Асханадағы ас мәзірі 8сынып 27. 10. 15



бет1/2
Дата31.01.2018
өлшемі0,55 Mb.
#37228
  1   2
Сабақтың тақырыбы: Асханадағы ас мәзірі 8сынып 27.10.15.
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік ас мәзірлерінің түрлері туралы ой - өрістерін кеңейтіп түсіндіру
ә) тәрбиелік Өз бетімен ізденуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық Ас мәзірінің түрлерін ретімен қолдана білуге, ойлау танымдылық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Өзіндік жұмыс, сұрақ - жауап
Пән аралық байланыс: ТД технологиясы, ТК жабдықтары, орыс тілі
Сабақтың көрнекілігі: Бүктемелер, ас түрлері, интерактивті тақта, оқулық, ғаламтордан алынған материалдар.
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру бөлімі Амандасу, түгендеп журнал толтыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
59 беттегі 4-тапсырманы тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру


«Асханадағы ас мәзірі » туралы мәліметтер беремін.
Маусымдылық
Біздің ас мәзірін таңдауымызда жыл мезгілі үлкен роль атқарады. Жазда біз тағамға – жеңіл, ал қыста аса маңызды тамақтарды қолдануға тиіспіз. Тағамдарды әзірлеу кезінде жазда жас піскен көкөністерді пайдаланамыз.

Ас мәзірінің алуан түрлілігі
Біздің ас мәзіріміз алуан түрлілігімен ерекшеленуі тиіс. Тағамдардың және гарнирлердің қайталануын болдырмау керек. Егер біз бір тағамға күріш берсек, онда екінші тағамға, мысалы, картоп немесе ботқа беру керек. 
Лайықты порция
Лайықты порция дайындауда қонақтың мүмкіндіктерін назарға алу керек. Оның төрт сағаттық кешкі ас кезінде бес жұғымды тағамды жей алмайтыны анық. Сондықтан дайындалатын ас мәзірі бойынша не тағамдардың аз санын, не нәрлілігі аз тағамдарды және аз порцияларды беруге шешім қабылдауға ұсынамыз.
Түрі
Келушіге қызмет көрсеткенде оның сұранысы бойынша ас мәзірін анықтап, біз сондай - ақ тағамдардың үстелдің үстіне қандай түрде берілетінін назарға алуға тиіспіз. Таңдалған тағамдардың өзінің түсі бойынша алуан түрлі болуына ойлануымыз керек

Ас мәзірімен қатар тамақтану мәдениетінің 10 ережесін біле жүруіміз керек, олар:
1. Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын энергиясына сай қуат алуға тиіс.
2. Әрбір адам үшін күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
3. Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
4. Ыстық тағам температурасы 50 - 60С, салқын тағам 10С — тан төмен болмау керек.
5. Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
6. Тамақтың түрін (рационын) өзгертіп тұру керек
7. Қайнатылған, буға, парға піскен тағам пайдалы.
8. Тамақты асықпай шайнап жеу керек
9. Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек
10. Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек

IV. Жаңа сабақты қорытындылау Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында тест сұрақтарын беремін.

Тест №1 нұсқа
1. Тамақтану орындарында қолданатын тоқты ата
А) оң В) тәртіпсіз С) теріс Д) айнымалы, тұрақты * Е) тұрақсыз
2. Жану кезінде жылу шығаратын күрделі органикалық қосылысты ата
А) жылу тасушы В) канал С) магнетрон Д) отын * Е) жылу алмасу
3. Тағам сапасының көрсеткіштерін табыңыз
А) түс, мөлшері В) түс, дәм С) дәм, өлшем Д) иіс Е) дәм, хош иіс, консистенция *
4. Жұмысқа.... өткен адамдар жіберіледі
А) соңғы нұсқамадан В) кіріспе нұсқамадан * С) ағынды нұсқамадан
Д) барлық нұсқамалардан Е) жоспардан тыс нұсқамадан
5. Ыстық тағамдар қандай температурада болу керек
А) 10 - 15С В) 20 - 25С С) 30 - 35С Д) 40 - 45С Е) 50 - 60С *
Тест №2 нұсқа

1. Ет құрамында көп:


А) минералды заттар
В) қышқылдар
С) көмірсутектер
Д) дәрумендер
Е) белоктар *
2. Салқын тағамдарға арналған тұздықты ата
А) томат тұздығы
В) қаймақ тұздығы
С) пияз тұздығы
Д) қызыл тұздық
Е) майонез
3. Сары майда дайындалады
А) қаймақ тұздығы
В) кептірілген нан ұнтағы қосылған тұздық *
С) қаймақ тұздығы
Д) қаймақ тұздығы
Е) сүт тұздығы
4. Тазартылған картопты сақтайды
А) пакетте
В) тоңазытқыштың камерасында
С) тұзды ерітіндіде
Д) ауада
Е) суда

5. Қамырды қайта илеу.... жақсартады


А) иісін
В) кеуектілігін, созылымдылығын *
С) хош иісін
Д) сыртқы түрін
Е) дәмін

V. Жаңа сабақты бекіту

Маусымдық ас мәзіріне не жатады?
Ыстық және салқын тағамдар қандай температурада болу керек?

VI. Бағалау.


VII. Үйге тапсырма Ас мәзірінің түрлері туралы айтып бер

Сынып:5 Күні: 28.10.15

Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік.Оқушыларды жаңа тақырып бойынша өз ойларын жүйелі түрде әңгімелеуге үйрету.

Дамытушылық.Ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі тапсырмаларды орындату.

Тәрбиелік.Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд,карточкалар,оқулық.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,ойын,бес жол өлең құрастыру , ой қозғау, сөзжұмбақ шешу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) амандасу

Ә) оқушыларды түгендеу

Б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

В) сабақтың мақсатын хабарлау

Балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің қандай екенін сендер партада жатқан түстер арқылы көрсетесіңдер. 
Қызыл- тамаша, өте жақсы. Жасыл- жақсы .Сары -нашар .


Балалар, менің көңіл-күйім жақсы, ал сендердің ше?

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Сөзжұмбақты шешіңдер















 













 












































































 
















 
















 
















 

1. друг

2. дверь

3 .”қалам” сөзі қандай сұраққа жауап береді?

4. вода

5. груша

6. мынау кім?

7. ешкінің төлі не?

8. мынау не? 9. адамның дене мүшесі

Ой қозғау.Денсаулық дегеніміз не?

Денсаулық ол шыныққан
Барлық дене мүшесі


Денсаулық –ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық –ол келуің


Көңіл күйің жадырай
Денсаулық-ол жүруің


Ешбір жерің ауырмай.


Мәтінмен жұмыс.

Денсаулық” елінде



Орманнан шыққан балалар айнадай жарқырап тұрған бір елге жетеді.Оның көшелері де,үйлері де,тұрғындары да тап-таза.Әсет пен Нәркез іздеп шыққан “Денсаулық” елі осы еді.

Балалар алдымен ғажайып қақпаға кез болады.Ол әрдайым таза,ұқыпты жүретін Нәркезді ешбір кедергісіз өткізеді.Ал Әсетті кіргізбей қояды.Аяғынан шалып құлатып,әбден мазасын алады.

Нәркез сапарын жалғастырады.Оның алдынан сабын шығып,қол беріп амандасады.Артынша сылдырлап күліп су келіп беті-қолдарын өбеді.Сабын,сумен қауышқаннан кейін Нәркездің көңілі көтеріліп,сергіп сала береді.”Денсаулық” еліндегілер де қыздың бұл әрекетіне риза болып,дастарқанға шақырады.
Сұрақтарға жауап беру.
Мынау кім?

Ол қандай?

1.Мынау кім?

2.Неліктен Әсетті “Денсаулық”

еліне кіргізбей қояды?

-Балалар, біз Әсетке «Денсаулық еліне» кіргізу үшін көмектесуіміз керек.Әсетке көмектесеміз бе? Ол үшін біз денсаулық достарының дайындап қойған тапсырмаларын орындауымыз керек. Сіздерге сәттілік тілеймін.

1-тапсырма. Сөздік жұмысы /сабынның тапсырмасы/
Жаңа сөздерді оқып,сөз тіркестерін құрастыру.

денсаулық-здоровье

айнадай- как зеркало

жарқырау- блестеть

тұрғындар- жители

кедергісіз- без препятствий

кіргізбеу- не пропускать

сергек – бодрый

Тапсырма.Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар./судың тапсырмасы/

Орманнан шыққан балалар айнадай жарқырап тұрған бір елге жетеді.Оның көшелері де,үйлері де,тұрғындары да тап-таза.Әсет пен Нәркез іздеп шыққан “Денсаулық” елі осы еді.

Балалар алдымен ғажайып қақпаға кез болады.Ол әрдайым таза,ұқыпты жүретін Нәркезді ешбір кедергісіз өткізеді.Ал Әсетті кіргізбей қояды.Аяғынан шалып құлатып,әбден мазасын алады.

Нәркез сапарын жалғастырады.Оның алдынан сабын шығып,қол беріп амандасады.Артынша сылдырлап күліп су келіп беті-қолдарын өбеді.Сабын,сумен қауышқаннан кейін Нәркездің көңілі көтеріліп,сергіп сала береді.”Денсаулық” еліндегілер де қыздың бұл әрекетіне риза болып,дастарқанға шақырады.



Орнымыздан  тұрамыз,

Жүрекке  қолды  қоямыз,

Сәлем  етіп  бәріне

Бұрыламыз  баршамыз

Йілеміз  оңға бір,

Йілеміз  солға  бір,

Отанды  біз  сүйеміз

Жаттығулар  жасасақ

Жақсы сергіп  қаламыз.

Тапсырма.Сұраулық шылауларды тауып жаз./дәрумендердің тапсырмасы/
1. Тазалықты сақтау үшін киімді үнемі ауыстырып тұру керек ... ?
2. Киім кірлеген кезде таза киім киген дұрыс ... ?
3. Су мен сабын микробтардан арылуға көмектеседі ... ?
4. Даладан келгенде қолыңды міндетті түрде жуу керек ... ?
5. Тырнақты өсірмей , алып тұру керек ... ?
6. Тырнақтың астында микроб көп жиналады ... ?
7. Жуынып болған соң құлағыңды тазалау керек ... ?
8. Мұрынды тазалау арқылы біз бактериялардан құтыламыз ... ?


Тапсырма.Сәйкестікті тап./жеміс-жидектердің тапсырмасы/

Зор жаттығу


Таза тазала
Биік денсаулық
спорттық ауа
құлағыңды тау
суық адам
сергек су
 
«Сиқырлы дөңгелек» ойыны
Дөңгелекке жазылған 9 әріптен сөздер құраймыз .


Тапсырма.Мына сөздерді көпше және жекеше түрде жіктеңдер.

Таза,ұқыпты,сергек.

Дұрыс, бұрысын белгілеңдер.

Сабақты қорытындылау.

Қане, балалар!

Тақпақ айтып, сөзжұмбақ шешіп,

Дәптерге жазу түсірдік,

Сонымен бүгін сабақта

Нені оқып үйрендік?

Сонымен, қазақ тілі сабағында не істедік? 
Не білдік ? Не үйрендік ? 


Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта не істегенімізді айтып,қорытындылау.

Денсаулық” сөзіне бес жол өлең құрастыру.



1.Зат есім

2. Сын есім

3.Етістік

4.Сөйлем

5.Синоним

Үй тапсырмасы: “Денсаулық” тақырыбына диалог құрастыру.Жаңа сөздерді қайталау.

Бағалау.Оқушылардың білімін бағалау.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет