қарсыластар, болашақта республикалық және федералисттік партиялардың негізін қалаушы Томас Джефферсон мен Александр Гамильтон отырды. Вашингтондағы қызметінен кетер уақытта, өзінің қоштасу сөзінде «партиялық рух» американдық ұлт бірлігі үшін ең нашар жау екенін айтты [16, 317-318-б.]. Алайда Дж.Тейлор 1794 жылы шыққан «Партиялар анықтамасында» Конгресте екі партияның болуы айқын факт болып табылатынын және олар ішкі және сыртқы саясаттың барлық мәселелері бойынша қарама-қарсы пікір көрсететінін атап өткені белгілі [12].

1796 жылғы президенттік сайлау Джон Адамс жеңімпаз болды, екінші орынды Джефферсон алды да, вице-президент қызметіне тағайындады. 1800 жылы болған келесі президенттік сайлауда Джефферсон Адамстан озып, АҚШ-тың президенті болды. Ол дауысты өзі шыққан аграрлық штаттардан алды. Ол Конгреске арналған хабарламаларын пошта арқылы жіберді, себебі бұрынғы кезеңдегідей Парламент алдында корол сияқты сөйлегісі келмеді. Бұл тәжірибе 1913 жылға дейін сақталды. Джефферсонның президенттік қызметіндегі үлкен жетістіктерінің бірі – Франциядан Луизиананы сатып алу болды. Осының арқасында АҚШтың жерлері батысқа қарай екі есеге ұзарды. Бұл жетістік оның «шағын фермерлердің Республикасын» құру ұмтылысына сай келді [15, 442-б].

Джефферсон 1826 жылы 4 шілдеде, Тәуелсіздік декларациясының 50 жылдығы кезінде қайтыс болды. Оның құлпытасына қойылған эпитафияда былай деп жазылған: «Бұл жерде Американдық Тәуелсіздік Декларациясының, Вирджинида діни еркіндік жариялағанн Жарғының және Вирджиния университетінің құрушысы Томас Джефферсон жерленген». Джефферсонның осы үш үлкен іске бүкіл өмірін арнағанын айтуға болады.

1962 жылы Мемлекет басшысы Джон Кеннеди, Нобель сыйлығының лауреаттары тобының құрметіне Ақ үйде қабылдауға қатысушыларға арнаған сөзінде былай деді: «Бұрын-соңды, Джефферсонның кезінен кейін бұл үйде осыншама білім мен дарын өкілдері жиналмаған еді» [11, 733 б].

Томас Джефферсонның басты еңбегі – өз еліне жасаған қызметінде ғана емес, бүкіл халықаралық қауымдастыққа пайдасын тигізген қызметі мен идеяларында. XVIII-XIX ғасырлар адамының жасаған озық тұжырымдарына (өлім жазасына тыйым салу, құл саудасына және құлдыққа тыйым салу, толеранттылық) қазіргі заманғы қоғам жақында ғана келді.



Әдебиеттер

 


  1. Аптекер Г. История американского народа. Том 2. Американская революция 1763—1783 жж. Пер. с англ. М., 1962. — 384 б.

  2. Печатнов В.О. Гамильтон и Джефферсон. М.: «Международные отношения», 1984 ж. — 336 б.

  3. Севостьянов Г.Н., Уткин А.И. Томас Джефферсон. М.: Мысль, 1976. — 392 б.

  4. Согрин B.B. К идейным истокам войны за независимость США // Вопросы истории. 1975. № 9. — 52—68 бб.

  5. Хайдекинг Ю. Американские президенты. 41 исторический портрет от Джорджа Вашингтона до Билла Клинтона. Р-н-Д.: Феникс, 1997 — 640 б.

  6. Boyd J.P. The Declaration of Independence: the evolution of the text as shown in facsimiles of various drafts by its author Thomas Jefferson. Princeton, 1945

  7. Cunningham N.E. Jr. In Pursuit of Reason. The Life of Thomas Jefferson. Baton Rouge: Louisiana State University Press, 1987,

  8. Malone D. Jefferson and his time. Boston, 1948

  9. Mayo B. Myths and men. New York, 1959

  10. Peterson M. Thomas Jefferson’s Note on the State of Virginia / Ed. by R. Runte. Vol. 7. Madison (Wisc.), 1978

  11. Schlesinger A.M. Jr. A Thousand Days. John F. Kennedy in the White House. Boston, 1965

  12. Taylor J.A Definition of Parties, or the Political Effects of the Paper System Considered. Philadelphia, 1794.

  13. The Papers of Thomas Jefferson, Vol. 1. Princeton, 1950 — 744 p.

  14. The Papers of Thomas Jefferson. Vol. 13. Princeton, 1950. — 704 p.

  15. The Papers of Thomas Jefferson. Vol. 4. Princeton, 1950 — 698 p.

  16. The Washington Papers/ Ed. S. Padover. New York, 1955.


References
1. Aptheker G. Istoria amerikanskog onaroda. Tom 2. Amerikanskaya revolucia 1763-1783 zh. Per. s angliiskogo. M., 1962. - 384 b.

2. Pechatnov V.O. Hamilton i Jefferson.M .: "Mezhdunarodnie otnoshenya" 1984 g. - 336 b.

3. Sevostyanov G.N.Utkin A.I. Thomas Jefferson. M .: Mysl`, 1976. - 392 b.

4. Sogrin B.B. K ideinym istokam voyni za nezavisimost` SSHA// Voprosy istorii. 1975. № 9. - 52-68 bb.

5. Haydeking Yu.Amerikanskie prezidenty. 41 istoricheskii portret ot DjordjaVashingtona do Billa Klintona. R 'n' D .: Phoenix, 1997 - 640 b.

6. Boyd J.P. The Declaration of Independence: the evolution of the text as shown in facsimiles of various drafts by its author Thomas Jefferson. Princeton, 1945



  1. Cunningham N.E. Jr. In Pursuit of Reason. The Life of Thomas Jefferson. Baton Rouge: Louisiana State University Press, 1987,

  1. Malone D. Jefferson and his time. Boston, 1948

  2. Mayo B. Myths and men. NewYork, 1959

  3. Peterson M. Thomas Jefferson’s Note on the State of Virginia / Ed. by R. Runte. Vol. 7. Madison (Wisc.), 1978

  4. Schlesinger A.M. Jr. A Thousand Days. John F. Kennedy in the White House. Boston, 1965

  5. Taylor J.A Definition of Parties, or the Political Effects of the Paper System Considered. Philadelphia, 1794.

  6. The Papers of Thomas Jefferson, Vol. 1. Princeton, 1950 — 744 p.

  7. The Papers of Thomas Jefferson. Vol. 13. Princeton, 1950. — 704 p.

  8. The Papers of Thomas Jefferson. Vol. 4. Princeton, 1950 — 698 p.

  9. The Washington Papers/ Ed. S. Padover. New York, 1955.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет